Перейти на главную страницу
Өндірістік бөлімшелерде күндізгі уақытта табиғи жарықты қамтамасыз ететін әйнек рамалары бар терезе орнатылуы қажет.
Бөлімшелердегі жарық қарапайым шамдар орнатылған жағдайда 20-30 лк немесе күндізгі шамдар орнатылған жағдайда 75-100 лк болуы керек.
Монометрлер, термометрлер мен басқа да көрсеткіш приборлары қызмет көрсетуші жұмысшыға жақсы, анық көрінетіндей орналасуы қажет.
Жарықпен дұрыс қамтамасыз ету бақытсыз жағдайды азайтып, жұмыс өнімділігін арттырады. Тәжірибеде көрсеткендей, жарық жеткілікті жұмыс орнында жұмыс өнімділігі 15 % артады.
Жарық техникалық, санитарлы – гигиеналық нормаға сай болуы тиімді деп аталады.
Өндірісте осы нормаға сай жарықты жасау оның негізгі және актуальды есептерінің бірі болып табылады.
Жұмыс орындарында табиғи және жасанды жарық көздерін пайдаланады.
Табиғи жарық терезеден немесе төбеден арнайы жасалған жарық көздеріне түседі. Табиғи арнайы жасалған жарық көздеріне түседі. Табиғи жарық жыл мезгілдерінде және тәулікке, сонымен қатар, атмосфералық жағдайға байланысты жиі өзгеріп тұрады. Жарықтың түсуіне құрылыстың орналасу жағдайы, айнамен қапталған бетінің, өлшемі, терезенің орналасуы мен формасы, қарсы құрылыспен ара қашықтығы байланысты.
Табиғи жарық-адамға ең жақсы, тиімді жарық, бірақ ол толығымен керегімізді қамтамасыз ете алмайды, сондықтан жасанды жарық көздерін көп пайдаланамыз.
Рациональды жасанды жарық та жұмыс орнына, бірқалыпты, ешқандай өзгеріссіз жағымды жергілікті түрде беріледі. Сондықтан жұмыс орнына рациональды жарық жасау үшін жалпы және жеке жарықтандырулар жасау керек.
Цехтың жобасын жасағанда табиғи жасанды жарықтың қажеттілігі есептеледі.
Жұмыс орнын жарықтандыру үшін пайдаланатын электр лампасына қоса түрлі құрал-жабдықтар пайдаланылады, олар жарық төбесінің бағытына қарай аз шығын жұмсалып алатын электр лампасына, сонымен қатар жұмысшылардың көздерін зақымдайтын жарықтан сақтау үшін, кейбір жағдайларда жарық көздерінің спектрлі құрамын өзгерту үшін пайдаланылады.
Оның формуласы келесідей:
Fc -светильниктің шағылысатын жарық ағыны, лм
Fn – лампаның жарық ағыны, лм.
Соңғы кезде өндіріс орындарын жарықтандыру үшін, жарықтандырудың жаңа жарық түрлері кеңінен қолданылуда, олар жұмыс орнын тегіс, бірдей жарықтандырады және адамның жұмыс қабілеттілігін арттырады.
Жарықтандыру құрылғыларын пайдаланған кезде тұрақты кернеулікті сақтап. Оның себептерінің шығып және өзгеріп тұруын реттеу керек. Жарықтандыруды өлшеу, бақылау үш айда бір рет жүргізіліп тұрады.
10.3 Электр қауіпсіздігі.
Қазіргі уақытта қандай болсын өнеркәсіпті электр энергияны қолданусыз жұмыс істеуінің өзін елестету қиын. Еліміздегі халық шаруашылығының қарқынды дамуы, өндіріске жаңа техника, автоматизация ендіру технологиялық процесс механизациясы электр энергиясын тұтынуға үлкен қажеттілік тудырады.
