Перейти на главную страницу
Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінде өңдеу өнеркәсібіне 68%, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарына 32% тиесілі.
Өңдеу өнеркәсібі 2009 жылы 37,7 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өндірістің нақты көлем индексі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,4 % құрады.
Қаланың 26 ірі кәсіпорындарымен жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 18 кәсіпорын немесе жалпы санынан 69%-ы өткен жылғы өнім көлемін басып озды. Мәселен «КазАрмапром» АҚ өндірген өнім көлемі – 45,3%, АҚ «Нұржанар» 3,8%, ОӨК Қазақ соқырлар қоғамы 8,9%, ОӨК Қазақ саңыраулар қоғамы 5,1%, «Енбек-Орал» 65,6%, ЖШС «Металл жасау заводы» 77,2%, ӨК «Литейно-механикалық заводы» 19,3%, АҚ «Омега» заводы 4,2 есе, «Надежда» ТТФ 4,6%, «МЖБК» ААҚ 28,6%, «Аяз» ЖШС 29,1%, «Шаныбек» ЖШС 5,8 есе артық құрады. Жоғары көрсеткіштер өндіріс көлемінің артуымен түсіндіріледі.
Тағы да басқа металл емес минерал өнімдері 6,6% ( құрылыс мақсатына арналған бетоннан жасалатын бұйымдар 14,8%), тауарлық бетон 8%, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі 20,5% жоғарлады.
Азық-түлік өнімдерін өндіру 9,6%-ға артты, мәселен ұн – 5,5%, макарон өнімдері – 6,5%, кондитер өнімдері және ұзақ сақталатын тәтті нандар -12,8%, ет – 19,8%, шұжық өнімдері – 16,9%, күнбағыс майы 2,6 есеге, шоколад және шекерден жасалған кондитер өнімдері 10,6 есеге, алкаголсіз сусындар 0,9%, өнделген сұйық сут және қаймақ-8,2%, еттен жасалған дайын және консервіленген азық-түлік-5,1%, қант қосылмаған және ароматталмаған минералды газдалған сулар 24,6% артты.
Металлургия өнеркәсібінде өнім өндіру және дайын метталл бұйымарын өндіру 36,5%, мунай газ өндіру жабдықтары 5,4% өсті.
Тоқыма және тігін өнеркісібінде өнім өндіру 1,7%, соның ішінде ерлердің сыртқы киімдері 9,3%, әйелдердің киімдері 0,3% өсті.
Электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі -17,7 млрд.теңгені құрады, немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,1% жоғары.
Өсу қарқыны электр энергиясына - 8,8%, жылу энергиясы -2,8%.
Орал қаласының экономикасы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
бас.
Орал қаласының экономикасы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қаланың аграрлық секторында 35 ауыл шаруашылығы құрылымдары, соның ішінде - 1 мемлекеттік кәсіпорын, 10 -ЖШС және 24 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты - өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады және соның 12 %-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.
Ағымдағы жылда оперативтік деректер бойынша барлық ауыл шарушылының егістік көлемі 24,5 мың га. құрады немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4%. Дәнді-дақылдар – 18,4 мың га., мал азықтық дақылдар – 4,4 мың га., картоп – 1,1 мың га., көкөніс – 0,6 мың га. отырғызылды.Дәнді дақылдарды өндіру көлемі 76%(4,4 мың тонна) қысқарды, яғни қолайсыз ауа-райының әсерінен.
ЖШС «Орал ауыл шаруашылық тәжірибелі станциясы» өндіріске 16,7 га. көлемінде картопты тамызып суаратын жүйесін еңгізді.
Биылғы жылдың есепті мерзімінде алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі қара малы – 1,6%, қой мен ешкі 7,4%, жылқы 4,1% өсті шошқа 3,8% азайды. Есепті кезеңде 1404,8 тонна ет өндірілді, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 6,9% жоғары, сүт 5945,1 тонна (1,9%-ға), жұмыртқа – 61,2 млн.дана (17,0%) өндірілді.
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің жалпы көлемінде жұртшылықтың жеке шаруашылықтарының үлесі басым. Мәселен ағымдағы кезеңде мал мен құс өнімдерін өткізудің жалпы көлемінде бұл шаруашылықтың санаты 69% құраса, сүт өнімдерін өндіруде - 97% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінде 93,5% негізгі үлесті «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.
