Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


«БЕКІТЕМІН»

«Alma Pharmatech» (Алма Фарматек) ЖШС

Бас директоры

____________Д.К. Алшанбаев


«___» ____________ 2012 ж.

Теміржол көліктері мен метрополитен нысандарын

дезинфекциялау үшін «Глюдез Универсал» дезинфекциялау құралын қолданудың
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
(«Alma Pharmatech» (Алма Фарматек) ЖШС, Қазақстан)

СТ ЖШС 100940013094-01-2011

Алматы 2012 ж.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Әдістемелік нұсқаулар «Alma Pharmatech» (Алма Фарматек) ЖШС және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» Республикалық Мемлекеттік Қазыналық кәсіпорнымен бірлесіп жасалған.


Әдістемелік нұсқаулар теміржол көліктері мен метрополитен нысандарының жуып-жинаушы топтарына және профилактикалық дезинфекция бөлімі (ПДБ), теміржол көліктері мен метрополитен нысандарының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының жұмысшыларына арналған.



  1. ҚОЛДАНУ АЯСЫ

    1. «Глюдез Универсал» дезинфекциялау құралы Қазақстанның теміржол көліктері мен метрополитеннің кез келген тұрақты және қозғалмалы нысандарына, оның ішінде вокзалдар, метрополитен бекеттері, әр түрлі жолаушылар құрамдарының вагондары, қызметтік және арнайы мақсатты вагондар, мейрамхана вагондар, метрополитен вагондары қарамағындағы басқа нысандардағы, жайлардың, жабдық заттарының, санитариялық техникалық жабдықтың профилактикалық, ағымдағы және соңғы дезинфекциясы үшін қолданылады.


2. «ГЛЮДЕЗ УНИВЕРСАЛ» ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ

2.1 «Глюдез Универсал» дезинфекциялау құралы түссіз сұйықтық болып табылады. Әрекетті зат ретінде құрамына глутар альдегиді – 2,0%, алкилдиметилбензиламмоний хлориді -1,5% бар, сонымен қоса құрамына функционалды компоненттер кіреді, құралдың рН 5,5±1,0. Құралдың өндіруші қаптамасындағы жарамдылық мерзімі 3 жыл, жұмыс ерітінділерінің жарамдылық мерзімі - 14 тәулік. Құрал жуу қасиетіне ие, сумен жақсы араласады және оның жұмыс ерітінділері зарарсыздандыру нысандарын зақымдамайды.

2.2 Құрал бактерицидті (туберкулезды қоса), вирулицидті (полиомиелит, гепатит және АИТВ жұқпасын қоса), фунгицидті (кандида және трихофитон тектес саңырауқұлақтар) және спорларларды жою қасиетіне ие.

2.3. «Глюдез Универсал» құралының өткір уландырғыштық қасиеті Мемлекеттік стандарттың 12.1.007-76 ережесі бойынша асқазанға енгенде орташа қауіпті заттардың 3-ші санатына, ал теріге тигенде улану қасиеті төмен заттардың 4-ші санатына жатады. Ингаляциялық әсер ету кезінде құралдың қаныққан буының қаупі төменгі дәрежеде. Теріге қалыпты жергілікті-тітіркендіргіш қасиетіне ие, көздің шырышты қабығын тітіркендіру қасиеті бар, сенсибилді қасиеті қалыпты.

«Глюдез Универсал» құралының ұсынылған жұмыс ерітінділері түрлі-түсті пластиктен, мәрмәрден жасалынған беттерге, сонымен бірге винилис-терімен жабылған беттерге және жолаушыларға арналған көлік құралдарының беттеріне зақым келтірмейді.


  1. Құрал сыйымдылығы 0,5 л ,1 л, 5 л полимер ыдыстарда шығарылады.


3. ЖҰМЫС ЕРІТІНДІЛЕРІН ӘЗІРЛЕУ

3.1. Жұмыс ерітінділерін пайдаланатын жерде (пойыздардың жабдықтау мен айналым пункттерінде, теміржол вокзалдарында,метрополитен бекеттерінде, коммуналдық мақсатқа арналған нысандарда) шыны, эмальмен жабылған (эмалі зақымданбаған), пластмасса сауыттарында құралдың сәйкес көлемін бөлме температурасындағы ас суына қосу арқылы дайындайды. Жұмыс ерітінділерін №1 кестеде берілген есептерге сәйкес дайындауы керек.



