Перейти на главную страницу
Қазақ сынының тарихында өзіндік орын алып, есімі айрықша аталатын, сыншыл көркем ойымыздың айтулы қайраткері, академик Мұхаметжан Қаратаевтың отандық әдебиет пен мәдениетке елеулі үлес қосқаны белгілі. Ол сыншы және ғалым-әдебиетші есебінде өз мамандығының ерекшеліктерін тереңінен меңгерген, өз ісінің білгірі дәрежесіне көтерілген адам болған. Сыншы ұзақ өмірінде басқа жаққа алаңдамай, тек әдебиет саласында қызмет етті. Бұл – сыншылық жауапкершілікті түсінуден туған қасиет еді.
Ол өз өмірінде жеті жүзден астам еңбек жазды. Сыншының заман талабын аңғарғыштығы, әдеби-эстетикалық талғамы, публицистік жазу өнегесі, әдебиет пен мәдениет тарихын терең біліп, салыстырулар жасай алатыны – оның әдебиетшілік және зерттеушілік талантын әйгілеген белгілері.
М. Қаратаев жеке жазушы мен оның шығармасын талдаудың үлгісін М. Әуезов туралы зерттеулерінде көрсетті. Ол «Абай жолы» романын зерттеуге көп уақытын арнады. Романның мазмұндық-құрылымдық, көркемдік-идеялық сипатына назар аударып, оған «эпопея» деген жанрлық атау берді.
Сыншының жазушылар жайындағы портреттері, әдебиеттік шолулары, проблемалық мақалалары мен рецензиялары білімділігімен, біліктілігімен айрықшаланатын. Осылардың қай-қайсысы болсын автордан үлкен еңбекті, ізденісті керек етті. Зерттеушілік жауапкершілік, сыншылдық батылдық – осы жұмыстардың бәріне ортақ қасиеттер.
Өнердің ережесін білу мен оны қолдана білу – екі түрлі ұғым екені белгілі. М.Қаратаев осы екі ұғымды түйістіре білді, ол көркем шығарманың мазмұны мен түрін тұтастықта қарады, талдай да, талдағанын жинақтап, қорыта да білді. Әдеби шындықты өмір шындығымен салыстыра алды, тарихи жалғастық принципін берік ұстанды. Осының бәрі ғалым-сыншыға көркемдік дамудың заңдылықтары туралы теориялық тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді.
М. Қаратаев еңбектері туған әдебиетіміздің өресін, өскенін, жалпы тынысын танытатын сыни-көркем шежіре іспеттес. Бұл шежірені автор әрқашан біліммен, тәжірибемен байытып отырды.
Әдебиеттің бар сырын ашып, оның құдыретін танытатын сын екені белгілі. Жалпы алғанда сынның тууы – адамзат көркемдік ой-санасының бір адым ілгерілегендігінің айғағы. Ендеше, кәсіби дәрежедегі қазақ сынының бүгінгі дидары әлеуметтік-сыншылдық ой-тұлғамыздың өскендігінің жарқын көрінісі. Қазақ сынының өнер дәрежесіне көтеріліп, білікті деңгейге жетуіне академик Мұхаметжан Қаратаев үлкен үлес қосты. Сыншының қай мақаласын алып қарасақ та, оның туған әдебиетке деген сүйіспеншілігі, перзенттік ықыласпен ұштасып, сабақтасып жатқанын көреміз. Осындай ынтық шығармашылық жігерді М. Қаратаевтың «Эпостан – эпопеяға» атты кітабын оқи отырып көз жеткізуге болады.
Мұнда автор қазақ әдебиетінің елу жылдағы сан салалы жолына көз жіберіп, оның дамуы мен сипатын, ғасырлар бойы халықтың рухани талшығы болып келе жатқан өлең өнерінің жемісті жолын, аударма саласының жайын, ел өміріндегі тарихи оқиғаларға байланысты туған елеулі тарихи-әлеуметтік шығармалар, поэзиядағы дәстүр мен жаңашылдық проблемасын, өнердегі ұлттық сипат белгілерін шынайылықпен талдап көрсетеді. Қай өнердің болса, оның өзіндік ерекшелігі, жазылу стилі, мазмұны мен түрі, көркем заңдылықтары болатыны белгілі.