Талдау кезеңін өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мал мен құстың өнімділігі жоғарлады: бір сиырдан сауылатын орташа сүт көлемі 14,4% құрап отыр немесе 2992 кг, бір тауықтың орташа жұмыртқалауы 15,5% (239 дана). 2280 бас бұзау (4,7% алдыңғы жылғы кезең деңгейінен жоғары), торай – 1588бас (101,1%) алынды.
Қаланың жүк автомобиль көлігі келесі кәсіпорындарымен ұсынылады: «Эра» ӨК, «Авто» ӨК, «Амрита» ЖШС, «Оралавто»ЖШС, «Мөлшер»ЖШС, «Пластикавтотранс» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «Казавтотранс» АҚФ, «Avto-Trast-Contract» ЖШС, «Қазавтотранс-Батыс» ЖШС, «Трансагенство» ААҚ, «Автокомбинат» ЖШС, «Казросимпорттранс» ЖШС, «КК Орал-Камаз» ЖШС, «Дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС- олардың жүк тасымалдауының негізгі түрі құрылыс материалдары болып табылады.
Есепті кезеңде қаланың көлік кәсіпорындарымен (автомобиль және өзен) барлығы 17,5 млн.тонна (84,4%) әртүрлі жүк, 228,2 млн.жолаушы тасымалданды (алдыңғы жылдың тиісті кезеңінен 104,1%), жолаушы айналымы 3718,9 млн жол/км құрады (103,7%).
Қоғамдық көлік бойынша Орал қаласында 7 кәсіпорын 36 қала маршруты бойынша қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 311 автобус және 186 шағын автобус шығады.
Барлық еңбек ететіндер саны 34716 адамды (10469 заңды тұлға, 24247 жеке тұлға) құрайды немесе 108,1%.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 41549,5 млн. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді, алдыңғы жыл деңгейінен 14,6% төмен.
Салық комитетінің нақтыланған деректері бойынша қаладағы өнеркәсіп өндірісі бүгінгі таңда ет пен бидайды қайта өндеуге мамандандырылған, заңды және жеке тұлғаларға бағынышты нан-бөлке, макарон және кондитер өнімдерін, т.б. тауарлар (өнеркәсіп пен азық-түлік тауарлары) өндіретін 79 шағын қайта өндеуші цехтармен іске қосылған, олардың қолданыстағысы 37 мини-цехтар, 357 адам еңбек етеді.
2009 жылы басынан Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер арқылы шағын бизнес субъектілеріне 14851,7 млн.теңге несие берілді, оның ішінде қысқа мерзімге – 6559,1 млн.теңге, ұзақ мерзімге-8292,6 млн.теңге.
Жылдың басынан бері салық комитеті арқылы 4653 патент және 2328 куәлік берілді, тіркеу салымы 36,4 млн.теңгені құрады.
2010 жылдың 1 қаңтарына шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 170 (57,83 га) жер учаскелері бөлінді, оның ішінде сатып алынғаны – 65 (5,96 га).
Сонымен қатар 125 рұқсат берілді, 51 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға берілді, қайта жоспарлауға сонымен қатар 163 нысан қайта жоспарланып іске қосылды, осыған сәйкесті 72 дүкен, 37 офис, 3 дәріхана, 11 дәмхана, 2 сауда үйі, 1 монша, 11 шаштараз, 4 тіс оңдайтын бөлме, 17 автокешен, 3 қонақ үй, 2 кондитерлік цех бар.
Орал қаласының экономикасы
м
лн. теңге
Орал қаласының экономикасы
Орал қаласының экономикасы
Нарық айналымының тауар айналымы жалпы көлеміндегі бөлшек салмағы 53,0 % немесе 34052,6 млн. теңгені құрап отыр.
Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 120774 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 60,6 %.
Нарықтын тауар массасы жылдан жылға көбейіп жатыр, тауар ассортименті тұтынушыларға үлкеюін белгілеу керек. 2010 жылдың 1 қаңтарына тауар қалдықтарының көлемі: көтерме саудада – 2916,2 млн. теңгені құрап отыр, бірақ негізгі тауар қалдықтары бөлшек саудада – көрсетілген күніне 2321,1 млн. теңге құрап отыр.