1 кесте

«Глюдез Универсал» құралының жұмыс ерітінділерін дайындау


Жұмыс ерітінділерінің концентрациясы

Жұмыс ерітінділерін дайындауға қажетті «Глюдез Универсал» құралы мен судың мөлшері (мл)

Құрал бойынша

ГА



ТАҚ



1 л жұмыс ерітіндісі

10 л жұмыс ерітіндісі

Құрал

Су

Құрал

Су

0,5

0,01

0,0075

5,0

995,0

50,0

9950,0

1,0

0,02

0,015

10,0

990,0

100,0

9900,0

2,0

0,04

0,03

20,0

980,0

200,0

9800,0

3,0

0,06

0,045

30,0

970,0

300,0

9700,0


4. «ГЛЮДЕЗ УНИВЕРСАЛ» ҚҰРАЛЫН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ҮШІН ҚОЛДАНУ

4.1. Теміржол көлігі мен метрополитен нысандарында профилактикалық дезинфекциялауды тек сүрту әдісімен ғана жүргізу керек.

4.2. Вокзалдар мен вагон жайларының ішіндегі қатты жиһаздың, қабырғаларды, эскалаторлардың резеңке тұтқаларын, вагондардағы тұтқаларды профилактикалық дефинфекциялау үшін «Глюдез Универсал» құралының 0,5% ерітіндісі пайдаланылады. Винилис-терімен жабылған жиһазды (отырғыштарды, жатын сөрелерді) әр өңдеген сайын 1 м2- 100 мл есебімен құралдың 0, 5% ерітіндісімен екі рет 15 мин өңдейді 1,0% ерітіндімен бір рет сүртеді. Жалғасу уақыты 30 минут.

Санитариялық-техникалық жабдықты екі рет 0,5% ерітіндісімен 15 мин өңдеу аралығымен немесе 1,0% ерітіндімен бір рет ысқыш немесе қылшақты пайдаланып өңдейді немесе құралдың ерітіндісіне суланған жұмсақ жиыстыру бұйымымен сүртеді. Бір рет өңдегендегі шығын мөлшері 1м2-150 мл, екі рет өңдегенде 1м2- 300 мл. Дезинфекциялау аяқтаған соң жабдықтарды таза ағын сумен жуады, қалған беттерді құрғақ жиыстыру бұйымдарымен сүртіп шығады.

4.3. Теміржол көлігі мен метрополитен нысандарының профилактикалық дезинфекциялау режімдері №2 кестеде берілген.

2 кесте


Теміржол көлігі мен метрополитен нысандарының «Глюдез Универсал» құралымен профилактикалық дезинфекциялау режімдері

Зарарсыздандыру нысаны

Ерітіндінің концентрациясы, %

Зарарсыздандыру уақыты, мин

Зарарсыздандыру тәсілі

Вагондар ішіндегі, метрополитен нысандарындағы қатты жиһаз.

0,5

1,0


60

30


бір рет сүрту

Эскалаторлардың резеңке тұтқалары, вагондардағы тұтқалар, қабырғалар.

Винилис-терімен жабылған жиһаз (отырғыштар, жатын сөрелері және т.б.).

0,5

60

3 мин аралықпен екі рет сүрту

1,0

30

Бір рет сүрту

Вагондар, вокзалдар, метрополитен нысандаындағы санитариялық-техникалық жабдық

0,5

60

15 мин аралықпен екі рет сүрту

1,0

30

Бір рет сүрту

Вагондағы қоқысты жинауға арналған жәшік

1,0

60

15 мин аралықпен екі рет сүрту

2,0

60

бір рет сүрту

Жиыстыру жабдығы*

3,0

90

батыру

* - жиыстыру жабдығын дезинфекциялау режимі «Глюдез Универсал» құралын қолдану бойынша әдістемелік нұсқамалардан алынған.
4.4.Алыс бағыттағы және облыс аралық мақсатты пойыздардың жолаушылар вагондары. Ерекшелігін есепке ала отырып және барлық басқа нысандарға қарағанда алыс бағыттағы пойыздардың жолаушылар вагондары үшін профилактикалық дезинфекциялаудың 2 түрін ажыратады: толық емес–рейс аралық және толық профилактикалық өңдеу.

Жолаушылар вагондарының толық емес профилактикалық өңдеу деп рейс аралық өңдеуді түсінеді (құрылу пункттерінде және айналым пунктерінде).

