Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 қазандағы
№ 105 қаулысымен
бекітілді
1. Осы Инвестициялық стратегия (бұдан әрі – Стратегия) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері туралы ережені бекіту туралы» 2003 жылғы 29 мамырдағы № 165 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стратегия Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) алтынвалюта активтерін (бұдан әрі – АВА) басқаруға байланысты стратегиялық мақсаттарын және қызметін шектеуді айқындайды. Стратегияның ережелерін Ұлттық Банктің Басқармасы бір жыл ішінде кемінде 1 рет қарауы тиіс.
3. АВА басқару мақсаты активтердің өтімділігін және сақталуын, сондай-ақ орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда кірістілікті ұлғайтуды қамтамасыз ету болып табылады.
4. Базалық валюта – АВА басқару кірістілігін бағалау мақсаты үшін пайдаланылатын валюта.
4-1. Активтерді активтік басқару – бұл басқарудың портфель кірістілігінің ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтiн оннан бес) пайыздан асатын түрі.
4-2. Активтерді пассивтік (индекстік) басқару – бұл басқарудың портфель кірістілігінің ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтiн оннан бес) пайыздан аспайтын түрі.
5. Кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) дюрациясы – қағаз өтелгенге дейінгі орташа алынған мерзім. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге кірістілік көтерілген/төмендеген жағдайда бағалы қағаздың (портфельдің) құны шамамен қаншалықты төмендейтінін/көтерілетінін көрсететін көрсеткіш.
6. Кірістілік ауытқуының өзгермелілігі (tracking error) – портфельдің нарықтық тәуекелінің эталондық портфельге қатысы бойынша портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқуының өзгермелілігін көрсететін негізгі көрсеткіш.
7. Композиттік индекс – белгіленген кірісі бар бағалы қағаздар индекстерінің индексі.
8. Кредиттік рейтинг – Standard and Poor's, Fitch және Moody’s халықаралық рейтингілік агенттіктер беретін борыштық қаржы құралдары, эмитенттер, қарсы әріптестер бойынша кредит тәуекелі деңгейінің көрсеткіші.
9. Қолма-қол валюта – кастодиан банктердің ағымдағы шоттарындағы және арнайы шоттарындағы (overnight шоттар) ақша қалдықтары.
10. Портфель – қаржы құралдарының жиынтығы, оның ішінде қолма-қол.
11. Туынды құралдар – форвард мәмілелері, своп мәмілелері, форвардтық пайыздық ставка (ФРА) туралы келісім, опцион, фьючерс және осы мәмілелердің комбинациясын білдіретін басқа операциялар.
12. Асқан кірістілік – нақты қол жеткізілген кірістілік деңгейінің және эталондық портфель кірістілігі деңгейінің арасындағы айырма.
13. Құрылымдық өнім – активтер мен міндеттемелердің әр түрлі қаржы құралдарының біріктіру болып табылатын комбинациясы.
13-1. Оригинатор – бағалы қағаздардың шығарылу барысына және олардың инвесторлар арасында бөлінуіне басшылықты жүзеге асыратын заңды тұлға.
14. Балама құралдар – ұзақ мерзімді перспективадағы кірістілікті арттыруға арналған активтердің кластары (дамушы нарықтардың (Emerging Market equities) акциялары, кірістілігі жоғары облигациялар (High Yield Bonds), абсолюттік кірістілік өнімдері (Absolute Return), хедж-қорлар (Hedge Funds), хедж-қорлардың қорлары (Fund of Hedge Funds) және Қорлардың қорлары (Fund of Funds), жеке капитал (Private Equity), тәуекелі жоғары бағалы қағаздар (Distressed Securities), жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар (Real Estate), инфрақұрылымдық инвестициялар (Infrastructure), тікелей инвестициялар (Strategic investments and co – investments).
15.Тәуекелдерді хеджирлеу – қаржы тәуекелдерін және ықтимал шығындарды төмендету мақсатында әртүрлі қаржы құралдарының көмегімен белгілі бір активтерді сатып алу немесе сату арқылы портфельді құру процесі. Ұлттық Банкте тәуекелдері хеджирлеу осы Стратегияда белгіленген АВА-ны эталондық бөлуге толық немесе ішінара қайтып келу арқылы жүргізіледі. Хеджирлеу мақсатында барлық туынды қаржы құралдары пайдаланылуы мүмкін. Стратегия инвестициялау үшін рұқсат еткен кез келген құрал хеджирлеу объектісі бола алады.
16. Алынып тасталды.
17. Алынып тасталды.
18. Эталондық портфель – инвестордың стратегиялық мақсаттарын көрсететін құралдардың жиынтығы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқару кірістілігін бағалау кезінде өлшем болады. Эталондық портфель ретінде әлемдік жетекші қаржы компаниялары не Ұлттық Банк әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады.