Халықтың аз қамтылған бөлігін азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін, қалада «Жайық Бизнес Центр» ЖШС құрылды. Халыққа 1 кг үшін секер-145 теңге, күріш-175 теңге, күнбағыс майы-170-180 теңге бағасы бойынша сатылады, алдағы іске асырылатын қаланың 25 дүкенімен келісім шарт жасалды.Дұкендерге азық-түлік кәсіпорын есебінен жеткізілетін болады, яғни халықты керекті азық-түлікпен төмен баға бойынша қамтамасыз етеді.
Есенжанова көшесі бойынша «Омега» заводы ауданынан, Шолохов көшесі бойынша №26 үй ауданынан және Сарайшық көшесі бойынша №25 үй ауданынан сауда павильондары салынды, қала тұрғындары ауылшаруашылық өнімдерін өз құны бойынша сатуда.
2010 жылдың 1 қаңтарына қалада 1210 дүкен мен сауда үйлері, 30 базар жұмыс істейді. (2008 жылдың есепті кезеңінде 1136 дүкен, 27 базар).
Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 308 объектілері, 175 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 21 ателье, 67 авто шеберхана, 128 дәріхана, 47 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 48 шеберхана, 33 монша мен сауналар.
2009 жылдың желтоқсан айында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын көлемі 424,6 млн. тенгені құрап отыр.
Автомобиль, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсетулер, жеке пайдалану құралдарын жөндеу, күнделікті тауарлар көлемі 276,8 млн. теңгені құрап отыр.
Т
Орал қаласының экономикасы
ауарлар мен қызмет көрсету бағаларының индекстері
Б
Орал қаласының экономикасы
ағалар
2009 жылдың есепті кезеңінде барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі 100,2% құрады, 2008 жылғы желтоқсан айына 107,4% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 100,1% сәйкесінше 103,0% құрап отыр.
Облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2009 жылдың желтоқсанында 2008 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 7,4%-ға өсті. ( Республика бойынша – 106,2%).
2009 жылдың есепті кезеңінде азық–түлік тауарларына бағаның индексі 103% құрады. Қант бағасы -38,1%-ға, ет және ет өнімдері-7,9%-ға, кофе, шай, какао -20,2%-ға, алкогольдік сусындар және табак 17,6%-ға өсті.
2009 жылдың есепті кезеңінде азық-түлік емес тауарларына жалпы бағаның индексі 108,5% құрады. Тұрмыстық аспаптар -8,6%-ға, жуғыш және тазалағыш бұйымдар -22,1%-ға, жеке гигиена тауарлары 25,1%-ға, киім 7,9%-ға қымбаттады.
2009 жылдың есепті кезеңінде ақылы қызметтерге тарифтер мен бағалар 12,2%-ға өсті. Теміржол қызметінің бағасы -20,3%-ға , автокөліктерді техникалық қамту және жөндеу 17,6%-ға, шаштараз және сұлулық салондар қызметтері -12%-ға өсті. Байланыс қызметтері -10,5%-ға, соның ішінде пошта қызметтері -32,2%-ға, телефонға абоненттік төлем 14%-ға өсті.
Батыс Қазақстан аймағының (Ақтөбе, Атырау, Ақтау) қалаларымен Орал қаласын саластырғанда 2009 жылдың 15 желтоқсанына 18 позициядан статистика органымен сарапталған азық-түлік тауарлар топтарынан ішіндегі 11 атауы бағасы кем болып тұр.
2009 жылы негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 24460,6 млн.теңгені құрады, соның ішінде: бюджет қаражаты есебінен 8409,3 млн теңге, ұйымдар мен кәсіпорындардың бос қаражат есебінен- 15317,3 млн.теңге, шетелдік инвестиция арқылы – 734,0 млн.теңге. Инвестицияның жалпы көлемі алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне 94,6% құрады.
Негізгі капиталға тартылған барлық инвестицияның 25,5% (6227,8 млн.теңге) – жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, көлік және байланыс саласына – 25,6% (6271,9 млн.теңге), өнеркәсіп саласына-13% (3180,5 млн.теңге), білім беру саласына – 5,5% (1336 млн.теңге), құрылыс саласына – 4,3% (1058,6 млн.тенге), саудаға – 5,9% (1439,4 млн.теңге), денсаулық саласына – 9,4% (2303,7 млн.теңге) бағытталды.
