Перейти на главную страницу
«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
№ 204 қаулысымен
1. Осы Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабын және «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Заңның 23-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде - Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған күні;
Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде - Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері тағайындалған күні;
3. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпаратты алу үшін Орталықтың құрылымдық бөлімшесіне өтініш береді.
Орталықтың құрылымдық бөлімшесі осы адам өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оның міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге оған инфляция деңгейін ескере отырып, Қорға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпаратты ұсынады.
4. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпарат алу үшін өзі салымшы болып табылатын Қорға өтініш береді.
Қор осы адам өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оның міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнгі зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты ұсынады.
2. Айырма төлеміне өтініш беру тәртібі
5. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға айырма төлемін алу үшін тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
6. Өтінішке айырма төлемін алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттардың (жеке куәлігінің, Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының) көшірмелері;
2) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәліктің көшірмесі;
3) осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат;
4) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы не село және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы) көшірмесі;
5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) куәлігінің көшірмесі.
Егер айырма төлеміне Орталықтан зейнетақы мен өзге де төлемдерді алушы өтініш берген жағдайда, өтінішке осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжаттар қоса беріледі, олар Орталықтан берілетін зейнетақы немесе өзге де төлемдер бойынша істер макеттеріне жинақталады.
7. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін өтініш пен қажетті құжаттарды олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары береді.
8. Айырма төлемі туралы өтінішті почта байланыс құралдары арқылы берген кезде айырма төлемін алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын, сондай-ақ оның қолының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын жағдайда құжаттардың көшірмелерін нотариалды куәландыру тұрғылықты тұратын мемлекетте жүргізіледі.
9. Айырма төлемін алуға құқығы бар адамның атынан оны тағайындау туралы өтініш берген кезде сенім білдірілген өкіл осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:
1) сенім білдірген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін оның түпнұсқасын;
2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру жөніндегі өкілеттігі қамтылса) ұсынады.
3. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі
11. Қорлар сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметті Орталыққа электронды форматта ұсынады. Егер міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адам Қордың салымшысы болып табылмаған жағдайда, онда осы Қағидалардың 2-қосымшасының 5-бағанында «болып табылмайды» деп көрсетіледі.
12. Орталық қорлардан мәліметтер түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қорлардан алынған зейнетақы жарналарының сомалары туралы мәліметтерді, инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексеруді жүргізеді. Егер алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда, Орталық бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін жүргізеді.
13. Айырма төлемі сомасының есебін жүзеге асырғаннан кейінгі бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айырма төлемін алушының электронды (қағаздағы) іс-қағаздар макеті, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасы мемлекеттік органға жіберіледі.
14. Электронды (қағаздағы) істер макеті келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік орган айырманы төлеуді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Егер міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болған жағдайда мемлекеттік орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
15. Шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік орган айырма төлемін алушының электронды (қағаздағы) істер макеті мен айырма төлемін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді Орталықтың құрылымдық бөлімшесіне жібереді.
16. Айырма төлемін тағайындау туралы алынған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекіткен төлемнің күнделікті кестесінің негізінде Орталық ай сайын айырма төлеміне бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және төлеу айының алдындағы айдың 25-күніне Министрлікке ұсынады.
17. Министрлік айырма төлеміне бюджет қаражаты қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес есепті кезеңге көзделген сома шегінде бюджет қаражатын Орталыққа аударуды жүзеге асырады.
18. Орталық бюджет қаражатын алып, 030 төлем тағайындау кодымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және айырма төлемінің сомаларын алушының банктік шотына аударады.
Зейнетақы төлемдерін алушыларға
Келіп түскен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы |
Келіп түскен міндетті зейнетақы жарналарының саны |
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы |
|
|
|
Зейнетақы төлемдерін алушыларға
Өтінімнің№ |
Салымшының Т.А.Ә |
Салымшының туған күні |
Салымшының ӘЖК |
ЖЗҚ-ның салымшысы болып табылады ма |
Зейнетақы жинақтары ның жалпы сомасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Зейнетақы төлемдерін алушыларға
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Құжаттағы парақтың саны |
Ескертпе |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Зейнетақы төлемдерін алушыларға
Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін алушының ісі №_____________ | |
Қазақстан Республикасы | |
Облыс |
|
Қала (аудан) |
|
Телефоны |
|
Тегі |
|
Аты |
|
Әкесінің аты |
|
Жинақтаушы зейнетақы қоры |
|
Жеке зейнетақы шоты |
|
Банк филиалы |
|
Банктік шоты |
|
Зейнетақы төлемдерін алушыларға
«2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
05 09 2014
1 стр.
«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етед
25 12 2014
1 стр.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары және бюджет қаражаты есебiнен жинақтаулы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары
09 10 2014
1 стр.
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы
25 12 2014
1 стр.
«гнпф» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жарналарының белгіленген мөлшері бар тәсімінің бірге тіркеліп отырған қаржылық есептілігіне аудит жүргіздік
25 12 2014
6 стр.
Осы қаржылық есептіліктің әзірленуіне арналған жауапкершілікті «гнпф» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – «Қор») басшылыға алады. Біздің жауапкершілігіміз өзіміз жүргізген а
25 12 2014
5 стр.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшері үздіксіз өсірілді. 14 жыл ішінде (1998-2012 жылдар) ең төменгі зейнетақы мөлшері 11 есеге (2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін) артты, орташа зейнета
17 12 2014
1 стр.
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының
05 09 2014
1 стр.