Перейти на главную страницу
І БӨЛІМ Психологияның ежелгі таным ретіндегі ғылыми-теориялық аспектілері.
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………..70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………….72
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………..75
Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. ҚР-сы Президентінің 2004 жылғы 11 қазанда №1459 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» әлемдік тәжірибе мен тұрақты дамуы қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жақсарту басты міндеттердің бірі деп қарастырды. Бағдарламада білім беру процесінің оқу әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру туралы сөз болды. Ал елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әдемдегі жаңа Қазақстан» (28.02.2007ж.) атты халыққа жолдауында осы заманғы білім адамзаттың сана сезімін дамытып, жаңа күш-қуат беретіндей болуы қажет екенін атап өтті.
Қазақ халқы бұрыннан «Жан бар жерде қаза бар», «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың, жаны сау», «Жан кеудеге қонақ» деп жан дүниесініңсыры жайлы пікірлер білдірген. «Психология –ежелгі таным. Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың ерекшелігі» атты жұмыста да жоғарыда көрсетілген мәселелер қарастырылған. Онда барлық адамзаттың жан дүниесі мен тәнінің құпия –сырлары, адам тәнінің күш-қуат көздері, адамның медитация арқылы өз ішкі әлемін тануы біздің қоғам үшін жаңа ақпараттар болып табылады. Ұмыт болған эзотерика ғылымы мен өмірде жиі қолданатын экзотерикалық ілімдердің психологиямен байланыстылығы қарастырылды.
Жұмыс барысында астрология ілімінің адам психикасына ықпалы; Друнвало Мельхиседектың адам чакрасының жүйесі; Лобсанг Рампаның тән аурасына қатысты мәселелері мен тәжірибелік нұсқасы; ежелгі Шығыс шеберлерінің адамның ішкі жан дүниесін тазартуға бағытталған медитациялық әдістері; Үнді философы Раджниш Ошоның психология ғылымына сыни пікірлері мен салыстырмалары, жаңа білімге ұсыныстары; ежелгі және қазіргі таңдағы Батыс философтары мен психологтарының жан мен тәнге қатысты көзқарастары мен зерттеулерінің мән-мағынасы ашылды. Сонымен қоса Американ психотерапевті Мильтон Эриксонның емдік гипноздық техникалары мен әдістері; жаңа заманғы медитацияның технологиялары кеңінен пайдаланылды.
Қазіргі кезде Қазақстанның жан-жақты ғылым саласында дамуының басты себебі адам білімінің нәтижесі екенін көруге болады. Адам білімін жетілдіру барысында өзін-өзі дамытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады. Бүгінде эзотерика адамзат біле бермейтін құпия сақталған адам жаны мен тәнінің сырларын психологиялық тұрғыда ашқалы отыр. Мұндай көне ілімді меңгеру әсіресе психология мамандығында оқитын студенттерге өте қажетті әрі өзекті мәселе болып табылады. Өйткені адамның күш-қуаттарының көзі чакралар арқылы психолог адамның күй -жағдайын, өзін-өзі жетілдіруінің деңгейін анықтай алатын болса, адам тәнінен шығатын аура арқылы оның эмоционалды көңіл-күйін, денсаулығын, өзін тұлға ретінде қалыптастырған деңгейін білуге мүмкіндік алады.
Диплом жұмысының мақсаты.
Психология ғылымының ежелден келе жатқан танымдық ғылым екендігін ғылыми эксперименталды жолмен дәлелдеу және қазіргі таңдағы дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың әдіснамалық- теориялық аспектілерінің мәнін ашу.
Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастарды терең қарастырған жағдайда ғылыми -әдістемелік тұрғыдан дұрыс басшылыққа алғанда, адам жаны мен тәнінің арасындағы тығыз байланыстың болатындығын дәлелдеуге болады.
1. Психологияның ежелден келе жатқан танымдық ғылым екендігі теориялық әдебиеттерге сүйене отырып талданды.
2. Адам тәні мен жанының құпия-сырлары жайында дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың аспектілері айқындалды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні.