Сыншы Мұхаметжан Қаратаев сындарының өзгешелігі – публицистикалық пафос пен философиялық ойдың табиғи үйлесетіндігінде. Сыншы стиліндегі атап айтарлық нәрсе – сынның тартымды оқылуы, мазмұн байлығы. Сыншы белгілі бір автор туралы жазғанда оның шығармасын эстетикалық жағынан талдауымен қоса, өмірбаяндық фактілерді мол пайдаланады. Бұл жайында қаламгердің аталған кітабының «Ел сүйген есімдер» атты тарауында келтірілген мақалаларды айтуға болады.
Оларға жеке талдау жасайтын болсақ, сыншының кеңес әдебиетінің көшбасшысы, жаңа замандағы реализм әдісінің негізін салушы М. Горький туралы «Ұлы ұстаз» атты мақаласына көңіл аударамыз. Автор М. Горькийдің қазақ жұртшылығына тек шығармашылығымен, өзінің өнегелі өмірбаянымен ғана емес, сонымен бірге өмір саласында құн жетпес дана ұстаздығымен, таптырмас қамқорлығымен қадірлі екенін, оның әдеби үдеріске зор ықпал жасағанын айта келіп, ол ықпалдың екі жағын ашады. «Бірі – Горький творчествосының тура идеялық көркемдік ықпалы, екіншісі – оның теориялық методологиялық қағидалары» [1,241].
Қаламгер М. Әуезов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Г. Мүсірепов, Ғ. Мұстафиннің Горький мектебінен сабақ алып, жаңа табыстарға жеткенін ғылыми түрде дәлелдейді.
М. Қаратаев С. Сейфуллиннің сол кездегі белгілі шығармалары туралы пайымды пікірлерін айтқан. Ол туралы кітаптың «Асау тұлпар» деген мақаласынан мағлұмат ала аламыз. Онда жан-жақты дарын, турашыл қағидаттардың адамы, халқын сүйген адал ұлды әр қырынан барынша толық сипаттайды. Оның азаматтық өсу жолы мен өршіл поэзиясындағы тұтастық, дүниетанымдық, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-эстетикалық тарамдары мол пайымдалады. Алғашқы жырларындағы лирикалық саз ақынның кейінгі шығармаларында отты романтикалық пафос, ерлік рухы, эпикалық тыныспен ауқымын аша түсіп, халық санасын оятуға, бұқараны серпілтуге бастайтын пәрменшіл қасиеттерімен анық тұжырымдалады.
«Ақын даңқы – халық даңқы» дейтін мақаласында халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына ғана емес, бүкіл өмірінің болмыс-тіршілігі мен мінезіне сипаттама береді. Автор Жамбыл поэзиясының өз кезіндегі атқарған әлеуметтік рөлін кемсіткісі келгендердің бар екендігін айта келіп, ойын былай түйіндейді: «Әрбір өнер иесі өз даңқын, халық даңқын бүгінгі адам баласы алдында Жамбылдай, Әуезовтей жая алса, ана сүтін, азаматтық парызын одан артық ақтау болмайды». Міне, бұл – Жамбыл поэзиясына деген объективтік баға, сындарлы позициядан туған салиқалы көзқарас. Бұл мақала – жамбылтануға қосылған елеулі үлес.
Қаламгердің «Интернационалдық пен ұлттық сипат» деп аталатын зерттеуінің де беретін ұлағаты мол. Әрине, кеңес тұсында мұндай тақырыптар қай жағынан да өткір болды. Бұл тақырып Одақ көлемінде едәуір көтеріліп жүргені белгілі. Осындай аса күрделі мәселе төңірегінде автор қазақ әдебиетінен мысалдар ала отырып, ойларын ортаға салған.
