Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




"Байер-күйдiру әдiсiмен сазбалшық өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы







Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1207 Қаулысы

-->
"Егемен Қазақстан" 24 қазан 2009 жылғы № 348-349 (25746); "Казахстанская правда" от 15.09.2009 г., № 220 (25964) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 35, 341-құжат

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған "Байер-күйдiру әдiсiмен сазбалшық өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң
қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң   
2009 жылғы 6 тамыздағы
N 1207 қаулысымен 
бекiтiлген    

"Байер-күйдiру әдiсiмен сазбалшық өндiру кезiнде қоршаған


ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық
регламентi

1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Байер-күйдiру әдiсiмен сазбалшық өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi — Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзiрлендi әрi пайдаланылатын шикiзат (байытылған, байытылмаған) түрiне қарамастан, Байер-күйдiрудiң дәйектi аралас схемасы бойынша сазбалшық өндiру кезiнде қолданылатын үдерiстер (бұдан әрi - үдерiстер) үшiн қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын техникалық үлестiк нормативтердi белгiлейдi.
      2. Техникалық регламент ережелерi халықтың өмiрi мен денсаулығын қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететiн ең озық қолжетiмдi технологияларды (ЕҚТ) ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сазбалшық өндiрудiң жаңа, қолданыстағы және жаңғыртылатын, тiзбесi осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген үдерiстерiне қолданылады.
      3. Сазбалшық өндiру үдерiстерiндегi осы Техникалық регламенттi қолдану мақсаттары үшiн сәйкестендiрiлген қауiптi факторларға (тәуекелдерге) негiзгi бөлiмшелерде: шикiзат дайындау цехында (бұдан әрi - ШДЦ), гидрометаллургиялық цехта (бұдан әрi - ГМЦ), күйдiру цехында (бұдан әрi - КЦ) жүзеге асырылатын шикiзат пен материалдарды дайындау, сақтау және беру, тауарлық сазбалшықты кальцинациялау және жинақтау, шихтаны күйдiру, пештердi жылытуға немесе ұзақ тұруға дайындау үдерiстерiнен шығарылатын эмиссиялар жатады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      Байер-күйдiру әдiсiмен сазбалшық өндiру үдерiстерi - нәтижесiнде тауарлық сазбалшық алынатын бокситтердi қайта өңдеудiң дәйектi үдерiстерi;
      ең озық қолжетiмдi технологиялар (ЕҚТ) - қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қамтамасыз етiлгенге дейiн шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсер етуi деңгейiн төмендетуге бағытталған ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн, пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, техника және жабдық
      қосалқы жабдық - материалдарды жинау, тасымалдау, отын дайындау, тозаң ұстау, газ тазарту үшiн пайдаланылатын аппараттар, агрегаттар; автоматика, бұғаттау, бақылау және қорғау аспаптары мен құрылғылары, түтiн құбырлары;
      күйдiру, кальцинациялау пештерi (құбырлы айналмалы пештер, қайнама қабатты пештер) - отынды жағудан болатын жылу энергиясы есебiнен материалдарды күйдiруге арналған металлургиялық агрегат;
      негiзгi жабдық - күйдiру, кальцинациялау пештерi, тауарлық сазбалшық, қоймаларындағы, шикiзат дайындау цехтарындағы жабдық, вагон төңкергiштер, таспалық конвейерлер;
      отын - жағу кезiнде жылу энергиясын алу мақсатында қолданылатын жанғыш заттар (қатты, сұйық немесе газ тәрiздес);
      сазбалшық - алюминий тотығының әрқилы түрлерiнен тұратын кристалды гидроскопиялық ұнтақ
      сазбалшық өндiру үдерiстерiнiң қауiпсiздiгi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) - қауiптi фактордың iске асырылу мүмкiндiгi мен оның салдарларының ауырлық деңгейiнiң үйлесiмдiлiгiн ескере отырып, адам өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде, өсiмдiк және жануарлар әлемiне зиян келтiруге байланысты жол берiлмейтiн тәуекелдiң болмауы;
      түтiндi (сейiлтетiн) газдар - пештегi отынның жануы және технологиялық материалды күйдiру нәтижесiнде пайда болатын газдар;
      түтiн құбыры - тазартылған түтiндi газдарды тартуға және атмосфераға бұруға арналған құрылғы;
      үйiндi бокситтiк шлам - бокситтi сiлтiлендiруден кейiн алынған және негiзiнен, натрий гидроалюмосиликатынан және темiр тотығынан тұратын қатты шөгiндi;
      шикiзат - өнiм(дер)дi алудың технологиялық үдерiсiнде пайдаланылатын кез келген қатты, ұсақталған немесе дайындалған материал;
      эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi - ел экономикасы үшiн қолайлы шығындар кезiнде оларды нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн негiзге ала отырып айқындалатын, шығарылатын өнiм бiрлiгiне есептелген өндiрiс үдерiстерi үшiн белгiленетiн қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың нормативтерi.

