Перейти на главную страницу
Астана, 2013 жыл
1998 жылы Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалауға және ұрпақтардың ынтымақтастығы әлеуметтік қағидатынан дербес зейнетақы жинақтары қағидатына кезең-кезеңімен өтуді жүзеге асыруға кірісті. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қызмет етуінің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып жүргізілген реформа нәтижесінде Қазақстанда
- базалық, міндетті (ынтымақты және жинақтаушы) және ерікті зейнетақымен қамсыздандыру деңгейлерінен тұратын көпдеңгейлі жүйе құрылып, қызмет көрсетеді;
- тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму негізінде зейнетақы бағдарламасын қаржыландыру арттырылды. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері үздіксіз өсірілді. 14 жыл ішінде (1998-2012 жылдар) ең төменгі зейнетақы мөлшері 11 есеге (2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін) артты, орташа зейнетақы – 10 есеге (3 964 теңгеден 38 765 теңгеге дейін), ең жоғарғысы – 7 есеге (7256-дан 56047 теңгеге дейін) артты.
- жинақтаушы жүйені енгізу және қызмет етуінің практикалық іс тәжірибесі жинақталды;
- азаматтардың зейнетақы жинақтары өсуде. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 3183,2 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қосқанда) 41912 теңгені құрайды немесе жалпы экономика бойынша орташа айлық жалақының 40 асады.
Келешекте ынтымақты жүйеден зейнетақы төлемдерінің мөлшері азаятын болады (азаматтардың 1.01.1998 ж. дейін жинақталған еңбек стажы азаюына байланысты). Бұл азаю жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін төлемдермен өтелетін болады деп көзделген.
Алайда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ұзақ қызмет етпеуі зейнетақымен қамсыздандырудың әлеуметтік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты, Мемлекет басшысы 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкіне жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту шараларын қабылдауды тапсырды.
Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың мақсаты мен ерекшеліктері:
Өзгерістер кезең-кезеңімен кең талқылаулар және ашықтық қағидатында жүргізіледі.
Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінің ерекшелігі бүкіл және әрбір адамға қатысты болатындығында: бүгінгі зейнеткерлерді де, зейнетке шығу құқығына әлі еңбек сіңіретіндерге де, әйелдер мен ер кісілерге; жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздарға, азаматтық тұрғындар мен әскерилер және т.б. қатысты болады.
Осыған орай, алдағы өзгерістер мемлекет, жұмыс беруші және тікелей азаматтардың арасында қарттық туындаған кезде қажетті қамтамасыз етуге жауапкершілікті бөлуді көздейтін адам мүддесінде жүзеге асырылады.
Жаңа тәсілдер үстіртін мағынада өз бетінше жұмыспен айналысатын халықты, әйелдерді, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы адамдарға; жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларына қатысты әзірленеді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттарын әзірлеу, оларды іске асыру тетігін, іс-әрекеттерді реформалау және түзету қорытындыларына талдау жүргізу, жаңа тәсілдердің енгізілуін бақылауды әзірлеу бөлігіне.
ҚР президентінің жанындағы кеңес (ҚР Үкіметінің, ХБ өкілдері, қаржылық нарық қатысушылары мен тәуелсіз сарапшылар) – инвестициялық стратегиялар және инвестициялауға арналған тиімді құралдарды таңдап алу жөнінде ұсынымдар әзірлеу саласында.
ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін басқаруды және инвестициялауды, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйымдардың инвестициялық стратегияларды іске асыруын бақылауды жүзеге асыратын болады.
Талқылаудың қазіргі кезеңінде мынадай бағыттар қаралады:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру;
тұрғындарды ЖЗҚ қызметтерімен қамтуды кеңейту;
зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктері жүйесін өзгерту;
зейнетақы жасын біріздендіру;
еңбек жағдайлары ерекше жұмыстарда істейтін азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың міндетті кәсіптік жүйесінен ерікті жүйеге өту.
I. БЖЗҚ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ЖӨНІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР
1-сұрақ. Зейнетақы заңнамасына қандай өзгерістер енгізіледі?
Жауап:
ҚР Парламентіне жинақтаушы зейнетақы жүйесінің институционалдық базасын дамытуды көздейтін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары енгізілді.