Бір халықтың ұлттық әдебиеті екінші бір ұлт әдебиетінің дамуына игі ықпал ететінін жақсы білеміз. Мысалды алыстан іздемей-ақ, кеңес тұсындағы орыс әдебиетінің ұлт әдебиеттеріне күшпен және күшсіз тигізген әсерін айтсақ та жеткілікті. Жақсы туындылар алдымен сол халықтың рухани қажетіне жарап барып, басқа тілдерге аударылудың нәтижесінде жалпы адам баласының ортақ игілігіне айналады. Сондықтан да қаламгерлер интернационалдық пен ұлттық сипатты табиғи бірлікте алып, ұштастыра білгені жөн. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы осындай туынды екені аталған зерттеуде жақсы дәлелденген. Осы мақаласында сыншы бұл мәселені тек идеялық тұрғыдан емес, өнердің эстетикалық-философиялық сипаты ыңғайымен кең шеңберде қарастырады. «Интернационалдық пен ұлттық сипаттың ара қатынасының проблемасы, олардың бірлігінің диалектикасы бұл мәселеде өзара ажырату немесе екі жақпарға кезек соғысушылық атаулының болу мүмкіндігіне жол бермейді. Мәселенің өңін айналдырғыштар мен бұрмалағыштар интернационалдық пен ұлттық сипаттың ара қатынасы жайлы ұғымды көрнеу теріс көрсетіп, оларды бір-бірінен ажырата, бір-біріне қарама-қарсы қоя баяндайды», - дей отырып, ғалым осы саладағы ұлттық нигилизм мен ұлттық герметизм тәрізді өзара қайшылықты теориялардың қателігі бөлінбес ұғымдарды бөлшектеп тануға тырысуда екенін дәлелді тұжырымдайды да, бұл қасиеттердің құрылымы, мазмұны тарихи өзгермелік рухымен тамырластығымен және шарттылық сырын ескертеді. Реализмді «социалистік» атауымен қосақтауы болмаса, көп ұлтты кеңес әдебиетінің тәжірибесі бойынша бұл проблеманың әр алуан қыры түрлі мысалдар арқылы пайымдалады.
Қаламгер «Жарты ғасырдың шежіресі» атты мақаласында көрнекті жазушы С.Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясының елеулі жақтарына арнайы тоқталып өтеді, мемуардың мән-мазмұнын талдайды. Бұл кітап С.Мұқановтың 30 жылдан астам жазған өмірбаяндық трилогиясы екендігі, оның халық өмірін кең қамтитын, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр құбылыстарын егжей-тегжейлі дәл суреттейтін мұра екендігі ғылыми тілмен байыпталады.
«Халық жыршысы», «Таң жыршысы» сияқты мақалаларында іргелі ақындарымыз А. Тоқмағанбетов пен Ө. Тұрманжановтың еңбектері зерттелген.
Үшінші бөлімдегі екі мақалада Х. Ерғалиев пен С. Мәуленовтің шығармашылығы сөз етіледі. Олардың ақындық өсу белестерін өлеңдерінен мысал келтіре отырып зерделейді. Шығармашылық ерекшеліктеріне тоқталады.
