Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Жоба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

қ а у л ы с ы



Алматы қ.

2012 жылғы ___ ____________

№ ___


Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияны жүргiзуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы




«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияны жүргiзуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай талаптар бекітілсін:

1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрі – инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшін мынадай үй-жайлардың болуын қамтамасыз етеді:

қойма не сейф бөлмесі;

қойманың алдыңғы бөлмесі (қойма болған кезде);

банкноттарды және монеталарды қайта санау кассасы;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген үй-жайлардың құрылғысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 4817 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;

3) инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөнiндегi қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) белгіленген талаптарды сақтайды.



2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы

Г. Марченко




Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының

Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде заңды және жеке тұлғалармен кассалық

58.54kb.

23 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы

Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсынуын жетіл

1334.89kb.

25 12 2014
12 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы

Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау

23.76kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы

Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар

28.67kb.

09 10 2014
1 стр.


Инвестициялық стратегия Өзгерістер мен толықтырулар

Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негіз

264.98kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы

Орта мерзімді кезеңге арналған саясаттың стратегиялық бағыттарын айқындау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі саясатының болжамдылығын арттырады және қаржы нарығы қатысушылары ү

331.74kb.

06 10 2014
1 стр.


Жоба Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

62.38kb.

07 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

147.03kb.

04 09 2014
1 стр.