Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




"Электролиз әдiсiмен алюминийдi өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы







Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 қыркүйектегi № 925 Қаулысы

-->


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 51, 480-құжат

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған «Электролиз әдiсiмен алюминийдi өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламентi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн он екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2010 жылғы 10 қыркүйектегi
№ 925 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Электролиз әдiсiмен алюминийдi өндiру кезiнде қоршаған


ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар»
техникалық регламенттi

1. Қолданылу саласы

      1. Осы «Электролиз әдiсiмен алюминийдi өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) тiзбесi осы Техникалық регламентке 1-қосымшаның 1-2-кестелерiнде келтiрiлген үздiк қолжетiмдi технологияларды (бұдан әрi - ҮҚТ) ескере отырып, пайдаланылатын шикiзат (байытылған, байытылмаған) түрiне алюминийдi балқытылған сазбалшықтан электролиздiк өндiру кезiнде қолданылатын үдерiстерге (бұдан әрi - үдерiстер) арналған қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiн белгiлейдi.
      2. Электролиз әдiсiмен алюминийдi өндiру үдерiстегi қауiптi факторларға (қауiп-қатерлерге) негiзгi бөлiмшелерде: электролиз цехында (бұдан әрi - ЭЦ), құю бөлiмiнде (ҚБ) және электродтарды өндiру цехында (бұдан әрi - ЭӨЦ) жүзеге асырылатын шикiзат пен материалдарды беру, электролиттiк алу, тауарлық алюминийдi күю және қоймалау, электродтарды жентектеу, анодтың әсерi, пештердi тазарту және оларды қыздыруға немесе ұзақ бос тұруына дайындау үдерiстерiнен эмиссиялар жатады.

