Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

22 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З І



2012 жылғы 24 мамыр
ШЫҰ мүше мемлекеттердің қаржы министрлерінің және орталық (ұлттық) банктері төрағаларының екінші кездесуі туралы

2012 жылғы 17 мамырда Пекин қаласында (Қытай Халық Республикасы) Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (бұдан әрі – ШЫҰ) мүше мемлекеттердің қаржы министрлерінің және орталық (ұлттық) банктері төрағаларының екінші кездесуі өтті.

Кездесу Қытай Халық Республикасының қаржы министрі Се Сюйжэннің және Қытай Халық банкінің төрағасы Чжоу Сяочуанның бірлесіп төрағалық етуімен өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченко, Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Д.Е. Ерғожин, Ресей Федерациясы Қаржы министрінің Статс-хатшы-орынбасары С.Д. Шаталов, Ресей Банкі Төрағасының орынбасары В.Н. Мельников, Қырғыз Республикасының Қаржы министрі А.У. Жапаров, Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары З.Л. Чокоев, Тәжікстан Республикасының Қаржы министрі С.М. Наджмиддинов, Тәжікстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы А.Ш. Ширинов, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Р.С. Азимов, Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің Төрағасы Ф.М. Муллажанов, ШЫҰ Бас хатшысы М.С. Иманалиев, сондай-ақ Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік банктің өкілдері қатысты.

Тараптар ғаламдық және аймақтық макроэкономикалық жағдай, қаржы және валюталық саясат, ШЫҰ Даму банкін және ШЫҰ Арнайы шотын құруға дайындық, қаржы-банк ынтымақтастығын институттандыру мәселелерін талқылады, сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде қаржы-банк ынтымақтастығын нығайту және болашақтағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматта практикалық қаржы ынтымақтастығын белсенді жалғастыруға, сондай-ақ аймақтың саудасын және инвестициясын дамытуға одан әрі жәрдемдесу және сыртқы қолайсыз факторлар мен ықтимал тәуекелдерге ден қою мүмкіндігін арттыру мақсатында ШЫҰ мүше мемлекеттер арасында ұлттық валюталармен есеп айырысу саласында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

Тараптар ШЫҰ мүше мемлекеттердің қаржы министрлерінің және орталық (ұлттық) банктері төрағаларының екінші кездесуінің қорытындылары бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады.




Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының

Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде заңды және жеке тұлғалармен кассалық

58.54kb.

23 09 2014
1 стр.


Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз І

ШЫҰ мүше мемлекеттердің қаржы министрлерінің және орталық (ұлттық) банктері төрағаларының екінші кездесуі туралы

17.15kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №26 баспасөзрелиз І

Халықаралық инвестициялар cтатистикасы жөніндегі ақпаратты ұсыну құрылымының өзгеруі туралы

75.48kb.

18 12 2014
1 стр.


Инвестициялық стратегия Өзгерістер мен толықтырулар

Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негіз

264.98kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 жылғы

Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бi

589.99kb.

25 12 2014
2 стр.


Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №25 баспасөзрелиз І

Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2012 жылғы мамырда 0,7% (2011 жылғы мамырда – 0,5%) деңгейінде қалыптасты

109.22kb.

17 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы

Орта мерзімді кезеңге арналған саясаттың стратегиялық бағыттарын айқындау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі саясатының болжамдылығын арттырады және қаржы нарығы қатысушылары ү

331.74kb.

06 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша

Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негіз

200.81kb.

15 12 2014
1 стр.