Енгізілетін өзгерістер жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың зейнетақы шоттарын есепке алу және олардың зейнетақы активтерін инвестициялау жөніндегі функцияларын бөлуді көздейді.
Салышылардың зейнетақы шоттарын басқаруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылатын болады. Оның міндетіне мыналар кіреді:
- салымшылардың зейнетақы шоттарын тиісті түрде есепке алу, олардың жай-күйін бақылау, салымшылардың табиғи қозғалысымен (кетуі, зейнет жасына жетуі, қайтыс болуы және т.б.) байланысты уақытылы өзгерістер енгізу және зейнетақы жарналарын жүзеге асыру, зейнетақы активтерін, зейнетақы төлемдерін инвестициялау және т.б. мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығына мониторинг жүргізу.
Зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Бұл таңдау ҚР Ұлттық Банкінің
- Ұлттық қордың активтерін басқару жөніндегі оң жұмыс тәжірибесінің болуына;
- коммерциялық банктермен және басқа да қаржылық топтармен үлестес болмауына;
- ҚР Президентінің жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес айқындаған инвестициялық стратегияны іске асыруымен байланысты.
- БЖЗҚ зейнетақы активтерін тиімді басқаруды арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
- БЖЗҚ зейнетақы активтерін орналастыруға арналған рұқсат етілген құралдардың тізбесі жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
Осылайша, мемлекет зейнетақы жүйесінің сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бір тараптан, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдікті сақтайды, екінші жағынан зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығын артыру шараларын қабылдайтын болады.
БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады, және де азаматтардың өздерінің таңдауы бойынша ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жинақтайды. Қордың функциясы салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу және зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылады.
Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі ұйым Ұлттық Банктің лицензиясының негізінде инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушысы, не шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес осыған ұқсас қызмет түрін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар болуы мүмкін.
Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі ұйымдарды таңдаудың негізгі өлшемі Ұлттық Банк таргеттейтін инвестициялық табыстылық деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндігі, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі бұрынғы қызметтің нәтижелері, алынатын комиссия деңгейі мен олардың іскерлік беделі болып табылады.
Зейнетақы активтері зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру және инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операцияларды есепке алатын Ұлттық Банкте сақталатын болады. Зейнетақы активтерін Ұлттық Банктің бақылауымен шоғырландыру мен басқару азаматтарымыздың жинақтарын тиімдірек және қауіпсіз басқаруға мүмкіндік береді.
Жауап:
- тиісті лицензиясы болған жағдайда зейнетақы активтерін басқару жөніндегі тендерлерге қатысу құқығына ие инвестициялық портфельді басқаратын ұйымдарға (қолданыстағы бағалы қағаздар нарығы туралы заңнама шеңберінде), не
- азаматтардың ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына өзгертілуі.
- үшінші жол – қордың қызметінің тоқтатылуы/жойылуы мүмкін.
Салымшылардың зейнетақы жинақтары БЖЗҚ толық көлемде аударылатын болады. Әрбір салымшы олардың зейнетақы жарналарына және жылдың басында ЖЗҚ ұсынған инвестициялық табысқа сәйкес келетін дербес зейнетақы активтерінің сомасы туралы ақпарат алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа заңнама қолданысқа енгізілгенге дейін салымшылармен (алушылармен) жасалған, солар бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілетін зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық шарттар бойынша құқық иеленушісі болып табылады.
Жеке ЖЗҚ-лардан БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерін аудару тәртібі заңнамалық деңгейде регламенттеліп, барынша қысқа мерзімде жүзеге асырылатын болады.
5-сұрақ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру салымшылардың зейнетақы жинақтарын бюджетке аудару (мемлекеттің меншігіне алу) дегенді білдірмейді ме?
Бюджетке зейнетақы жинақтарын беру (мемлекеттің иелігіне беру) азаматтардың өз жинақтарына меншікті құқығынан айырылуы дегенді білдіреді.