2. Терминдер мен анықтамалар



      3. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) алюминийдi электролит жолымен алу - катодта (сұйық алюминийде) алюминий катиондарының разрядымен және металл алюминийдi қалпына келтiрумен, ал оттегi иондарының — СО2 және CO қоспасының түзiлуiмен көмiртектi анодта криолит сазбалшық балқымасының (электр тоғының әсерiмен, температурасы шамамен 950оС кезiнде) электр химиялық бөлiну үдерiсi;
      2) анодтың әсерi - жылудың көп бөлiнуiне және электролит температурасының көтерiлуiне, ток бойынша шығудың төмендеуiне, электр энергиясы мен фторлы тұздар шығыстарының ұлғаюына алып кеден «анод - электролит» шекарасында балқытылған электролитте алюминий тотығы (Аl2О3) құрамының төмендеуi және кедергiнiң ұлғаюы салдарынан электролизердегi кернеудiң жедел артуы;
      3) аэрациондық фонарь - жылуды, тозаңды, түтiндi және газдарды бөле отырып, аумағы 18 м астам металлургия және химия өнеркәсiбiнiң өндiрiстiк ғимараттарын жалпы алмасу вентиляциясымен қамтамасыз етуге және табиғи жарықпен жарықтандыруға арналған жабындылардағы саңылаудың үстiндегi шыныланған құрылғылар;
      4) алюминий — электролиз үдерiсiнiң нәтижесiнде катодта бөлiнетiн және электролизерден алынатын техникалық сападағы металл алюминий (шикiзат алюминий, бастапқы алюминий);
      5) үздiк қолжетiмдi технологиялар (ҮҚТ) - пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қамтамасыз етiлетiндей деңгейге дейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн техника және жабдық
      6) көмекшi жабдық - материалдарды жинау, сақтау, тасымалдау, отын дайындау, шаң ұстау, газ тазалау қондырғылары үшiн пайдаланылатын аппараттар, агрегаттар; автоматика, бөгеу, бақылау және қорғау аспаптары мен құрылғылары, түтiн шығаратын құбырлар;
      7) криолит сазбалшық балқымасы - балқытылған криолит (Na3AlF6) және алюминий фторидi (АLҒ3) қоспасында ерiтiлген алюминий тотығы (Аl2О3);
      8) күйдiру пештерi (құбырлы айналмалы пештер, қайнама қабатты пештер) - отынды жағудан болатын жылу энергиясы есебiнен материалдарды күйдiруге арналған металлургиялық агрегат;
      9) күйдiрiлген анодтар - ол бойынша электр тоғы сазбалшықпен электролиз ванналарына берiлетiн шамамен 1100оС температура кезiнде алдын ала күйдiрiлген көмiртегi шикiзатынан (кокс пен пектiк байланыстырушының қоспасы) алынған үлкен көлемдегi стержендер; күйдiрiлмеген анодтар «жасыл» деп аталады;
      10) негiзгi жабдық - электролизерлер, кедергiнiң электропештерi (миксерлер), конвейерлiк типтегi құю машиналары, «жасыл» анодтар өндiруге арналған қондырғылар, анодтарды күйдiруге арналған пештер;
      11) отын - жағу кезiнде жылу энергиясын алу мақсатында қолданылатын жанғыш заттар (қатты, сұйық немесе газ тәрiздес);
      12) өңделген анод - бокситтi сiлтiлеуден кейiн алынған және негiзiнен натрий гидроалюмосиликатынан және темiр тотығынан тұратын қатты қалдық
      13) сазбалшық - алюминий тотығының әрқилы түрлерiнен тұратын кристалды гидроскопиялық ұнтақ
      14) су айналымының тұйық циклi немесе сумен жабдықтау айналымы жүйесi - өңделген суды өндiрiстiк мұқтаждарға кезең-кезеңiмен тазартылғаннан, салқындатылғаннан және өңделгеннен кейiн оны қайта беру жүйесi;
      15) тазарту - құрамы бойынша әртүрлi сұйық алюминийдi шихталау және тауарлық өнiмге құюдың алдында тотық үлдiрлерiнен, металл емес және газ қоспаларынан тазарту (чушкалар, цилиндр және жайпақ құймалар, катанкалар және басқалары);
      16) түтiндi (қайтпалы) газдар - отынның жануы және технологиялық материалды пеште күйдiру нәтижесiнде жиналатын газдар;
      17) түтiн шығаратын құбыр - тартуды қалыптастыруға және атмосфераға тазартылған түтiндi газдарды шығаруға арналған құрылыс;
      18) шикiзат - өнiмдi(дердi) алудың технологиялық үдерiсiнде пайдаланылатын кез келген қатты, ұсақталған немесе дайындалған материал;
      19) электролиз әдiсiмен алюминийдi өндiру үдерiсi - нәтижесiнде тауарлық алюминий алынатын кейiннен құю арқылы сазбалшықты және металл алюминийдi электролиттi бөлудiң дәйектi үдерiстерi;
      20) электролиз ваннасы немесе электролизер - электр тоғының электролизi арқылы өту кезiнде электрохимиялық тотығу-қалпына келтiру үдерiстерiнiң жиынтығын орындауға арналған электролитпен толтырылған ыдысқа салынған (немесе мембраналық немесе диафрагмалық типтегi ұяшыққа орналастырылған, бiрыңғай блок-аппаратқа жинақталған) оң және терiс электродтар жүйесiнен тұратын арнайы электротехнологиялық жабдық
      21) электролиз цехы - электролизерлер, олардың сериялары, бiрнеше сериялар немесе серияның бiр бөлiгi орналастырылған технологиялық үдерiсi жүзеге асыру және техника қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың талаптарын орындау үшiн қажеттi жабдығы бар электролиз залы немесе залдары және үй-жайы орналастырылған өндiрiстiк ғимарат.

3. Қазақстан Республикасында өндiрiстер айналымының шарттары

      4. Қазақстан Республикасының аумағында осы Техникалық регламентте белгiленген нормалардан аспайтын қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiн қамтамасыз ететiн сазбалшықтан электролиз әдiсiмен алюминий өндiрiсiнiң айналымына рұқсат етiледi.
      5. Негiзгi және қосалқы жабдықтың құрамына кiретiн өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жiберiлуi тиiс және Қазақстан Республикасының өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне Қазақстан Республикасының өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес енгiзiлуi тиiс.

4. Атмосфералық ауаға шығарылатын эмиссияларға


қойылатын талаптар

      6. Электролиз өндiрiсiнiң негiзгi жабдығы жұмысынан және анодтарды күйдiруден атмосфералық ауаға эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi жеке және бiрлесiп қолдану кезiнде қатты, сұйық және газ түрiндегi шикiзат пен отынды пайдаланатын жұмыс iстеп тұрған, қайта енгiзiлетiн және қайта жаңартылатын кәсiпорындар үшiн қатты бөлшектер мен газ түрiндегi қоспаларды қоса алғанда, тоғыз көрсеткiш бойынша белгiленедi.