Оны кең көлемде адамдардың да электр қондырғысының эксплутациялық қауіпсіздік ережесінен кең көлемде танылуға қажеттілік тудырады, бұл ережелерді сақтамау өртке, адам өліміне, бұзылуға әкеледі.
4.4 Жеке қорғаныс құралдары
Цехтағы жұмыс орындары атмосфераға газ, бу, шаң түрінде денсаулыққа қауіпті зиынды заттар бөлінеді. Сондықтан қызмет көрсетушілер мен жұмысшыларға тегін берілетін жеке қорғаныс құралдарына арнайы киім, арнайы аяқ киім және т.б. жатады.
1. арнайы киім:
1.1 Механикалық бүлінулер мен жалпы өндірістік ластанудан сақтауға арналған: Мест 27575 -87 жалпы өндірістік ластау мен механикалық әсерлерден қорғауға арналған ерлер кеудешесі: МЕст 27574-87 әйелдер кеудешесі; ТШ 27574-87; әйелдер халаттары.
1.1 Механикалық әсерлерден, су мен сілтіден қорғауға арналған аранйы киім: МЕст 12. 4039-78 Механилық әсерлерден, су мен сілтіден қорғауға арналған арнайы киім. Әйелдер кеудешесі.
МЕст 12. 40.38 -78. Ерлер кеудешесі.
2. Арнайы аяқ киім:
2.1 Майлы беттермен сырғанаудан сақтауға арналған: Мост 12.4.033-77 Майлы бетпен сырғанаудан сақтайтын аяқ киім.
3. Тыныс алу органдарының құралдары:
3.1 Адамның тыныс алу органдарын сақтау үшін ТШ 6-16-2053-76 Шлангті противогаз.
Жалпы және жергілікті аспирацияны қолдану әрқашан ауа ортаны толықтай тазарта алмайды. Тыныс алуға қауіпті рұқсат етілген нормадан асатын концентрациялар бөлшектеніп зиянды заттар анықталып жатады. Бұл жағдайда жеңіл фильтреуші жеке қорғау құралы респираторды қолдануға ұсынады.
Жұмыс барысы кезінде адамға қауіпті және зиянды жағдайлар болуы мүмкін.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар 4 топқа бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық және психологиялық.
Қауіпті физикалық факторларға мыналар жатады: әртүрлі жүктерді жоғары көтеріп араластыратын құралдар, жан-жағы қоршалмаған, ашық жылжымалы қондырғылар, тасымалдаушы механизмдер, айналдыратын және араластыратын қондырғылар, электр тогы, жоғары температура.
Денсаулыққа зиянды химиялық факторларға мыналар жатады: жұмыс орнындағы жоғары және төмен температура, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы, қатты шу, ультра дыбыс және әр түрлі шағылысу-жылулық, йондық, электромагниттік, информациялық және басқа да. Сонымен қатар жұмыс орнының шаң-тозаң болуы, ауасы таза болмауы, жарықтың өте жоғары және төмен болуы, жүру жолдарының тарлығы.
Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар адам организміне әсер етуіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: улану, жаралану; сенсибилизсерлі, концерогенді, мутогенді. Бұл топқа түрлі газ бен булар, күкірт қышқылы, улы шаң тозаңдар жатады.
Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға мыналар жатады: микрооргонизмдер (бактерия, вирус) жән макрооргинзмдер (өсімдік және жануар) бұлардың әсерінен жарақат және аурулар пайда болуы мүмікн.
Психологиялық қауіпті және зиянды факторларға мыналар жатады: ауыр еңбек (статистикалық және динамикалық) және жүйкепсихикалық аурулар (жүйкеге күш түсіру), есту және көру мүшелерінің шаршауы.
Электр тогы адам ағзасының жүйке ұлпаларын зақымдайды, бұл өлімге әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар электр тогы жергілікті күюді тудыруы мүмкін.
Электр тогынан қорғану үшін арнайы кешенді іс-шаралар жүргізіледі. Оларды әрдайым және жабдықтарды жөндегенде іске асырады.