Мұндай шаралар 2008-2010 жылдары (әлемдік қаржылық дағдарыстың шиеленіскен кезі) бірқатар елдерде бюджеттік тапшылықты жою үшін қабылданған болатын. Мысалы, аргентина және Венгрияда ЖЗҚ зейнетақы активтері толық мемлекеттік меншігіне өткен, ал Шығыс Еуропа және Балтық жағалауы елдерінде міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі азайтылды. Мемлекеттің иелегіне өткен зейнетақы активтері, сондай-ақ бюджетке салық түрінде түсетін міндетті зейнетақы жарналарының бір бөлігі қосымша зейнетақы бағдарламаларын қаржыландыруға /зейнетақы төлеуге жұмсалды.
Бұлармен салыстырғанда, құрылатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары жүйесі сақталады, онда жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ-лардан азаматтардың жеке жинақтары толық көлемде аударылады.
6-сұрақ. БЖЗҚ-ға жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін аудару кезінде оларға бағалау жүргізіледі ме?
Жауап:
Иә, активтерді бағалау жүргізілетіндігі сөзсіз. Бірақ зейнетақы активтерін бағалау рәсіміне біршама уақыт кетеді, бағалау негізіне 2012 жылғы ЖЗҚ қызмет қорытындысы бойынша тәуелсіз компаниялар жүргізген ЖЗҚ аудит нәтижелері алынатын болады. (ҚР Ұлттық Банкі жылдың басында тартылатын тәуелсіз компанияларға тиісті талаптарды бекіткен).
Салымшылардың дербес зейнетақы шоттарын және олардың жинақтарын БЖЗҚ аудару (Заң қабылданғаннан кейін) барынша қысқа мерзімде және Ұлттық Банк бекіткен кесте бойынша қатаң түрде жүргізілетін болады.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беруі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бұрынғы кастодиан банктердің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, ЗТМО және ҚР Ұлттық Банкінің өкілдері қол қойған зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актілерімен ресімделеді.
Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге салымшылар (алушылар) алдында зейнетақы активтері бойынша берешегі бар ЖЗҚ зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күнге дейін өтеуге міндетті.
Зейнетақы активтері мен міндеттемелерді БЖЗҚ берумен байланысты шығыстар ЖЗҚ өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
БЖЗ зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензиясының күші уәкілетті өкілдер зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейінгі күннен бастап тоқтатылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары өз активтерін әртараптандыруды жеткілікті түрде жүргізе алмағандығын мойындау керек. Бүгінгі таңда 87 жуық зейнетақы активтері Қазақстан Республикасында орналастырылған. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер бойынша ЖЗҚ активтерінің кемінде 20 - мемлекеттік құнды қағаздарға, ал 40 жуығы шетелде салынған болуға тиіс. Фактіге сүйенсек: МБҚ үлесі 50,5 , шетел активтерінің үлесі – 9 құрайды. ЖЗҚ асыра сақтанып, жинақтарды Қазақстан ішіндегі МБҚ инвестициялаған. Қауіп азайғанымен, табыс әкелуі төмен қалып қойғандығы көрінеді.
Осыған байланысты зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығын арттыру үшін:
Бірінші. ҚР Ұлттық Банкі азаматтардың зейнетақы жинақтарын табыстылық деңгейін қамтамасыз ететін қаржылық нарықтағы оң жұмыс тәжірибесін, азаматтардың зейнетақы жинақтарынан алатын комиссия көлеміне және олардың іскерлік беделіне қарай таңдалатын басқарушы компаниялар арасында конкурстық негізде орналастыратын болады.
Әйелдердің зейнет жасын арттыру 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтілінің азаюына байланысты. 2012 жылы зейнетақы тағайындау үшін өтініш білдірген әйелдердің 12 астамы 1998 жылғы 1 қаңтарға жинақталған толық еңбек өтілі жоқ, ал 2018 жылы зейнетке шығатын әйелдердің барлығында толық өтіл болмайды.
Бұл, 2018 жылдан кейін зейнетке шығатын әйелдердің зейнетақысы:
- базалық зейнетақыны;
- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне сәйкес бюджеттен ынтымақты зейнетақыны қамтитын болады. Бұл ретте, еңбек зейнетақысының мөлшері толық емес еңбек өтіліне байланысты жыл сайын бекітілетін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен болуы мүмкін,
- зейнетақы жинақтарына сәйкес салыстырмалы түрде аздаған мөлшерде ЖЗҚ жинақтау зейнетақысын қамтитын болады.