      7. Қатты бөлшектер эмиссияларының техникалық үлестiк нормативтерi бес көрсеткiш үшiн белгiленедi: бейорганикалық тозаң (құрамында 20 %-дан аз SiО2 кремний тотығының болуы), Аl2O3 алюминий тотығы (алюминийге қайта есептегенде), ерiмейтiн фторидтер (F-), кокс тозаңы және тас көмiр пекiнiң возгондары (бенз(а)пирен бойынша);
      8. Атмосфераға газ тәрiздес қоспалар эмиссияларының техникалық үлестiк нормативтерi төрт көрсеткiш үшiн белгiленедi: CO көмiртегi тотығы, SO2 күкiрт диоксидi, NOх азот тотығы, газ тәрiздес аралас фторидтер (НҒ).
      9. Ұшпа газдардағы қатты және газ түрiндегi ластаушы заттардың құрамын бақылау газ жүретiн жолдарда, жұмыс аймағының ауасында, электролиз корпустарының фонарларында, атмосфералық ауаға жиынтық эмиссияларды одан кейiнгi қайта есептеумен газ тазарту құбырларында тiкелей өлшеумен жүргiзiледi.
      10. Жұмыс iстеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын кәсiпорындар үшiн осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-2-кестелерiнде көрсетiлген қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi орындалуы тиiс.
      11. Осы Техникалық регламентте айқындалған эмиссиялардың үлестiк нормативтерiне ҮҚТ-ны, үдерiстегi ұсталған технологиялық тозаңды одан кейiнгi қайтарумен газ және тозаң тазартудың торабы жабдығын қоса алғанда, техникалық және технологиялық шешiмдер жүйесiн енгiзу есебiнен қол жеткiзiледi.
      12. Салқындату немесе қыздыру режимiнде жұмыс iстейтiн анодтарды күйдiру пештерiнен қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-кестесiнiң 3) тармақшасында және 2-кестесiнiң 3) тармақшасында белгiленген.

5. Ағынды сулардың эмиссияларына қойылатын талаптар

      13. Осы Техникалық регламентте айқындалған электролиз әдiсiмен алюминий өндiру үдерiсiндегi өндiрiстiк ағынды сулардың эмиссияларына жол берiлмейдi.
      14. Жұмыс iстеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын кәсiпорындар үшiн мiндеттi түрден су айналымының тұйық циклi көзделуi тиiс.

6. Электролиз әдiсiмен алюминийдi өндiрудiң


қалдықтарын орналастыру кезiндегi эмиссияларға
қойылатын талаптар

      15. Қоршаған ортаға қалдықтардың эмиссияларының техникалық үлестiк нормативтерi алюминий электролизi және күйдiрiлген көмiр анодтары кәсiпорындар бөлiмдерiнiң қалдықтары үшiн белгiленедi.


      16. Кәсiпорындар одан әрi күйдiру және алюминийдi электролиз әдiсiмен өндiру үдерiсiнде қайта пайдалану мақсатында «жасыл» анодтарды алу үдерiсiнде көмiртектi қайталама тарту жолымен олардың түзiлу сәтiнен бастап қауiптi қалдықтарды қайта өңдеудi көздейдi.
      17. Кәсiпорын аумағында жинақталған өндiрiс қалдықтарының Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтардың қауiптiлiк паспорты болуы тиiс.
      18. Электролиз әдiсiмен алюминийдi өндiру үдерiсiнiң нәтижесiнде түзiлген қауiптi қалдықтар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған уақытша және тұрақты сақтау полигондарында сақтауға жатады. Кәсiпорындар қалдықтардың түзiлу сәтiнен бастап Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес олармен қауiпсiз жұмыс iстеудi қамтамасыз етуi және оларды қайта пайдалануды көздеуi тиiс.
      19. Жұмыс iстеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын кәсiпорындар үшiн осы Техникалық регламентке 3-қосымшада көрсетiлген қалдықтардың техникалық үлестiк нормативтерi орындалуы тиiс.