19. Жүргізілетін активтердің портфелі – аударым жоспарланатын портфельдің талап етілетін өлшемдеріне сәйкес қалыптастырылатын уақытшы портфель.
19-1. Ақша нарығының құралдарымен жасалатын операциялар – репо, кері репо операциялары, депозиттер.
20. АВА өтімділік портфелінен, инвестициялық портфельден, стратегиялық портфельден, дамушы нарықтар портфелінен, балама құралдар портфелінен және алтын портфелінен тұрады. Өтімділік портфелінің және инвестициялық портфельдің көлемі АВА жалпы көлемінің кемінде екіден бір бөлігінен тұруы тиіс.
21. Жекелеген активтердің кірістілігі АВА басқару тиімділігінің көрсеткіші болып табылмайды.
Тәуекелдерді азайту және күтілетін кірістілікті жақсарту мақсатында иелену уақыты ішінде кері кірістілігі бар активтерді сатуға рұқсат етіледі.
22. АВА инвестициялау мынадай қаржы құралдарына жүзеге асырылады:
1) қолма-қол валюта;
2) дисконтты бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар (CD) және коммерциялық қағаздар (CP);
3) мемлекеттік (тәуелсіз), агенттік борыштық міндеттемелер, оның ішінде орнатылған опциондарымен, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері, корпоративтік борыштық міндеттемелер;
4) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі тиісінше Standard&Poor;’s немесе Moody’s бойынша А/А2 төмен емес немесе қысқа мерзімді рейтингісі тиісінше Standard&Poor;’s немесе Moody’s бойынша А2/Р1 төмен емес қарсы әріптестермен валюта және алтын депозиттері (салымдары); ағымдағы шоттардағы қолма-қол ақшаның қалдықтарын ақша нарығының рейтингісі АААm - Standard&Poor;’s немесе Аaa – Moody’s қорларына немесе ақша нарығының АААm - Standard & Poor's және/немесе Aaa - Moody's рейтингісі бар қорларына қойылатын талаптарды орындайтын қорларына инвестициялау;
5) туынды құралдар;
6) дамыған елдердің акциялары;
7) құрылымдық өнімдер;
8) балама құралдар;
9) айырбасталатын облигациялар.
22-1. АВА инвестициялау қаржы құралдарымен мынадай операцияларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады:
1) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі тиісінше А- Standard&Poor;’s немесе А3 – Moody’s төмен емес, инвестициялауға рұқсат етілген, нарықтық құны мәміленің мәміле жасау күнгі сомасының 100 пайызынан төмен емес мемлекеттік (тәуелсіз) бағалы қағаздар кепілге берілген, қарсы әріптестермен репо және кері репо операциялары;
2) валюта айырбастауға байланысты операциялар;
3) алтын сатып алу/сату операциялары;
4) туынды құралдармен операциялар ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі А-(Standard&Poor;'s) немесе А3(Moody's) төмен емес қарсы әріптестермен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте туынды құралдардың мерзімдері бойынша мынадай шектеулер қолданылады: форвардтар – 1 жыл, опциондар және своптар – 15 жыл, фьючерстер – шектеусіз;
5) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі А- (Standard&Poor;'s) немесе А3 (Moody's) төмен емес қарсы әріптестермен ғана кредиттік-дефолт своп келісім-шарттарымен (credit default swaps) және басқа кредиттік туынды құралдармен операциялар. Инвестициялық портфель үшін осындай операцияларға Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның монетарлық операциялар бөлімшесіне жетекшілік ететін орынбасарының жазбаша рұқсатымен тек кредиттік тәуекелдерді хеджирлеу үшін жол беріледі. Кредиттік-дефолт своптардың (credit default swaps) стандартты нысандары, жасау талаптары мен тәртібі ISDA Халықаралық своптар және деривативтер қауымдастығы (International Swap and Derivatives Association) құжаттамасына және CSA қосымшаларына (Credit support annex) қарай айқындалады. АВА-ны кредиттік-дефолт своп келісімшарттарға инвестициялауға Қазақстан Республикасының банктеріне тыйым салынады;
6) кредиттік рейтингісіне шектеу қойылмаған қарсы әріптестер (немесе кастодиандар) арасында бір мезгілде активтер жеткізілген кезде жүзеге асырылуы мүмкін «төлемге қарсы жеткізу» қағидаты бойынша қаржы құралдарымен мәмілелер.
