Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Бұйрық №367 19 қараша 2010 жыл
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы

суицидтің алдын алу және ұйымдастыру

жұмыстарын күшейту туралы
Шиелі аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасының 2010 жылғы 12 қараша №342 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 28 қазандағы №4-12-2/2833 санды хатын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Аудандық білім мекемелері суицид, суициалды (әрекет және өзін-өзі өлтіру) жағдайларды болдырмау мақсатында «2010-2011 жылдарға арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің және өзін-өзі өлтіру жағдайларының алдын алу» іс-шаралар жоспары №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  2. Суицид, суициалды (әрекет және өзін-өзі өлтіру) жағдайлардың алдын алу және ұйымдастыру жұмыстарын күшейту және бақылау мақсатында құрылатын комиссия құрамы №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  3. Жасөспірімдер арасындағы суицид, суициалды (әрекет және өзін-өзі өлтіру) жағдайларының алдын алу мақсатында арнайы жұмысшы тобы №3 қосымшаға сәйкес құрылсын.

  4. 2010-2011 жылдарға арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, суициалды (әрекет және өзін-өзі өлтіру) жағдайларының алдын алу және орын алған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде берілген тапсырмаларды басшылыққа алып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру және олардың қорытындысы бойынша әр 15 күндікте білім бөліміне жазбаша түрде мәлімет беру тапсырылсын.

  5. Іс-шаралар жоспарында көрсетілген тапсырмалардың орындалуына талдау жасап, қорытындысын жариялау, білім бөліміне ұсыныс беру ұйымдастырылсын.

  6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау және қадағалау білім бөлімінің бас маманы Т.Бөпежановқа жүктелсін.


Бөлім бастығы Қ.Оңғаров

Аудандық білім бөлімінің

2010 жылғы 19 қарашадағы

№367 бұйрығына №1 қосымша


Шиелі ауданы білім мекемелерінде 2010-2011 жылдарға арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің және өзін-өзі өлтіру жағдайларының алдын алу жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ




Іс-шаралар


Орындау мерзімі

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

1

Балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу жағдайларын зерделеу. Орын алған суицид оқиғаларын міндетті түрде есепке алу және оған қатысты жедел шешім қабылдау

Жүйелі түрде

Сараптама, қабылданған шаралар туралы есеп беру

Білім бөлімі,

білім мекемелері



2

Балалар мен жасөспірімдердің аутодиструктивті мінез-құлқына ықпал етуші жағдайлар мен себептерді анықтау үшін білім мекемелері жанынан штаб құру, шешім қабылдау

2010 жылғы 27 қарашаға дейін

Штаб жұмысын ұйымдастыру

Білім бөлімі,

білім мекемелері



3

Білім мекемелерінде суицидтің алдын алу мақсатында ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру органдарының өзара әрекеттестігі туралы іс-шаралар жоспарын жасау. Каникул күндері кәмелетке толмағандардың психологиялық жағдайын нығайтуға арналған апталықтар, айлықтар өткізу. Дағдарыс ахуалындағы балаларға көмек көрсету.

2010 жылғы қараша-желтоқсан

2011 жылғы қаңтар-желтоқсан



Іс-шаралар жасау

Білім бөлімі,

білім мекемелері



4

Балалар қоғамдық қабылдауы мен «сенім телефондары» арқылы өмірдің қиын жағдайында қалған балаларға консультациялық, құқықтық және психологилық кеңес беру жұмысын жандандыру, стрестік жай-күйді шешу және қиын жағдайдан шығу жолдарына көмек беру

Үнемі

Кеңес беру, қорытындысын жариялау

Білім мекемелері

5

Білім мекемелері суицид және қайғылы оқиға орын алған жағдайда 3 күн ішінде білім бөліміне хабар беру


Жүйелі түрде

Ақпарат беру

Білім мекемелері

6

Мүдделі органдар тарапынан берілетін мәліметтердің сәйкестігін қамтамассыз ету мақсатында орталықтандырылған есепке алу жүйесін құру

2010 жылғы қараша-желтоқсан, 2011 жыл, ай сайын

Деректер қоры

Білім бөлімі

7

Білім мекемелерінде суицидтің алдын алуға байланысты семинар-тренинг, дөңгелек үстел, ата-аналармен кездесу ұйымдастыру, құқықтық және психологиялық кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру, ата-аналар жиналыстарында талқылау

Ай сайын

Іс-шара ұйымдастыру

Білім мекемелері

8

Білім беру мекемелерінің психологтарымен, әлеуметтік педагогтары, дәрігер-психологтар және қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, құқықтық мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен сауалнама жургізу

2010 жылы желтоқсан,

2011 жылғы қазан



Сауалнама, қорытындысын талдау, қорытындысын жариялау

Білім мекемелері

9

Мектеп психологтарының жұмысын күшейту

Тоқсан сайын

Мектеп әкімшіліктерінің бақылау жұмыстарын күшейту, кезектен тыс қарау, талдау жасау, шара көру

Білім мекемелері

10

Өз-өзіне қол салу және оған ұмтылудың алдын алу мақсатында «Қарым-қатынас құруды үйренейік» тақырыбында психологтар мен ата-аналар арасында кездесу ұйымстыру, ата-аналарға құқықтық және психологиялық сауаттандыру жұмыстарын жүргізу

