БЕКІТЕМІН
Қарағанды облысының
Білім басқармасы
«Қарағанды облысы білім беруді
дамытудың оқу-әдістемелік
орталығы» КМҚК директоры
__________Қожахметова Г.Ш.
«____»______________2013 ж.
Интернет-байқау: «Менің ең үздік әдістемелік сабақ жоспарым»
Қарағанды қаласының облыстық білім басқарамасы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес
2013 жылдың 23 ақпаны мен 30 наурызы аралығында мектепке дейінгі және білім беру ұйымдарына арналған «
Қарағанды облысының білім беру ұйымдары мен педагогикалық кадрлары жұмысындағы өзекті мәселелер» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі.
Байқау мазмұны
Конференция қарсаңында мектепке дейінгі және мектептегі пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, тәрбиелік, басқарушы және денсаулықты дамыту қызметі бойынша
«Менің ең үздік әдістемелік сабақ жоспарым» әдістемелік сабақ жоспарларының Интернет-байқауы ұйымдастырылады.
Байқаудың мақсаты мен тапсырмалары
-
білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие үдерісін оқу-әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
-
оқу-тәрбие үдерісін мазмұнды қолдайтын сапалы оқу материалдары құралдарын ынталандыру;
-
озат педагогикалық жұмыс тәжірибесін анықтау, үйрену және насихаттау;
-
талантты, шығармашыл мұғалімдерді айқындау және мадақтау;
-
білім беру сапасын арттыру;
-
педагогикалық қызметтің қызығушылығын дамыту.
Қатысушыларды тіркеу тәртібі:
Байқауға әдістемелік сабақ жоспарды ұсыну үшін:
-
Материалдардың атауын көрсетіп, [email protected] электрондық мекен-жайына жіберу қажет.
-
Материалдарды Оқу-әдістемелік орталықтың сайтына орналастыру қажет.
Байқау номинациялары
-
«Мектепке дейінгі білім» номинациясы;
-
«Пән бойынша сабақ жоспары» номинациясы;
-
«Сыныптан тыс жұмыс түрлері» номинациясы (үйірмелер, факультативтер, практикумдар және т.б.);
-
«Тәрбиеші» номинациясы;
-
«Денсаулығын мықты болсын!» номинациясы;
-
«Басқару» номинациясы.
Материал мазмұны толық әдістемелік сабақ жоспарын көрсететін:
-
Мақсаты мен міндеті көрсетілген түсіндірме хатпен; жұмыс түрімен, қатысушылардың тізімімен;
-
Қажеттілік бойынша қосымшалармен (мультимедиялық презентациямен, тапсырма-карточкалармен, үлестіретін материалдармен және т.б.) толықтырылуы қажет.
Байқауға арналған материалдарды орналастыру: 2013 жылдың 10 қаңтарынан 20 наурызына дейін.
Сарапшылар тобының жұмысы:
2013 жылдың 25 наурызына дейін.
Қорытынды: 30 наурыз.
Байланыс телефондары: 79-27-20 (ББД ОӘО ақпараттық-талдау бөлімі).
Байқау жұмыстарын бағалау белгісі:
-
ұсынылған материалдың тәжірибелік маңыздылығы;
-
әдістемелік құралдың өзектілігі, толықтығы мен жүйелілігі;
-
педагогиканың, жас ерекшелігі психологиясының негіздерін білу;
-
пәндік мазмұнының дұрыстығы;
-
шығармашылық, ерекшелік, авторлық тапқырлық;
-
мәтіннің сапасы (стиль, орфография және т.б.)
-
электрондық материалдарды рәсімдеудің тәртібі.
Байқау жұмыстарын бағалау үшін қазылар алқасы құрылады, оның құрамына пән мұғалімдері, ББД ОӘО әдіскерлері кіреді.
Байқауға қатысушылар
Байқауға педагогикалық қызметінің өтіліне, білім беру мекемесінің түріне байланыссыз түрде, жалпы білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері, авторлық ұжымдары қатыса алады. Байқауға қатысуға бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары, аймақтық әдістемелік қызмет әдіскерлері, әр түрлі білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері шақырылады.
Байқауға әрбір автор байқау материалдарының екі жинағын ұсына алады. Байқау материалдарын авторлар ұжымы да ұсына алады.
Материалдарды жіберу кезінде номинациясын көрсетіңіз.