23. Валюта активтерінің ұлғаюына немесе азаюына байланысты Ұлттық Банктің шоттарынан валюта активтерінің барлық түсімдері және аударымдары өтімділік портфелі арқылы жүзеге асырылады. АВА портфельдері арасында активтерді аудару, өткізуге арналған активтердің атауларын анықтау және олардың көлемі Ұлттық Банк Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының немесе Төрағасының рұқсатымен Ұлттық Банктің монетарлық операциялар бөлімшесінің (бұдан әрі – монетарлық операциялар бөлімшесі) ұсынымы бойынша жүзеге асырылады. Осы мақсаттар үшін мерзімі бір айдан аспайтын аударылатын активтердің уақытша портфелі қалыптастырылады, оның активтерін инвестициялау осы Стратегияның 22-1-тармағында көзделген қаржы құралдарымен операциялар арқылы жүзеге асырылады.
24. Алынып тасталды.
25. Туынды құралдар АВА портфельдерін эталондық бөлуге жақындату арқылы әлуетті шығындардың тәуекелін хеджерлеу үшін және сол сияқты осы Стратегияда белгіленген шектеулер шеңберінде активтік позициялар ашу үшін пайдаланылуы мүмкін.
26. Ұлттық Банк Басқармасының жеке қаулысымен осы Инвестициялық Стратегияда белгіленген лимиттер мен шектеулердің болуы ықтимал АВА портфелінің (портфельдің бір бөлігінің) құны хеджерленуі мүмкін.
27. Репо немесе кері репо операцияларының ең ұзақ мерзімі 3 (үш) айдан аспауы тиіс. Валютадағы депозиттері орналастырудың ең ұзақ мерзімі 3 (үш) айдан аспауы тиіс.
28. Өтімділік портфелі ақша-кредит саясатын жүзеге асыру, өтімділіктің жоғары деңгейін және сақталуын ұстап тұру, валютаға қысқа мерзімді сұранысты қанағаттандыру және сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мақсатында операциялар жүргізуге арналған. Асқан кірістілік алу өтімділік портфелінің активтерін басқару мақсаты болып табылмайды.
29. Алынып тасталды.
29-1. Өтімділік портфелінің дюрациясы 1 жылдан аспауы тиіс.
30. Өтімділік портфелінің базалық валютасы АҚШ доллары болып табылады.
31. Өтімділік портфелінің көлемі мынадай өлшемдерге сай келуі тиіс:
1) ағымдағы міндеттемелерді есепке алмағанда 1 миллиард АҚШ долларынан кем болмауы тиіс;
2) алдағы 6 айда мемлекеттік сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің көлемінен кем болмауы тиіс. Осы шектеу күнтізбелік тоқсанда 1 рет (әрбір тоқсанның 10 күні) тексеріледі.
Егер өтімділік портфелінің нарықтық құны осы өлшемдерге сай келмесе, осындай сәйкес келмеу анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельден активтердің бір бөлігін аудару есебінен өтімділік портфелі толықтырылады.
32. Өтімділік портфелінің активтері кредиттік рейтингісі А- (Standard & Poor's) және/немесе A3 (Moody's) төмен емес елдердің қолма-қол валютасына, мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелеріне, кредиттік рейтингісі ААА (Standard & Poor's) және/немесе Aaa (Moody's) төмен емес халықаралық қаржы ұйымдарының агенттік борыштық міндеттемелеріне, борыштық міндеттемелеріне, қысқа мерзімді кредиттік рейтингілері А-1 (Standard&Poor;’s) немесе P1 (Moody’s) төмен емес депозиттік сертификаттарға (CD), коммерциялық қағаздарға (CP), депозиттерге инвестициялануы мүмкін. Депозитке орналастырудың ең жоғары мерзімі 1 айдан аспауы қажет.
32-1. Құралдардың сыныптары бойынша өтімділік портфеліндегі ең жоғары ауытқулар Стратегияның 2-қосымшасының 3-кестесіне сәйкес айқындалады.
32-2. Өтімділік портфелінің активтері АҚШ долларынан өзгеше еркін айырбасталатын валюталарға, Қытай Халық Республикасының, сондай-ақ Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының құрамына кіретін елдердің ұлттық валютасына инвестициялануы мүмкін. Бұл ретте АҚШ долларына номинирленген активтердің үлесі өтімділік портфелінің көлемінен 70 (жетпіс) пайыздан кем болмауы тиіс. Осы талап бұзылған жағдайда монетарлық операциялар бөлімшесі бұзушылықты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жоюы тиіс.
33. Инвестициялық портфельдің мақсаты активтердің кірістілігін сақтау және қысқа және орта мерзімді перспективада ұлғайту болып табылады. Күнтізбелік бір жылдан тұратын кезең ішінде үстеме кірістілік алу инвестициялық портфельді басқару тиімділігінің бағасы болып табылады.