Әр жұмыс орнында нұсқада токтан қорғану ережесі болуы тиіс.
Электр құралдарын жөндеуге тек арнайы маман жіберіледі. Бұл құрылғылар жөнделініп жатқанда арнайы ескерту плакаты ілінеді. Электр құралдарын қолданғанда жеке арнайы қорғау құралдарын пайдаланған жөн. Электр торабына қосымша двигательдері мен құралдарды өздігімен қоспауы тиіс. Осы себептен өздігінен жасаған қорғаушы предохранительді қолдануға болмайды. Жөндеуге арнайы құралдар қолданылады. Қорғаушы киімдер мен құралдар әрдайым тексеріліп отырады.
4.5.1 Өндірістегі қауіпті және зиянды факторларды талдау және техникалық қорғаныс жасау шаралары
Жұмыс орындарындағы қауіпті шарттарға жұмысшыларға әсер ететін әртүрлі зиянды заттарды жатқызуға болады. Бұл зиянды әсерлер жарақаттың пайда болуына әкеледі және жұмыстың өтуіне кедергі жасайды. Сондықтан да төменде олардың түрлері мен болдырмайтын жолдары қарастырылады.
Күкірт қышқылымен жұмыс жасағанда туындайтын негізгі қауіп-күю. Қышқылдардың үлгілерін тек қана ұстағышы бар. Жәшіктермен тасымалдауға рұқсат етіледі, жұмыс уақытында жұмысшы көзіне тию қаупінен абай болу керек. Бұл жағдайда жұмысшы резиналық етік, мақта қағазды киім, резиналық қолғап және қорғау көзілдірігін тағу қажет.
Майлы қышқылын дистилляциялау цехындағы қауіпсіз шарттардың біріншісі – жұмыс орнының таза және жинақы болуы. Құлау мен травмалық жарақаттарды болдырмау үшін еден құрғақ және таза болуы керек
Егер қышқыл төгілсе, онда еденнің сәйкесінде аймағына құрғақ ағаш жаңқаларын себеді, содан кейін оларды металл күрекпен жинап алып, оларды металл қоқыс жәшікке тастайды. Содан кейін еденді сумен жуып, құрғақ сүрткішпен сүртеді.
Цехта электр немесе газ пісіруін қолданумен жасалатын жөндеу жұмыстары тек қана техникалық басшының рұқсатымен іске асырылады. Жабдықтар шикізаттың түріне және басқа да жанатын материалдардан ажыратылуы керек.
Жұмыс орнында темекі шегуге болмайды, темекі шегуге арнайы орындар беріледі, әдетте тұрмыстық бөліс. Жүретін жолдарды бөгде нәрселермен бөгемеу қажет, сонымен өрт сөндіруге арналған шланганың жолын және су көзі жолын ештеңемен бөгемеу қажет.
4.6.1 Өрт сөндіргіш заттар
Бұл, өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын негізгі қазіргі заманғы өрт сөндіру заттары болып келесідегілер жатады: су, құм, көпіршік, жоғарғы активті заттар, ұнтақтар, көмірқышқыл, инертті газдар және басқалар, осылардың негізінде ОП,ОХП және басқалары сияқты өртсөндіргіштері құрылған.
Өрт қауіпсіздік шаралары:
Шекарасында және бөлімшелерде темекі шегу тек арнайы белгіленген орындарда рұқсат етіледі. Бұл орындарда МЕст 12.4.026-76 бойынша сілтеме белгілер ілінуі қажет.
Арнайы киімдер, майланған материалдар өндіріс бөлемшелерінде сақтау, сонымен қатар сүрткіштерді кептіру рұқсат етілмейді.
5. Экология бөлімі
Өндірістік даму қарқындылығы қоршаған ортаны зиянды заттармен ластанумен қатар жүретіндігін ескеру қажет. Зиянды заттар улылығы және зиянды әсер ету нәтижесінде атмосферада елеусіз мөлшерде болғанның өзінде тек қана адам өміріне ғана емес, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктерге, су қоймалары мен жер қабатына қауіп төндіреді, құрылыс ғимараттарын бұзып, өзге де адам жасаған материалдық құндылықтарға зиянын тигізеді.
