БҚО.Ақжайық ауданы Чапаев ауылы
М.Әуезов атындағы №2 ОЖББ мектебінің
технология пәнінің мұғалімі
Тажкуранова Гүлмира Тыныштыбайқызы
Сабақтың тақырыбы: «Сәбізден жасалған котлет әзірлеу»
Сабақтың білімділік мақсаты:Көкөністің ағза үшін пайдасы туралы айта отырып, оқушыларға сәбізді өңдеуді, майға қуырып котлет жасауды үйрету.
Дамытушылық мақсаты:Еңбекті ұйымдастыра отырып, сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Көкөністен тағам дайындауды үйрету. Ұқыптылыққа, шеберлікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Аспаздық мамандықты меңгерту.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Биология,валеология.
Көрнекі құралдар: Нұсқау картасы, пайдалы кеңестер, буклеттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
а)Оқушыларды түгендеу
ә)Арнаулы киімдерін тексеру
б)Сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың түгел екендігіне көз жеткізу.
ІІ Өткен сабақты қайталау,еске түсіру.
Оқушылардан өткен сұрақты тест бойынша сұрау.
Оқушылар ең алдымен техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
а)Газбен жұмыс жасағандағы техникалық қауіпсіздік ережелері.
ә)Пышақпен жұмыс жасағандағы ережелер.
ІІІ Жаңа сабақ.
Адам ағзасына қажетті барлық энергия тамақпен келеді. Дұрыс тамақтану- денсаулықтың басты факторы. Ол адамның өмір сүруімен жұмысына жағымды әсерін тигізеді. Сондай-ақ тамақтануда минералды заттар үлкен қызмет атқарады. Тамақты дайындау барысында ең маңыздысы өнімдерді өңдеудің бар ережелерін сақтау. Бұл процесс 2 кезеңнен тұрады:
-алғашқы өңдеу; (сұрыптау, жуу, тазалау, кесу, майдалап турау)
-өнімді жылумен өңдеу; (пісіру, қуыру, бұқтырып пісіру, пассерлеу)
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сәбізден котлет жасау».
Сабағымызға 6-сыныптың «Аспазшылар», «Даяшылар» атты қыздар тобы, сондай-ақ биолог маман Толғанай Бақытжанқызы, мектеп мейірбикесі Алтын Нәжімеденқызы және мектеп аспазшысы Әсел Қабдықайырқызы қатысып отыр.
Жалпы сәбіз бәрімізге таныс күнделікті тамаққа қолданып жүрген көкөніс. Түсі қызыл сары.
Сәбізден не дайындайды? Қане кім айтады?
Иә, өте дұрыс.
Енді сәбіз өсіру технологиясы жөнінде бүгінгі сабағымыздың қонағы биология пәнінің мұғалімі Толғанай Бақытжанқызына сөз берейік.
-Сәбіз дәрумендерге,оның ішінде каротинге бай дақыл. Мысалы,1 кг сәбізде 25-тен 250 грамға дейін каротин болады. Күтіп-баптай білсе әр гектардан 30-35 тонна өнім алуға болады.
Сәбіз суыққа, құрғақшылыққа да төзімді өсімдік. Сәбіз құмдақ топырақтарда өсіп өнім бере алады. Себу мөлшері дәл болу үщін сәбіздің тұқымын себер алдында ағаш үгіндісімен,құммен немесе 10-15 кг түйіршікті суперфосфатпен араластырады.Сәбіздің 4-5 жапырағы пайда болған кезде оны сиретеді.Сәбізді аяз түскенше жинап алған жөн. Сәбізді қомаларда сақтайды +1+2 ˚С , ауа ылғалдылығы 90-95% шамасында болғаны жөн.
Оқушылар біздің ағзамызға сәбіздің тигізер пайдасы туралы келесі қонағымыз мектебіміздің дәрігері Алтын Нәжімеденқызы айта кетсін.
-Сәбіз ағзаны жұқпалы аурулардан сақтайды. Көзге пайдалы, ағзаның жетілуіне, дамуына ықпал жасайды. Іш қатқанда, бауыр, бүйрек, жүрек, қан тамырлары жүйесі ауырғанда пайдалы. Сәбіз шырыны әсіресе балаларға пайдалы. Ең жақсы сорты қызыл түсті шырынды келеді. Жөтелге ем. Сәбіз тағамда витаминнің жетіспеуінен болатын ауруды жояды, организімнің тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Ұнтақталған, кепкен сәбізді жараны жазатын дәрі - дәрмек ретінде пайдаланады.
