Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4




2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының

облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет
I. 2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес Қызылорда облысының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жасалынып, бекітілді.

Орта мерзімді уақытта аймақтың экономикалық саясатының негізгі бағыты инфрақұрылымды дамыту және индустрияландыру арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне инвестициялық белсенділік есебінен қол жеткізіледі. 2012-2016 жылдары инвестиция өсімінің қарқыны орта есеппен 2 пайызды құрай деп болжамдалуда. Бұл өз кезегінде технологиялық модернизациялауды белсенді жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың шоғырлануының артуы есебінен қамтамасыз етіледі.

Болжам бойынша 2012 жылы нақты ЖІӨ-нің өсуі - 1,3 пайыз, 2013 жылы - 2,4 пайыз, 2014 жылы - 7,3 пайызды құрайды.




Көрсеткіштер

2011 ж. бағалау

Болжам

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

ЖІӨ, млрд. теңге

1067,2

1080,9

1100,3

1121,2

1144,7

1173,3

Өткен жылмен салыстырғандағы ЖІӨ нақты өзгеруі, пайыз

105,5

101,3

101,8

101,9

102,1

102,5

Жан басына шаққандағы ЖІӨ мың теңге/мың АҚШ доллары

1509,9

1512,2

1522,3

1534,2

1549,4

1571,1

10,1

10,1

10,2

10,2

10,3

10,5

*алдын-ала мәліметтер
Индустриаландыру Картасы шеңберінде 2012 жылы жалпы құны 710 млн. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылады, 160 жаңа жұмыс орындары ашылады, оның ішінде:

1. «Қорқыт Ата зиярат ету орталығы» кешенінің құрылысы, «Дорстрой» ЖШС. Жобаның құны – 220 млн. тенге, 15 жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

2. «Құрама жем өндірісін ұйымдастыру», «Жан Арай» ЖШС. Жобаның құны – 280 млн. тенге, 60 жаңа жұмыс орындары құрылады. Жобаның қуаты - тәулігіне 80 тонна. Германия құрал-жабдықтарын жеткізуге келісім-шарт жасалды, құрал-жабдықтар құнының 30 пайызы төленді.

3. «Органикалық тыңайтқыштар өндірісі», ПрК «ЖанРосс XXI век». Жоба құны – 110 млн. тенге, 60 жаңа жұмыс орындары құрылады. Жобаның қуаты - тәулігіне 180 тонна. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

4. «Құрама жем шығару өндірісін ұйымдастыру» «Агросервис Шапағат» ЖШС. Жоба құны – 100 млн. тенге, 25 жаңа жұмыс орындары құрылады. Жобаның қуаты - тәулігіне 80 тонна. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 496-IV Заңында 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 18 660 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 9 330 теңге;

3) зейнетақының өѕ төменгi мөлшерi – 19 660 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу їшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 731 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 18 660 теңге.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Облыстық бюджет – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және облыстың деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Облыстық бюджеттің түсімдері және шығындары
2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет Қазақстан Республикасы бюджет кодексіне, «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және облыстың бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Облыстық бюджеттің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, облыс халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 61 шешімімен бекітілді.
2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері
млн. теңге

Атауы

2012 жыл ессеп

2013 жыл бекітілген жоспар

2013 жыл нактыланған бюджет

2014 жыл бекітілген жоспар

2015 жыл бекітілген жоспар

Түсімдер
















1. Кірістер, оның ішінде:

118 944,7

118 541,2

128657,6

76 835,7

76 835,6

Салықтық түсімдер

8 749,9

5 666,9

15228,5

5666,9

5666,9

Салықтық емес түсiмдер

944,8

239,8

343,1

21,5

21,5

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

11,4

4,1

4,1

4,1

4,1

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

109 238,6

112 630,3

113082,0

71 143,2

71 143,2

Субвенция

71 593,5

71 143,2

71 143,2

71 143,2

71 143,2

Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімдер

108 443,6

41 453,2

41 453,2


0,0

0,0

Төмен тұрған алынатын трансферттер түсімдер

795,5

33,9

485,6

0,0

0,0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

720,9

714,2

715,6

606,0

94,0

Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

1,1

0,0




0,0

0,0

Қарыздар түсімі

623,3

2 951,7

6951,7

0,0

0,0

Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

0,0

0,0

0,0


0,0

0,0



















Ескерту: 2015 жылға субвенция көлемі болжамды болып табылады.
Түсімдері
2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа және да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Аудандық бюджеттермен:

жеке табыс салығы бойынша: толығымен аудандық бюджетке (100%);

әлеуметтік салық бойынша – 90% аудандық бюджетке,

10% - облыстық бюджетке



Қызылорда қаласы бюджетімен:

жеке табыс салығы бойынша: 50% - қалалық бюджетке,

50% - облыстық бюджетке;

әлеуметтік салық бойынша – 42,7% - қалалық бюджетке,

57,3% - облыстық бюджетке.
Жалпы сипаттағы трансферттер (бюджет субвенциялар)
Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну їшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.


Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.

Кіріс көлемінің болжамы және жергілікті бюджеттірдің Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде шығындары есептелген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысымен бекітілген.

2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2011 - 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 қарашадағы № 359-IV Заңымен бекітілген.

«2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қызылорда облыстық маслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №262 шешімімен 2011-2013 жоспарлы кезеңгі жылдарға облыстық бюджеттен берілген аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне субвенция көлемі белгіленді.


2011-2013 жылдарға Қызылорда облысының бюджетіне республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның бөлінісі

млн. теңге



Наименование

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Арал ауданы

4 084,4

4 448,8

4 448,8

Казалы ауданы

4 470,1

4 984,3

5017,6

Қармақшы ауданы

3 091,9

3 301,2

3 324,7

Жалағаш ауданы

2 234,0

2 464,0

2 470,0

Сырдарья ауданы

1 674,2

1 834,5

1 692,8

Шиелі ауданы

3 723,2

4 130,2

4 125,7

Жанақорған ауданы

4 296,4

4 791,3

4 844,3

Қызылорда қаласы

4 366,8

3 941,6

3 613,1

Аудан (қала) бюджеттері жиыны:

27 941,1

29 895,9

29 895,9

Облыстық бюджет

36454,5

41697,6

41247,2

Облыс бойынша барлығы

64395,6

71593,5

71143,1


Облыстық бюджеттің шығындары
Жоспарланған 2013-2015 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, облыс экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

2013 жылы облыстық бюджеттің көлемі 122,2 млрд.теңге болып бекітілді.


Сала бойынша 2013 жылғы облыстық бюджеттің шығындары

млн.теңге




ф/г

Атауы

2013жыл бектілген

2013жыл нақтыланған бюджет

Шыгындар көлемінің үлесімі, %



















II. Шығындар

118 513,8

131733,0

100

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

1 088,8

2 161,5

1,6

02

Қорғаныс

311,4

8 89,0

0,7

03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

4 41,9

5 182,6

3,9

04

Бiлiм беру

20 461,3

22 301,1

16,9

05

Денсаулық сақтау

27 270,1

27 917,7

21,2

06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

3 209,8

3 563,1

2,7

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

14 278,7

17 118,1

13,0

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

3 591,9

5126,7

3,9

09

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0

197,9

0,2

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

7 278,6

7397,9

5,6

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

329,7

234,6

0,2

12

Көлiк және коммуникация

4 287,0

5249,2


4,0

13

Өзгелер

1 549,5

2073,5

1,6

14

Борышқа қызмет көрсету

3,1

3,3

0,0

15

Трансферттер

30 440,0

32 316,9

24,5

Жыл сайын облыстық бюджеттің шығындары 15 функционалдық топ бойынша жоспарланады.

Нақтыланған облыстық бюджеттің шығындарында республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер және кредиттер енгізілген.

Жергілікті атқарушы оргнадар мақсатты трансферттерді және кредиттерді тек мақсаты сай жұмасалып өзінің тиісті бюджеттік бағдарламасына отырғызылып пайдаланады.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттреге бөлінеді.