Республикада өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың мониторгингін, оларды сақтауды, ұсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемелекеттік жүйесі жоқ.
Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарының 20 млр тоннадан астамы, оның ішінде 607 млрд тонна улы заттар жинақталған, әрі олардың ұлғаю үрдісі байқалуда.
Бұл ескірген технологияларды қолданумен, сапасыз шикізатпен және отынмен, цехтағы өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсіндіріледі.
Жаңа өндірістің жоспарланған құрылысы және өндірістік қуаттылығының жоғарлауы, өндірістік қалдық құрамының өсуіне әкеледі.
Кептірілген және қыздырылған майлы қышқылдар жылытқыштан өз ағысымен дистлляциялық аппаратқа түседі. Майлы қышқылдар соңғы секциясынан дистилденбеген қалдық жинағыш – тоңазытқышқа жіберіледі, одан бакқа барады. Дистилденбеген қалдықты майлы қышқылын бөлгіш аппаратқа жібереді, онда қайтадан 25 - 30% күкірт қышқылымен өңдейді. Бұдан шығатын дистилляцияланған майлы қышқыл қабылдағышқа барады.
Майлы қышқылдар 200–2400С дейін жоғары температуралы органикалық жылубергіш (ЖОЖ) бумен қыздырылады, дистилляциялық аппараттың құбырлы жылытқыш элементі бойынша циркуляцияланады. ЖОЖ буы арнайы булы генераторда өңделеді.
Майлы қышқылы және судың буы аппараттан эжектор көмегімен сорылып, беттік конденсаторға түседі. Бұл жерде майлы қышқылының буы 800С дейін салқындатады, конденсирленеді және қабылдағышқа жиналады, одан жинағыш қорапқа айдалады.
800С дейін салқындатылған сулы бу және конденсирленбеген газ эжектормен бірінші уақытаралық конденсаторға барады, ол жерде бу конденсирленеді.
Аулағышқа сонымен бірге жеңіл қайнайтын майлы қышқылының буы және суы вакуум кептіргіш аппаратқа түседі. Мұнда қоспа конденсирленеді және конденсат уақытаралық қабылдағышқа құйылады, сөйтіп қоймаға айдайды.
Беттік конденсатор және қалдық жинағыш үшін хладегент болып, свлқындатылған сулы конденсат табылады. Қыздырылған конденсат горизантальды беттік тоңазытқыш арқылы айдалады, айдау аралығында сумен салқындатылады және конденсаторға және дистилденбеген қалдық үшін вакуум қабылдағықа түседі.
Дистилденбеген кубты қалдық екпіншілік ыдыратуға және дистиляцияны қайталауға жібереді. Екіншілік немесе үшіншілік дистиляциядан кейін қалдықт бөлек құяды және май өңдейтін өндірістен басқа өндірісте қолданады.
Дистиляцияланған майлы қышқылын алу технологиясындағы өндірістің қалдықтары:
а) ұшқыш погондар.
б) кубты қалдық (полугудрон).
Ұшқыш погондар төмен температурада қайнайтын майлы қышқылдар қоспасына жатады. Ұшқыш погондардың мөлшері тұрақты емес және майлы қышқылдары шығатын ылғалдығына, шикі заттың сапасына, майлы қышқылдың ластану дәрежесіне, өнімнің қышқылдануына және майды өңдеу кезінде алдыңғы технологиялық стадияларына байланысты.
Мақта соапстогының дистиляцияланған майлы қышқылының кубты қалдығы 1т ДМҚ–324кг, ашық түсті өсімдік майының соапстогында 1т– 276кг.