Сәбізден қандай тағамдар дайындауға болатыны туралы аспазшы Әсел Қабдықайырқызы таныстырсын.
-Балалар сәбізден көптеген тағамдар пісіреді. Сәбізден шырын дайындалады. Әр түрлі салаттар жасалады. Сәбіз адамзат баласына біздің эрамызға дейін 2 мың жыл бұрын белгілі болған. Римдіктер оны дәмді тағам ретінде пайдаланған. Күнделікті тағамдарымыздың көбіне сәбіз қосамыз. Адам ағзасына қажетті бүкіл энергия тамақпен келеді. Оның ішінде көкөністердің пайдасы өте көп. Салат қаймақпен, майонезбен, тұздықпен дайындалады. Көптеген салат түрлеріне сәбіз қосылады. (Интербелсенді тақта арқылы салат түрлерін көрсетіп өтті).
Әр топ мүшелері кезекпен-кезек мақалдар айтты.
1.Ас адамның арқауы
2. Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама.
3. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
4. Ыдысына қарап асын іш.
1V.Сарамандық жұмыс.
Оқушылар өз беттерімен жұмыс жасайды.
Сәбізді жұқа етіп турап үккіштен немесе ет тартқыштан өткіземіз. Шұңғыл ыдыска салып сүт немесе су, маргарин қосып дайын болғанша уылжытып пісіреміз. Содан соң ұнтақ жармасын себелеп,әбден араластырамыз.Алынған массаны 40-50 С суытып, оған жұмыртқа, тұз қосып әбден араластыру керек. Алынған массаны үлестік бөліктерге бөліп,оларды кепкен ұнтаққа аунатамыз. Содан соң котлет пішініне келтіріп, май құйып табаларға салып, екі жағын да қуырып пісу шегіне жеткіземіз. Тағамды ұсынғанда әр сыбағаға 2 бас котлеттен ыдыстарға салу
Нұсқа картасы.
Сәбізден дайындалатын котлет
Жұмыстың орындалу тәртібі
|
Суреттеп көрсету
|
1.Керекті шикізаттар: Сәбіз, манна, жұмыртқа, кепкен нан, тұз, май, қаймақ
|
|
2.Сәбізді алғашқы өңдеуден өткізу
|
|
3.Сәбізді пісіру
|
|
4.Сәбізді жұқалап турау, туралған сәбізді еттартқыштан
өткізу
|
|
5.Сүт немесе су құю
|
|
Сапасына қойылатын талаптар. Қуырылған сәбіздің иісі мен дәмі сезілуі керек.Түсі қызыл сары, пішіні бұзылмаған, консистенциясы нәзік, қабығы қытырлап тұруы керек.
Сабақты қорытындылау.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
Сәбізден салат жасауды , тамаққа қосатынды
|
Әлі де әртүрлі тағам дайындауды
|
Сәбізден котлет жасауды
|
Қауіпсіз тамақтану жөніндегі ДДҰ кеңестері:
Қауіпсіз болу үшін өңделген тамақтарды таңдаңыз.
Пайдалы кеңес:
Дайын тамақты ертеңге қалдырмай бірақ ішіп қойыңыз.
-
Пісірілген тамақты сақтауда, сақтау ережесін бұлжытпай орындаңыз.
-
Дайын тамақты дұрыстап толық ысытыңыз.
-
Шикі тамақтар пісірілген тамақтарға жақын болмасын.
-
Қолды бірнеше рет жуыңыз.
-
Асхана тазалығын ұстаңыз.
-
Өнімдерді жәндіктерден, кеміргіштерден қорғаңыз.
-
Таза немесе қайнаған суды қолданыңыз.
Бағалау. Топты бағалау. Әр топ дастархан мәзірін жасайды.
Үйге тапсырма. Үйден сәбізден тағы да басқа салат түрлерін жасаудың технологиясын дәптерлеріне жазып келу
Тамақтану пирамидасы
Сабақтан көрініс










Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Мектептегі технология» журналдары.
2. «Шаңырақ» энциклопедиясы.
3. «Технология» оқулығы 6-сынып.
4. «Аспаздық» авторы Г.Бесімбаева, Е.Бесімбаев