Қазақ әдебиетінде орыс тілінде жазатын бірнеше талантты ақын-жазушылар бар. Олардың біразы кезінде Одақ көлемінде, одан да тыс жерлерде танымал болды. Бірақ, олар туралы кезінде де, қазір де сыншыларымыздың жазғаны өте аз. М. Қаратаев аталған кітапта Олжас Сүлейменов пен Әнуар Әлімжановтің шығармашылығын жан-жақты ашып, негізгі сипатын талдап береді [2,18]. Орыс тілінде жазғанмен, «Олжастың – қазақ ақыны, Әнуардың – қазақ жазушысы» екенін дәлелдейді. «Олжас – өз халқының қайғысына бірге қайғырып, қуанышына бірге қуанатын, оның тарихын жақсы біліп, халқының бақытқа барар тарихи жолын алыстан аңғаратын адал ұлы. Қазақ оқырмандарының кейбіреулері Сүлейменовтің бірен-саран қиын шығармаларын бүгін жете түсінбегенімен, оның бүкіл шығармашылығы реализм кемесінің жел өтінде келе жатыр, ол халықтық шығарма деуге толық правомыз бар. Бүгін түсінбесе, ертең түсінеді, рухани өсу жолы соған апармақ» - деген пікір айтады [1,422].
Бұл мақалалар Олжас пен Әнуар шығармашылығын зерттеушілерге көп пайда келтірері сөзсіз.
Сонымен «Эпостан – эпопеяға» еңбегі – академик Мұхаметжан Қаратаевтың сыншылық-шығармашылық қолтаңбасын байқататын туынды. Автор бұл жұмысында әдебиеттану мен сын эстетикасын ыждағатпен байыптаған. Сыншы халық ықыласына бөленген.
1. Қаратаев М. Эпостан – эпопеяға. Алматы: Жазушы, 1969.- 444 б.
2. Әшімбаев С. Талантқа тағзым. Алматы: Жазушы, 1982.- 250 б.
МАЗМҰНЫ
Б.Ж. Әбдірайымов
Кіріспе сөз........................................................................................................................................3
Оқытушы мен студенттің шығармашылық ізденісі – әдістемелік жұмыстың
кілті....................................................................................................................................................6
Шарипбаев А.А.
Перспективы создания системы дистанционного обучения
в ЕНУ им. Л.Н.Гумилева................................................................................................................12
Мәлібекова М.С.
Студенттердің кәсіптік-ақпараттық даярлығын жетілдіру.........................................................19
Информационные технологии как путь эффективной интеграции Республики Казахстан
в мировое образовательное пространство....................................................................................23
I секция
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ
Ақылбеков А.Т., Құрманұлы О.
Студенттерді шығармашылыққа тәрбиелейтін жаңа инновациялық оқу
технологиясы...................................................................................................................................28
Аманжолов С.А.
Балалардың сурет салу мүмкіншілігін анықтауда суретші-ұстаздың
білімділігі.........................................................................................................................................31
Ахметжанова С.Б., Тусупбеков М.Б.
Совершенствование организации учебного процесса в условиях кредитной технологии
обучения..........................................................................................................................................34
И.Ш.Ачилов
Примерные изображения этюдов по живописи, наброскам, зарисовкам и на их основе
составление творческих композиций и дипломной картины в каникулярное время..............36
Аманжолов С.А.
Бәсекелестік қалыптастыру - білікті суретші-ұстаз дайындаудың тиімді жолы.....................39
Методика применения интерактивных форм обучения в преподавании экономических
дисциплин........................................................................................................................................43
Байтасов Т.М., Жусупбеков А.Ж.
Опыт подготовки докторантов Ph.D на инженерно-строительном факультете........................47
Некоторые особенности обучения в сфере высшего образования в США...............................49
Методология и методы исследований в области робототехнической системы в условиях
кредитной системы обучения.......................................................................................................54
Нураков С., Калиев А.Б., Темірханқызы Ж.
Перспективы и пути развития методики автоматизированного проектирования новой
техники.............................................................................................................................................59
С.Е.Керимкулов
Приоритеты национальной системы высшего образования и её гармонизация в единое
международное образовательное пространство..........................................................................63
Онучко М. Ю.
Роль и место интернета в совершенствовании преподавания политологии............................68
Студенттердің білім деңгейін рейтинг жүйесі бойынша бағалаудың кейбір
мәселелері.........................................................................................................................................72
Берстембаева Р.К.