Ағымдағы нысаналы трансферттер Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарыныѕң ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған. Мысалы, тұқым шаруашылығын қолдау, білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге және тағы басқа.

Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.


Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің "Бақылау" автоматтандырылған ақпаратты іздестіру жүйесі орталықтандырылған деректер, Қызылорда қаласының көше қиылыстарына және көп қабатты үйлердің аулаларына орнатуға 75 бірлік бейне бақылау камераларын орнату және сатып алуға, АДИС "Папилон -7" құрылғысы - автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйе - оқуға, жүйелендірген сақтауға, саусақ, алақан іздерін іздеу және сәйкестігін тексеруге арналған компьютерлік жүйені орнату және сатып алуға, IP-телефон құрылғысын орнату және сатып алуға, бейнеконференц байланыс жүйесін орнату және сатып алуға, нашақорлыққа қарсы іс-шаралар өткізу және тауарлар сатып алуға, процессингілік орталығына техникалық қызмет көрсетуге, облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік ғимараты қасбетінің күрделі жөндеуге жүргізу үшін жоба - сметалық құжаттар мен мемлекеттік сараптамаға, жол полициясына 3 бірлік автокөлік сатып алуға, 1 бірлік микроавтобус сатып алуға, 50 бірлік планшет сатып алуға, жеке құрамды қосымша заманауи жеке бронды қорғаныс құралдары мен қарумен жарақтандыруға, барлығы 715,8 млн теңге қаржы бөлінді.
Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде.Жалпы білім беру мектептердің, мектепке дейінгі балалар ұйымдардың, аураханалардың, перинаталдық орталықтың, дәрігерлік амбулаториялардың, мәдениет үйлердің, спорттық алаңдардың және әлеуметтік нысандың құрылыстары жүргізілуде.


Білім беру

2013 жылы республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлінді, оның ішінде:




  • Бюджеттеріне үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге 151,2 млн. теңге қаржы қаралған;

  • Кәсіптік лицейлердің атауы колледж статусына өзгеруіне байланысты, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын қатысушыларға әлеуметтік жәрдем көрсетуге қаржы бөлінді, онын ішінде 4493 оқушылардың степендиясын төлеу және 1680 оқушылардың жол ақы шығындарына 912,9 млн. теңге қаралған;

  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы 407 оқытушының (мұғалімдердің) енбекақы төлеу айырмасына 51,4 млн. теңге қаржы бөлу;

  • Мемлекеттік білімді техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 900 мамандарды даярлауға және 533 оқушылардың степендиясын төлеуге 96,0 млн. теңге бөлінді;

  • Мектепке дейінгі 10 137 балаларды ұстау үшін 2353,6 млн. теңге бағытталады, оның ішінде 2012 жылы аралығында ашылған 2 284 жаңа балабақшаны ұстауға;

  • 2013 жылға 731 жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне, ата-ана қамқорлығысыз қалған балаларға 152,3 млн. теңге қарастырылды;

  • 2013 жылға негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға 122,9 млн. теңге қаржы бөлінді, сонымен қатар, химия кабинеттерді қамтамасыз ету пайызы - 34,6% құрап отыр, физика кабинеттері – 19%, биология кабинеттері – 38,8%.

  • Үйде оқытылатын 239 мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге 186,6 млн. теңге қаржы бөлінді, 2012 жылымен салыстырылғанда одан ары 52 мүгедек-бала бағдарлама жүйесімен, жабдықтармен қамтылып көбейді.

  • 2013 жылға мектеп 1020 мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайтуға 540,3 млн. теңге бөлінді, 7852 мұғалімдердің және тәрбиелеушілер бірінші санатты, 7291 мұғалімдердің және тәрбиелеушілер екінші санатты;

  • 2013 жылға техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнындағы 6 оқу-өндірістік шеберханалармен және лабораторияларды жаңарту және жабдықтау жалғасуда қосымша 150,0 млн. теңге бөлінеді, сонымен қатар кәсіптік колледждерде оқу-өндірістік шеберханалармен және лабораториялар толық жаңартылады.

