Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

Бейнеу аудандық әкімдігінің

2012 жылғы 21 қарашадағы

№ 148 қаулысымен бекітілген



«Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны: Мемлекеттік мекеме

Меншік түрі: Мемлекеттік

Орналасқан орны: Индекс: 130100

Қазақстан Республикасы

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Бейнеу селосы

Аудандық әкімдік ғимараты,

2-қабат


Бейнеу селосы, 2012 жыл
1. Жалпы ережелер
1. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функциясын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.

2. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130100, Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, аудандық әкімдік ғимараты, 2-қабат

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы,

негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты және ел бірлігін сақтауға бағытталған мемлекеттік саясатты нәтижелі іске асыру, мемлекеттілікті нығайту, азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, аудандағы ақпараттық кеңістіктің белсенділігін көтеру және жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.


14. Міндеттері:

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы», 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», 2002 жылғы 15 шілдедегі «Саяси партиялар туралы», 2007 жылғы 4 маусымдағы «Мемлекеттік рәміздер туралы», 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдарына сәйкес:

1) Аудан бойынша ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) аудандағы мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, аудан әкімінің Мекеменің құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

5) аудандағы ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

6) ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) аудан бойынша ішкі саяси процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

8) азаматтық қоғам институттарымен, жұртшылық өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.

15. Функциялары:

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы», 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», 2002 жылғы 15 шілдедегі «Саяси партиялар туралы», 2007 жылғы 4 маусымдағы «Мемлекеттік рәміздер туралы», 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдарына сәйкес:

1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша ауданда мемлекеттік органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;

3) ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;

4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың (одан әрі - АНТ) аудандағы қызметін ұйымдастыру, АНТ ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен (одан әрі - БАҚ), ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

7) «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық әкімдік жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;

8) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың қызметтеріне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;

9) аудандағы мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ-тардың мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру, БАҚ-тардың заңнаманы сақтау жөніндегі қызметіне мониторинг жасау;

10) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

11) концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің және аудандық әкімдігінің актілерінің жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу;

12) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, мәслихатпен, аудан әкімінің аппаратымен «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

13) «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жіктеу.

«Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

«Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің:

1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

2) ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

«Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;

2) белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.


3. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

қызметін ұйымдастыру
17. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Бейнеу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінінің міндеттерін анықтайды;

2) «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;

5) өз құзырының шегінде «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді.

«Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысына өзі басқаратын «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленеді және осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі.

«Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

«Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.


4. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi
20. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.


5. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін

қайта ұйымдастыру және тарату
23. «Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



«Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

«Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функциясын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті ат

95.98kb.

25 12 2014
1 стр.


«Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Бейнеу аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы №148 қаулысымен бекітілген

100.85kb.

25 12 2014
1 стр.


«Бейнеу аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
108.82kb.

25 12 2014
1 стр.


Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуда келесі тауарларды (қызметтер) ұсынады

33.45kb.

08 10 2014
1 стр.


«Бейнеу аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережес І

Басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды

137.18kb.

25 12 2014
1 стр.


Бекітемін «Қарғалы аудандық ішкі саясат бөлімі» мм-нің басшысы К. Байсеупов
777.18kb.

25 12 2014
4 стр.


«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны

Бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс

531.64kb.

09 10 2014
5 стр.


«Федоров ауданыньщ ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының лауазымына біліктілік талаптары е-r-l санаты, (№01-1)

Р нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті баска да

82.2kb.

09 10 2014
1 стр.