Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
№122 мектепке дейінгі гимназия

Тәрбиеші: Букурова Ләйлә Шакарқызы



Тапсырма 1: «Көркем әдебиет» сабағының жоспарын құрастыру

«Қатынас» білім беру саласы.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қыс» (Р.Тышқанбаев)

Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілдерінің қысқы көрінісі мен ерекшелігі туралы білімдерін тереңдету.

Міндеттері: Балаларды есте сақтау, салыстыру, өз беттерімен ойлау, қортындылау дағдыларын дамыту. Өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге баулу.Сурет бойынша әңгіме құрастыруды, өмірмен байланыстыра білуді үйрету.Балалардың сөздік қорларын молайтып, тілін дамыту.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Блингвалдық компоненттері: Қыс-зима-winter , қар-снег- snow, суретші-художник-artist

Әдіс-тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлаудың әдістері, деңгейлік тапсырмалар,топпен жұмыс,топтастыру, сұрақ-жауап, ойын, проблемалық сұрақ., ой толғаныс, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу, айналамен танысу.

Көрнекілік құралдар: Суреттер топтамасы, сөзжұмбақ, сюжетті суреттер, аққала, шырша, қардың қиындылары.

Алдына ала жұмыс: ата-аналарға тапсырма: қыстың 3 айы неліктен желтоқсан, қаңтар, ақпан деп аталғаны туралы балаларына түсінік беру.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы


-Балалар терезе жаққа бұрылып,далаға көз салыңдаршы. -Ауа райы қандай деп ойлайсыңдар? Неге олай деп ойлайсыңдар? Ендеше қыс туралы әңгімелейік.

Ат сабылтып алыстан

Борандатып жетеді

Үш ай төрде қонақ боп

Аунап қунап кетеді.

-Қыста неше ай бар?

Қыс айларын атаңдар?

Неге Желтоқсан дейді?

Неге Қаңтар дейді?

Неге Ақпан дейді?

Толықтыру


Балалар көңілдерін терезеге аударып далада күн суық екенін айтады.

Қыс мезгілі мен құбылыстары жайлы туралы өз білетіндерін ортаға салады. Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Қыс айларын атап, неліктен желтоқсан, қаңтар, ақпан деп аталатынына түсінік береді.


Іздену-

ұйымдастырушы



-Сендер қыс мезгілін суреттедіңдер,

Ал жазушы Р. Тышқанбаев осы мезгілге арнап өлең жазған екен. Өлеңнің тақырыбын ойын «Сөзжұмбақ» шешу арқылы тауып алайық. Мына суреттердің (қасқыр, ыдыс, сиыр) бірінші әріпін алып сөз құрастырсаңдар өлеңнің аты шығады.

-Міне, балалар, бүгінгі тақырып Қыс

Мағынаны тану

-Қыс өлеңін мәнерлеп оқимын. Сендер әр шумақта не туралы айтылғанын мұқият тыңдап отырыңдар.

Шыңнан сырғып түсті де

Келді етекке қыс міне.

Ақ қарлар ақ көбелек,

Қонды үйлердің үстіне

Боран соғып бірде өкпек,

Үйге айдады кір деп тек.

Мұз көрпеге оранды,

Сулар тоңып дірдектеп.

Аулаға қар үйгізді,

Бетті аязға сүйгізді.

Тоңбасын деп теректер,

Қырау ішік кигізді.

Өлеңді талдау.

-Өлең не туралы? Қарлар қандай,Дала қандай күйге енді? Сулар қайтті? Теректер ше? Ауа райының суықтығын қалай суреттеген? Т.б

Қар түрлері туралы түсінік беру: Жапалақ қар, көбік қар, ақша қар, күртік қар, қиыршық қар, қырбық қар.

Сөздік жұмыс жүргізу

Сергіту сәті «Боран соқты»

Топпен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалармен таныстыру

1-топ – Берілген гүл құрамындағы пішіндерден аққала құрастыру

2-10 таяқшадан қар құрастыру

3-топ – берілген пішіндерден шырша құрастыру

Жұмыстарын тексеріп қортындылау

Ойлау, есте сақтау, зейіндерін дамытуға байланысты өлең жолдарындағы сұраққа жауап беру арқылы төрт жол өлең құрастырту.

Қар жауады қалай?

Кімдер? жүр шапалақтап,

Балалар не?киеді

Не? беттен сүйеді.



Сиыр,ыдыс, қасқыр суреттері бойынша жасырылған сөзді табады

Оқылған өлеңді зейін қойып тыңдайды.

Өлең мазмұнын талдайды.
Балалардың ықтимал жауаптары:

-Өлең қыс мезгіліндегі сырғанақ туралы.