34. Инвестициялық портфельдің базалық валютасы Стратегияның 1-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген валюталар корзинасы болып табылады.
Валюта корзинасын айқындау күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күніндегі валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.
Валютадағы барынша рұқсат етілетін ауытқу 1-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
34-1. Инвестициялық портфель активтерінің ең төменгі А- (Standard&Poor;'s)/А3 (Moody's) және одан жоғары кредиттік рейтингісі болуы тиіс. Егер актив бойынша кредиттік рейтингінің мәні А- (Standard&Poor;'s)/А3 (Moody's) төмен төмендесе, монетарлық операциялар бөлімшесі бір ай ішінде осы актив бойынша позицияны жояды.
35. Инвестициялық портфельдің эталондық портфелі мынадай композиттік индекс болып табылады:
30% - ML US Treasuries, 0-3 Yrs (G1QA),
26% - ML 0-3 Year All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI (EBDF),
10% - ML UK Gilts, 0-3 Yrs (GBL0),
10% - ML Japanese Governments, 0-3 Yrs (G1YA),
5% - ML Australian Government Index, 0-3 Yrs (GJBT),
5% - ML Canadian Government Index, 0-3 Yrs (GBCJ),
5% - ML South Korean Government Index, 0-3 Yrs (GBSK),
3% - ML Hong Kong Government Index, 0-3 Yrs (GBHK),
2% - ML Singapore Government Index , 0-3 Yrs (GBSP),
2% - ML Danish Governments, 1-3 Yrs (G1M0),
2% - ML Swedish Governments, 1-3Yrs (G1W0).
36. Инвестициялық портфельдің дюрациясы эталондық портфельдің +30%/-40% шегінде болуы тиіс.
37. Инвестициялық портфельге кіретін туынды құралдарды қоса алғанда оның кірістілігі ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (expected tracking error) әрбір аптаның соңғы жұмыс күніндегі жылдық 2% аспауы тиіс. Осы шектеуден асып кеткен жағдайда монетарлық операциялар департаменті оны бес күн ішінде жояды.
38. Инвестициялық портфельдегі ең жоғары ауытқу әрбір валюта бойынша құралдар кластары бойынша Стратегияның 2-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес айқындалады.
Бұл ретте туынды құралдармен операциялардың түрі бойынша рұқсат етілген көлемдер Стратегияның 2-қосымшасымен айқындалады.
39. Тікелей және кері РЕПО операциялары көлеміне шектеу қойылмастан жүзеге асырылуы мүмкін.
40. Инвестициялық портфельдегі ең жоғары ауытқу ұзақ мерзімді АА-(Standard&Poor;'s)/Aa3(Moody's) және одан төмен кредиттік рейтингісі бар, эталондық портфельге кірмейтін корпоративтік бағалы қағаздарға арналған әрбір валюта бойынша Стратегияның 3-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес айқындалады.»;
41. Инвестициялық портфельдегі ең жоғары ауытқу ұзақ мерзімді АА-(Standard&Poor;'s)/Aa3(Moody's) және одан төмен кредиттік рейтингісі бар, эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелеріне арналған әрбір валюта бойынша Стратегияның 3-қосымшасының 2-кестесіне сәйкес айқындалады.
42. Кредит тәуекелдеріне шектеулер осы Стратегияның 9-тарауына сәйкес белгіленеді.
6. Стратегиялық портфельдің өлшемдері
43. Орта және ұзақ мерзімді перспективада активтердің кірістілігін қамтамасыз ету және АВА әртараптандыру стратегиялық портфельдің мақсаты болып табылады.
44. Стратегиялық портфельдің мақсатына сәйкес оның нәтижелерін бағалау 3-5 жылдық кезең үшін жүзеге асырылады.
44-1. Стратегиялық портфельдің көлемі АВА көлемінің 30%-нан аспауы тиіс. Бұл шектеуден асып кеткен жағдайда монетарлық операциялар бөлімшесі оны асып кеткен сәттен бастап үш ай ішінде жояды.
45. Стратегиялық портфельдің базалық валютасы АҚШ доллары болып табылады.
45-1. Акцияларды қоспағанда, стратегиялық портфельдің активтерінің ең төменгі В- (Standard&Poor;'s)/В3 (Moody's) және одан жоғары кредиттік рейтингісі болуы тиіс. Егер актив бойынша кредиттік рейтингінің мәні В- (Standard&Poor;'s)/В3 (Moody's) төмен төмендесе, монетарлық операциялар бөлімшесі осы актив бойынша позицияны бір ай ішінде жояды.
45-2. Дамыған елдердің акциялары мандаты бойынша стратегиялық портфельдің құрамына кіретін активтер «Ауқымды пассив акциялар» мандаттың түрлеріне арналған эталондық портфельге кіретін акцияларға инвестицияланады.
