Бастуыш сыныптардағы балалардың белсенді сөздік қорын дамыту.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ахметжанова Г.А.
«Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТАҚПАҚТАР МЕН ҰЙҚАСТЫРМАЛАРДЫ (РИФМОВКИ) ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің мақсаты – оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастыру, дамыту, тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген [3].
Мұғалім үшін басты міндет оқушының қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту.
Тілді оқытудың әдіс-тәсілдері күнделікті еңбек барысында әр түрлі болуы қажет.
Тақпақ – бастауыш сынып оқушыларының (2-4 сынып), әсіресе, есте сақтап қалу қабілеттерін және қызығушылықтарын арттырады.
Өзімнің жұмыс тәжірибемде практикалық қазақ тілі сабақтарында тақпақ пен ұйқастырмаларды пайдаланамын және оқушылар өлеңдерді тыңдап, мұғаліммен бірге айтады.
Осы әдістерді пайдаланған кезде оқушының белсенділігін, мақсатқа ұмтылуы, шапшаңдығы мен еркінділігі, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Қандай тақырып, сынып болса да мұғалімнің шеберлікпен жүргізген сабағы оқушы үшін мол білімнің көзі болуы керек.
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту – бастауыш сыныптан бастап халқымыздың тарихын, ата – дәстүрін, мәдениетін тани білуге, тілді үйренуге, қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталады. Оқушыларға оқу материалын жан-жақты терең ұғындыру үшін сабақта түрлі әдістер пайдалану қажет.
Дұрыс қолданылған әдіс оқушылардың назарын аударумен қатар қызығушылығын, ынтасын да арттырады. Сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуде қазақ ойындарының алатын орны ерекше.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсат – оқу процесінде мұғалімнің, жолдастарының, екі бір адамның сөзін түсініп, түрлі типтік ситуацияларда «Танысу», «Дүкенде», «Дәрігерде», «Кітапханада» т.б. сөйлеумен бірге қазақша дұрыс мәнерлеп оқу, сауатты жазу техникасын меңгерту. Сондай-ақ, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауда қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дуниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіңдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ыкпал ететін жаңаша білім мазмұнын кұру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бipi. Ceбeбi, бұл қaзipгі бiлiм беру жүйесін ізгілендіру, яғни білімді гуманистік принциптегі бағытта дамыту идеясымен ұштасьш жатыр [2].
Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып окушыларының жас ерекшелегіне, психологиялық, саралығы, шығармашылық кабілетінің даралығына қарап, әpi қарай жалғастыра беруге болады. Окушыларға шығармашылық тапсырмалар бергенде, олар суретпен жасаған көркем әлемге өзінің "кішкене әлемін" қосады [1].
Сабақта ерекше бір әдісті қолданамын. Ол балалардың жаңа сөздерді есіне сақтап, сөз қорларын молайтуларына көмектеседі. Осы жұмыста ата-ана Штуккерт Юрий Александрович маған көмектесіп, сабақтағы өткен тақырыпқа байланысты ұйқастырмаларды, тақпақ құрып жіберіп отырды.
Мәселен: Бас – большая голова
Я запомню все слова
Қазақ тілінің дыбыс ерекшеліктерін анық шығару үшін ол кісінің мынадай сөз құрама тақпақтары мысал бола алды.
Кто лениться не привык,
Выучит словарь – сөздік.
Здесь резинка - өшіргіш.
Где купил ее малыш?
Я открою -
күнделік.
Это просто мой дневник.
Оқушылар аса бір қызығушылықпен тыңдап, ойына ұмытпайтындай етіп сақтайды. Ал кейіннен тіпті өздері де осындай тақпақ-ұйқастар шығара бастады. Меніңше, осындай әдісті әрбір қазақ тілі мұғалімдеріне қолдану орынды сияқты.
Ойым дәлелді болу үшін шығармашылық жұмыстарынан үлгілер келтіре кетейін.
2 «б» - сынып Жамбыл Жанна
Дедушка-ата ест яблоко-алма
Бабушка-әже варит суп-көже
Старший брат-аға рубит отын-дрова
Младший брат-іні взял к себе ежа-кірпі
Наш отец-әке устроил праздник-мереке.
2 «б»-сынып Татаев Алишер
Я ем пияз и это лук,
И не забывай про овощи, мой друг!
2 «а» класс Штуккерт Софья
ОРАМЖАПЫРАҚ - капуста
Выросла в огороде густо.
Вот лежит АНАР - гранат
Мальчик съел его Канат.
ҚЫЗАНАК мой помидор
Посажу его во двор.
Вот ЖҮЗІМ мой виноград
Съесть его я буду рад.
3 «б» - сынып Тиясова Азиза
Здравствуй, город Астана!
ГҮЛДЕНЕ БЕР, ЖАС ҚАЛА!
Горжусь тобою я всегда,
Хорошо что ты есть у меня.
ТУҒАН ҚАЛАМ ӨСКЕМЕН,
Заводы БАР КӨПТЕГЕН.
ҚОРҒАСЫН, МЫРЫШ КӨП БЕРГЕН.