Пойыздардың құрылу және айналым пунктерінде профилактикалық дезинфекциялау жолсеріктер немесе жуу бригадалары жолаушылар вагонының барлық ішкі беттерін сүрту арқылы жіргізеді: купеде–қабырғаларды, жолаушылар және жол серіктер купелерін, қуыстарды, жатын сөрелерін, үстелдерді, терезелердің ішкі беттерін, есіктерді, тұтқаларды жақсылап сүрткенге назар аударып, коридорда - қабырғаларды, қайырмалы отырғыштарды, терезелердің ішкі беттерін, тұтқаларды «Глюдез Универсал» 0,5% ерітіндісімен екі рет 15 мин аралықпен немесе 1% ерітіндісімен бір рет сүрту керек, экспозиция 30 мин. Жолсеріктің купесіндегі ыдыс жуатын жер, әжетханалардың санитариялық-техникалық жабдығы мен қоқыс жинауға арналған жәшіктер «Глюдез Универсал» құралының 1,0% ерітіндісімен 15 мин екі рет немесе құралдың 2,0% ерітіндісімен бір рет сүртіледі. Кем дегенде 60 минутттық экспозициядан кейін өңделген беттерді құрғақ жиыстыру жабдығымен сүртеді. Жиыстыру жабдығы «Глюдез Универсал» құралының 6% ерітіндісінде кем дегенде 90 минутқа батырылып, содан кейін таза сумен жуылып, кептіріледі.

Алыс бағыттағы пойыздардың жолаушылар вагондарын толық профилактикалық дезинфекциялау деп вагонның ішкі беттерінің санитариялық өңдеу мен дезинфекциялау ғана емес барлық төсек жарақтарын (матрацтар, жастықтар, көрпелерді) камералық зарарсыздандыру үшін тиеп әкетуді айтамыз (шамамен тоқсанына бір рет). Сонымен қатар алыс бағыттағы пойыздардың жолаушылар вагондарының толық профилактикалық дезинфекциялауды жүргізгенде «Глюдез Универсал» құралын 2 кестеде берілген режімдерге сәйкес қолдану ұсынылады.

Жолаушылар құрамдарының бағыты бойында «Глюдез Универсал» дезинфекциялау құралымен жолсерік купесіндегі ыдыс жуатын жер мен әжетханалар дезинфекцияланады: дезинфекциялық өңдеу 2 кестеде берілген режимдерге сәйкес жүргізіледі.

4.5. Алыс бағыттағы және облыс аралық мақсатты пойыздардың мейрамхана вагондары. Пойыздардың құрылу және айналыс орындарында «Глюдез Универсал» құралымен профилактикалық дезинфекциялау 2 кестеде берілген режімдерге сәйкес вагонның барлық ішкі беттері, оның ішінде қабырғаларды, еденді, үстелдерді, тіреулерін, орындықтарды, терезелердің ішкі жағын, терезелердің тұтқалары мен есіктерді, ыдыс жуатын жерлерді, санитариялық-
техникалық жабдықты және кірістегі тұтқалар мен вагон есіктерін сүрту арқылы жүргізіледі.

4.6. Жоғары жайлылық электропойыздың вагондары. «Глюдез Универсал» құралының ерітіндісімен профилактикалық дезинфекциялау күн сайын жолаушылар құрамының құрылатын және тұратын орындарында 2 кестеде берілген режімдерге сәйкес жүргізіледі. Еден, терезелердің ішкі жақтары, қабырғалар, жолаушылар жүгіне арналған сөрелер, есіктер мен есік тұтқалары, винилис-теріден жасалған креслолар, санитариялық-техникалық жайлар мен жабдық өңделуі тиіс. Рейс аралық дайындық барысында өртке қарсы матамен жабылған креслолар талшықты шаңсорғышпен тазаланады. Креслолардың отырғыштарында әр жолаушыдан кейін ауыстырылуы тиіс қап пен қол астына қойылатын қаптар болуы керек.

4.7. Қызметтік вагондары мен арнайы мақсаттағы вагондар. Құрылу және айналым пункттерінде жолаушылардың ішкі жайларын өңдеу «Алыс бағыттағы пойыздардың жолаушылар вагондары» бөлімінде көрсетілген жағдайларға сәйкес жүргізіледі.