3. Қазақстан Республикасында өндiрiстi орналастыру шарттары

      5. Қазақстан Республикасының аумағында қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың осы Техникалық регламентте белгiленген нормалардан аспайтын техникалық үлестiк нормативтерiн қамтамасыз ететiн Байер-күйдiру әдiсiмен сазбалшық өндiрiсi орналастырылуы мүмкiн.

4. Қауiпсiздiктiң жалпы талаптары



      6. Осы Техникалық регламентте белгiленген қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттар эмиссияларының техникалық үлестiк нормативтерiн қамтамасыз ету үшiн мынадай талаптарды орындау қажет:
      1) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын орындау;
      2) белгiленген тәртiппен аккредиттелген зертхананы тарта отырып, сазбалшық өндiру кезiнде бекiтiлген кестеге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларды өлшеудi жүргiзу;
      3) шикiзат пен материалдарды түсiру және тасымалдау үдерiстерi автоматтандырылуы және конвейерлердi, роторлық экскаваторларды; вагон төңкергiштердi, грейферлiк крандарды қолдану және вагондардың люктерi арқылы түсiру жолымен қамтамасыз етiлуi тиiс;
      4) шикiзат пен материалдарды түсiретiн және тиейтiн орындар
аспирациялық қондырғылармен жабдықталуы тиiс;
      5) сiлтiлiк суларды сүзудiң және жақын маңдағы су қоймаларының ластануының алдын алу үшiн жаңа шегiндi жинақтағыш орындарды пайдалану және пайдалануға беру кезiнде тоғандардың негiздерiнде және бөгеттерiнде сүзуге қарсы қорғау көзделуi тиiс;
      6) жұмысының нәтижесiнде эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi осы Техникалық регламентте белгiленген нормалардан асып кететiн жабдықты пайдалануға жол берiлмейдi;
      7) негiзгi шикiзат пен өндiрiс қалдықтарын жинақтау орындарындағы радиация деңгейi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген радиациялық қауiпсiздiк нормаларынан аспауы тиiс;
      8) ықтимал радиациялық қауiп аймақтарында қызмет көрсететiн персонал жеке қорғау және дозиметрия құралдарымен жарақтандырылуы тиiс;
      9) қолданысқа енгiзiлетiн жаңа технологиялар мен жабдық үшiн белгiленген тәртiппен технологиялық үдерiстердi қауiпсiз жүргiзудi және жабдықты қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ететiн уақытша технологиялық жұмыс нұсқаулықтарын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеу және бекiту талап етiледi;
      10) басқару қалқандарында, пульттерiнде және панельдерiнде орналасқан бақылау-өлшеу аспаптарын басқару, сигнал беру және қоректендiру схемалары, оларда кернеудiң бар екендiгi туралы сигнализация болуы тиiс;
      11) өндiрiс үдерiсiнде жобада көзделген барлық негiзгi ауа беру-сору және аспирациялық желдету қондырғыларының үздiксiз жұмысы қамтамасыз етiлуi тиiс;
      12) технологиялық үдерiстер жабдығы "Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының , басқа да онымен өзара байланысты Техникалық регламенттердiң, осы Техникалық регламенттiң және онымен үйлестiрiлген нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс;
      13) сазбалшық өндiрiсiнде пайдаланылатын негiзгi және қосалқы технологиялық жабдықтың сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн және олардың қолданыстағы техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттарға сәйкестiгiн куәландыратын құжаттары, сондай-ақ монтаждау схемасы, пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты қамтитын өндiрушiнiң iлеспе құжаттары болуы тиiс;
      14) жарылыс-өрт қауiптi және зиянды булармен, газдармен және тозаңмен жұмыс iстеуге арналған технологиялық жабдық, аппараттар және құбырлар қымталып бекiтiлуi тиiс, ал толық қымталып бекiтiлуi мүмкiн болмаған жағдайда, зиянды бөлiнулер болуы мүмкiн орындар осы Техникалық регламентпен үйлестiрiлген нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi сорғыштармен жабдықталуы тиiс;
      15) өндiрiстiк жабдықтың құрамдас бөлшектерi, оның iшiнде энергетикалық құбырлар, табиғи газ, мазут, ауа, май, су беретiн жеңдер және электр кәбiлдерi оларға балқытпаның тию мүмкiндiгiнен қорғалған болуы тиiс;
      16) химиялық өңдеу учаскелерiнде қолданылатын барлық жабдық қарау люктерi аз, жабық түрде орындалады. Сыйымдылық жабдығы ондағы заттарға байланысты қойыртпақтар мен ерiтiндiлердiң төгiлуiн болдырмайтын ауыстырып күю құбырларымен жабдықталады.