Республикалық инвестиция есебінен қалалық канализациялық коллектордың тазалау құрылғыларын қайта құрастыру , 150 төсекке арналған онкологиялық диспансер құрылысы, Зачаганск кентіндегі облыстық көпсалалы 200 төсекке арналған аурухана және 500 келушіге арналған қалалық емхана құрылысы. Сонымен бірге 360 орынды Желаев кентіндегі мектеп пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы 9 шақырым болатын, қысымды канализациялық коллектор іске қосылды. Зачаганск кентінде трансформаторлық подстанцияны салу жалғасуда.
Шетелдік инвестиция есебінен «Жана-Орда» шағын ауданында және Зашаганск кентінде 280 орындық балабақшалар іске қосылды.
Мердігерлік ұйымдардың өзіндік күштерімен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 10253,6 млн.теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 42,7% құрады.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қаланың құрылыс салушыларымен
нақты құны 10282,7 млн. теңге болатын нысандар іске қосылды, соның ішінде:
жалпы алаңы 1,9 мың ш.м. ЖОО-ның мұнайхимия және биотехнология ғылыми-зерттеу орталығының оқу корпусы, жалпы алаңы 12,8 мың ш.м. болатын дүкендер, жалпы алаңы 0,8 мың ш.м. болатын дәріхана, 11 автокөлікке арналған автогараждар, жалпы алаңы 11,6 мың ш.м. болатын қоймалар, 1035 орындық кафе мен ресторандар, 3 жеңіл және жүк авто техникалық қызмет көрсету станциясы, 9 жол сервисі кешендері, 200 тонналық мал союмен айналысатын цех, шіркеу, техника жөндеу бойынша цех, жалпы алаңы 14,5 мың ш.м болатын жатахана және т.б.
Қаржыландырудың барлық көзінен жалпы алаңы 128,9 мың шаршы метр болатын 1255 пәтер салынды, бұл 2008 жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейге 84% құрайды. Соның ішінде, жұртшылық қаражаты есебінен 79,7 мың шаршы метр іске қосылды, бұл 2008 жылдың кезеңіне 92,3% құрайды.
Республикалық бюджет есебінен мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 20 мың кв.м болатын 4 үй тұрғызылды, оның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынды.
Тұрғындардын әлеуметтік-төмен отбасыларға арналған 216 пәтерлік 9 қабаттық үй салынды және шетел инвестиясы есебінен апаттық үйлердің тұрғындарына арналған 48 пәтерлік үй салынды. Ағымдағы жылы аяқталуға тиіс 9 ш/а. жалпы алаңы 10 мың кв.м. болатын 128 пәтерлік монолиттік үйдің құрылысы жалғасуда.
Қаланың әкімшілігінде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға 47 мың азамат кезекте тұр.
Орал қаласында 2008 жылы 251 жер учаскесі, ал 2009 жылы – 46 жер учаскесі берілді.
Орал қаласының Бас жоспарының түзетуі жалғасуда.
Іске қосылған тұрғын үй жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5% жоғарлады, яғни 41,8 мың теңге құрады.
2
Орал қаласының экономикасы
Соның 1188,4 млн.теңгесі ипотекалық несие шеңберінде тұрғын үйлерді сатудан түскен, жоспарға сәйкес республикалық бюджетке 1245 млн.теңге қайтаруға жатады.
2008 жылдың аналогиялық мерзімімен салыстырсақ, жергілікті бюджеттің салықтық түсімдері 12,8% өсті немесе 759,5 млн теңге., соның ішінде реттеулі салықтар есебінен 15% немесе 663,7 млн.теңге, еңбек ақы қоры есебінен және нормативтік аударымдар 53%-дан 56,5%-ға өсіп отыр, соның ЖТС түсім 19,4% немесе 436,1 млн.теңгеге жоғарлады, әлеуметтік салық бойынша түсім 10,6% немесе 227,6 млн.теңгеге өсті.
Жылдық жоспардың орындалуының қорытындылары бойынша реттелетін салық 102,3% орындалды немесе жоспардан жоғары контингентке 203 млн.теңге түсті, тиісінше аударымдарда 114,7 млн. тенге.
Жергілікті салықтар мен алымдар 2009 жылдың қорытындысы бойынша нақты жеткен деңгеймен салыстырғанда 6,2% жоғарлады немесе 95,8 млн.теңге, негізі келесі салықтардың есебінің өсуі: мемлекеттік баждың 99,4 млн.теңгеге, көлік құралдарына салықтың 107 млн.теңгені, кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін төлемдер 26,2 млн.теңгені құрады.