4.8. Теміржол вокзалдары. Теміржол вокзалдарында жолаушылар бөлімелерінде (күту залдары, әжетханалар, санитариялық-техникалық жабдық, қоқыс жинауға арналған жәшіктер) профилактикалық дезинфекциялау тәулігіне 1 рет «Глюдез Универсал» құралын қолданып сүрту әдісімен 2 кестеде берілген режімдерге сәйкес жүргізіледі. Дезинфекциялау келесі кесте бойынша жүргізіледі:

- жолаушыларды күту залдарындағы қабырғалар–аптасына 1 рет;

- күту залдарындағы дивандар мен орындықтар, кассалар – аптасын 2 рет;



  • әжетханалардың санитариялық-техникалық жабдығы пен жайлары –тәулігіне 1 рет;

  • дәмханалар, шаштараздар, сақтау камералары - тәулігіне 1 рет.

Жағымсыз эпидемиологиялық жағдай пайда болғанда, барлық жолаушылар мен қызметтік бөлмелерде соңғы дезинфекциялау жүргізіледі, дезинфекциялау құралымен өңдеу тәулігіне кем дегенде 1 рет жүргізілу керек. Әжетхана жайлары мен санитариялық-техникалық жабдық–тәулігіне кем дегенде 3 рет, сонымен қатар әжетхана жайларындағы қабырғалар еденнен жоғары қарай кем дегенде 1,5 метр биіктікке өңделеді. Әсіресе жиыстыру құрал-жабдығы жақсы өңделінуі тиіс.

4.9. Метрополитен бекеттері мен вагондары. Метрополитен бекеттерінің профилактикалық дезинфекциясын жүргізгенде «Глюдез Универсал» дезинфекциялау құралын № 2 кестеге сәйкес қолдану ұсынылады. Бекеттердің профилактикалық дезинфекциялау күн сайын түнгі уақытта жиыстыру бригадаларымен жүргізіледі. Метрополитен вагондарының профилактикалық дезинфекциялау жуу бригадаларымен пойыздардың құрылу және айналым пунктерінде тәулігіне 1 рет жүргізіледі.

4.10. Тұрақты нысандар, оның ішінде локомотив бригадаларының демалыс бөлмелері мен профилакторийлер. Профилактикалық дезинфекциялауды 2 кестеде көрсетідген режимдер бойынша қолдану керек.

5. «ГЛЮДЕЗ УНИВЕРСАЛ» ҚҰРАЛЫН ОШАҚТЫҚ (АҒЫМДАҒЫ ЖӘНЕ СОҢҒЫ) ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ҮШІН ПАЙДАЛАНУ

«Глюдез Универсал» дезинфекциялау құралы профилактикалық дезинфекция үшін ғана емес, төмендегі жағдайларда эпидкөрсеткіштер бойынша да дезинфекциялау шараларын қолдану үшін тиімді түрде қолдануы мүмкін: ағымдағы (инфекциялық немесе инфекциялық ауруға күдікті науқас бар болғанда) және соңғы дезинфекция (инфекциялық немесе инфекциялық ауруға күдікті науқасты басқа жаққа әкеткенде).

Құрамның бағыт жолы бойында инфекциялық ауруға күдікті науқасты анықтағанда жолаушылар вагонының жол серігі бұл жөнінде пойыздың бастығына хабарлап, соңғысы қолданыстағы «Бағыт жолында жолаушылар арасында қатты ішек инфекциялық ауру және аспен улану жағдайлары анықталғанда індетке қарсы шараларды қолдану және эпидемиялық тергеу тәртібі бойынша нұқсаулыққа» сәйкес індетке қарсы шаралар ұйымдастыруын қамтамасыз етеді, ҚР ДСМ 25.08.2005ж. «Темір көлігінде жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыру бойынша санитариялық ережелер» № 3812 бұйрығын қараңыз.

Тұрақты нысандардың соңғы дезинфекциясы және т.б. дезинфекциялық қызметпен айналысатын мекемелердің (ПДБ) күштерімен, ЕПМ-дегі ағымдағы дезинфекция –дәрігерлік қызметкерлермен жүргізіледі. Мекемелерде ағымдағы және соңғы дезинфекцияалуды жүргізгенде «Глюдез Универсал» құралын ТОО «Alma Pharmatech» (Алма Фарматек), Қазақстан)дезинфекциялау және стерилдеу алдындағы тазалау мен сетрилдеу үшін қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды басшылыққа алу керек.


6. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

6.1. Құралдың жұмыс ерітінділерін дайындау және басқа жұмыстар резеңке қолғабын пайдаланып жүргізіледі.

