Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін

мерекелеу туралы ақпарат.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ағымдағы жылғы 1 желтоқсанда барлық жерде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні мерекеленеді.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің күнін атап өту қарсаңында аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі іс-шаралар жоспары құрылып іске асырылды. Іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданымыздың барлық мектептерінде «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2012 жылғы қарашаның 16-сы күні аудандық өлкетану мұражайында «Жас дарындар тұңғыш Президент келбетінде» тақырыбында аудан әкімі - Құдайберген Бексұлтановтың ауданымыздың ең үздік (мектеп президенттері, облыстық, Республикалық олимпиада жүдегерлері, спортшылар, оқу озаттары) оқушыларымен кездесуі өткізілді. Кездесудің соңында оқушылар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, естелік фотосуретке түсірілді.

Аталған мереке аясында «Туған елім-туған жерім» тақырыбында оқушылардың ұлттық қол өнер туындыларының және суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 20 мектептен 264 жұмыс ұсынылды.



Көрменің қорытындысы бойынша оқушылар мен олардың жетекшілері мадақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Киевка №3 орта мектебінде 7-11 сынып аралығында аудандық ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға ұсынылған жоба жұмыстарының тақырыптары өлкетану және экология бағыттарын қамтыды. Жүлделі орын алған оқушылардың жоба жұмыстары облыстық кезеңге ұсынылды.

Киевка №2 қазақ орта мектебінің базасында мамандыққа баулу мақсатымен Киевка №1,2,3 орта мектептерінің 11 сынып оқушылары зейнеткер ұстаздармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ардагерлер ой толғап, оқушылар қойған сауалдарға жауап берді.

Мереке қарсаңында оқушылар арасында қазақша күрес спорттық сайысы өтті. Жарыс екі кезеңде, яғни мектепішілік және аудандық кезеңде өткізілді. Жарысқа салмақ дәрежелеріне қарай 9 мектептен оқушылар қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған мектеп оқушылары грамоталармен, естелік кубокпен және медальдармен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің күнін атап өтуге байланысты 5-11 сыныптар арасында «Елбасы бастаған даңқты Қазақстан» атты шығармалар байқауы өткізілуде. Шығарма байқауының қорытындысы 30 қарашада шығарылады.

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президентіміздің тарихи мәдениет орталығына бекітілген кестеге сәйкес ауданымыздың келесі мектептерінен оқушылар саяхатқа барды. Олар: Қ.Шайменов атындағы ОМ, Щербаковский ОМ, Жараспай ОМ, Нұра ОМ, М.Сүлейменов атындағы ОМ оқушылары.

Мереке қарсаңында ауданымыздың барлық мектептерінде «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» күні тақырыбында мектепішілік газеттердің мерекелік номері жарияланды. Мерекелік газеттердің 1данасы білім беру бөліміне тапсырылды.

Қарашаның 30-нда Киевка №1, 2, 3 орта мектептерінен үздік 20 оқушы аудандық мәдениет үйінде «Жас Қыран» қатарына салтанатты түрде қабылданды. «Жас Қыран» қатарына қабылдау барысында оқушылар ант беріп, оларға аудан әкімі - Қ.Бексұлтанов, аудан әкімінің орынбасары –Д.З.Максутов, «Нұр Отан» ХДП төрағасының орыбасары – С.С.Жұмабеков, ардагер ұстаз – М.Айтжанов, интернационалист жауынгер – Е.Ә.Мұхаметжанов галстуктар мен төсбелгілерін тақты.

Нұра ауданының білім беру,

дене шынықтыру және спорт

бөлімінің бастығы Г.Б.Қадырова


Орынд. Хамзина М.Д.

Тел. 21920

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу туралы ақпарат. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ағымдағы жылғы 1 желтоқсанда барлық жерде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні ме

25.17kb.

25 12 2014
1 стр.


Қабылданатын «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы»

Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас

10.46kb.

23 09 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы бойынша салыстырмалы кесте

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңыны

26.68kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламентін бекіту туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»

Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңыны

396.09kb.

15 10 2014
2 стр.


Марапаттау туралы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы»

Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №1539 қаулысына сәйкес, көп жылдық жемісті еңбегі мен Қазақстан Республикасының құрылыс саласына қосқан үлесі үшін кәсіптік мере

252.28kb.

25 12 2014
1 стр.


Ксро және Қазкср-інің Халық әртісі, аса көрнекті композитор Сыдық Мұхамеджановты есте қалдыру туралы > Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы»

Азақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» заңының 13-бабы 4 тармағына сәйкес, қалалык ономастика комиссиясының ұсынысын ескере отыры

12.16kb.

04 09 2014
1 стр.


Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1 тармақтың 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының

158.16kb.

08 10 2014
1 стр.


Ұсынылатын әдебиеттер нормативтiк құқықтық кесiмдер Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2005. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi №2464 Конституциялық заңы. Алматы: Юрист, 2005

46.04kb.

25 12 2014
1 стр.