Қазіргі заман талабына сәйкес адамның өзін-өзі тануна бағытталған эзотерикалық ілімдерді, астрологияны, адамның жан дүниесі мен тәнінің күш-қуаттарына қатысты әдіснамаларды терең басшылыққа алатын құнды материал болмақ.
Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастар.
Адамның беймәлім құпия сырлары мен қырларын ашуда эзотериялық ілімдердің психология ғылымдарында орын алуы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 79–бет, қолданған әдебиеттер тізімі 65-әдебиеттер қатарынан тұрады.
Тарихтың ежелгі кезінен-ақ қоғамдық жағдайлар адамдардың бір-бірінен ерекшеліктерін айыра алуға, мінез-құлқын түсінуге мәжбүр еткен. Қай кезеңді алып қарасақ та, психология ғылымы адамдардың ішкі және сыртқы әлемімен қатар жүріп отырған. Оған мысал ретінде екі адамның бір-бірімен танысуын алайық. Мұнда бір адам мен екінші адамның бір-бірін қабылдауы, ол туралы өзіндік ойы, сөйлеуі арқылы пікір алмасуы, эмоция мен сезімі, мінезі мен адами қасиеттерінің кейбір жақтары алғашқы танысудан-ақ байқалады. Бұл жағдайды тұтасымен алғанда психикалық құбылыстардың элементтері құралады. Бір қарағанда қарапайым ғылым сияқты көрінгенімен психологияның дербес ғылым болуына қаншама ғасырлар қажет болған. Алғашында адамдар « мен кіммін?», «мені кім жаратты?», «жан дегеніміз не?», «ол қай жерде орналасқан?» секілді философиялық сұрақтардан бастаған. Бұл мәселелерді психология философиядан дербес ғылым ретінде бөлініп шыққаннан кейін тереңдете зерттей бастаған. Психология өз дамуында ұзақ жолды жүруіне қарамастан, нақты объекті мен пәнін, мақсатын қаншама рет өзгерткен.
Бірінші кезеңде психологияға жанды зерттейтін ғылым деген атау шамамен екі мың жыл бұрын берілген. Адамдардың өміріндегі түсініксіз жағдайларын жан арқылы түсіндіруге тырысқан.
Екінші кезеңде психология сана туралы ғылым деп аталынған. Оның басты себебі V ғасырдағы жаратылыстану пәнінің дамуына байланысты. Ол заманда сезіне алу, ойлау қабілеттерін ойлау процестерін санаға жатқызғандықтан, зерттеу әдісі ретінде адамның өзін-өзі бақылауы мен фактілерін жүйелеп баяндауын негізге алған.
Жоғарыда көрсетілген психологияның салалары дәстүрлі тұрғыда қолданылатын болса, ал төмендегі психологияға қатысы бар ғылымдар дәстүрлі емес түріне мысал бола алады. Солардың бірі эзотериялық ілімдер. Эзотериялық мұралармен танысу біздің ойлауымызды өзгертеді.Ол біздің материалисттік бейнедегі ойлауымызға қарсы тұрып, болашақта кездесетін көкейкесті мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Сол себептен бұл көне білім әмбебап және әрқашан түрлі уақыт кезеңі мен мәдениетінде анық көрініс тауып отырған. Мұндай ішкі білім шеңберіне тәуелсіз болу, яғни адамның өзіндік бостандығы негіз бола алады.
Соңғы жылдары көне білім өзіне жаңа формадағы ұғымдарды, әдістерді тез қалыптастыруда. Демек, осы тақырыптарды тақырыптық шеңберге кірістіруге кез келді деген сөз.
Эзотерика - бұл адамның жеке санасы, әлемдік білім мен адам тәнінің, денсаулығының нәтижесін, ақыл мен жанның жиынтығын белгілі тәсілмен тегіс қамти алатын әдістер болып табылады. Грек тілінде «эзотерика» арнаулы адамдарға пайдалануға болатын немесе «құпия ілім» деген ұғымды білдіреді. «Эзотерика» қарама -қарсы ұғымда, яғни құпиядан жалпыға хабарлауға болатын білім ретінде де қарастырылады. Қазіргі таңдағы эзотерика ұғымына кең көлемдегі мәселелер: оккультизм, мистика, альтернативті медицина, шекаралық ғылымдар, кешенді ойлау, метафизика, сананы кеңейту т.б. мысал бола алады.