7. Қолданысқа енгiзу тәртiбi мен мерзiмдерi

      20. Жұмыс iстеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын кәсiпорындар үшiн 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-2-кестелерiнде және 3-қосымшада көрсетiлген қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi орындалуы тиiс.
      21. Жұмыс iстеп тұрған және қайта жаңартылатын кәсiпорындар үшiн 2011 жылғы 31 қаңтарға дейiн олар үшiн жобаларда белгiленген шектi рұқсат етiлген шығарындылардың және/немесе қоршаған ортаға әсер етудi бағалаудың нормативтерiн орындауға жол берiледi.
      22. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн он екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«Электролиз әдiсiмен алюминийдi


өндiру кезiнде қоршаған ортаны
шығарылатын эмиссияларға    
қойылатын талаптар»       
техникалық регламентiне   
1-қосымша          

1-кесте


Үдерiстер тiзбесi

1

2

3

4

Р/с


Үдерiс

Қауiптiлiк сипаттамасы

Қауiпсiздiк талаптары

1.

1. Шикiзатты қабылдау және сақтау учаскесi




Шикiзатты силостарда және бункерлердегi қабылдау, төгу және сақтау

Эмиссиялар - фторлы қосылыстар (қатты) Аl2Оз алюминий тотығы,

Үдерiстердi жабық үй-жайларда жүзеге асыру;




Резервуарлардағы сұйық көмiрсутекгi шикiзатты (кокс, пек) сақтау

кокс (көмiр) тозаңы

сусымалы материалдарды берудiң вакуумдық жүйесi;




Процеске материалдарды беру

99,4 % бейорганикалық және қатты тозаңды ұстау ПӘК-пен жеңдi сүзгiлермен тозаң-газ тазарту жүйесi;

резервуарлар желдету және вентиляциялау кезiнде көмiртегi буларын конденсациялану және қайтару жүйесiмен жабдықталған

Физикалық әсер ету -
шу
дiрiл

Таспа конвейерлерiн пайдалану және қызмет көрсету шарттарын сақтау.
Жеке қорғау құралдармен (ЖҚҚ) персоналды қамтамасыз ету

2.

Алюминий электролизiнiң цехы (АЭЦ)




Электролизерлердi тиеу;
Электролиздiк ваннадағы алюминийдi электролиттiк қалпына келтiру

Эмиссиялар - фторлы қосылыстар(қатты және газ түрiндегi), Аl2О3 алюминий тотығы;
Бейорганикалық SiO2<20 % және көмiртегi тозаңы, жартылайциклдi органикалық заттар, CO көмiртегi тотығы

Электролизерлерге сазбалшықты және фторлы тұздарды автоматты беру;
электролиз процесiн бақылауды және басқаруды кешендi автоматтандыру;
99,4 % дейiн газ сорудың деңгейiн қамтамасыз ететiн электролизерлердi жоғары тиiмдi қорғау;
99,4 % ПӘК-тi құрғақ тазарту (реакторадсорбер)







Физикалық әсер ету -
шу
дiрiл
жылу эмиссиялары

Технологиялық параметрлердi бақылау;
анодтық әсердi төмендету үшiн автоматты басқару;
персоналды ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету







Қалдықтар көмiр футеровкасы өңделген көмiр анодтары

Жаңа анодтарды күйдiру үдерiсiнде қайта пайдалану есебiнен полигондарда орналастыруды барынша азайту

2.1

Анод-монтаждау бөлiмi (АМБ)




Анодтық блоктарды монтаждау және анодтық тұқылдарды бөлшектеу

Қалдықтар - анодтық тұқылдар

Күйдiрiлген анодтар өндiрiсi цехының болуы күйдiрiлген анодтардың сапасын арттыруды және тұқылдардың анодтардың айналым өндiрiсiне қайтаруын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi

2.2

Құю бөлiмi (ҚБ)




Кедергiнiң электр пештерiндегi (миксерлерде) алюминийдi тазарту

Эмиссиялар - Аl2О3 алюминий тотығы,
SO2 күкiрт диоксидi;
CO көмiртегi тотығы,
NOx азот тотығы,

Балқытылған алюминийдi ваккумдық ожаумен тазартуға электролизерлерден беру;




Құю бөлiгi (алюминийдi тауар өнiмiне - чушкилерге цилинд және жайпақ құймаларға, катанкаға құю)




чушкиге миксерден құю, конвейерлiк типтегi құю машинасының көмегiмен жүргiзiледi







Физикалық әсер ету -
шу
дiрiл
жылу эмиссиялары

жұмыс аймағында ЖҚҚ қолдану;
үй-жай вентиляциясы

2.3

Механикалық жабдықты жөндеу цехы




Подтық секциялардағы құю бөлiмi
Катодтық қондырғыларды бөлшектеу/монтаждау уческесi
Футерлiк материалдардың, блюмстердiң және суық-толтыру подтық масса қоймасы

Эмиссиялар- фторлы қосылыстар (қатты), неорганикалық тозаң SiO2<20 % 70-20 %

Жетектiк фильтрдегi ұшпа газдарды тазарту, неорганикалық және қатты фторидтердiң тозаңын ұстау деңгейi - 98%







Физикалық әсер ету-
шу
дiрiл

жұмыс аймағында ЖҚҚ қолдану;

3.