  • 2013 жылға 5817 кадрлардың кәсіптік даярлау және қайта даярлауға 1989,3 млн. теңге бөлінді;

Жергілікті бюджет есебінен келесі шығындар көзделеді, оның ішінде:

  • Қосымша 10 штаттық бірліктерді ұстау үшін және 2 мектепке жабдықтарды сатып алуға, оның ішінде дарынды балаларға арналған № 4 мектеп-интернатты және № 3 гимназия мектебіне 26,0 млн. теңге қарастырылды;

  • №9 және № 10 қазақ-түрік лицейінің 500 орындық жатақхана ғимаратының құрылысы аяқталуына байланысты жаңа ғимараттың қуаттылығы ұлғаюына байланысты коммуналдық қызмет төлемдеріне және ғимаратқа қызмет көрсететін 43,5 қосымша штаттық бірлікті ұстау шығындарына 95,1 млн теңге бөлінді;

  • №5 көзі нашар көретін мектеп интернатының ғимаратқа қызмет көрсететін қосымша штат бірліктерін ұстау шығындарына және коммуналдық шығындарды төлеуге, балаларды оқыиуға құралдар сатып алуға 28,2 млн теңге қарастырылды;

  • Жас өспірімдер үйі ғимаратына қызмет көрсететін қосымша штат бірліктерін ұстау шығындарына және коммуналдық шығындарды төлеуге 8,0 млн теңге қаралды;

  • Жаңадан іске қосылған 12 мектеп ғимаратының құрылысы аяқталуына байланысты ғимаратқа жыл бойы қызмет көрсететін қосымша штат бірліктерін ұстау шығындарына және коммуналдық шығындарды төлеуге 191,3 млн теңге қаралды;

  • 2012 жылы №1 жетім балалар мектеп интернаты жетім балалар интернатына және Қызылорда қаласындағы жалпы білім беру мектебіне бөлінді. Осыған байланысты, Қызылорда қаласында жалпы білім беру мектептерінің жылдық ұстау шығындары ескерілді;

  • 2013-2014 оқу жылдарына техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнындағы 2673 адамға жаңа мемлекеттік тапсырыс орналастыруға қосымша 157,0 млн теңге қаржы қарастырылды;

  • ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес колледждердің (кәсіптік лицей) жетім және ата-ана қамқорлығысыз қалған, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын тамақтандыруға 99,3 млн. теңге қаржы қаралды;

  • 2013 жылы республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттер есебінен 6 мектеп, 4 балабақша құрылысы басталады, оның ішінде Қызылорда қаласы Қорқыт ата көшесінің бойындағы 900 орындық, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 600 орындық, Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылындағы 600 орындық, Шиелі ауданы Бестам, Еңбекші ауылдарындағы 300 орындық, Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі 300 орындық мектептер және Арал ауданы Арал қаласындағы, Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі, Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылындағы 280 орындық балабақшалар;

  • Республикалық бюджетт есебінен 7 мектептің құрылысы жалғасады, оның ішінде Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылындағы 600 орындық, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 600 орындық, Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі 600 орындық, Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылындағы 600 орындық және Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі 1200 орындық, Сырдария ауданы Шаған ауылындағы 900 орындық мектептер;