Болжау бойынша, әйелдердің алатын зейнетақы мөлшері бұрынғы орташа айлық жалақының 40 кем болады.
Зейнетақы жасын біріздендіру бюджет қаражатын үнемдеу үшін емес, әйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін және зейнетақы жинақтарының көлемін ұлғайту үшін ұсынылады, бұл тиісінше, ЖЗҚ алынатын зейнетақы мөлшерінің артуына алып келуге тиіс.
Сондай-ақ, ЖЗҚ құрылымдық өзгерістер және зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру нәтижесінде дербес зейнетақы шоттарына аударылатын инвестициялық табыс ұлғаяды.
10-сұрақ. Әйелдердің зейнетақы жасын арттыру қай жылдан бастап жүзеге асырылады?
Әйелдердің зейнетақы жасын арттыру бір кезде жүргізіледі ме немесе кезең-кезеңімен бе?
Арттыру барлық әйелдерге қатысты бола ма немесе бір жинақтаушы құрамдас бөліктің қатысушыларына ғана ма?
Зейнетақы жасын арттыруды қазіргі кезде көптеген шетелдерде қолдануда не қолдануды жоспарлауда.
Әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыру жөніндегі ұсынысты ҚР Үкіметіне ведомствоаралық жұмыс комиссиясы енгізген болатын.
Талқылау жұмыстары басталды, ал осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертпелер үшін жұмыс комиссиясы құрылды.
Талқылау үшін мыналар ұсынылады.
Әлемдік тәжірибеге және 1996 жылдан 2001 жылға дейін іске асырылған отандық тәжірибеге сәйкес зейнетақы жасын ұлғайту кезең-кезеңімен, жыл сайын 6 айдан қоса отырып 10 жыл ішінде жүзеге асырылады.
Бұл:
- біріншіден, зейнетке шығар алдындағы адамдарға ауыртпалық салмай өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, 58-ге келген әйелдер 58,5 жасында зейнетке шыға береді, яғни 6 айдан кейін, ал 57-ге толғандар бір жылдан кейін немесе 59 жасында зейнетке шығады;
- үшіншіден, әйелдердің нәтижелі жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Үкімет бала күтімі бойынша демалыстағы әйелдер, өз бетінше жұмыспен айналысатындар мен жұмыссыздар, сондай-ақ зейнеталды жастағы әйелдер үшін арнайы жұмыспен қамту бағдарламасын жоспарлауда.
Себебі ынтымақты жүйеден зейнетақы тағайындау 2043 жылға дейін жүзеге асырылатын болады, ал зейнетақы жасын біріздендіру ынтымақты да, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып табылатын әйелдерге қатысты болады.
11-сұрақ. Әйелдер үшін олардың зейнетақы жасын арттыру кезінде қандай жағдай жасалатын болады?
Жауап:
Бұл біріншіден, әйелдердің зейнет жасын арттыру мынадай іс-шаралармен сүйемелденетін болады, олар мыналарды қамтиды:
1) жалдамалы әйел жұмыскерлердің біліктілігін өндірістен қол үзіп және қол үзбей арттыруды;
2) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде өз бетінше жұмыспен айналысатын әйелдерді нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту;
3) кәсіпкерлікпен айналысатын немесе өз ісін ашуды қалайтын әйелдер үшін микрокредиттердің қол жетімділігін кеңейту;
4) бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдерді таңдаған кәсібі бойынша оқыту;
5) Еңбек кодексіне жұмыс берушіге зейнеталды жастағы әйелдермен еңбек қатынастарын тоқтату бөлігінде қойылатын талаптарды қатаңдатуды көздейтін өзгерістер енгізу;
6) жүктілігі және босану бойынша, бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдердің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды қамтиды.
Екіншіден, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі бар әйелдер үшін зейнетақыға ерте шығу құқығы сақталады:
- жалпы еңбек өтілі 20 жылдан кем емес, 5 және одан көп бала тапқан және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге 53 жаста;
- «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған, кемінде 20 жыл жалпы еңбек өтілі бар әйелдерге 45 жаста шығуға.
Сондай-ақ еңбек өтіліне сәбилердің күтімімен жұмыс істемейтін аналардың күтім жасаған уақыты, бірақ әрбір баласы 3 жасқа жеткенге дейінгі уақыты, жалпы 12 жас шеңберіндегі уақыт есептеледі.