Электродтарды өндiру цехы (ЭӨЦ)




Кокс материалын кептiру, ұсақтау, бөлшектеу және бөлу, кокс шихтасын мөлшерлеу және жылыту, «жасыл» анод блоктарын виброқалыптастыру және салқындату
Пештегi анодтарды күйдiру, күйдiрiлген анодтар қоймасына немесе анод-монтаждау бөлiмiне «жасыл» және күйдiрiлген анодты блоктарды тасымалдау

Эмиссиялар - фторлы қосылыстар (қатты және газ түрiнде), отынның жану өнiмдерi, бенз(а)пиреннiң құрамы 0,1-ден 0,15 % дейiн тас көмiрлi пектiң возгондерi, кокс тозаңы, CO көмiртегi тотығы;
NOх азот тотығы,
SO2 күкiрт диоксидi

Газ тазарту жүйесiнiң жұмысын бақылау;

газ тазарту жүйесiне күрделi жөндеу жүргiзу;

экологиялық қауiп-қатерлердiң мониторингi мен басқаруының автоматтандырылған жүйесi

Физикалық әсер етуi - жылу эмиссиялары

Технологиялық параметрлердi бақылау

Қалдықтар анодтық тұтқылдар

Қайтадан пайдалану

4.

Қосалқы бөлiмшелер




Материалдар қоймасы және мазут сақтау қоймасы Орталық зауыт зертханасы Су тазалау және цехтарды айналым сумен жабдықтау топтары
Өрт және темiржол депосы Көлiктiк цех Басқарудың автоматтандырылған жүйелерi және телекоммуникация цехы

Эмиссиялар - отынның жану өнiмдерi, бейорганикалық тозаң SiO2 <20 %, 70-20 %,
Аl2О3 алюминий тотығы
көмiртегi тотығы CO,
азот тотығы NOx,
күкiрт диоксидi SO2

Күкiртсiз мазутты негiзгi жылыту отыны ретiнде пайдалану







Физикалық әсер ету -
шу
дiрiл

ЖҚҚ-ны жұмыс аймағында қолдану

2-кесте

Бастапқы алюминий алу үдерiстi үшiн ҮҚТ көрсеткiштерi



1

2

3

4

5

Р/с


Үдерiс

Қауiптiлiк сипаттамасы

Қолданыстағы ЕҚТ1

Үлестiк көрсеткiш

Тазартудың тиiмдiлiгi

1.

Техникалық сипаттамасы

1.1

Электролизердiң қуаты




300 - 350 кА




1.2

Энергия тұтыну

жаңғыртылмайтын табиғи ресурсты (отын түрiнде) тұтыну;

15-16 МВт-ч/тАl
60 ГДж/тАl




1.3

парниктiк газдардың (СО2) жанама эмиссиялары

7 тCО2/тAl2




1.4

Су тұтыну

жаңғыртылмайтын және шектеулi табиғи ресурсты тұтыну

Су айналымы 88,5 %




2.

Кокс пен пектi қоймалау және сақтау

2.1

Циклондардағы және/немесе тiн фильтрлерiндегi тазарту

тозаң эмиссиялары

1-5мг/Hм3

0,98

2.2

Ұшпа материалдарда сақтау силостарындағы/ бункерлердегi фильтрлерде тазарту

тозаң эмиссиялары

<30 мг/Нм3

2.3

отын ыдыстарының желдету клапандары

ұшпа көмiртегiнiң эмиссиялары

<10 мгС/Нм3




2.4

отын ыдыстарының желдету клапандары

көмiртегi буларының эмиссиялары

<50 мгС/Нм3




3.