  • 2013 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен 22 мектеп, 18 балабақша, 1 қосымша құрылыстың және Қармақшы ауданындағы жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысы үшін 150 орындық лагерь, Қызылорда қаласында 250 орындық жатақхана құрылысының мемлекеттік сараптамдан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамасын әзірленеді, оның ішінде Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі 300 орындық №172, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 300 орындық №56, Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылындағы 100 орындық №230, Қазалы ауданы Сарыбұлақ ауылындағы 100 орындық №78, Қазалы ауданы Бірлік ауылындағы 140 орындық №102, Арал ауданы Бөген ауылындағы 200 орындық №20, Жаңақорған ауданы Жайылма ауылындағы 250 орындық №195, Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылындағы 200 орындық №164, Арал ауданы Сарбасат ауылындағы 20 орындық бала бақшасымен 50 орындық № 237, Арал ауданы Бекбауыл ауылындағы 200 орындық № 65, Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылындағы 200 орындық № 74, Арал ауданы Аққұлақ ауылындағы 20 орындық бала бақшасымен 50 орындық №76, Арал ауданы Көктем ауылындағы 20 орындық бала бақшасымен 50 орындық №227, Арал ауданы Үкілісай стансасындағы 20 орындық бала бақшасымен 50 орындық №265, Арал ауданы Ерімбетжаға ауылындағы 20 орындық бала бақшасымен 50 орындық №18, Қазалы ауданы Аранды ауылындағы 100 орындық №97, Қазалы ауданы Майдакөл ауылындағы 200 орындық №98, Қазалы ауданы Шилі ауылындағы 20 орындық баба бақшасымен 50 орындық № 259, Қазалы ауданы Лахалы ауылындағы 100 орындық №93, Шиелі ауданы 21 разъездегі 100 орындық №243, Шиелі ауданы Майлытоғаі 150 орындық №141, Жаңақорған ауданы Талап стансасындағы 100 орындық №254 мектептер, және Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі №246 мектепті қайта жаңғырту, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі № 216 мектептің шеберхана, асхана, спорттық зал құрылысының, сонымен қатар Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 140 орындық "Өрімтал", Арал ауданы Арал қаласындағы 140 орындық "Жазира", Жаңақорған ауданы Қожакент ауылындағы 90 орындық, Шиелі ауданы Бидайкөл ауылындағы 90 орындық, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі 140 орындық, Жаңақорған ауданы Жаңақоған кентіндегі 140 орындық, Арал ауданының Арал қаласындағы 140 орындық «Толқын», Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі 90 орындық №3 «Ертөстік», Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі 90 орындық №5 «Айгөлек», Қармақшы ауданының Тұрмағанбет ауылындағы 140 орындық №8 «Кызғалдақ», Қармақшы ауданының Иіркөл ауылындағы 50 орындық №12 «Самал», Қармақшы ауданының Төребай би ауылындағы 50 орындық №15 «Ақ көгершін», Қармақшы ауданының ІІІ-Интернационал ауылындағы 90 орындық, Қазалы ауданының Жанқожа батыр ауылындағы 90 орындық, Қазалы ауданының Қожабақы ауылындағы 90 орындық, Қазалы ауданының Басықара ауылындағы 90 орындық, Қазалы ауданының Ақсуат ауылындағы 90 орындық, Қазалы ауданының Бозкөл ауылындағы 90 орындық балабақшалар құрылыстарының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жосапарлануда;

  • 2013 жылы Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында №55 мектептің шеберхана, асхана, спорттық зал құрылысы басталды;

  • 2013 жылы облыстық бюджет есебінен 7 мектеп, 4 балабақшаның құрылысы жалғасатын болады, оныің ішінде Арал ауданы Арал қаласындағы 300 орындық, Қосаман, Қарашалаң ауылдарында 100 орындық, Тоқабай ауылында 140 орындық, Шиелі ауданы Қосүйенкі, Қазалы ауданы Байхожа ауылдарындағы 20 орындық балабақшасымен 50 орындық, Қызылорда қаласы Бірқазан ауылындағы 20 орындық балабақшасымен 50 орындық мектептер, Қызылорда қаласында №4 мектепті кеңейту, Жаңақорған ауданы Кейден ауылындағы 140 орындық, Шиелі ауданы Бірлестік ауылындағы 100 орындық, Жаңақорған ауданы Қызылмақташы аудындағы 200 орындық мектептер және Қызылорда қаласы Наурыз ауданындағы 140 орындық, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 140 орындық, Арал ауданы Жалаңаш ауылындағы 90 орындық, Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық, Келінтөбе ауылдарындағы 90 орындық, балабақшалар;

  • 2013 жылы мемлекеттік жеке-меншік әріптестігі аясында іске асырылып жатақан Қызылорда қаласы Досан ауылындағы 100 орындық мектеп құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласының шығындарында төмендегідей шығыстар ескерілуде:



  • «2012-2016 жылдарға арналған ҚР онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы» шеңберінде:

  • амбулаторлық-емханалық ұйымдарында 6 онкологиялық және маммологиялық кабинеттерінің ашылуы;

  • облыстық кеңес беру диагностикалық орталығынан проктологиялық кабинетінің ашылуы;

  • онкологиялық диспансерінде амбулаторлық химиотерапия кабинетінің ашылуы;

  • онкологиялық диспансерінде 1 әлеуметтік қызметкері және 1 психолог енгізілді;

  • қуақасты безінің обырын, өнеш пен асқазан және бауыр обырын және колоректалды ісікті дер кезінде анықтау мақсатында мақсатты топтағы тұрғындардың арасында скрининг тексерулерінің жүргізілуі;

  • денсаулық сақтау ұйымдарына материалдық-техникалық базасын нығайтуға барлығы 865,1 млн.теңге қаралды, оның ішінде:

  • инсульттық орталығына бір компьютерный томограф сатып алынады;

  • медициналық жедел жәрдем қызметтеріне 11 бірлік реанимобиль сатып алынады;

  • қанайналым жүйесі ауруын алдын алу және дер кезінде анықтау мақсатында 1 ангиограф аппараты сатып алынады;

  • бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарын 77 аймақтық медбикелермен толықтырылуға қаржы қаралды;

  • облыстық диагностикалық орталықтан ерте шақтағы есту қаблетінің бұзылуын уақытылы анықтау үшін скрининг және диагностика жүргізуге сурдологиялық кабинетін ашуға қаржы қаралды;

  • тұрғындарды түнгі уақытта, демалыс және мейрам күндері шұғыл стоматологиялық көмек көрсету мақсатында облыс орталығында шұғыл стоматологиялық көмек көрсету ұйымдастыруына қаржы қаралды;

  • облыстық наркологиялық орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралды;

  • жедел-жәрдем көмек көрстеу сапасын жақсарту мақсатында қалалық медициналық жедел-жәрдем станциясында қосымша екі бригада ашылады;

  • Арал және Қазалы аудандарында медициналық жедел-жәрдем көмек көрсету қызметін штаттық нормативке сәйкестіру мақсатында қосымша 1 жедел-жәрдем бригада ашылды;

  • жастардың құқығы мен репродиктивтік денсаулығы бойынша сауаттылығын көтеру үшін, салауатты өмір салтын және аурулардын алдын алу мәселелері бойынша оқыту үшін екі жастар орталығын ашылды;

  • Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде республикалық бюджеттен қаржылындырылған орталық аудандық ауруханалар, сонымен бірге ауылдық ауруханалар, 2013 жылдан бастап облыстық бюджетке қайтарылды;

  • қан компоненттерінің бактериялық контоминациясының профилактикасы және иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін донорлық қанды дайындау мен өңдеуге қолданылатын шығын материалдармен (реактивы) толығымен қамтамасыз етуге қаржы қаралды;

  • әскери есепке алу кезеңінде облыс азаматтардың әскери жарамдылығын анықтау үшін жыл сайын туындайтын қаржыландыру мәселесін шешу үшін қаржы қаралды;

  • барлық туберкулезге қарсы ұйымдарына туберкулездің таралуын болдырмау мақсатында тәулік бойы арнайы күзетпен қамтамасыз етіледі;

  • 2013 жылы 15 дәрігерлік амбулаториялар құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленеді.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Облыс халқының мәдени-көпшілік демалысын қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджет есебінен:

  • 100 млн. теңгеге жаңа замануи музыкалық, дыбыс және жарық аппаратурасымен облыстық қазақ музыкалық драма театр және облыстық филармония қамтамасыз етіледі;

  • 28 мәдени іс-шарала өткізіледі, оның ішінде жаңадан Қызылорда облысының Алматы және Талдықорған қалаларында өткізілетін апталығы, сонымен қатар, мәдени- көпшілік іс-шараларға қаралған қаржы көлемі 2,37 есе көбейді;

