Қызылорда облысы әкімшілігі мен ISSMAT Investment компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум
Қызылорда қ. 2011 жылдың 19 шілдесі
ISSMAT Investment, әрі қарай «1-Тарап» деп аталады, Жарғы негізінде әрекет етуші Бас директор Саид Мессади тұлғасында, және Қызылорда облысының әкімшілігі, әрі қарай «2-Тарап» деп аталады, Ереже негізінде әрекет етуші Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі С.Н. Қожаметов тұлғасында, әрі қарай бірлесіп «Тараптар», жеке «Тарап» деп аталады, төмендегілер жөнінде осы Ынтымақтастық туралы Меморандумды жасады (бұдан әрі Меморандум):
1 бап
Меморандум Тараптар арасындағы бірлескен іс-шаралар атқару және мәліметтер алмасу бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық негіз болып табылады.
2 бап
Тараптар Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласына тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша стратегиялық әріптестік туралы келісімге келді.
Атап айтқанда, инвстициялау келесі салаларды қамтиды:
-
Ауылшаруашылық және аквашаруашылықты дамыту (құрылым және сату);
-
Мұнай-газ ошақтарын әзірлеу;
-
Мұнай және газ саудасы;
-
Туризм және қонақүй бизнесі;
-
Ноу-хау және білім беру;
-
Байқоңыр қаласында арнайы экономикалық аймақты дамыту үшін жедел ынтымақтастық;
-
Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласының экономикалық дамуына қатысты кез келген шаралар бойынша жедел ынтымақтастық.
3 бап
Ынтымақтастық туралы Меморандум ынтымақтастық пен бірлескен іс-әрекеттің қағидалық түсінігін білдіреді.
Меморандум Тараптардың ниетін білдіреді және ол Тараптарға міндет жүктемейді.
Әрбір жоба бойынша Тараптар ынтымақтасудың шарттарын анықтайтын жекелеген Келісімдер жасайды.
Тараптар өздерінің тиісті ақпараттарды сұрату мен алу үшін уәкілетті өкілдерін тағайындайды және ол жөнінде бір бірін жазбаша хабарландырады.
4 бап
Меморандум Тараптарға Қазақстан Республикасы және ISSMAT Investment ұсынған кез келегн шетелдік инвестор елінің заңнамасына сәйкес жариялануы шектелген не тыйым салынған ақпараттар мен мәліметтер алмасуға міндет жүктемейді. Тараптардың біріне бірі ұсынған кез келген ақпараты не мәліметтері, егер тараптар арқылы өзге келісім болмаса, тек осы Меморандумда көрсетілген мақсатта пайдаланылып, өзара құпиялық жағдайында сақталуы тиіс. Әрбір тарап, жоғарыда көрсетілген ақпараттарды ұсына отырып мұндай ақпараттарға жеке меншік құқығын сақтайды.
5 бап
1. Меморандум Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 5 (бес) жыл әрекет етеді. Меморандумның әрекет ету мерзімі Трапатардың өзара келісімімен ұзартылуы мүмкін.
2. Меморандум мерзімінен бұрын Тараптардың келісімімен не бір Тараптың бастамасымен бұзылуы мүмкін. Меморандумды бұзу туралы бастама берген тарап қарсы тарапты
болжамды бұзудың күнінен кем дегенде 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабардар етуі тиіс, осыдан кейін Меморандумның әрекет етуі тоқтатылды деп есептеледі.
3. Меморандум бірдей заңды күші бар және әр тарапқа 1 (бір) данадан келетін орыс және ағылшын тілінде 2 (екі) нұсқада әзірленді.
ISSMAT Investment
атынан:
|
Қызылорда облысы
әкімшілігінің атынан
|
Саид Мессади__________
|
С.Қожаметов ______________
|
ISSMAT Investment
Президенті
|
Қызылорда облысы әкімінің
орынбасары,
ҚР Президентінің «Байқоңыр»
кешеніндегі арнаулы өкілі
|