Соның жергілікті салық бойынша жекелеген түрлері жоспарға сәйкес орындалмай қалды, нақтырақ айтсақ заңды тұлғалардың мүлкіне салық бойынша – 123,4 млн.теңгеге, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салық бойынша – 2,4 млн.теңгеге, сыртқы жарнаманы орнатқан бойынша төлем – 1,5 млн.теңгеге, мемлекеттік баж бойынша – 16,4 млн.теңгеге, жер учаскелерін сатудан түскен түсім бойынша – 3,9 млн.теңгеге және т.б.
Салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны алдыңғы жылмен салыстырғанда 207,3% құрады, немесе 2008 жылғы нақты жеткен деңгейден 216,2 млн.теңгеге жоғары, соның ішінде 95,8% мемлекеттік органдармен жазаланатын әкімшілік айыппұл, пения мен санкциялар есебіне тиесілі, яғни алдыңғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге немесе 195,8 млн.теңгеге жоғарлады.
Жалпы 2009 жылы қалалық бюджеттің табыс бөлігі 99,2% орындалды немесе жоспар бойынша 18728,4 млн.теңге, нақты түскені – 18576,2 млн.теңге.
Қала бюджетінің таза табысы бойынша жоспар 98,8% ғана орындалды, трансферттер бойынша 100%-ға, бос қалдықтар бойынша 100%-ға орындалды.
Ескере кететін жайт, 2009 жыл ішіндегі түсімдер бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттер үлесі – 46% немесе 8482,3 млн.теңге, бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары жыл басына– 6,4% немесе 1194,8 млн.теңгені құрады.
Есепті мерзімде төленбеген салықтардың жалпы сомасы контингентте 7,2 млрд. теңгені құрады.
Орал қаласының экономикасы
2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бюджет шығынының құрылымы
2009 жылы қала бюджетінің шығыны 99,1% орындалды немесе жоспарланған 18 728 428 мың теңгеге нақты орындалған шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 18 566 330,3 мың теңге құрады:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 171 458,0 мың теңге жоспарланса, одан 171 232,6 мың теңге немесе 99,9% игерілді;
- қорғаныс саласына 22 316,0 мың теңге жоспарланып, 98,7% немесе 22 023,3 мың теңге орындалды;
- білім саласына есепті кезеңде жоспарланған 5 253 880,0 мың теңге сомадан 99,9% немесе 5 247 285,0 мың теңге игерілді;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 762 357,0 мың теңге жоспарланып, одан 759 236,4 мың теңге атқарылды;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған қаржының 98,8%-ы игеріліп, 6 480 660,0 мың теңге құрады;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған 508 471,0 мың теңгеден 506 395,1 мың теңге орындалды;
- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласына жоспарланған қаржы толығымен 99,9% немесе 6428,8 мың теңге игерілді, жоспар бойынша 6430 мың теңгені құрады;
Алдыңғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бюджет шығынының құрылымында айтарлықтай өзгеріс болмады, осы кезеңде қорғаныс саласына бағытталған сома – 34,8%, әлеуметтік көмек саласына – 57,4%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына – 50,2% артса, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы саласына бағытталған қаржы 74,2%, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне– 37,9% кеміді.
Қалалық бағдарламаларды ұстау шығыны 8 548 248,4 мың теңге сомасындағы қалалық бюджет кірісі есебінен, сонымен қатар жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген 8 482 310,5 мың теңге сомасындағы трансферттер және 1 194 768,1 мың теңге көлеміндегі бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары есебінен қамтамасыз етілді.
Орал қаласының экономикасы
Халық саны
мың адам
Тұрғындардың туылғандар, өлгендер және табиғи өсімі
Т
Орал қаласының экономикасы
ұрғындардың көші – қоны
Демографиялық жағдай
Қала халқының саны алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4% көбейіп, 249 мың адамды құрады.
Халықтың табиғи өсімі биылғы жылдың есепті кезеңінде 2367 адамды құрады, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,9% есеге көбейді.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде АХАЖ органдарында 4940 туылған нәресте тіркелген, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,3 % өсіп отыр. Өлгендер саны 2573 адам құрап, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 151 адамға немесе 5,6% азайған.