Бастапқы алюминийдi электролиздiк алу

3.1

Электролизерден газ түрiндегi заттардың эмиссиялары

фторлы сутегi НҒ

9-15 кгҒ/тАl

0,98

3.2

Электролизден фторлы қоспалар эмиссиялары

Ерiмейтiн фторидтер F

16-29 кгҒ/тАl

0,98

3.3

Электролиз корпустарының фонарлары және газды тазарту құбырлары арқылы эмиссия тозаңдары (сазбалшық)

күйдiрiлген және өз бетiмен күйдiрiлетiн анодтармен және құрғақ газ тазартулармен жабдықталған Электролизерлерден Аl2O3 алюминий гидроксидiнiң эмиссиясы

1,5-15кг/тАl

0,99

3.4

электролизерлерден шайырлы заттар эмиссиялары

өздiгiнен күйдiрiлетiн анодтармен;
күйдiрiлген анодтармен электролгоерлерден полициклдi хош иiсi бар көмiрсутектер (ПХК)

1,5* 10-2 - 0,37 кг/тАl;
7*10-3 кг/тАl

0,98

3.5

анодтарды күйдiру бойынша цехтардан шайырлы заттардың эмиссиялары

ПХК(жиынтық)

0,1 -0,15 кг/тАl

0,98

3.6

Электролизерлерден перфторкөмiртектi қосылыстардың эмиссиялары

Күйдiрiлген анодтармен электролизерлерден эмиссиялар CF4

4,8*10-3-9,5*10-2 кг/тАl;

0,99

3.7




токты жоғары жеткiзумен

0,17 - 0,45 кг/тАl;

токты бүйiрлi жеткiзумен

0,49 кг/тАl;

Күйдiрiлген анодтармен электролизерлерден эмиссиялар C2F6

3,8* 10-5 - 1,4* 10-4 кг/тАl;

токты жоғары жеткiзумен

0,014 кг/тАl;

токты бүйiрлi жеткiзумен

0,028 кг/тАl;

3.8

Электролиз үрдiсiнен парниктiк газдардың эмиссиялары

өздiгiнен күйдiрiлетiн анодтармен;
күйдiрiлген анодтармен электролизерлерден эмиссиялар СО2

1,92 тСО2/тАl
1,53 тСО2/тАl




4.

Күйдiрiлген анодтарды өндiру

4.1

Тiн фильтрлерiндегi тазарту

тозаң эмиссиясы
кокс эмиссиясы

1—5 мг/Нм3

0,98

4.2

Әктас/көмiр адсорберлерi мен тiн фильтрлерiндегi салқындату және тазарту жүйесi

ПХК

<0,2 мг/Нм3

0,98

4.3

ұшпа көмiрсутегi

<10-25 мгС/Нм3

4.4

көмiрсутегi булары

<1-5 мгС/Нм3

4.5

Ұшпа газдарды толық жағу жүйесi

полициклдың хош иiсi бар көмiрсутегi (ПХК)

0,2 - 0,5 мг/Нм3

0,98

4.6

ұшпа көмiрсутегi

<10-50 мгС/Нм3

1Түстi металдар өндiру саласындағы ҮҚТ бойынша Еуропа Комиссиясының анықтамалық құжаты «Integrated Pollution Prevention and Control (IPPC) - Reference Document on Best Available Techniques in the Non Ferrous Metals Industries, December 2001»
2«Еуропадағы жылу және электр энергиясын пайдалану кестесiнiң» орташаланған коэффициентi бойынша

«Электролиз әдiсiмен алюминийдi 


өндiру кезiнде қоршаған ортаға 
шығарылатын эмиссияларға    
қойылатын талаптар»      
техникалық регламентiне    
2-қосымша          

1-кесте


2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсiпорындардың (жұмыс iстеп
тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын) барлық
типтерi үшiн электролиз әдiсiмен бастапқы алюминийдi
өндiру кезiнде атмосфераға қатты бөлшектер
эмиссияларының техникалық үлестiк нормативтерi

Р/с


Үдерiс

Ластаушы заттардың (ЛЗ)атауы

Лимиттаушы қоспаның құрамы, көп емес

Шығарынды көзiнде, мг/Нм

м/т алюминий

1.

Сазбалшық электролизi

алюминийге қайта есептегенде Аl2O3 алюминий тотығының тозаңы

5,0

0,0005

бейорганикалық, ерiмейтiн фторидтер (Ғ-ке есептегенде)

0.5

0.0002

Тас көмiр пекiнiң возгоны (смолалық заттар), қоса алғанда

2,0

0,2*10-4

бен(а)пирен (0,01 %)

0,02

0,4*10-7

2.