Үшіншіден, ЖЗҚ қатысушылары үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде ЖЗҚ берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығы 50 жаста сақталатын болады.
12-сұрақ. Әлемдік тәжірибеде әйелдердің зейнеткерлік жасын арттырудың қандай үлгілері бар?
Жауап:
Қазіргі кезде көптеген шет елдерде (Ұлыбритания, Германия, Франция, Норвегия, Швеция, Оңтүстік Корея, Чехия, Әзірбайжан, Украина, Эстония және т.б.) зейнетақы жасын арттыру есебінен зейнетақы жүйесін халықтың жасына бейімдеу пайдаланылады.
Бұл ретте Еуроодақтың 18 елінде әйелдердің зейнеткерлік жасы ер адамдардың зейнеткерлік жасына 2020 жылға теңестіріледі, бесеуі оны кейін жасауды жоспарлап отыр.
Зейнеткерлік жасты арттыруды жоспарлап отырған елдер
Ел |
Зейнеткерлікке шығудың ағымдағы жасы |
Әйелдер үшін зейнеткерлікке шығудың жоспарлап отырған жасы |
Зейнеткерлік жасты арттыру кезеңі (ЗЖ) | |
Е |
Ә | |||
Германия |
67 |
63 |
67 |
2012-2029 жылдар. |
Ирландия |
66 |
65 |
68 |
2014 жылға - 66 жасқа дейін, 2012 жылға – 67 жасқа дейін, 2028 жылға - 68 жасқа дейін
|
Латвия |
62 |
62 |
65 |
2014 жылдан – 2025 жыл |
Эстония |
63 |
60,5 |
65 |
2016 жылдан – 2026 жыл |
Австрия |
65 |
60 |
65 |
2024 жылдан – 2033 жыл |
Мысалы, Оңтүстік Кореяда әйелдердің зейнеткерлік жасын (65 жасқа дейін) арттыру 20 жыл ішінде, Францияда – 62 жасқа дейін – 8 жыл ішінде, Украинада – 60 жасқа дейін – 10 жыл ішінде және т.б. жүзеге асырылатын болады.
Жекелеген жағдайларда (Чехия) зейнеткерлік жасты арттыру жаңа шарттарға өтетін адамдардың жасын белгілеп бір уақытта жүзеге асырылады.
13-сұрақ. Әйелдердің зейнетақы жасын біріздендіруде ең алдымен, ауылды
жерлерде тұратын әйелдерге қиындау болады.
Ауылдағы әйелдер не істейді? Оларды зейнетке шығар алдында жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қалай қамтымақсыздар?
Жауап:
Қолданыстағы заңнамада әйелдердің еңбек өтіліне жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт ескеріледі. Осы норма ұсынылып отырған заң жобасында да сақталған.
Осыған байланысты ауылда тұратын, жұмыс істемейтін және ЖЗЖ қатысушысы болып табылмайтын әйелдер зейнеткерлікке шығар кезде ең төмен мөлшері 12 жыл еңбек өтілін құрайтын еңбек зейнетақысын, сондай-ақ базалық зейнетақы алуы мүмкін.
Ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге мүмкіндігі әрі ынтасы бар әйелдер үшін оларды Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы, сол сияқты өңірлік бағдарламалар шеңберінде нәтижелі жұмысқа тарту шаралары іске асырылатын болады.
Зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың ең төмен кепілдері де көзделуде.
Қазақстанда қолданылатын еңбек жағдайлары ерекше жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі мыналарды қамтиды:
1) зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 9 АЕК ( №1 Тізім үшін) және 8 АЕК (№ 2 Тізім үшін) мөлшерінде төленетін мемлекеттік арнаулы әлеуметтік жәрдемақы;
2) жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде төленетін базалық зейнетақы төлемі;
3) 63/58 жасқа толғанда және 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 6 еңбек өтілі болған кезде төленетін ынтымақты (еңбек) зейнетақы;
4) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (ЖЗЖ) қатысып, қызметкердің жалақысынан ЖЗЖ-ға 10 % мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) жүзеге асырған кезде төленетін жинақтаушы зейнетақы;
5) жұмыс берушілер ЖЗҚ-ға өз бастамасы бойынша өз қызметкерлерінің пайдасына төлейтін ерікті кәсіптік жарналар (ЕКЗЖ) есебінен төленетін зейнетақы. ЕКЗЖ мөлшерлемесі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді және қызметкердің ай сайынғы табысының 10 % аспауға тиіс.
6) жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
7) еңбек жарақатынан және кәсіби аурулар салдарынан еңбек ету қабілетінен айрылған кезде сақтандыру компанияларынан төленетін өмірлік сақтандыру төлемдері.
15-сұрақ. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесінде қандай өзгерістер болады?
Жауап:
Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың ерікті кәсіптік схемасы тиісті деңгейде дамымағанын атап өткен жөн. Ол ЕКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын көбейтіп және 53/55 жаста зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік береді деп жоспарланған. Бүгінгі күні 4 мыңнан аса адам жүйеге қатысушы болып табылады, ал олардың жинақтары бар болғаны 100 млн. теңгені құрайды.
Еңбек жағдайлары ерекше жұмыспен айналысатын адамдардың жұмыстарының ерекшеліктерін ескере отырып ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобы ерікті кәсіптік зейнетақы жинақтарынан міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарына көшу туралы ұсыныс енгізді.
Енді еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдардың дербес зейнетақы шоттарына 15 % зейнетақы жарналары түсетін болады, оның 10 %-ы қызметкердің ЕТҚ-нан МЗЖ және 5 %-ы жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Бұл олардың жүйеге үздіксіз қатысқаны (30 жылдан кем емес) және жүйелі түрде аударғаны (жылына 12 рет) кезінде зейнеткерлікке ерте шығуы үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарына мүмкіндік береді.
Бұл ретте жұмыс берушіге де жүктеме азаяды, өйткені кәсіптік зейнетақы жарналарына төленетін сома салық төлемдерін жүзеге асырған кезде шегерімге жатқызылады.
Бұдан басқа, осы санаттағы адамдар үшін:
1) базалық зейнетақы төлемдері;
2) 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 6 ай стажы болған кезде ынтымақты (еңбек) зейнетақы;
3) жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
4) еңбек жарақатынан және кәсіби аурулар салдарынан еңбек ету қабілетінен айрылған кезде сақтандыру компанияларынан төленетін өмірлік сақтандыру төлемдері сақталады.
Әлемде пайдаланылатын арнайы режимдерді қамтитын зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік жүйелері мынадай схемаларға бөлінеді: жекелеген, араласқан, бірлескен.
Жекелеген |
Араласқан |
Бірлескен |
Австрия* Бельгия Финляндия Франция Германия Греция* Италия* Люксембург |
Дания Исландия Япония Нидерланды Великобритания Швеция Швейцария
|
Австралия Канада Ирландия Жаңа Зеландия Норвегия АҚШ Испания Португалия |
Дербес кәсіптік зейнетақы жүйесі саланың немесе кәсіптің ерекше шарттарына икемделген. Осы схемаға жататын қатысушылар міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын дербес кәсіптік зейнетақы схемаларына жүзеге асырады және жалпы схема бойынша міндетті зейнетақы жүйесіне қатыспайды. Аталған жүйелерде зейнетақы төлемдері ынтымақты негізде жүзеге асырылады.
Қызметкерлер міндетті зейнетақы жарналарын ұлттық зейнетақы жүйесіне жүзеге асырады, онда жарналардың мөлшерлемесі еңбек жағдайларына қарай сараланады. Еңбек жағдайлары қалыпты жұмыспен айналысатын қызметкерлердің жарналар мөлшерлемесіне қарағанда еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын қызметкерлердің жарна мөлшерлемесі жоғары, бұл оларға зейнеткерлікке ерте шығуға мүмкіндік береді. Зейнетақы төлемдері ынтымақты негізде жүзеге асырылады.
Жарна мөлшерлемесі жүйеге қатысушылардың барлығы үшін бірдей. Мемлекеттік зейнетақы жүйесін қаржыландыру зейнетақы жарналарының немесе жалпы салық түсімдерінің есебінен жүзеге асырылады.