45-3. «Ауқымды активтік акциялар» мандатының түрі үшін портфель акцияларының 10 (он) пайызын мандаттың осы түріне арналған эталондық портфельге кірмейтін, бірақ MSCI World Index индексіне кіретін елдердің эмитенттері шектеген акцияларға инвестициялауға жол беріледі.
46. Ықтималдық 95% болғанда бір айдағы тәуекелді мөлшері (VaR) стратегиялық портфель көлемінің 10%-нан аспауы тиіс. Осы шектеуден асып кеткен жағдайда монетарлық операциялар бөлімшесі оны отыз жұмыс күні ішінде жояды.
47. Стратегиялық портфель үшін мынадай бөлу активтерді мақсатты бөлу болып табылады:
35% - Инвестициялық деңгейдегі ауқымды корпоративтік бағалы қағаздар (Global Investment Grade Corporates);
20% - Дамыған елдердің акциялары (Global Equity);
35% - Дамушы нарықтардың облигациялары (Emerging market debt);
10% - Айырбасталатын корпоративтік облигациялар (Convertible corporates).
Мынадай бөлу дамушы нарықтар облигацияларының қосалқы портфелін мақсатты бөлу болып табылады:
70% - Дамушы нарықтардың ауқымды облигациялары;
30% - Латын Америкасы елдерінің облигациялары.
47-1. Инвестициялық деңгейдегі ауқымды корпоративтік бағалы қағаздардың мандаты үшін ML Global Broad Market Corporate Index, 1-10 Yrs (G5BC) индексі эталондық портфель болып табылады.
Дамыған елдер акцияларының мандаты үшін MSCI World Index (MXWO) индексі эталондық портфель болып табылады.
Дамушы нарықтар облигацияларының мандаты үшін мыналар эталондық портфель болып табылады:
ауқымды мандаттар үшін – мынадай: Түркия Республикасы, Ресей Федерациясы, Филиппин Республикасы, Индонезия Республикасы, Малайзия, Корея Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Оңтүстік Африка Республикасы, Литва Республикасы, Польша Республикасы, Хорватия Республикасы, Катар Мемлекеті, Әбу-Даби Әмірлігі елдерінің мемлекеттік бағалы қағаздарынан тұратын ML Custom Index (Q663) индексі;
Оңтүстік Америка бойынша аймақтық мандат үшін – мынадай: Бразилия Федеративтік Республикасы, Чили Республикасы, Перу Республикасы, Колумбия Республикасы, Мексика Құрама Штаттары елдерінің мемлекеттік бағалы қағаздарынан тұратын ML USD Latin America (BR, CL, PE, CO, MX) 30% cap (Q610) индексі.»;
Айырбасталатын корпоративтік облигациялардың мандаты үшін эталондық портфель UBS Convertible Global Investment Grade USD Index (UICBGIGU) индексі болып табылады.
47-2. Корпоративтік бағалы қағаздар үшін Стратегиялық портфельдің 5% аспайтыны бір эмитенттің құралдарына инвестициялануы мүмкін.
48. Құрылымдық өнімнің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А- (Standard&Poors;) немесе А2 (Moody’s) төмен, ал қысқа мерзімді кредиттік рейтингі А-2 (Standard&Poors;) немесе Р-1 (Moody’s) төмен болмауы тиіс.
48.1 Егер құрылымдық өнім қарсы әріптестің know-how болып табылған жағдайда, Ұлттық Банк басқа қарсы әріптестерден осы құрылымдық өнім бойынша баға талаптарын сұратады.
48.2. Егер құрылымдық өнім Ұлттық Банктің сұратуы бойынша (request for proposal негізінде) құрылған жағдайда, Ұлттық Банк кемінде екі қарсы әріптестің құрылымдық өнім бойынша баға белгілеулерді сұратады. Бұл жағдайда Ұлттық Банк мәмілені ең жақсы талаптар бойынша жүзеге асырады.
48.3. Құрылымдық өнімді сатып алу, егер құрылымдық өнімнің эмитенті және/немесе оригинаторы әрбір айдың соңғы жұмыс күніндегі нарықтық құнды (Bid бағасын) бағалауды ұсыну міндеттемесін алған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
48.4. Құрылымдық өнімді өтеуге дейінгі ең жоғары рұқсат етілген мерзім 15 жыл.
48.5. Құрылымдық өнімдерге қолданылатын шектеулер агенттіктер, халықаралық қаржы ұйымдары және банктер эмиссиялайтын, ААА ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар құрылымдық өнімдерге қолданылмайды.
49. Алынып тасталды.
50. Алынып тасталды.