Кубты қалдық (полугудрон) құрамына кіреді:
Майлы қышқылының жоғарғы температурада қайнайтын фракциясы, өнімнің полимеризациясы, ұшқыш емес қоспалар (гудрон), мақта соапстогының майлы қышқылын дистилляциялау кезінде алынған көрсеткіштер ТУ 10 – 04 – 02 – 49 – 89 келесі кестеде көрсетілген.
Кесте
Көрсеткіштің аты |
1 түрі |
2 түрі |
Сыртқы түрі |
Біркелкі масса қара қоңырдан қара түске дейін | |
Қышқылдық саны, мг КОН |
700 - 400 |
50-70 |
Ацетондағы ерігіштігі, % |
80 |
70 |
Күлдің массалық бөлігі, % |
1,0 |
1,2 |
Ылғалдың және ұшқыш заттың массалық бөлігі, % |
4,0 |
4,0 |
Кубты қалдықты (полугудрон) СКТ – 10 литейлі қатырғыш өндірісінде қолданады. Дистилляцияланған майлы қышқыл өндірісіндегі лас сулар, оның мөлшері мен сапалық құрамын берілген технологиямен анықтайды және төмендегідей тұратын сулы қоспа болып табылады:
в) дистиляцияға келіп түсетін шикі майлы қышқылындағы ылғалдылық;
г) майлы қышқылының қоспалары.
Булы эжекторлы вакуум – насостан кейінгі лас сулардың майлы қышқылдармен ластануы 25,5 мг/л құрайды. Бұл су майаулағышқа барады содан кейін флотацияға жіберіледі.
Барометрлік судың мөлшері 19,6м3/сағ құрайды. Қондырғының үздіксіз жұмыс істеу кезінде 470,4 м3/тәул құрайды.
Материалды құбырларды үру үшін қолданылатын бу конденсаты 1% майлы қышқылын құрайды. Үру үшін будың мөлшері 2%-тен дистилляцияланған майлы қышқылын қабылдайды, яғни соапстогтың майлы қышқылын дистилляциялау кезінде майлы қышқылмен ластанған конденсат пайда болады 24 ∙ 0,02 = 0,48т/тәул.
Майлы қышқылдар мөлшермен
0,48 ∙ 0,01 = 0,0048 т/тәул. (4,8т/тәул.)
Бұл сулар майаулағышқа барады, содан кейін флотацияға жіберіледі.
Дистилляцияланған тазалағышқа әртүрлі өнімдерін ластаған, олардың қышқылдануы және еруі, шикізатты сақтау кезінде жүретін ластанатын майлы қышқылдары келіп түседі. Бұл шикі майлы қышқылына жағымсыз иіс береді. Көміртегі және азот қышқылы бөлінетін жері булы генератор. Ол жыл сайын 239м3 табиғи газды жағады.
Лас заттардың атмосфераға шығарылуын:
СО – 2,2175 т/жыл,
N2 – 0,6240 т/жыл.
5.2. Есептер
Газды, ауа қоспасы дөңгелек сағасы бар жеке көзден зиянды заттың концентрациясының максималды мәнін См (Мс/м3) Хм (М) ара қашықтықта келесі өрнекпен анықтаймыз:
Мұндағы: А–атмосфералық температуралық стратификациялануына байланысты коэффициент (Қазақстан үшін - 200);
М – уақыт бірлігіндегі атмосфераға жіберілетін зиянды заттың массасы;
Ғ – зиянды заттың атмосфераға тарау жылдамдығын ескеретін коэффициент;
t, n–ластану көзінен газауалы қоспаның шығу шартын ескеретін коэффициент;
Н – ластану көзінің қиылысқан биіктіктің құлауын ескеретін тұрғылықты рельеф әсерін ескеретін өлшемсіз коэффициент.
Газ ауаның шығымын келесі өрнекпен есептейміз:
Мұндағы: Д – ластану көздерінің сағасының диаметрі.