Эзотерика адамның іс-әрекетін, ойлау бейнесін, емдеу тәсілдері мен шығармашылық энергияның байланысын анықтайды. Ол өзінің түсіндіруінде тек рационалды анализ, логикалық ойлау, адам мен әлемді материалисттік тұрғыда қабылдауға негізделмейді. Эзотерика сол жақ жарты шарының қызметінің көмегімен жоғары білімге жетуге болатынын айқындаумен қатар, оң жақ жарты шарлары аймағының да « икемді» қасиеттерге ие, яғни жасырын өмірлік процестерді –интуиция, аналитикалық және интуитивтік ойлауға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Ақиқат жолы мен тегіс қамтитын ұғымға жету тек жарты шарлар қызметіне қатысты болмаған кезде ғана нәтижесін беретініне сүйенеді. Бүгінде эзотерика ақыл орнын басуға, қандай да бір ғылымның, қоғамның алдында жауапкершілікте болуға тырыспайды. Керісінше, біздің көзқарасымызды, білімімізді жетілдіруге, қабілетімізді дамытуға, өзіміз туралы білуге, өз түсінігімізді тереңдету үшін иррационалды, әмбебап тәжірибе арқылы таным әдістерінің көмегімен кеңейтуге ықпал жасайды. Қандай кезеңді алып қарасақ та, қоғамға көмегі тиер физикалық және рухани адамды дамыту актуалды мәселелердің бірі. Сол үшін басты мақсат ретінде эзотериканы жаңа жолдар арқылы түсіндірілуі қажет. Мысал ретінде мына сұрақты алайық. Біз, адамзат әлі күнге дейін өзімізді құпияның бір бөлігі екенімізді түсінбесек немесе танымасақ, өмір құпияларына қалай сенеміз? Жауап: мұндай жағдайда әрбір адамның өзін-өзі тануы, өзіндік жетілдіруіне тікелей байланысты. Бүгінгі қоғамдағы адамзаттың көкейкесті мәселе ретінде қарастыратын сұрақтары көне эзотерика шеңберінде бұрынғы заманнан орын алған. Оған мысал; әлем мен жеке тұлға арасында қандай байланыстар бар? өзін-өзі тану дегеніміз не ? Бұл ең басты өзімізге қоятын негізгі сұрақтар. Сұрақтарға ғылыми –жаратылыстану, рационалды-философиялық, әлеуметтік және эстетикалық тұрғыда жауап табу ыңғайлы, бірақ рухани, эзотериялық, интуитивті әдістер де құнды. Себебі эзотерика - адамның жаны мен жердегі тіршілік иелерінің үйлесімділігін зерттейтін ежелгі ғылым. Ол рухани ішкі күшті материядан жоғары қоятындығымен ерекшелінеді. Эзотерика гармонияны қалыптастыру үшін рухани тәжірибеге сүйенеді. Әсіресе адамдардың өзінің ішкі қабілеттерін, өзін-өзі тануына мүмкіндік береді. Адамдардың барлық эволюциялық даму жолында эзотериялық білімдер құпия білім деп саналған. Оның құпияда сақталынуының себебі қоғамның санасы оны қабылдауға дайын еместігі мен оны дұрыс пайдалана алмауында еді. Бұрынғы, мейлі қазіргі заманғы адамдар болсын, олардың әлемді өзіне бағындыру үшін бағытталған эзотериялық білімді дұрыс пайдаланбауы өздеріне зардабын тигізуде. Кез келген білімді дұрыс пайдаланбау, адамдарға қауіп төндіреді. Сондықтан эзотериялық білімдер өте күрделі болғандықтан, оны бұрынғы, қазіргі заман адамдары да аз қолданады. Олардың көпшілігі бұл ілімді жоққа шығарады. Себебі ол адамдар өзінің өмірінің терең мағынасы неде жатқанына мән бермейді.