6.2. Құралды көзге және теріге тигізбеу керек.

6.3. Құралдың жұмыс ерітінділерін тек қана сүрту әдісімен пайдалануға болады.

6.4. Құрал герметикалық түрде жабылған ыдыста, азық - түлік пен дәрі-дәрмектерден жеке, балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақталуы керек.

7. КЕЗДЕЙСОҚ УЛАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ ШАРАЛАРЫ

7.1. Құрал байқаусыздан көзге тисе, көзді сумен бірнеше минут бойы жақсылап жуу керек, одан кейін натрий сульфацилінің 30% ерітіндісін тамызу керек.

7.2. Құрал теріге түскен кезде, оны ағын сумен жуу керек.

7.3. Құрал байқаусыздан асқазанға түссе, белсендірілген көмірдің бірнеше таблеткасын (10-20 данасын) үгіп, бірнеше стақан су ішу керек.



    1. Қажет болса дәрігерге қаралыңыз.

8. «Глюдез Универсал» құралының физикалық-химиялық сапасын бақылау әдістері

Әдістер тек «Глюдез Универсал» құралын бақылауға арналған

«Глюдез Универсал» құралы 3 кестеде көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес болу керек
3 кесте
«Глюдез Универсал» құралының көрсеткіштері


Көрсеткіштердің атауы

Норма

1. Сыртқы түрі

Прозрачная однородная жидкость

2. Иісі

Специфический

3. Сутек иондарының көрсеткіштері рН

5,5±1,0

4. Глутар альдегидінің массалық үлесі, %

2,0±0,2

5. 5 Алкилдиметилбензиламмоний хлоридінің массалық үлесі %

1,50±0,15



8.1 Глутар альдегидінің массалық үлесін анықау.

8.1.1 Жабдықтар, құралдар, ыдыста және реактивтер

- жалпы мақсатта қолданылатын лабораториялық таразы МемСТ 24104, шектік өлшеу 200г, бөлінуі 0,0001 г.;

- колба Кн1-250-24/29 по МемСТ 25336;

- сұйықықты өлшейтін шыны түтік 1-3-2-10-0,02 по МемСТ 29251;

- цилиндр 1-25-2 МемСТ 1770;

- натрий пиросернистый қышқылы

-бромфенол көк индикаторы, МемСТ 4919.1 бойынша дайындалған 0,1% спирт ерітіндісі;

- х.т. МемСТ 5456 тұз қышқылының гидроксиламины, МемСТ 4517 бойынша дайындалған 10% сулы ерітіндісі;

-х.т. МемСТ 4328 натрий гидроқышқылы, концентрациясы С(NaOH) = 0,5 моль/дм3 (0,5 н), 25794.1 МемСТ бойынша дайындалған сулы ерітіндісі;

- х.т. МемСТ 3118 бойынша тұзқышқылы, концентрациясы С(HCl) = 0,5 моль/дм3 (0,5 Н), МемСТ 25794.1;

- МемСТ 6709 тазартылған.

8.1.2. Анализды орындау.

Құралдың массасы шамамен 12,5 г, кестеге сәйкес алынған нақтылығы 0,0002 г сыйымдылығы 250 см3 конустық колбаға салып 10 см3 тазартылған су құйып 0,1 см3 тең бромфенол көкті қосады. Ерітінді көк түске боялады. Ерітінді сары- жасыл түске боялғанша 0,5 н тұз қышқылын қосады, содан кейін көк түске боялғанша 0,5 н тең натрий гидроқышқылын қосады. Конустық колбаға 20 см3 тең гидроксиламин гидрохлоридін қосып, қақпақпен жабады және бөлме температурасында 20 мин қойып қояды.

Ерітінді сыра жасыл түске боялады. Содан кейін тағы 0,1 см3 тең бромфенол көк индикаторын қосып, натрий гидроқышқылының ерітіндісімен тұрақты көк түс пайда болғанша титрлейді.

8.1.3 Нәтижелерді талдау

Глутар алдегидінің (Х) массалық үлесін пайыздық мөлшерде формуламен есептейді:

бұл жерде:

V1 –титрлеуге жұмсалған натрий гидроқышқылының нақты 0,5 моль/дм3 ерітіндісі, см3;

0,02503 – натрий гидроқышқылының 1 см3 сәйкес келетін глутар алдегидінің массасы, молярлы концентрациясы 0,5 моль/дм3, г;

m – талдаудағы сынаудың массасы, г;

100 – пайыздық коэффициенті.