W – ластану көздерінің сағасының газ ауалы қоспасының шығуының орташа жылдамдығы:
t, n коэффицентерінің мәндері t, VM, tс параметрлеріне байланысты анықталады:
Т коэффициенті f байланысты келесі өрнекпен анықталады: f<100.
Газды және шаң тәрізді ластануларды тазалау үшін ұстау тиімділігі 90% болатын адсорбер АПС -ты қолданамыз.
Тазалауға дейін |
Тазалаудан кейін |
Мпо= 8,66 ∙ 1,292 = 1119 г/с |
Мпо = 11,19 г/с |
Мпо= 41,09 ∙ 0,152 = 625 г/с |
Мпо = 6,25 г/с |
Мжал = 11,19 + 6,25 = 1744 г/с |
Мжал = 1744 г/с |
Кәсіпорынның қауіпсіздік категориясын келесі өрнекпен анықтаймыз:
ККК = (Мі/ ШМЛ)аі
аі = 1,3 алд ШМЛ = 06085, солай ШМЛ < 0,5
ККК = (559,448/0,085)1,3 = 658,74
ККК = 658,74<103 мәні болғанда осы кәсіпорын қауіпсіздіктің төртінші категориясына жатады.
Ластанулардың жердегі экономикалық шығынын есептеу.
Мкүкірт қышқыл шаңы = 34,458 т/жыл
Мұндағы: q – жер ресуртарының бағалығын ескеретін коэффициент.
q = 3,0
Уn = 480 тенге/жыл
Рn = 3 ∙ 480 ∙ 34,458 = 49617 тенге/жыл
Сонда:
Жобаланатын, сонымен бірге қозғалыстағы өндіріс үшін, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс–шаралары, мемелекеттік заң қабылдау актілерімен анықталатын қорғаныс өлшемдері болады. Сонымен қоршаған ортаны биосфераны ластанудан қорғау келесі іс – шаралардан тұрады.
-өндірістік аз мөлшерде қалдықты технологиялық процесстерді, машиналарды, жабдықтарды қолдану және өңдеу, ол материалды және шикізатты ресурстардың меншіктілігін немесе шикізатты қолдану, қалдықты утилизациялау, рационалды қолдануын қамтамасыз етеді.
- лас заттарды тасталуынан қорғау үшін газ тазалағыш жабдықтарды қолдану және өңдеу.
- перспективті ағынды сусыз технологиялық процесстерде пайда болған, қайтымды сумен қамтамасыз етуін кеңінен қолдану.
- қозғалыстағы өндірістік ғимараттарды ағынды суларды эффективті системамен тазалау үшін жарықтандыру.
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің олардың тұрақты арттырудың табиғи негізі болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:
адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы;
жер, оның қайнауы, су, атмофералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі;
табиғи экологиялық жүйелер климат және жердің озонды қабатын қорғауға тиіс.
Қоршаған ортаны басқаруға таратылған халықаралық стандарттар, қорғашан ортаны басқару жүйесін тиімді іс – шаралар ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етуге арналған Қоршаған ортаны өнеркәсіптік ластаудың зиянды әсерінен қорғау мәселелерін шешудегі негізгі бағыт – жаңа, қалдықсыз, қалдықтарды толығымен залалсыздындаруға технологиялық процесстер болып табылады.
Атмосфераны ластаумен күресудің комплексті бағдарлама бағыттарының бірі–ауадағы қалдықтардың шекті мүмкіндік концентрациясының орнатылған сапа нормативі болып табылады.
Алайда табиғи ортаны ластауды бақылау нәтижелері, ШМК нормативтері бойынша ластау көздері жайлы ақпарат бермейді, бұл ақпарат табиғи орта күйін реттеуде тиімсіз. Қоршаған ортаны қорғау сапасының жоғарғы нормаларынын сақтау негізінде шекті мүмкіндік ластар деп аталат ын бақылау нормалары енгізілген.