-Дала аппақ

-Айнала қар жапқан

-Дала тау-тау қар

-Бала шананы сүйреп тауға шығып барады.

-Балалар сырғанақ теуіп ойнап жүр.

күртік қар, қиыршық, қырбық

қыс-зима-winter , қар-снег- snow, суретші-художник-artist

сөздерін қайталап еске сақтауға жаттығады.


Балалар белгілер арқылы қабілеті мен білімі бойынша 3 топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды.

Сұраққа жауап беру арқылы өлең құрастырады:

Қар жауады жапалақтап,

Балалар жүр шапалақтап.

Балалар қолғап киеді,

Аяз беттен сүйеді.




Рефлексивті

коррекциялаушы



Балалар естіп, көріп, оқып білгендерімізді қорытындылап жіберейік, қыс бізге қызығымен келген екен.

Топтастыру әдісі арқылы тақырыпты

қортындылату.

Балалардың жетістіктері мен іс-әрекет белсенділіктерін атап мадақтау, үлгі ету.



Берілген суреттердің ішінен қыс мезгіліне қатысы бар суреттерді таңдай отыра , алған себебін дәлелдеп топтастырады.




  • Күтілетін нәтиже:

  • Білуі қажет-Қыс мезгілі, қысқы ойын түрлерінің ерекшеліктерін білу

  • Қалыптасқан түсінігі-Әңгіме құрастыра білу, жаңа сөздің мәнін түсіну., алған білімдерін қолдана білуі

  • Орындаушылық қабілеі- көмекші сұрақтар арқылы өлең құрастыруға үйренеді. Тапсырманы өз бетінше, ұжыммен, шығармашылық пен орындау қабілеттері

Қолданылған сөз жұмбақ


С

Қ

ы


group 25

Балалардың топтастыруы





line 16line 25

oval 7 line 18 line 19 line 24



line 21
line 15



line 20


line 17


Тапсырма 2: Тірек сызба арқылы тақпақ жаттау схемасын жасаңыз.


Мен салған суретім Ғ. М. Құсайынова
Түрлі-түсті бояулар, Ойланып көрсек тағы да,

Қылқаламды алғызар. Көлдегі көп бақалар

Қиялға бізді жетелеп , Көбелек пен аралар,

Гүлді, күнді салғызар. Бәріне орын табылар.


Серуендегі қыздарға,

Маржан алқа тағылар.

Ал жасырынған қоянды,

Өздерің кәне, табыңда



Тірек сызба





Бөлімі: Көркем әдебиет Оқу іс-әрекетінің тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілдерінің қысқы көрінісі мен ерекшелігі туралы білімдерін тереңдету

61.2kb.

25 12 2014
1 стр.


Бөлімдері : «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту»,«Шығармашылық» Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Шұғыла" бөбекжайы МҚкм "Айналайын" тобынның ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»

592.82kb.

16 12 2014
4 стр.


Барлығы 32 сағат ОҚу іс-әрекетінің Үлгі жоспарлары оқу іс-әрекетінің тақырыбы

Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру

280.61kb.

25 12 2014
1 стр.


«Таным» білім беру саласы. Бөлімі: Айналамен таныстыру Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қысқы орман»

Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілінің қысқы көрінісі мен ерекшелігі туралы білімдерін тереңдету, жабайы аңдардың қысқы тіршілігімен таныстыру, театрландыру әрекеті арқылы балалардың тан

72.7kb.

25 12 2014
1 стр.


Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тәрбие сабағы Тақырыбы: Өткізген

Еліміздің мақтан тұтар көркем жері Көкше өңірімен, табиғатымен танысу, Ақын Ілияс Жансүгіров ойын анықтау және оған өз пікірлерін қоса отырып тақырыпты жан-жақты дамыта оқу, түсіну

37.35kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф-об-001/033 Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Тақырыбы: "Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы " Орындаған: 310-34 тобының студенті М. Дауылбаева

740.2kb.

17 12 2014
15 стр.


Оқу жылындағы №34 орта мектебінің ғылыми әдістеме жұмыстарының жоспары Тақырыбы

Тақырыбы: «Әрбір пән мұғалімінің педагогикалық шеберліктерін арттыра отырып, технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімін жоғары деңгейге көтеру»

122.29kb.

04 09 2014
1 стр.


Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау 2 Тақырыбы

Мақсаты: көрсетілген және қосымша әдебиет қолданумен сабақ тақырыбын өзін бетінше зерттеу және презентация түрінде зерттелген материалды жасау

49.45kb.

09 10 2014
1 стр.