5. Атмосфералық ауаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын


талаптар

      7. Негiзгi жабдық жұмысынан атмосфералық ауаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi қатты, сұйық және газ тәрiздес отынды жеке, сол сияқты бiрлесiп пайдаланған кезде оларды пайдаланатын жұмыс iстеп тұрған, қайта пайдалануға берiлетiн және қайта жаңғыртылған қондырғылар үшiн қатты бөлшектердiң, күкiрт және азот тотықтарының атмосфералық ауаға шығарындыларының шектi мәндерiн белгiлейдi.


      8. Қатты бөлшектер эмиссияларының техникалық үлестiк нормативтерi мынадай көрсеткiштер үшiн белгiленедi: органикалық емес тозаң, құрамында 20 %-дан аз SiO 2 кремний тотығының және Al 2 О 3 алюминий тотығының болуы.
      9. Атмосфераға газ тәрiздес аралас қоспалар эмиссияларының техникалық үлестiк нормативтерi мынадай көрсеткiштер үшiн белгiленедi: NО х азот тотығы, SО 2 күкiрт диоксидi.
      10. Өндiрiс технологиясына сәйкес тәулiгiне эмиссиялардың үлестiк нормативтерiнiң орташа мәнi нормативтiк мәннен аспайды және 30 минуттық асудың жиынтық ұзақтығы бiр жыл iшiндегi пеш жiбi жұмысының жалпы уақытынан кемiнде 3 %-ды құрайды деген шартпен пештiң салқындауы немесе қызуы режимiнде жұмыс iстейтiн пештерден қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiнiң екi есе асуына жол берiледi.
      11. Жұмыс iстеп тұрған, қайта жаңғыртылатын және қайта салынатын кәсiпорындар үшiн осы Техникалық регламентке 2 және 3-қосымшалардың 1, 2-кестелерiнде көрсетiлген қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi орындалуы тиiс.
      12. Осы Техникалық регламентпен айқындалған эмиссиялардың үлестiк нормативтерi ұсталған технологиялық тозаңды кейiннен қайтара отырып, топтық циклондар, тозаң камералары және электр сүзгiлер жүйесiмен газ және тозаң тазарту жабдығын қоса алғанда, ЕҚТ, техникалық және технологиялық шешiмдер жүйесiн енгiзу; тозаңды тасымалдау жүйесiн пневмосорғылармен жарақтандыру, басқа ЕҚТ есебiнен қол жеткiзiледi.

6. Ағынды сулардың эмиссияларына қойылатын талаптар

      13. Осы Техникалық регламентте айқындалған сазбалшық өндiру үдерiстерiнде өндiрiстiк ағынды сулардың эмиссияларына жол берiлмейдi.
      14. Жұмыс iстеп тұрған, қайта жаңғыртылатын және қайта салынатын кәсiпорындар үшiн су айналымының тұйық циклы көзделуi тиiс.

7. Сазбалшық өндiрiсiнiң қалдықтарын орналастыру кезiндегi эмиссияларға қойылатын талаптар

      15. Қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтар эмиссияларының техникалық үлестiк нормативтерi үйiндi "боксит" шөгiндiсi үшiн белгiленедi.
      16. Өндiрiс қалдықтарымен жұмыс iстеу және оларды орналастыру жөнiндегi экологиялық талаптар экологиялық заңнама және осы Техникалық регламент нормаларына сәйкес келуi тиiс.
      17. Кәсiпорын аумағында жинақталатын өндiрiс қалдықтарының экологиялық заңнамаға сәйкес қалдықтардың қауiптiлiк паспорты болуы тиiс.
      18. Байер-күйдiру әдiсiмен сазбалшық өндiру үдерiсi нәтижесiнде пайда болатын қауiптi қалдықтар арнайы жабдықталған орындарда сақтауға жатады. Қалдықтар пайда болған сәттен бастап кәсiпорындар экологиялық заңнама талаптарына сәйкес олармен қауiпсiз жұмыс iстеудi қамтамасыз етуi тиiс.
      19. Жұмыс iстеп тұрған, қайта жаңғыртылатын және қайта салынатын кәсiпорындар үшiн осы Техникалық регламентке 4-қосымшада көрсетiлген қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi орындалуы тиiс.