МАҚТАНСАМ ДА, ӨКПЕМ,
ҚАЛАМНЫҢ АУАСЫН БҮЛДІРГЕН.
ТОҚТАТСАМ ДЕЙМІН МЕН ЕРТЕҢ.
З «а» - сынып Батырханова Адема
БІЗДІҢ ҚАЛА ТАЗА.
БІЗДІҢ ҚАЛА ӘДЕМІ.
БІЗДІҢ ҚАЛА ӨСКЕМЕН.
БІЗДІҢ ҚАЛА ҮЛКЕН.
ӘСЕМ ҚАЛАМ – ӨСКЕМЕН,
ТУЫП-ӨСТІМ СЕНДЕ МЕН.
ЖАҒАСЫНДА ЕРТІСТІҢ
КӨРКЕЙЕ БЕР МӘҢГІ СЕН!
3 «а»- сынып Башкирова Анита
ӨСКЕМЕН наш ӨСКЕМЕН
Город знаний наш.
ӨСКЕМЕН наш ӨСКЕМЕН
Самый лучший наш.
ҚАЗАҚ ТІЛІ люблю казахский
ҚАЗАҚ ТІЛІ тут самый классный.
3 «а» - сынып Байжуманова Малика
Бал, бал балмұздақ,
Бал, бал қаймақ,
Бал, бал балақай
Қандай тәтті алақай.
4 «б» - сынып Қаранова Олеся
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
№ 38 мектеп-гимназиясының психологі Щербакова Нина Михайловнамен бірге отырып екінші, үшінші, төртінші сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту мәселесін зерттедік.
Оқушылардың танымдық процестерін дамытуына қазақ тілі сабағында тақпақ пен ұйқастырмалардың әсерін бақыладық, мәселен олардың есте сақтау қабілеті «Қысқа мерзімде сөйлемдерді еске сақтау», «Көргенді есте сақтау», «Мағынаны еске сақтауды зерттеу» әдістері арқылы екі қатарлы сөздерді ұғынуын бақыладық.
Осы зерттеулердің барысында екінші, үшінші, төртінші сынып оқушыларының ауызекі сөйлеуі мен мағынаны есте сақтау қабілетінің деңгейлерінің біршама жоғарланғаны байқалды.
Әсіресе, оқушылардың сабақ үстінде тақпақтар мен ұйқастырмаларды құрастырулары қазақ тілін тереңірек меңгерудегі сапасын жоғарлатса, екінші жағынан олардың танымдылық қабілеттерін ілгерлетіп, тілге деген құштарлығын асыра түсті.
Осыған орай, бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабағында тақпақ пен ұйқастырмаларды рет-ретімен қолдану төменгі сынып оқушыларының оқу барысындағы тіл меңгерудегі қиыншылықтарға төзе біліп, олардың еске сақтау, ойлау, көңіл аудару, дыбыстарды қабылдау сияқты психологиялық функцияларды жаттықтыруға жағдай жасап, олармен жеке жұмыс істеуге қолайлы болды.
Бәрімізге әйгілі бастауыш сынып оқушылары өздерінің табиғи білімқұмарлыққа әуестігі мен жаңаны түсінуге ұмтылуымен ерекше көзге түседі. Олар кейінгі кезеңдерге қарағанда сабақтың тақырыбын меңгерулерінде икемділік пен қолма-қол ұғуы ерекше білінеді.
Сондықтан, оқу барысында әрбір сөйлем бөлшектерін коммуникативті етуге тырысамын, мұнда оқушылардың жас жағдайын ескере отырып, әртүрлі ойындар, қызықты жаттығулар мен тапсырмалар және тақпақ пен ұйқастырмаларды кеңінен қолданамын.
Жалпы бастауыш сынып оқушыларының проблемаларын зерттей отырып Маргарита Чистякованың «Психогимнастика» еңбегімен таныстым. Бұл кітаптан көптеген жаңалықтар таптым [4].
Мысалы: ритм, пластика, ишарат және психогимнастиканың қазақ тілі сабағында жайлылық жағдай жасау үшін пайдаланамын. Осы проблемаларды зерттей келе, бастауыш сынып оқушыларына сабақта арнайы дайындалған материалды қолдану қажеттігін, олардың жас психологиялық ерекшеліктерін ескеру керек екен деген қорытындыға келдім.
Аталмыш проблемалармен шұғылдана отырып, оқушылардың білім сапасын көтеріп, тілдің аса қажетті қырлары лексика, грамматика және жайлы психоло-педагогикалық жағдай туғызылса, олардың тіл мен өзіндік жұмысын дайындалып білімін нақты көрсете алуын қалайтын гимназиямыздың концептуалдық идеясын шешуге ат салысары сөзсіз [5].
Осындай тамаша методикалық әдісті қолдануға өлең-тақпақтарды методикалық нұсқама ретінде дайындап, мектеп кітапханасына тапсырдым.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
-
«ҚР Елбасының Қазақстан халқына жолдауы»
-
«Қазақстан – 2030 бағдарламасы»
-
«Білім беру стандарты»
-
«Психогимнастика» М.Чистякова
-
Методикалық – әдістемелік журнал «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» (әр жылдарында шыққан)