51. Стратегиялық портфельдегі құралдардың түрлері бойынша ең жоғары ауытқу Стратегияның 4-қосымшасына сәйкес айқындалады.
6-1. Дамушы нарықтар портфелінің өлшемдері
51-1. Дамушы нарықтар портфелінің активтері орталық банктерімен олардың жергілікті валютасын және Қазақстан теңгесін сатып алу/сату (айырбастау) жөніндегі келісімдер көзделген елдердің валюталарынан қалыптастырылады. Портфельдің көлемі АВА көлемінің 10%-нан аспауы тиіс.
51-2. Портфельдің активтері В- (Standard&Poor;'s)/В3 (Moody's) және одан жоғары ең төменгі кредиттік рейтингісі бар құралдарға инвестицияланады.
51-4. Балама құралдар портфелін басқаруды «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация) жүзеге асырады.
51-5. Балама құралдар портфеліндегі инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Корпорация осы Стратегияның және осы Стратегияның шектеулерін ескере отырып әзірленетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері балама құралдарының портфелін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияның (бұдан әрі – Балама құралдардың портфелін басқару жөніндегі инвестициялық стратегия) шектеулерін сақтайды.
51-6. Балама құралдардың портфелін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияда балама құралдарға инвестицияланған активтерді және дамыған елдердің акцияларын рұқсат етілген бөлінісі мынадай шектерде белгіленеді:
Құралдардың түрі |
Нарықтық құны | |
минимум |
максимум | |
Жеке капитал (Private Equity) |
0% |
50% |
Хедж-қорлардың қорлары (Fund of Hedge Funds) |
0% |
30% |
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар (Real Estate) және инфрақұрылымдық инвестициялар (Infrastructure) |
0% |
30% |
Дамыған елдердің акциялары |
0% |
30% |
Басқа да балама құралдар |
0% |
20% |
Құралдардың түрі |
Нарықтық құны |
| |
минимум |
максимум |
| |
Мемлекеттік (тәуелсіз), агенттік, оның ішінде опцион салынған борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері, корпоративтік борыштық міндеттемелер, қолма-қол ақша, депозиттер (салымдар), туынды қаржы құралдары (туынды құралдар үшін – олардың базалық активтерінің нарықтық құны). |
70% |
100% |
|
Дамыған елдердің акциялары |
0% |
30% |
|
51-7. Балама инвестициялар, атап айтқанда жеке капитал, хедж қорлар, қорлардың қорлары және хедж қорлардың қорлары нарығында мәмілелер жасау кезінде бір қорға балама құралдар портфелінің 10%-нан аспайтын мөлшерде инвестициялауға рұқсат беріледі.
52. Алтын портфелі ішкі (Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) республикалық мемлекеттік кәсіпорынында (бұдан әрі – Орталық) орналастырылған) және сыртқы (Қазақстан Республикасынан тысқары орналастырылған) алтыннан тұрады.
53. Алтынмен салынған активтерді басқару мақсаты валютадағы активтердің халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығының төмендеуі мүмкіндігінен сақтау және қорғау болып табылады. Асқан кірістілік алу алтынмен салынған активтерді басқару мақсаты болып табылмайды.
54. Сыртқы алтынның тұрақты ең аз көлемі 1 500 000 троя унциясы деңгейінде тұруы тиіс.
55. Алтындағы депозиттің ең жоғары мерзімі 1 (бір) жылдан аспауы тиіс. Активтермен қамтамасыз етілген алтындағы депозиттің ең жоғары мерзімі 5 (бес) жылдан аспауы тиіс. Қамтамасыз ету ретінде осы Стратегияда инвестициялау үшін рұқсат етілген АА- (Standard&Poor;'s)/Aa3 (Moody's) және одан жоғары ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар мемлекеттік бағалы қағаздар болуы тиіс.
56. Алтынды Қазақстан Республикасынан сыртқа әкетуге байланысты операциялар (ішкі және сыртқы алтынның өзгеруі) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының өкімі негізінде жүзеге асырылады.
57. Алтынды Орталыққа есепке ала отырып ішкі нарықта сатып алған кезде осы алтын Ұлттық Банктің ішкі алтын позицияларына жатқызылады, ал Қазақстан Республикасынан тысқары ашылған шоттарға есепке алған кезде Ұлттық Банктің сыртқы алтын позицияларында есепке алынады.
58. Сыртқы алтын көлемінің 25% дейін алтынның бағасына байланысы бар, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі AAA(Standard&Poor;'s) немесе Ааа(Moody's) төмен емес және өтеу мерзімі 10 (оннан аспайтын) жылдан аспайтын бағалы қағаздарға инвестициялауға рұқсат етіледі.
.