Қолданыстағы заңнамада ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыс берушілер салық жеңілдігіне ие. ҚР Салық кодексінің 110-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеушілердің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада белгіленген шектерде ұстап қалуға жатады.
Ұсынып отырған өзгерістерде аталған нормалар сақталады, бұл жұмыс берушіге жүктеменің көбеюіне алып келмеуге және өнімнің өзіндік құнына әсер етпеуге тиіс.
IV. ХАЛЫҚТЫ ҰЗЖ ҚАМТУДЫ КЕҢЕЙТУ ЖӨНІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР
18-сұрақ. Өз бетінше жұмыспен айналысатын тұрғындарды алда не күтеді?
Жауап:
Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы саны –8,5 млн-нан өткен жылы бір ретте болса МЗЖ аударған салымшылардың саны 5,7 млн. адамды құрады. Бұл ретте жылына 12 рет зейнетақы жарнасын жүзеге асырған салымшылардың (белсенді төлеушілер) саны 3,7 млн. адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 41 құрайды.
Бұл өзекті проблема болып табылады.
Егер қазіргі кезде осы проблеманы шешу бойынша тиісті шаралар қабылданбаса, еліміздің тұрғындарының көпшілігі зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейі үшін жеткілікті зейнетақы жинақтары көлемін жинақтай алмайды және келешекте халықтың әлеуметтік тұрғыдан осыл топтарының қатарын толықтыратын болады.
Мәселен, қазіргі таңдағы өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың басым бөлігі зейнетақы жарнасын рұқсат етілген шеңберде төлейді, яғни жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 . Осылайша, жылына ең төменгі жалақының 1,2 еселенген мөлшерін төлейді (немесе биылғы жылды алсақ, кемінде 23 теңгеден).
35 жыл ішінде салымшының жалпы жинақ сомасы 42 еселенген ең төменгі жалақыны құрайды. мұндай жинақтар ең төменгі жалақы мөлшерінде 3,5 жылға зейнетақы төлеуге жетеді.
- өз бетінше жұмыспен айналысатындар мәртебесін нақтылау және оларды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту жөнінде жүргізілетін шараларға қарай (Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде) өз бетінше жұмыспен айналысатындар мәртебесін алған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті қатысу туралы талап енгізілетін болады;
- 2017 жылдан бастап, жарналарды төлеу тәртібін өзгерту жоспарланады: өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдар бүкіл табысын жариялап, осы сомадан зейнетақы жарнасын төлеуге тиіс болады.
- ең төменгі кепілдіктер жүйесі өзгертіледі. Базалық зейнетақы төлемі кемінде 5 жыл ЖЗҚ қатысушысы болып табылатын зейнет жасына жеткен өз бетінше жұмыспен айналысатындарға берілетін болады.
Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, зейнетақы жүйесіне қатысушыларды зейнетақы жүйесінің құрамдас бөліктеріне қатысу/қатыспау сипатына қарай топтарға бөлу қажет болады.
Бұған қоса, ынтымақты жүйенің де, жинақтаушы жүйенің де қатысушы емес адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 мөлшерінде жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы сақталады.
Қазіргі таңдағы зейнеткерлерді үш санатқа бөлуге болады:
1) 1991 жылға дейін зейнетке шыққан зейнеткерлер. Олардың саны 309,8 мың адамды құрайды.
2) зейнетке ауыспалы кезеңде (1991 жылдан 1997 жылға дейін) шыққан зейнеткерлер, олардың саны 518,9 мың адамды құрайды.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшері үздіксіз өсірілді. 14 жыл ішінде (1998-2012 жылдар) ең төменгі зейнетақы мөлшері 11 есеге (2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін) артты, орташа зейнета
17 12 2014
1 стр.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшері үздіксіз өсірілді. 14 жыл ішінде (1998-2012 жылдар) ең төменгі зейнетақы мөлшері 11 есеге (2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін) артты, орташа зейнета
25 12 2014
1 стр.
Азақстан республикасы зейнетақы және әлеуметтік салымдарын есепке алудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу 6
14 12 2014
8 стр.
«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етед
25 12 2014
1 стр.
«2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
05 09 2014
1 стр.
Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы
09 10 2014
1 стр.
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы
25 12 2014
1 стр.
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 13 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
14 12 2014
1 стр.