8. Қолданысқа енгiзу тәртiбi мен мерзiмдерi

      20. Қайта салынатын кәсiпорындар үшiн 2010 жылғы 1 наурыздан бастап осы Техникалық регламентке 3-қосымшаның 1, 2-кестелерiнде және 4-қосымшада көрсетiлген қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi орындалуы тиiс.
      21. Жұмыс iстеп тұрған және қайта жаңғыртылатын кәсiпорындар үшiн  2012 жылғы 31 желтоқсанға дейiн шектi рұқсат етiлген шығарындылар және/немесе қоршаған ортаға әсер етудi бағалау жобаларында олар үшiн белгiленген нормативтердi орындайды.
      22. Жұмыс iстеп тұрған және қайта жаңғыртылатын кәсiпорындар үшiн 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейiн осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1, 2-кестелерiнде және 4-қосымшада көрсетiлген қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi орындалуы тиiс.
      23. Жұмыс iстеп тұрған және қайта жаңғыртылатын кәсiпорындар үшiн 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Техникалық регламентке 3-қосымшаның 1, 2-кестелерiнде және 4-қосымшада көрсетiлген қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi орындалуы тиiс.
      24. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Техникалық регламентке


1-қосымша

Үдерiстердiң тiзбесi



Р/с
N

Үдерiс

Қауiптiлiк сипаттамасы

Қауiпсiздiк талаптары

1

2

3

4

1

ШДҚ бойынша




Шикiзатты қабылдау, жармалау және орташаландыру.

Эмиссиялар-органикалық емес тозаң, SiO 2 <20% қремний диоксидiнiң болуы.

Үдерiстердi жабық үй-жайларда жүзеге асыру;

шикiзатты бөлек сақтау;

Таспалық конвейерлерге роторлық экскаваторлармен шығыс қоймалары штабельдерiнен үдерiске материалдар беру

Физикалық әсер етуi - шу-дiрiл

таспалық конвейерлердi пайдалану және оларға қызмет көрсету шарттарын сақтау

2

ГМЦ бойынша (сазбалшықты алудың дәйектi схемасының Байер желiсi)




Тауарлық сазбалшықты кальцинациялау және жинақтау

Эмиссиялар - отынның жану өнiмдерi, АL 2 О 3 алюминий тотығы, NO х азот тотығы, SO 2 күкiрт диоксидi.

Газ тазарту жүйесiнiң жұмысын бақылау;

егер технологиялық жағынан мүмкiн болса, газ тәрiздес отынға көшу;

Физикалық әсер етуi - жылу эмиссиялары

газ тазарту жүйесiн күрделi жөндеу;

технологиялық өлшемдердi бақылау

3

КЦ бойынша




Шихтаны күйдiру

Эмиссиялар - отынның жану өнiмдерi, органикалық емес тозаң, SiO 2 <20% кремний диоксидiнiң, NО х азот тотығының, SO 2 , күкiрт диоксидiнiң, пайдасыз шөгiндiнiң болуы.

Газ тазарту жүйесiнiң жұмысын бақылау;

газ тазарту жүйесiн күрделi жөндеу;

Физикалық әсер етуi - жылу эмиссиялары

технологиялық өлшемдердi бақылау

Техникалық регламентке
2-қосымша

1-кесте


2013 жылғы 1 қаңтар - 2016 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде жұмыс
iстеп тұрған және қайта жаңғыртылатын кәсiпорындардың
"Байер-күйдiру" үдерiсi үшiн атмосфераға шығарылатын қатты
бөлшектер эмиссияларының техникалық үлестiк нормативтерi