Талдау қорытындысы ретінде 2 анықтаудың орташа арифметикалық мәні қабылданады, олардың жіберілетін айырмашылықтары 2%-ға тең рұқсат етілетін аралық айырмашылықтан аспау керек.

Сенімділік ықтималдылық Р = 0,95болғанда, рұқсат етілетін салыстырмалы жиынтық қателігі талдау қорытындысы бойынша + 2%.



8.2 Алкилдиметилбензиламмоний хлоридінің массалық үлесін анықтау

8.2.1 Жабдықтар, құралдар, ыдыстар және реактивтер

- өлшеу шегі 200 г өлшегіш дәлдігі 2 класты МемСТ 24104 ортақ қолданыстағы зертханалық таразы, бөлінуі 0,0001 г.;

- сұйықықты өлшейтін шыны түтік 1-1-2-25-0,1, МемСТ 29251;

- тығыны қырпылған конустық колба 1-250-29/32, МемСТ 26336;

-өлшем колбалары 2-100-2 МемСТ 1770;

- цилиндрлер 1-25, 1-50, 1-100, МемСТ 1770;

-тазартылған хлороформ МемСТ 20015 немесе маркасы «ч» ТШ 2631008-00207787-02;

- күкірт қышқылы МемСТ 4204;

-концентрациясы С(С12H25SO4Na) = 0,004 моль/л (0,004 н) натрий додецилсульфатының сулы ерітіндісі;

- метиленді көгілдір индикаторы, 0,1% су ерітіндісі;

- дистилденген су МемСТ 6709;

- концентрациясы С(С21H38NCl×H2O) = 0,004 моль/дм3 (0,004 н) негізгі зат 99% цетилпирид хлоридінің 1-сулы ерітіндісі, 0,004 Н су ерітіндісі;

-хлорлы натрий т.х. МемСТ 4233;

-калий гидрототығы т.х МемСТ 24363;

-шұңғыма В-75-110 ХС МемСТ 25336;

-сүзілген қағаз

8.2.2 Талдауға дайындық

8.2.2.1 Стандартты 0,004 Н цетилпирид хлоридінің 1-сулы ерітіндісін 0,1432 г цетилпиридий хлоридінің 1-сулы өлшемін сыйымдылығы 100 см3 өлшем колбасына судың деңгейі өлшемге жеткенше құяды.

8.2.2.2 0,004 Н додецилсульфат натриін 0,1154 г (санағанда 100% негізгі зат) додецилсульфат натриін сыйымдылығы 100 см3 өлшем колбасына суды белгіге жеткенше қосады.

8.2.2.3 Додецилсульфат натриінің түзету коэффициентін анықтау

Сыйымдылығы 250 см3 колбадағы 10 см3 додецилсульфат натриге 40 см3 дистилденген су, 0,5 см3 метилен көгілдір ерітіндісін, 0,15 см3 концентрленген күкірт қышқылын және 15 см3 хлороформа қосады. Пайда болған екі фазалы жүйені цетилпиридиний хлоридін тығынмен жабық тұрған колбаны төменгі хлороформ деңгейі түссізденгенше титрлейді. Титрлеуді күннің жарығыда жүргізеді. Екі фазалы жүйенің түсін өтпелі жарықта анықтайды

Түзету коэффициентін (К) формуламен анықтайды:


бұл жерде:

V – додецилсульфат натрий ерітіндісін титрлеуге жұмсалған цетилпиридий хлорид ерітіндісінің мөлшері, см3;

V1 – титрлеуге алынған додецилсульфат натрийінің мөлшері.

8.2.3Талдауды орындау

0,0002 г дейінгі дәлдікпен алынған 3,0 г құралды, сыйымдылығы 100 см3 өлшем колбада тазартылған суды белгіге жеткеше құйып ерітеді.

Сыймдылығы 250 см3 додецилсульфат натриінің 5 см3 ерітіндісін қосып, 45 см3 тазартылған су, 0,5 көкгілдір метилен ерітінідісін, 0,1 түйіршіктелген калий гидроқышқылы (1 түйіршік) және 15 см3 хлороформды қосады. Араластырғаннан кейін көк түске боялған төменгі хлороформды қабат пайда болады. Оны ең алдымен 1 см3 , содан кейін 0,5 см3 ары қарай одан да аз мөлшерін қосып титрлейді.