Ай сайын

Кездесу, құқықтық және психологиялық оқытулар ұйымдастыру

Білім мекемелері

11

Бала мәселесімен айналысатын ұйымдармен бірлесіп, «Суицид- қиындықтан шығар жол емес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу

2011 жылғы ақпан

Дөңгелек үстел

Білім бөлімі,

білім мекемелері



12

Балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу мақсатында мектеп психологтары арасында «Жасөспірімнің кері уайымының негізгі өз-өзіне қол салуға жағдай жасайды» тақырыбында семинар-тренинг жүргізу

2011 жылғы сәуір

Семинар-тренинг

Білім бөлімі,

білім мекемелері



13

«Суицид ауруы; шығу белгілері, емдеу жолдары» тақырыбында балалармен жұмыс жасайтын мамандар, әлеуметтік педагогтар мен мектеп инспекторлары арасында кездесулер ұйымдастыру

Тоқсан сайын

Алдын-алу жұмыстары

Білім бөлімі,

білім мекемелері



14

Балалар мен жасөспірімдердің арасында орын алған әрбір өз-өзіне қол салу және оған ұмтылу әрекеттерін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың отырыстарында қарау

Белгіленген мерзімде

Комиссия отырыстары

Білім бөлімі,

білім мекемелері



15

Суицидтік жағдайларға қарсы кәмелетке толмағандар арасындағы өз-өзіне қол салудың алдын алуға байланысты арнайы іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

Жыл бойы

Іс-шаралар жоспары

Білім бөлімі,

білім мекемелері


Аудандық білім бөлімінің

2010 жылғы 19 қарашадағы

№367 бұйрығына №2 қосымша



Суицид, суициалды (әрекет және өзін-өзі өлтіру) жағдайлардың алдын алу және ұйымдастыру жұмыстарын күшейту және бақылау мақсатында құрылған аудандық комиссияның құрамы



  1. Қ.Оңғаров – аудандық білім бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы

  2. Р.Тәжібаева - аудандық білім бөлімінің бас маманы, комиссия

төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері
3. Ж.Омаров - аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі

4. Б.Абсаттаров - аудандық ішкі істер бөлімі кәмелетке толмағандар ісі

жөніндегі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры

(келісім бойынша);

5. Ғ.Төлегенов - әдістемелік кабинет меңгерушісі

6. Г. Тымбаулиева – Шиелі психологиялық-дәрігерлік- педагогикалық

консультатция мекемесінің меңгерушісі

7. Г. Абжамиева – аудандық Оқушылар үйі директоры


Аудандық білім бөлімінің

2010 жылғы 19 қарашадағы

№367 бұйрығына №3 қосымша



Жасөспірімдер арасындағы суицид, суициалды (әрекет және өзін-өзі өлтіру) жағдайларының алдын алу мақсатында құрылған аудандық жұмысшы тобының құрамы



  1. Т. Бөпежанов – аудандық білім бөлімінің бас маманы

  2. Ө.Төребай – аудандық білім бөлімінің бас маманы

  3. Б.Әбішов – аудандық әдістемелік кабинет әдіскері

4. Л.Мадиева – Шиелі психологиялық-дәрігерлік- педагогикалық

консультатция мекемесінің педагог-психологы

5. Ғ.Асқарова - №244 орта мектептің директоры

6. Ж.Баймұратова - №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназия директоры



7. Ұ.Найманбаева - №50 орта мектептің директоры

Бұйрық №367 19 қараша 2010 жыл Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және ұйымдастыру

Шиелі аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасының 2010 жылғы 12 қараша №342 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 28 қазандағы №4-12-2/

77.37kb.

01 10 2014
1 стр.


Бұйрық Ақтөбе қаласы №476 «23» 09. 2008ж. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы

Мектеп директорларына : №34 ом ( А. С.Қорғанбаев ), №16 ом (Ж. Д. Омарова), №47 ом ( А. Б. Жақсыбаева ), №36 ом ( Ш. О. Ахметова ), №26 ом ( Л. Т. Тажибаева), №25 ом ( О. В. Побирс

47.24kb.

02 10 2014
1 стр.


Еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, балалар мен жасөспірімдер гигиена кафедрасы

Тақырыбы: «Ароматты көмірсутегімен улану нәтижесінде пайда болған кәсіптік патологияны емдеу және алдын алу принциптері»

42.75kb.

11 09 2014
1 стр.


Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы қағидалар

Осы Қағидалар қосымша білім беру ұйымы ретінде олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің (бұдан әрі ормбжм) қызметін айқындайды

350.82kb.

16 12 2014
1 стр.


Халықтың осал топтары арасындағы алдын алу жұмысы

Житс оо мамандарымен облыстағы жалпы халық пен тұрғындардың осал оптары арасында алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде

18.25kb.

14 12 2014
1 стр.


Ғ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының 2011 жылдың қараша айына арналған репертуары

Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының 2011 жылдың қараша айына арналған репертуары

112.95kb.

07 10 2014
1 стр.


Министрліктердің, қызметкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум атырау қ. 3 қараша 2010 жыл

Орғау министрлігі атынан Министр Г. Н. Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі атынан А. С. Таспихов, Қазақстан Республикасының Мұнай

49.28kb.

04 09 2014
1 стр.


Алматы және Астана қалалары театрларының 2010 жылдың сәуір айына арналған репертуары

Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

231.92kb.

25 12 2014
1 стр.