ШМЛ нормаларын енгізгенде нақты гидро метеорологиялық сипаттамалар ескерілуі қажет, сонымен қатар осы аудандағы экологиялық жүктемелер, зиянды заттар әсеріне ұшыраған биологиялық объектілердің боялуы қажет.
ШМЛ деңгейіне жасап шығару, олардың бақылау кәсіпорындарында әртүрлі технологиялық іс – шараларды және газ тазалау құралдарын қолдану жолымен ластарды азайтуға мүмкіндік жасайды.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда шекті мүмкіндік ластанудың МЕСТ 147.. 23.02-78 арқылы негізгі ережелері орнатылған.
Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаларға негізделеді:
Табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкіндік шектерін айқынтайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және де шаруашылық әрі өзге де қызмет жүргізу ережелерінің ғылыми негізделген кешенін енгізу жолымен мемелекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік тәсілі;
Экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және жергілікті міндеттерінің экологиялық қатерлердің алдын алуды жаһандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;
Қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеуді міндеттілігі;
Өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық – экономикалық теңгермелігі;
Шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерінің одан кейінгі экологиялық және санитарлық – эпидемиялогиялық сараптамалармен бағалаудың міндеттілігі;
Халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету және оның экологяилық проблемаларды шешуге қатысуы;
Халықаралық ынтымақсатықтағы әріптестік және халықаралық құқық нормаларын сақтау.
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшін өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетілдіру жөніндегі салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберінде қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын келтіруге бағытталған нормативтік құжаттарды әзірлеу және енгізу, қалдықтарды басқарудың есебін жүргізу және бақылау жүйесін ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайта пайдалану жөніндегі үлгілік бағдарламаны әзірлеу, неғұрлым таза өндірісті енгізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелі жүйелеріне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндірістік қалдықтарды көму мен өнеркәсіптік және де басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуі тиіс.
Бұл дистилляцияланған майлы қышқылдары цехын жобалауда, майлы қышқылын дистлляциялау процессінен өткеннен кейінгі шығатын қалдықтарды талдай отырып атмосферадағы және жердегі ластанудың негізгі көздерін анықадық. Қоршаған ортаның ластануын азайту жолдары ұсынылды. Қоршаған ортаны қорғауға келтіретін экономикалық шығын есептеліп, цехтың қауіпсіздік категориясы анықталды.
Материалдық және жылулық баланс, негізгі және қосымша жабдық есептелген. Таңдалған технологиялық тәсімнің ерекшелігі: патенттерден таңдалынып алынған жабдықтарды қолдану. Бұл технологиялық тәсім өнімнің өнімділігін жоғарылатады, қалдықтың шығымын азайтады, екіншілік буды сепарациялайды және процестің интенсивтігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты Шымкент қаласында Тассай ауылында дистилляциялық цех құрылысын жобалау
17 12 2014
5 стр.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Ауыр металдардың өсімдіктерде жиналуы және олардың дамуына әсері»
25 12 2014
4 стр.
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы
25 12 2014
4 стр.
Дипломдық жобаның концепциясын жасаудағы жұмыстың өзіндік ерекшеліктері, шығармашылық бастауы бет
17 12 2014
6 стр.
Елеусизова Дана Саркенқызының дипломдық жұмысының тақырыбы «хх ғасырдың екінші жарытысындағы Қытай». Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер шізімінен
16 12 2014
3 стр.
Дипломдық жобада қоршаған ортаны қорғау, тіршілік қауіпсіздігі, экономикалық есептеулер келтірілген. Дипломдық жоба М. О. Әуезов атындағы ОҚму – дің «Автоматтандыру, телекоммуникац
16 12 2014
14 стр.
Сабақтың тақырыбы: Моно-,олиго- және полисахаридтер. Биологиялық белсенді гетероциклдық қосылыстар. Нуклеин қышқылдары
09 09 2014
1 стр.
Студент дипломдық жұмысының тақырыбы: «Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг»
25 12 2014
5 стр.