Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы мен «Ұлттық
ақпараттандыру орталығы» АҚ арасындағы
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
1. Жалпы ережелер
Ынтымақтастық туралы осы Меморандум (ары карай - Меморандум деп аталады) бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы (ары қарай Білім басқармасы) мен «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ (ары карай Ұлттық ақпараттандыру орталығы) арасындағы қатынасты белгілейді,
Тараптар осы Меморандумды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев белгілеген басымдықтарды іске асыру мақсатымен, мемлекеттің интеллектуалды элитасын қалыптастыру, білім сапасын қамтамасыз ету облысында тиімді ынтымактасық жасау және еңбек нарығында қажетті, бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау, бірлескен білім бағдарламаларын іске асыру бойынша мақсаттарымен жасасады.
2. Тараптардың ынтымақтастық облысы
Осы Меморандумды орындау мақсатымен Тараптар өзара ынтымақтастықтың төмендегідей салаларынбелгілейді:
1. білім басқармасы мен Ұлттык ақпараттандыру орталығы білім беру
қызметін насихаттауға бағытталған шараларды өткізу:
2. білім сапасын арттыруға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды
әзірлеп өткізу
:
-
оқушылар мен педагогтарға ғылыми кеңес беруді ұйымдастыру;
-
оқушыларды ҰБТ-ге даярлауды ұйымдастыру;
5. Тараптардын өкілдері ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-
практикалық конференциялар мен Тараптардың қайсысы болса да ұйымдастырған басқа да шараларға қатысу арқылы қзметтің сәйкес салаларында Тараптардың жинақтаған тәжірибесі мен білімімен алмасуы:
6. Тараптармен келісілген басқа за кез-келген ынтымақтастық түрлері.
3. Тараптардың әрекеттестігі
Осы Меморандум аясында Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарын, Балалар құқығы туралы Конвенцияны, басқа да нормативті-құқықтық актілерді басшылықка алып және өзара әрекеттестікті тең дәрежеде, ашык, ізгілік принциптерімен іске асырады.
Осы Меморандумның пункттерін орындау мәселелері бойынша Тараптар бір-бірімен Тараптардың туындаған мәселелерді қарастыру үшін және бірлесе әрекет ету үшін уәкілетті органдар арқылы өзара әрекет етеді.
Осы Меморандум бойынша барлық өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың келісімімен жазбаша түрде ресімделеді.
4. Қорытынды ережелер
Тараптар аталған Меморандумды өзара қызмет барысында заңды және қаржылық міндеттерді қажет етпейтін ниеттер туралы декларация ретінде қарастырады. Сондай-ақ Тараптар осы Меморандум аясындағы әрекеттердің ешқайсысы Тараптардың құқығы мен өкілеттілігін шектемеуі керек дегенді басшылыққа алады.Осы Меморандумның қызметі аясына қатысты Тараптар арасында туындаған даулар мен кайшылыктар. Талаптар арасында келіссөздер мен кеңестер арқылы шешіледі. Осы Меморандум аясында операциялар жүргізу үшін жасалган шарттарды (келісімдерді) жүзеге асыру барысында туындаған даулар мен қайшылықтарды шешу тәртібі аталған шарттармен (келісімдермен) белгіленеді.
Осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілетті тұлғаларының қолымен куәландырылып, жазбаша түрде рәсімделіп, осы Меморандумның ажырағысыз бөлігі болып табылады.
Осы Меморандум Тараптардың екі жағы да қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптардың екі жағының өзара келісімі бойынша немесе Тараптардың біреуінің тілегімен екіншісін 30 күн бұрын ескертуі бойынша бұзылады. Осы Меморандум бұзылса Білім басқармасы мен Ұлттық ақпараттандыру орталығы арасында жасасқан шарттар (келісімдер) бұзылмайды.
Меморандумның мәтіні 2 (екі) данада, қазақ және орыс тілдерінде құрылып, әр тарапқа 1 (бір) данадан беріледі.
« __ »_________20__жылы__________________________ қаласында қол қойылды.
Тараптардың қойылған қолы:
«БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» «ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ
ОРТАЛЫҒЫ» АҚ
Қазакстан Республикасы Қазақстан Республикасы.
Петропавл қаласы Алматы қаласы
Жандосов көшесі, 61 а _________________ ________________
Г.Қ.Нұрғалиева