Методическое обеспечение преподавания специальных дисциплин...............................74
Новые методики преподавания в ВУЗЕ.........................................................................................79
О некоторых особенностях самостоятельной работы по обучению чтению литературы по
специальности..................................................................................................................................82
Ермеков Т. Е., Арпабеков М. И.
Методические особенности обучения студентов специальности «ОПДИЭТ»..........................85
Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдары..................................................88
Курсовое проектирование и эффективность учебного процесса.................................................90
Сот жүйесін әкімшілендірудегі кейбір мәселелер........................................................................94
Физиканы оқытуда пәнаралық байланысты қолданудың маңыздылығы...................................96
Бала алкоголизмінің ерекшеліктері................................................................................................99
Некоторые аспекты методики преподавания физического воспитания в вузе........................101
Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындарды қолданудағы өзекті мәселелері.............104
Организация самостоятельной работы обучающихся в образовании в условиях кредитной
системы обучения...........................................................................................................................108
Омарқұлова Қ.Ш.
Кескіндемелік шеберлікті қалыптастыруда жеке- дара оқытудың тиімділігі..........................112
Маркетинг пәнін оқытудағы кейс-технологиялар......................................................................115
Применение программно-вычислительных комплексов в учебном процессе.........................118
Тренинговые методы в преподавании психологии, как один из способов повышения
критичности мышления студентов в условиях кредитной системы обучения........................122
Ермеков Т.Е., Арпабеков М.И.
Основные принципы обучения кредитной технологии в применении к изучению горных и
строительных машин..................................................................................................................125
Қадысқызы А.
Ағылшын тілін оқытудағы сабақ алды дайындық және аудиториядағы ұйымдастыру.........130
Ж. Аймауытұлы прозасындағы пейзаждың көріністері............................................................135
Композиция в дизайне.............................................................................................................................138
Сайлау технологияларын саяси-құқықтық реттеу пәнін оқытуда интерактивті әдісті
қолдану............................................................................................................................................141
Жумадилханов А.А., Мейрман А.
Значение индивидуальных особенностей при воспитании координации движений..............146
Бионика и научно-технический прогресс....................................................................................148
Основные принципы композиционно-художественного формообразования..........................153
Жоғары оқу орны студенттерінің құқықтық мәдениет тенденциясы.......................................155
Этносоциологический аспект баскских пословиц и поговорок................................................158
Әдебиетті оқыту: бағыт пен бағдар (тәуелсіздік тұсындағы зерттеу еңбектері мен оқу
құралдары туралы)........................................................................................................................162
Суюндикова Ф.О., Рахмадиева С.Б.
Некоторые аспекты преподавания экологизированных курсов химических
дисциплин.......................................................................................................................................167
Мукиянова Г.С., Укбаева Т.Д.
Вакциналар және вакцинопрофилактика....................................................................................170
Из опыта работы по профилактике табакокурения в школах астаны в период прохождения
педагогической практики студентов специальности «Физическая культура и спорт»..........173
Білім саласындағы ақпараттық технологиялар – бүгінгі заманның негізгі мәселесінің бірі
25 12 2014
1 стр.
Редакция алқасы: Б. Ж.Әбдірайым, Д.Қамзабекұлы (жауапты редактор), М. С. Мәлібекова, А.Ә. Шәріпбаев, М. С.Құлназарова, М. Атамбекова
25 12 2014
43 стр.
09 10 2014
12 стр.
Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор
25 12 2014
1 стр.
Білім беру саласындағы халықаралық және отандық салыстырмалы зерттеулердің болашағы
25 12 2014
1 стр.
Түйін сөз: Жаңа технологиялар; Баспа-полиграфиялық кәсіпорындары; Зерттеу; Жобалау; Тәжірибелік сынақ
25 12 2014
1 стр.
Білім беру үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын ендіру және олардың оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуын ұйымдастыру, ашық білім берудің ақпараттық-технологиялық мүмкіндіктерін пайда
25 09 2014
1 стр.
Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен бекітілген
08 10 2014
1 стр.