59. Сыртқы басқаруға берілген активтер АВА портфельдерінің біріне кіруі тиіс. Корпорацияның басқаруындағы активтерді қоспағанда, активтерді сыртқы басқаруға беру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бөлігін сыртқы басқаруға (Asset Management) беру тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы» 2011 жылғы 25 ақпандағы № 8 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
60. Ұлттық Банк тізбесін Ұлттық Банк айқындайтын қарсы әріптестермен операциялар жүргізеді. Ұлттық Банктің қарсы әріптестеріне арналған кредиттік тәуекел лимитінің ең көп мөлшері Ұлттық Банктің қарсы әріптестерімен және кастодиандарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелді басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісіне сәйкес белгіленеді.
61. Қарсы әріптестерге арналған лимиттер қарсы әріптестердің кінәсінен жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысуларды аяқтаудың кешігуіне байланысты жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде немесе мерзімді мәмілелерді жапқан күннен кейін келесі жұмыс күні Ұлттық Банктің қарсы әріптестерімен және кастодиандарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелді басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес белгіленген шектеулерге сәйкес келтіріледі. Мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздардың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі төмендеген, сондай-ақ қарсы әріптестердің туынды құралдармен аяқталмаған операциялар бойынша осы Стратегияның 22 және 22-1-тармақтарында белгіленген деңгейден төмен болған жағдайда, рейтинг төмендеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде осы позицияларды және мәмілелерді осы Инвестициялық стратегияның талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар қабылданады.»;
62. Монетарлық операциялар бөлімшесі АВА басқару бойынша мынадай есептілікті дайындайды:
1) күн сайын:
инвестициялық портфель және өтімділік портфелі бойынша: портфельдердің дюрациясы мен кірістілігінің көрсеткіштерімен бірге валюталар бөлігінде әрбір портфель бойынша нарықтық құны;
балама құралдар портфелін қоспағанда, басқа портфельдер бойынша: кірістілік көрсеткіштерімен бірге әрбір портфель бойынша нарықтық құны; балама құралдар портфелі үшін кірістілік көрсеткіштерімен бірге нарықтық құны ай сайынғы негізде беріледі;
2) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-на дейін Ұлттық Банктің басшылығына және қажет болған кезде, Ұлттық Банктің мүдделі бөлімшелеріне мынадай ақпараты бар АВА басқару жөніндегі есепті береді:
есепті кезеңде осы Стратегияда белгіленген шектеулер бойынша жөнсіздіктердің болуы;
қаржы нарықтарының жай-күйі және олардың АВА портфеліне әсер етуі, экономикалық шолу;
инвестициялық портфель бойынша: кірістіліктің ауытқуы өзгермелілігінің (tracking error) көрсеткіштері, дюрацияның көрсеткіштері, кірістілік қисығындағы бөлулер, секторлық бөлу және инвестициялық портфельдің валюталары бойынша бөлу; портфельдің, эталондық портфельдің кірістілігі және есепті кезеңдегі үстеме кірістілік; инвестициялау тактикасына шолу;
стратегиялық портфель бойынша: құралдардың түрлері бойынша бөлу, валюталар мен елдер бойынша бөлу, кірістілік және тәуекел көрсеткіштері (VAR тәуекелі бойынша шамасы);
өтімділік портфелі бойынша: құралдардың түрлері бойынша бөлу, валюталар мен елдер бойынша бөлу, кірістілік және тәуекел көрсеткіштері (дюрация);
алтын портфелі және дамушы нарықтар портфелі бойынша: кірістілік көрсеткіштерімен бірге нарықтық құны;
балама құралдар портфелі бойынша: құралдардың типтері бойынша бөлу, кірістілік көрсеткіштері.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
алтынвалюта активтерін басқару бойынша
инвестициялық стратегияға
1-қосымша
1-кесте
Валюталар корзинасы
Активтердің валютасы |
Корзинадағы үлесі |
USD |
30% |
EUR |
26% |
GBP |
10% |
JPY |
10% |
AUD |
5% |
CAD |
5% |
KRW |
5% |
HKD |
3% |
SGD |
2% |
DKK |
2% |
SEK |
2% |
Валютадағы барынша рұқсат етілген ауытқулар
Активтердің валютасы |
Ауытқу |
USD |
+/- 10 % |
EUR |
+/- 10 % |
GBP |
+/- 5 % |
JPY |
+/- 5 % |
AUD |
+/- 5 % |
CAD |
+/- 5 % |
KRW |
+/- 5 % |
HKD |
+/- 3 % |
SGD |
+/- 2 % |
DKK |
+/- 2 % |
SEK |
+/- 2 % |
инвестициялық стратегиясына
Активтердің түрі |
