Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
МАТЕМАТИКА
Сабақтың тақырыбы:

« Теңдеу және оны шешу»
Мақсаты:Теңдеу туралы түсінік беру, бар білімдерін қайталап, толықтыру.Теңдеуді дұрыс шығару жолдарын көрсетіп, жаттықтыру. Оқушылардың ауызша және жазбаша қосу, азайту дағдысын, логикалық ойлауын дамыту.

Оқушылырды тапқырлыққа, алған білімін өмірде қолдана білуге,бір-бірімен жұмыс жасауға баулу.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақта қолданатын әдіс – тәсілдер.Ойын элементтерін қолдану әдісі, сұрақ- жауап, көрнекілік, ұжымдық ойлау технологиясы,жұппен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: қималар, есеп таблосы, теңдеу шығару әдісі жазылған плакат, кітап, жануарлардың суреті.
Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі. ( 1 мин)

Өзін-өзі тану бағдарламасы бойынша балалар амандасады. «Қайырлы күн деп айтамыз,

Бір болып кеште қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз»,-деп балалар хормен айтады.


  1. ӨЖ-жұмысы Балалар, ұжымдық ойлау технологиясы (ҰОТ)бойынша,қазір өзара жаттықтыру жұмысын жүргіземіз.

ӨЖ- жұмысына 5 минут уақыт беріледі.Болғаннан кейін бір-біріне рахметтерін айтып,жылы лебіздерін білдіреді және жасаған жұмысқа анализ береді.

3 ЖТӨТ жұмысы – 15 минут жүргізіледі.



Қорытынды: - Стандарт бойынша не білдіңдер? Қандай қиыншылықтар болды? Жасаған жұмысқа анализ береді.



  1. Сергіту сәті. (1 мин)

  2. Сабақтың мақсатын қою: Теңдеуді шығарып үйренеміз.

(1 мин)

  1. Каллиграфиялық жұмыс (44 бет( 2 мин)

  2. Қоңақтардың келуі

  3. Жаңа тақырып: Теңдеуді шығару үшін теңдеуді жаза білу керек.Тексерейік. (3 мин)

(Бірнеше бала тақтаға шығып ілініп тұрған жануарлардың артында жазылған теңдеуді оқиды, жазады. Қалған оқушылар дәптерге жазады)
Мұғалім теңдеу шығару әдісін көрсетеді.

( Плакат арқылы ауызша жұмыс) 5 мин




  1. Кітаппен жұмыс: (6 мин)

(Оқушылар мұғалімнің көмегіне сүйеніп тақтаға, дәптерге теңдеу шығарады)


  • Қандай күн (мереке ) жақындап келе жатыр?

Есеп шығару (5 мин)

А) Іштерінен, дауыстап есепті оқу.

Ә) Талдау : шарты

сұрағы


шешімі

жауабы


( тақтаға орындау )
10 Қорытынды:-Бүгінгі сабақта не өттік? Сабақ ұнады ма? (1 мин)

Мадақтау. Бағалау. (1 мин)

Сабақ аяқталды.

Сынып сағаты 2-сынып


Тақырып: « Адамның ағзасы»

Сабақтың мақсаты: 1) Адамның ағзасы туралы түсінік беру.

2) Ойлау, сөйлеу,салыстыру, суреттеу қабілеттерін дамыту.

3) Денсаулығын қорғауға баулу.


Көрнекілік: суреттер, тақтаға жазылған мақал- мәтелдер.

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу. Психологиялық дайындық. (шеңбер құрастырып, жылы сөз айту).

2 Сабақтың мақсатын айту. ( ағза туралы)


3 Сұрақ –жауап бойынша тақырыпты ашу.

-Адамның ағзасы дегенді қалай түсінесіңдер?

( Адамның ағзасы өте күрделі жүйе........................................................)


  • Адам баласы орташа алғанда неше жыл өмір сүреді?

( 60,70,80жыл)

-Адамның денесінде қандай мүшелер бар?

1 Бас: көз, мұрын, құлақ, ауыз .............................................................

2 Ішкі құрлысында: жүрек, бауыр, бүйрек..........................................

- Адам ағзасына зиян келуі мүмкін бе?

-Қандай?


-Адам ағзасындағы жүрек , ми, асқазан қалай жұмыс істейді екен?

( Тақтаға суреттеп көрсетіп,әңгімелеу)


4 Адамның денсаулығына , ағзасына байланысты тақпақ:

Еріншектен салақтық ,

Салықтықтан надандық...