Чушкиге құю және тауарлық алюминийдi қоймалау

алюминийге қайта есептегенде Аl2O3 алюминий тотығының тозаңы

2,0

0,00125

бейорганикалық тозаң, көкiрт диоксидiнiң құрамы SiO2<20% болу

2,0

0,0012

бейорганикалық, ерiмейтiн фторидтер (Ғ-ке есептегенде)

0,5

0,0002

3.

Көмiр анодтарын күйдiру

кокс тозаңы (көмiртектi)

5,0

0,0002

бейорганикалық, ерiмейтiн фторидтер

0,5

0,0002

тас көмiр пекiнiң возгондары (шайырлы заттар), қоса алғанда-

2,0

0,2*10-4

бенз(а)пирен (0,01%)

0,02

0,4*10-7

2-кесте

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсiпорындардың (жұмыс iстеп


тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын) барлық
типтерi үшiн электролиз әдiсiмен бастапқы алюминийдiң
өндiру кезiнде газ тәрiздес қоспалар эмиссияларының
техникалық үлестiк нормативтерi

Р/с


Үдерiс

Ластаушы заттардың (ЛЗ)атауы

Лимиттаушы қоспаның құрамы, астам емес

Шығарынды көзiнде, мг/Нм

м/т алюминий

1.

Сазбалшық электролизi

газ тәрiздес фторидтер (HF)

0,5

0,00005

көмiртегi тотығы СО

1500

0,050

күкiрт диоксидi SО2

50

0,005

2.

Чушкиге құю және тауарлық алюминийдi қоймалау

газ түрiндегi фторидтер (HF)

0,5

0,0002

көмiртегi тотығы СО

1500

0,0005

күкiрт диоксидi SO2

50

0,0002

азот тотығы N02

200

0,5* 10-4

3.

Көмiр анодтарын күйдiру

газ түрiндегi фторидтер (HF)

0,5

0,00005

 
 

 
 


күкiрт диоксидi SO2

200

0,005

 
 

 
 


көмiртегi тотығы СО

1500

0,0005

 
 

 
 


азот тотығы N02

200

0,0016

«Электролиз әдiсiмен алюминийдi 
өндiру кезiнде қоршаған ортаға 
шығарылатын эмиссияларға    
қойылатын талаптар»       
техникалық регламентiне     
3-қосымша            

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсiпорындардың (жұмыс iстеп


тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын) барлық
типтерi үшiн электролиз әдiсiмен бастапқы алюминийдi
өндiру кезiнде қалдықтарды орналастырудың техникалық
үлестiк нормативтерi

Дайын өнiм

Қалдықтың атауы

Қалдықтардағы ЗВ құрамы, алюминий мың/т, көп емес

Чушкилердегi алюминий

Күйдiрiлген анодтардың тұқылдары

0,200

Алюминий сынығы

0,003

Алюминий шлагы

0,005

Электролизерлердiң өңделген көмiр футеровкасы

0,020

Шөмiштердiң, миксерлердiң, электролизерлердiң өңделген отқа төзiмдi футеровкасы

0,001




Фтор тұздары

0,120

Күйдiрiлген көмiр анодтары

Анодтарды күйдiру пештерiнiң өңделген отқа төзiмдi футеровкасы

0.020

Анодтарды күйдiру пештерiнiң көмiр тозаңы мен күлi

0,025








-->

Электролиз әдiсiмен алюминийдi өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар

Электролиз әдiсiмен алюминийдi өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы

228.95kb.

16 12 2014
1 стр.


Байер-күйдiру әдiсiмен сазбалшық өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар

Байер-күйдiру әдiсiмен сазбалшық өндiру кезiнде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы

131.44kb.

23 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 14 желтоқсандағы n 1232 Қаулысы

Жылу электр станцияларының қазандық қондырғыларына отынның әр түрiн жағу кезiнде қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы

345.34kb.

23 09 2014
3 стр.


Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесін бекіту туралы

Азақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі n 112-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 мамырда Нормативті

25.36kb.

23 09 2014
1 стр.


Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы

Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда

60.9kb.

15 10 2014
1 стр.


Өсiмдiктердi қорғау туралы

Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған

277.71kb.

15 10 2014
1 стр.


Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы

Азақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

450.88kb.

04 09 2014
5 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар «II, III және IV санат объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»

«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

266.47kb.

18 12 2014
1 стр.