Қазақ тілі 2 – сынып
Мұғалім: Ажикенова Л.Ж.
Тақырыбы: Түбір және қосымша
Мақсаты: Оқушылардың түбір және қосымша туралы ұғымдарын кеңейту,
түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру. Сөздік қорын молайту,байланыстырып сөйлеу дағдысын,таным белсенділігін дамыту,өзіндік жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Ой – өрісін кеңейту, танымын арттыра отырып, жылдам ойлауға, пікірін жеткізе алуға, дұрыс шешім қабылдай білуге бағыттау, өз ойын дәлелдей алуға мүмкіндік туғызу.
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға ,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Практикалық, көрнекілік ( ауызша сөйлеу, сұрақ-жауап), болжау.
Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық, жеке-дара
Қолданатын технология: Дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
А) психологиялық дайындық
Сәлеметсіздер ме, қонақтар?
Қайырлы күн, достым
Қайырлы күн, құрбым
Сейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Бүгінгі алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын!
ІІ.Интербелсенді тақтамен жұмыс
Сөздерді оқыту,кітаптың ішіне апару (Сүт,әдемі, көше,күйші, дәптер)
Ой қозғау (күйші ), сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Сабақтың мақсаты туралы оқушылардың ойын тыңдау,мақсатымен таныстыру
А) Дәптермен жұмыс
- Көркем жазу сәті ( қонақ)
Ә) Оқулықпен жұмыс
1) 128-беттегі 1-жаттығуға назар аударайық,өлеңді мәнерлеп оқыту,талдау,
жаттау.
Ақыл сөз
Асыл сөзді естісең, Адамдықты көздесең,
Абайды оқы,ерінбе. Жаттап, тоқы
көңілге
Өлең мазмұнына байланысты танымдық сұрақтар:
- Абай Құнанбаев кім?
- Абайдың қандай өлеңінде асыл сөз туралы айтылған?
- Адам болу үшін қандай жақсы қасиеттерді бойға сіңіру керек?
- Қандай жаман әдеттерден аулақ болу керек?
- өлеңді жатқа жазу (өзін-өзі тексеру)
- қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.
2) 2-жаттығу (интербелсенді тақтада орындау)
- Сонымен, балалар қосымшалар қандай қызмет атқарады екен? (Түбір сөзге жалғану арқылы қосымшалар сөздің мағынасын өзгертеді және сөйлемдегі сөз бен сөзді байланыстырады.)
Ә) Сергіту сәті
ІҮ. Мағынаны тану
а) Топпен жұмыс, топқа бөлу
1. Болжау әдісі арқылы әр топ өз аттары туралы не білетіндерін айту.
- «Сөз» тобына тапсырма
-
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жұптап жаз.
Салқын, ақ, жылы, жас, қара, кіші, кәрі, үлкен.
- «Түбір» тобына тапсырма
1.Мәтінді оқы, түбір сөздерді теріп жаз.
Күн суытты.Қар жауды.Мұз қатып қалды.Балалар киініп далаға шықты.Олар шана,шаңғы тепті.
-
«Қосымша» тобына тапсырма
1.Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша түбірі мен қосымшасын бөліп жаз.
Қар жауды.Мұз қатып қалды.Балалар далаға шықты.Олар шаңғы тепті.
Үлгі: жау-ды,
-
«Жұрнақ» тобына тапсырма
1. Түбір сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап жаз
Ел, оқу, жазу, торғай -шы, -ге, -лық, - лар
- «Жалғау» тобына тапсырма
1. Мақалдан қосымшалы сөзді тауып жаз.
Жаман аттан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.
4) 4-жаттығу (интербелсенді тақтада сөз құрамына талдау)
- балықшы сөзін қатыстырып ,сөйлем құрастыру.
- сөйлемді тақтаға жазу
Ү.Қорытынды
А) Бүгін сабақта не істедік?
- Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
Б ) Тест жұмысы (бір-бірін тексеру)
Ү.Үйге тапсырма
А) 5-жаттығу 129-бет, ережелерді қайталау.
ҮІ. Бағалау