Р/с
N

Үдерiс

Ластаушы заттардың (ЛЗ) атауы

Сазбалшықтың тонналарының/тоннасына лимиттейтiн қоспаның құрамы, астам емес

1

Шикiзатты дайындау, күйдiру

Органикалық емес тозаң, құрамы SiO 2 <20% кремний диоксидi

0,01

2

Тауарлық сазбалшықты кальцинациялау, жинақтау

Алюминийге қайта есептегенде АL 2 О 3 алюминии тотығының тозаңы

0,0001

2-кесте

2013 жылғы 1 қаңтар — 2016 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде жұмыс


iстеп тұрған және қайта жаңғыртылатын кәсiпорындардың
"Байер-күйдiру" үдерiсi үшiн атмосфераға шығарылатын газ
түрiндегi қоспалар эмиссияларының техникалық үлестiк
нормативтерi

Р/с
N

Үдерiс

Ластаушы заттардың (ЛЗ) атауы

Сазбалшықтың тонналарының/тоннасына лимиттейтiн қоспаның құрамы, астам емес

1

Шикiзатты дайындау, күйдiру

х азоттотығы

0,003

2

Тауарлық сазбалшықты кальцинациялау, жинақтау

2 күкiрт диоксидi

0,0034

Техникалық регламентке
3-қосымша

1-кесте


2010 жылғы 1 наурыздан бастап қайта салынатын кәсiпорындардың
және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс iстеп тұрған, қайта
жаңғыртылатын кәсiпорындардың "Байер-күйдiру" үдерiсi үшiн
атмосфераға шығарылатын қатты бөлшектер эмиссияларының
техникалық үлестiк нормативтерi

Р/с
N

Үдерiс

Ластаушы заттардың (ЛЗ) атауы

Сазбалшықтың тонналарының/тоннасына лимиттейтiн қоспаның құрамы, астам емес

1

Шикiзатты дайындау, күйдiру

Органикалық емес тозаң, SiO 2 <20% кремний диоксидiнiң болуы

0,007

2

Тауарлық сазбалшықты кальцинациялау, жинақтау

Алюминийге қайта есептегенде АL 2 О 3 алюминии тотығының тозаңы

0,0001

2-кесте

2010 жылғы 1 наурыздан бастап қайта салынатын кәсiпорындардың


және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс iстеп тұрған, қайта
жаңғыртылатын кәсiпорындардың "Байер-күйдiру" үдерiсi үшiн
атмосфераға шығарылатын газ түрiндегi қоспалар эмиссияларының
техникалық үлестiк нормативтерi

Р/с
N

Үдерiс

Ластаушы заттардың (ЛЗ) атауы

Сазбалшықтың тонналарының/тоннасына лимиттейтiн қоспаның құрамы, астам емес

1

Шикiзатты дайындау, күйдiру

х азот тотығы

0,0021

2

Тауарлық сазбалшықты кальцинациялау, жинақтау

2 күкiрт диоксидi

0,0034

Техникалық регламентке
4-қосымша

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс iстеп тұрған, қайта


жаңғыртылатын кәсiпорындардың және 2010 жылғы 1 наурыздан
бастап қайта салынатын кәсiпорындардың "Байер-күйдiру" үдерiсi
үшiн қалдықтарды орналастырудың техникалық үлестiк нормативтерi

Дайын өнiм

Қалдықтың атауы

Қалдықтағы ластаушы заттардың (ЛЗ) құрамы, дайын өнiмнiң т/т*, астам емес

Сазбалшық

Пайдасыз шөгiндi (бокситтi шөгiндi)

2,1








-->

Байер-күйдiру әдiсiмен сазбалшық өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар

Байер-күйдiру әдiсiмен сазбалшық өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы

131.44kb.

23 09 2014
1 стр.


Электролиз әдiсiмен алюминийдi өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар

Электролиз әдiсiмен алюминийдi өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы

228.95kb.

16 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 14 желтоқсандағы n 1232 Қаулысы

Жылу электр станцияларының қазандық қондырғыларына отынның әр түрiн жағу кезiнде қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы

345.34kb.

23 09 2014
3 стр.


Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесін бекіту туралы

Азақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі n 112-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 мамырда Нормативті

25.36kb.

23 09 2014
1 стр.


Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы

Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда

60.9kb.

15 10 2014
1 стр.


Өсiмдiктердi қорғау туралы

Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған

277.71kb.

15 10 2014
1 стр.


Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы

Азақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

450.88kb.

04 09 2014
5 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар «II, III және IV санат объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»

«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

266.47kb.

18 12 2014
1 стр.