Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Бейнеу аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы №148 қаулысымен бекітілген

«Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің


Е Р Е Ж ЕСІ




Ұйымдастыру-құқықтық нысаны: Мемлекеттік мекеме

Меншік түрі: Мемлекеттік


Орналасқан орны: индекс-130100

Қазақстан Республикасы

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Бейнеу селосы

Аудандық әкімдік ғимараты, 1-қабат



Бейнеу селосы 2012 жыл

1. Жалпы ережелер


  1. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  4. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  5. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  6. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

  7. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130100, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжиев көшесі, аудандық әкімдік ғимараты.

  9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Бейнеу аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

  10. Осы Ереже «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  11. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

  12. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


  1. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету.


  1. Міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес:

Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтыр, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алуына қажетті жағдайлар жасау;

Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

Педагог қызметкерлерің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;



  1. Функциялары:

  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына және білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органыының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес:

Білім беруді дамыту бағдарламасын іске асырады;

Кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

Білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

Мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

Балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

Аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етеді;

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

Білім беру мониторингін жүзеге асырады;

Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;


Тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына тағайындау конкурсын ұйымдастырады және жүргізеді;

Жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білім беру, білім берудің негізгі жалпы немесе жалпы орта, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарда білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының басшыларына аттестаттау ұйымдастырады және жүргізеді;

Тиісті санатты белгілеу және растау үшін педагог қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтайды;

Тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін педагог қызметкер қызметінің уәждемелік саласын кеңейту;

Қызметкерлерді еңбектегі табыстары, білім жән ғылым саласындағы жетістіктері үшін көтермелейді.



  1. Қазақстан Республикасының 2011 жылы 26 желтоқсандағы №518-IV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес:

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негізгі ала отырып, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, балаларды орналастырудың нысандарын таңдау, сондай-ақ оларды күтіп-бағу, тәрбеиелу және оқыту жағдайларын одан әрі бақылау;

Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу мен оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу.


  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес:

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

«Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

«Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің:


  1. Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

  2. Ережеде көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды райдалануға;

  3. Сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

  4. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

«Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

  1. Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;

  2. Белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.




  1. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Бейнеу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын, және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

2) «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

3) Белгіленген заңнамалқ тәртіппен мекеме қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

4) Белгіленген заңнамалық тәртіппен мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;

5) Өз құзырының шегінде «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді.

«Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысына өзі басқаратын «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленеді және осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі.

«Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

«Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.




  1. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

21. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.



23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату
24. «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


«Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Бейнеу аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы №148 қаулысымен бекітілген

100.85kb.

25 12 2014
1 стр.


«Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

«Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функциясын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті ат

95.98kb.

25 12 2014
1 стр.


Жәнібек аудандық білім беру бөлімі

Жәнібек аудандық білім беру бөлімі 16 сәуір 2009 жылы БҚО, Жәнібек ауданы, Аудандық білім беру бөлімі, М. Ықсанов көшесі 93 үйде мектептердің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу

16.97kb.

25 12 2014
1 стр.


«Бейнеу аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
108.82kb.

25 12 2014
1 стр.


«Бейнеу аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережес І

Басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды

137.18kb.

25 12 2014
1 стр.


Аудандық әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілді 28. 12. 2012 жыл №5 хаттама «Бекітемін» Бөрлі ауданының білім беру

Аудандық әдістемелік кабинет аудандық білім беру бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол білім беру саласында мемлекеттің саясатын жүргізу

1529.02kb.

25 12 2014
8 стр.


Оборудование: интерактивная доска, графический регистратор данных Xplorer glx и температурный датчик, 2 колбы с водой, спиртовка, пробирки с парафином, калориметр, весы. Методические приемы

«Саран қаласы әкімдігінің, «Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №13 орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік меке

357.49kb.

09 10 2014
1 стр.


Білім беру мекемесінің аты: «Саран қаласы әкімдігінің «Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі»

Білім беретін мекеменің біріншіжетекшісінің аты – жөні, әкесінің аты: Разағұлова Гүлнәзиф Бершімбайқызы

107.07kb.

25 12 2014
1 стр.