Нарықтық құны (туынды құралдар үшін – олардың базалық активтерінің нарықтық құны) | |
ең төмен |
ең жоғары | |
Эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері, қолма-қол ақша. |
70% |
100% |
Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері, агенттік борыштық міндеттемелер, оның ішінде орнатылған опциондарымен, корпоративтік борыштық міндеттемелер, ХҚҰ борыштық міндеттемелері, коммерциялық бағалы қағаздар (CP). |
0% |
30% |
Депозиттер (салымдар). Депозиттерге орналастырылған РЕПО-дан қаражат. |
0% |
30% |
Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі) |
0% |
30% |
2-кесте
Инвестициялық портфельдегі туынды құралдармен операциялардың түрі бойынша рұқсат етілген көлемдер
Операциялардың түрі |
Операциялардың көлемі (нарықтық құны олардың құралдары негізінде болатын) | |
Ең төмен |
Ең жоғары | |
Форвард операциялары |
0% |
100% |
Фьючерстерді сатып алу/сату |
0% |
100% |
FRA (болашақ пайыздық ставка туралы келісім) |
0% |
100% |
Своптар |
0% |
50% |
Опциондық келісім-шарттарды сатып алу |
0% |
50% |
Опциондық келісім-шарттарды сату |
0% |
20% |
Басқа туынды құралдар |
0% |
20% |
3-кесте
Құралдардың сыныптары бойынша өтімділік портфеліндегі ең жоғары ауытқулар
Активтердің түрі |
Нарықтық құны | |
Ең төмен |
Ең жоғары | |
Кредиттік рейтингісі А- ( Standard & Poor's) және/немесе A3 ( Moody's) төмен емес елдердің қолма-қол валютасы және мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері |
70% |
100% |
ААА (Standard & Poor's) және/немесе Aaa (Moody's) кредиттік рейтингісі бар агенттік борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері |
0% |
30% |
А-1 (Standard & Poor’s) немесе P1 ( Moody’s) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингілері бар депозиттік сертификаттар (CD), коммерциялық қағаздар (CP) |
0% |
30% |
Депозиттер (салымдар). Депозиттерге орналастырылған РЕПО-дан түскен қаражат. Депозитке орналастыру мерзімі 1 айдан аспайды |
0% |
30% |
1-кесте
Инвестициялық портфельдегі ұзақ мерзімді АА-(Standard&Poor;'s)/ Aa3(Moody's) және одан төмен кредиттік рейтингісі бар, эталондық портфельге кірмейтін корпоративтік бағалы қағаздарға арналған әрбір валюта бойынша ең жоғары ауытқулар
Активтердің түрі |
Нарықтық құны | |
Ең төменгі |
Ең жоғары | |
А-/А3-тен қоса алғанда А/А2-ге дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар корпоративтік бағалы қағаздар |
0% |
4% |
А+/А1-тен қоса алғанда АА-/Аа3-ке дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар корпоративтік бағалы қағаздар |
0% |
6% |
2-кесте
Инвестициялық портфельдегі ұзақ мерзімді АА-(Standard&Poor;'s)/ Aa3(Moody's) және одан төмен кредиттік рейтингісі бар, эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелеріне арналған әрбір валюта бойынша ең жоғары ауытқулар
Активтердің түрі |
Нарықтық құны | |
Ең төменгі |
Ең жоғары | |
А-/А3-тен қоса алғанда А/А2-ге дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері |
0% |
6% |
А+/А1-тен қоса алғанда АА-/Аа3-ке дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар елдер-дің мемлекеттік борыштық міндеттемелері |
0% |
9% |
Қазақстан Республикасы
инвестициялық стратегияға
Стратегиялық портфельдегі құралдардың түрлері бойынша
Құралдардың түрі |
Нарықтық құны | |
ең төмен |
ең жоғары | |
Инвестициялық деңгейдегі ауқымды корпоративтік бағалы қағаздар (Global Investment Grade Corporates) |
20% |
50% |
Дамыған елдердің акциялары (Global Equity) |
15% |
30% |
Дамушы нарықтардың облигациялары (Emerging market debt) |
20% |
50% |
Айырбасталатын корпоративтік облигациялар (Convertible corporates) |
5% |
15% |
Құрылымдық өнімдер |
0% |
10% |
Инвестициялық портфель үшін рұқсат етілген құралдар |
0% |
30% |
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негіз
25 12 2014
1 стр.
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
16 12 2014
1 стр.
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
25 12 2014
1 стр.
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
14 10 2014
5 стр.
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
16 12 2014
3 стр.
Азақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
01 09 2014
1 стр.
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін
25 12 2014
22 стр.
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
25 12 2014
17 стр.