Ал балалық шаққа қатысты астрология ол баланы гороскоп бойынша тәрбиелеуге, кәсіби бағыт беру мен төтенше жағдайдан шығаруға бағыт береді. Қазіргі қоғамымызда адамды табиғат емес, әлеуметтік жағдайлардың әсер етуі жеке адамның бостандығын бұзуда. Адам тірі, ойлағыш материя ретінде жердің шегінен шыға алмайды. Ол дүниенің бір бөлшегі болғандықтан физикалық, биологиялық және ақпараттық деңгейде қатынаста болады. Бүкіл адамзаттық сана әлемдік сананың бір бөлшегі. Мұнда қазіргі ғылымның қалыптастырған әлемдік бірлігі, антропты, фундаменталды принциптері көрінеді. Ұстанымның басты элементі адам болғандықтан, дүние жүзі антропты принципін пифагорлықтар жариялаған. Қазіргі кездегі ғылым оны қайта дамытқан.
Бала жеті жасқа дейін органикалық деңгейде өседі. Ол сыртқы ортаға, отбасына адаптацияланады. 7 -ден 14 жасқа дейін жекелік бейнесі қалыптасуымен қатар өз күші мен қабілеттерін сынай бастайды. 14 пен 21 жас аралығында өзін өзгерту кезеңі. Мұнда бала сексуалдық, агрессивтілік пен ата-ана рөлдерін қайта қарап, жаңа қарым –қатынасқа түсетін ортаға шығуға талпынады. Балалық шақта көптеген планеталар әсерін тигізеді. Мысалы: Меркурий ойлауға жауап беретін болса, ал Шолпан ақыл-ойдың дамуына, Ай рухани, эмоционалды,психологиялық тұрғыда қалыптасуына, ата-аналары мен құрбыларының эмоционалдық қатынаста байланысуына ықпалын тигізеді. Әрине бұл кезеңде баланың жан дүниесін, құлық мотивін анықтау тек ата-ана үшін ғана емес,бала үшін де түсініксіз болып келеді.Сондықтан астрология көмегімен баланы тәрбиелеу абстрактты идеал адамды қалыптастыру емес, керісінше бала бойындағы тума қасиеттерін ашуға көмектеседі. Егер тәрбиелеушілер өзіне бағынушылардың және өзінің тәжірибесі мен интуициясына сенсе, барлық мәселелер қателіксіз шешілер еді. Себебі бір ғана педагогикалық білімге сүйену аздық етеді. Психологиялық немесе гуманисттік астрология өзіне мынадай сұрақтар қояды: Адам жанында қандай күштер бар, оны үйлесімді күшке қалай әкелуге болады? Мұндай түрдегі астрологияны қазіргі уақытта ғалымдар игеруде. Оған адамның өзін жекелік еркін және салыстырмалы түрде ұжымның бір бөлшегі ретінде сезіне бастауы мысал бола алады.
Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы
17 12 2014
3 стр.
Шығарманы жазу себебі: Мен өз отанымды сүйгендіктен, жүректегі Отанға деген сезімді жалынды құштарлықпен айтып, өркенін кеңінен жайған жас тәуелсіз, дербес мемлекет – Қазақстан атт
25 12 2014
1 стр.
Ткен ғасырдың аса құндылы ән-күйлері, термесі, жыры, қисса мен халықтың музыкалық шығармашылығының негізінде жас ұрпақты адамгершілік рухта, музыкалы-эстетикалық нәзік сезімге тәрб
25 12 2014
1 стр.
14 12 2014
4 стр.
Одан халқымыздың сал-серілігін көруге болады. Ертеде белдік,ілгек-қапсырма,білезік, жүзік салмайтын қыз-келіншек сирек кездескен. Әсіресе, күмістен жасалған бұйымдарға үлкен мән бе
25 12 2014
1 стр.
Еліміз егемендік алғалы бері ұлттық салт-дәстүрімізге, сана-есімізге, ұлттық мектептерімізге лайық оқулық түзу мәселесі-қазіргі таңның аса күрделі де өзекті мәселесінің бірі
17 12 2014
19 стр.
Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты наным сенімінен туындайды. Еліміз
25 12 2014
1 стр.
Осы орайда «Мирас» мектебінде қазақ тілінің қызмет аясын кеңейту, бұл тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жетілдіру, тіл оқытудың жаңа технологияларының озық үлгілерін білім бе
25 12 2014
1 стр.