Ең алдымен 1 см3, содан кейін 0,5 см3 және ары қарай біраз мөлшерін қосып сынаудағы құралды жабық колбада хлороформды қабаттың көк түсінен қызғылт түске 2 минут бойы боялғанша титрлейді.

8.2.4 Нәтижелерді өңдеу

Алкилдиметилбензиламмоний хлоридінің (Х1) пайыздық мөлшерін формуламен есептейді:


бұл жерде,

0,00144 - концентрациясы С(С12H25SO4Na) = 0,004 моль/дм3, (0,004 Н), г додецилсульфат натриінің 1 см3 ерітіндісіне сәйкес келетін алкилдиметилбензиламмоний хлоридінің массасы;

100-өлшем колбасының сыйымдылығы, см3;

5 - концентрациясы С(С12H25SO4Na) = 0,004 моль/дм3 додецилсульфат натриінің аликвота мөлшері, см3;

К – концентрациясы С(С12H25SO4Na) = 0,004 моль/дм3 додецилсульфат натриінің түзету коэффициенті, см3;

V – титрлеуге жұмсалған құрал ерітіндісінің мөлшері, см3;

m - талдаудағы сынаудың массасы, г;

100-коэффициенттің пайыздық есептеуі.



Талдау қорытындысы ретінде 2 анықтаудың орташа арифметикалық мәні қабылданады, олардың жіберілетін айырмашылықтары 2%-ға тең рұқсат етілетін аралық айырмашылықтан аспау керек.

Сенімділік ықтималдылық 0,95 болғанда, рұқсат етілетін салыстырмалы жиынтық қателігі талдау қорытындысы бойынша ± 3%.

Әдістемелік нұСҚаулары («Alma Pharmatech» (Алма Фарматек) жшс, Қазақстан) ст жшс 100940013094-01-2011 Алматы 2012 ж

«Alma Pharmatech» (Алма Фарматек) жшс және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық о

200.17kb.

15 10 2014
1 стр.


Әдістемелік нұСҚаулар («Alma Pharmatech»(Алма Фарматек) жшс, Қазақстан) ст жшс 100940013094-01-2011

«Алма-Экстра» құралын медициналық мекемелерде дезинфекциялау мен стерилизация алдында тазалау үшін қолдану бойынша

540.68kb.

17 12 2014
4 стр.


Орал қаласының Әлеуметтік – экономикалық дамуының

«Енбек-Орал» 65,6%, жшс «Металл жасау заводы» 77,2%, ӨК «Литейно-механикалық заводы» 19,3%, АҚ «Омега» заводы 4,2 есе, «Надежда» ттф 4,6%, «мжбк» аақ 28,6%, «Аяз» жшс 29,1%, «Шаныб

189.52kb.

13 09 2014
1 стр.


Қызылорда облысы «Мелиоратор» жшс тексеріс

Р бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінде «Мелиоратор» жшс –не тексеру ұйымдастырылды

12.73kb.

12 10 2014
1 стр.


2012 жылы облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне субсидия төлеу бағдарламаларын іске асыру

Субсидиялар отандық тыңайтқыш өндірушілер «ҚазФосфат» жшс, «ҚазАзот» жшс-ға төленді. Облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері арзандатылған 57070 тонна тыңайтқыш, 17260 литр гер

17.26kb.

25 12 2014
1 стр.


Қызмет көрсету шарты №2012-07/ Астана қ. 2012 ж. «Таза алем-астана» жшс, бұдан әрі «Қызмет көрсетуші»

«таза алем-астана» жшс, бұдан әрі «Қызмет көрсетуші», тұлғада Жетекшісі Жирентаев Б. А., Жарғы негізінде әрекет етуші, бірінші жақтан және,, бұдан былай

80.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Монитрингі бойынша аймақтық даму бағдарламасының жедел есептемесі

Азық түліктің көлемін көбейту м жетістігі азық түлік өндерістердің көбейуі бойынша, келесі өндіріліс : жшс «Пешковский кхп», жшс «Алтын Инвест»

903.84kb.

14 12 2014
6 стр.


3 1-бөлім. Жшс «Игілік – Фининвест» тің экномикалық ұйымдастыру сипаттамасы

Жшс «Игілік Фининвест» фирмасының экономикалық сипаттамасы

1091.9kb.

16 12 2014
8 стр.