Халықтың өлу себептері құрылымында бұрынғыша қан айналым жүйелері арурулары басым.
Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде қала бойынша бір жасқа толмаған 70 нәресте шетінеген, бұл алдыңғы жылғы деңгейге 82,3% құрайды.
Жасқа толмаған нәрестелердің өлу себептерінің құрылымында қомақты үлесті перинатальдық кезеңде туындайтын жағдайлар, туа біткен ауытқулар, тыныс алу мүшелері аурулары және кездейсоқ оқиғалар иемденіп отыр.
Биылғы жылдың есепті кезеңінде қала бойынша келушілер саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, сәйкесінше 138% (7968 адам) көбейіп, ал кетушілер 315 адамға азайып, 93,9% (4845 адам) құрады.
Нәтижесінде, қала бойынша көші-қонның оң сальдосы қалыптасып, 3123 адамды немесе алдыңғы жылғы тиісті кезеңіне 5,1 есе ұлғайып отыр.
Орал қаласының экономикасы
Қаланың экономикасында 110404 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде жалдамалы (төленетін жұмысшылар-92820 адам немесе барлық жұмыспен қамтылғандардың 81,1%, өзіндік жұмыспен қамтылғандар – 17584 адам немесе 15,9%)
Биылғы жылдың есепті кезеңінде бір жұмысшының атаулы орташа айлық еңбек ақысы 56407 теңге құрап, алдыңғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,8% өсті.
Орташа айлық еңбек ақының орташа қалалық деңгейден жоғарысы қаржылық қызметте - 83961 теңге (102,3%), жылжымайтын мүлік операциясы саласында – 62054 теңге (88,1%), көлік және байланыс саласында – 82468 теңге (110,0%), құрылыс – 90213 теңге (136%), қонақ үйлер және мейрамхана саласында- 28184 теңге (65,4%) байқалды.
Ең төмен еңбек ақы білім беру, коммуналдық әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету салаларында орын алды, сәйкесінше 36335 теңге және 36862 теңге.
Есепті кезеңге бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбек ақысы ең төмен күнкөріс шамасынан 5,1 есеге және ең төмен еңбек ақы мөлшерінен 4,1 есеге асты.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 9817 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты.
Есепті кезеңінде 349 адам жұмыссыз болып танылды, бұл алдыңғы жылдың деңгейімен салыстырғанда 468 адамға аз немесе 42,7% құрап отыр, соның ішінде әйелдер - 255 адам немесе жалпы тіркелген жұмыссыздардың санынан 73,1%-ды құрады.
Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,3% құрады (алдыңғы жылдың аналогиялық кезеңінде – 0,7%)
Жұмыспен қамту органдарына мәлімделген ұйымдардағы жұмысшылар қажеттілігі 229 жұмыс орын құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 35% құрады.
Сондай-ақ, 3035 жаңа жұмыс орны (жоспар бойынша 2155 адам) соның ішінде: өндіріс саласында - 211, ауыл шаруашылығында – 282, сауда саласында - 575, көлік және байланыс саласында - 134, білім және денсаулық саласында - 386, құрылыс саласында - 882, басқа салаларда – 565 жұмыс орны құрылды.
Есепті мерзімде 6623 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, бұл алдынғы жылмен салыстырғанда 30,7% жоғары, 2958 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысты (алдынғы жыл деңгейінде 166,3%), оқуға 1213 адам жолданды (былтырғы жылдан 2,2 есеге көп).
«Енбек-Орал» 65,6%, жшс «Металл жасау заводы» 77,2%, ӨК «Литейно-механикалық заводы» 19,3%, АҚ «Омега» заводы 4,2 есе, «Надежда» ттф 4,6%, «мжбк» аақ 28,6%, «Аяз» жшс 29,1%, «Шаныб
13 09 2014
1 стр.
Шымкент қаласының 2009-2012 жылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
09 10 2014
1 стр.
14 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы міндеттерді, Үкіметтің
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес Қызылорда облысының 2012-2016 жылдарға арналған
14 12 2014
4 стр.
Жылдың қорытындысы бойынша облыстың қалалары және аудандары рейтингінде аудан әлеуметтік-экономикалық дамуы ұстанымында 17 орында
25 12 2014
1 стр.