Бірінен бірі туады ,

Жоғалар сөйтіп адамдық .

Еріншек таза жүре алмас

Кір-қолын да жуа алмас.

Қаракет жоқ , ғылым жоқ ,

Өз бойынан ұялмас ,-деп Шәкәрім атамыз айтқан.

(Мағынасын ашады)

5 Жаттығулар жасау

«Деніміз сау болу үшін қозғалу керек.Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы ғана жетуге болады»

Дене шынықтыру адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады.

Дене тәрбисі сабағында біз жаттығу кешендерімен- жүгіру, секіру ережелерімен таныстық.Оларды үнемі орындап жүрсек, біз епті боламыз.

А) Басымызды айналдыру..

Ә) Иығымызды айналдыру.

Б) 1,2 аяқта секіру.

В)Аяқты қолға жеткізу. Т.б.



6 Мұғалімнің әңгімесі:

-Адамның ағзасына басты не керек?

(Дұрыс, тамақ)

«Ас – адамның арқауы » .Ас ішпеген адам әлсіреп ештеңе істей алмайды, тіпті аштан өлуі мүмкін . Тамақтың құрамында адам ағзасына күш,әл беретін дәрумендер бар.Ас ішкен адамның әл-ауқаты толығып, денсаулығы нығайып,түрлі қозғалыс,еңбектер,іс-әрекеттер жасай алады.



7 Мақал- мәтелдермен жұмыс:

Мақал –мәтелдердің мағынасына үңілейік. Олардың мағынасын ашу керек.



  1. Апыл –ғұпыл ішкен ас –асқазанға түскен тас.

  2. Үйінде асы жоқтың көңілінде хошы жоқ.

  3. Ас біреудікі болғанымен, асқазан өзіндікі.

8 Жағдаятты шешу:

1 – Саған қонаққа досың келді, сен оны қалай күтесің?

2- Сенің үйіне папанның жолдасы келді, бірақ мамаң мен папаң үйде жоқ. Сен не істейсің?

Сыныпқа сұрақ: Тамақ ішкенде нені есте ұстауымыз керек.
9 Алған білімдеріне байланысты сурет салу.

(Ақ парақ қағазға алған білімдері бойынша ойларын суреттеп жеткізу.)



  1. Салған суреттері бойынша әңгімелеу.

Суреттерін қорғау.

Суреттерін бір – біріне көрсету.



Тақтаға ілу.


  1. Қорытынды жасау:

-Сынып сағатында не істедік?
Сабақ аяқталды

Сабақтың тақырыбы: «Теңдеу және оны шешу» Мақсаты

Мақсаты: Теңдеу туралы түсінік беру, бар білімдерін қайталап, толықтыру. Теңдеуді дұрыс шығару жолдарын көрсетіп, жаттықтыру. Оқушылардың ауызша және жазбаша қосу, азайту дағдысын,

43.38kb.

08 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау; әртүрлі есептерді шешу қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру

971.58kb.

25 12 2014
6 стр.


Дүниетану. Сабақтың тақырыбы: Көз Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көз туралы түсінік беру. 2 Танымдылық қабілетін дамыту. Көз күтіге, оны басқа қауіпті заттардан сақтауға үйрету. Салауаттылыққа баулу

37.21kb.

16 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Дамытушылық: Оқушылардың күнделікті тұрмыста кездесетін физикалық құбылыстарды көре білуге және оны дұрыс түсінуге, экспериментальды іскерлігін дамыту

83.79kb.

25 12 2014
1 стр.


Динахметов Жомарт Арал ауданы, №81 орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Отанды, елді қорғаудың маңыздылығы, тәуелсіздік туралы терең ұғым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы Конституциялық заңды толықта

76.84kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар

70.18kb.

10 10 2014
1 стр.


Тақырыбы: «Сепсиске шалдыққан науқасты күту ерекшелігі» Мақсаты

Тапсырма: Әдебиеттермен жұмыс; тест тапсырмаларын дайындау және шешу; мейірбикелік қажеттелік көлемінде науқасты курациялау және мейірбикелік ауру тарихын дайындау; ситуациялық тап

49.32kb.

09 09 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Әскери міндеттілік және әскери қызмет. Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ҚК толықтыруды, әскери қызметке шақырушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлауды

51.32kb.

25 12 2014
1 стр.