  • Облыстық бюджетте 2012 жылы жаңадан іске қосылған 1 мәдениет үй мен 3 ауылдық клубының үстау шығындары қаралды;

  • Шиелі ауданындағы Ы. Жахаев атындағы күріш өсіру музейінің ғимаратының құрылысы 2012 жылы аяқталуына байланысты, реэкспозициялық жұмыстарына 7,4 млн. теңге қаралды;

  • Шығармашылық Үйінің құрылысы басталады;

  • Мәдениет саласының мекемелерінің материалдық-техникалық базасын ңыгайтуға 77,7 млн. теңге қаралды;

  • 2013 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласында шығармашылық үйінің құрылысын және Арал ауданы Сексеуіл стансасындағы, Қармақшы ауданы Ақай, Тұрмағамбет ауылдарындағы, Жаңақорған ауданы Манап ауылындағы, Қызылорда қаласы Махамбет, Қызылжарма ауылдарындағы 150 орындық клубтар және Қазалы ауданы Ғ. Мұратбаев атындағы мұражай құрылысын аяқтау жоспарлануда.

  • 2013 жылы 14 ауылдық клуб құрылысының мемлекетік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жоспарлануда, оның ішінде Жаңақорған ауданы Шалқия, Бесарық, Кеңес, Талап ауылдарында, Сырдария ауданы Айдарлы, Сейфуллина, Інкардария ауылдары, Шиелі ауданы Жансейіт, Төнкеріс, Тартоғай, Майлытоғай ауылдарында, Қазалы ауданы Абай ауылында, Арал ауданы Қамыстыбас ауылдарында.




  • Облыстық бюджет қаржысы есебінен Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында 150 орындық ауылдық клуб құрылысы басталды.



  • облыста көгалдағы хоккей спортын дамытуға мемлекеттік тапсырыс орналастыруға 43,0 млн. теңге қаржы қарастырылды;

  • 2013 жылдың қаңтар айынана бастап теміржолмен жүру ақысының қымбаттауына байланысты іс-сапар шығындарына қосымша 10,3 млн. теңге қаржы қарастырылды;

  • стенд ату, көркем гимнастика, бес сайыс спорт түрлерінің дамыту мақсатында қосымша спорттық іс-шаралардың ұлғайуына 40,0 млн. қаржы қарастырылды;

  • спортшыларды әлеуметтік қорғау мақсатында ауыр атлетикадан Әлемнің екі дүркін чемпионы Ильин Илья Александровичке ай сайын 1734 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай көмек көрсетуге 35,3 млн теңге қаржы қарастырылды;

  • футболдан облыстық құрама команданың 1 Лигаға қатысуын қамтамасыз етуге 598889 млн. теңге қаржы қарастырылды;

  • балалар мен жасөспірімдер арасында спорттын "Бессайыс" түрін дамытуға (стенд ату, қылыштасу, жүгіру, жүзу, атқа міну) №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне балалар мен жасөспірімдердің іс-шараларға қатысуына, іс-сапар шығындары, спорттық киімдер мен құралдар сатып алу және ғимаратты жалға алу шығындарына 10,9 млн. теңге қаржы қарастырылды;

  • облыстық жоғарғы спорт шеберлігі спорт мектебі мен №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде "Стенд ату" бөлімшелеріне қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге 11,4 млн. теңге қаржы қарастырылды;

  • облыстағы 22балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 2013 жылға арналған күнтізбелік жоспарларына сәйкес қосымша бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен облыстық республикалық жарыстарға қатысуы үшін іс-сапар шығындарына 91,3 млн. теңге қаржы қарастырылды;

  • ҚР Үкіметінің 30 қаңтар 2008 жылғы №77 қаулысына сәйкес штат бірліктерін нормативке жеткізу үшін Арал БЖСМ- не 1 штаттық бірлік әдіскер, Шаған БЖСМ -1 штат бірлік жаттықтырушының ұстау шығындарына 1,9 млн. теңге қаржы қарастырылды;

  • облыстағы 22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің "Қазынашылық клиенті" бағдарламасына өтуіне байланысты әр мектепке 2 компьютер принтерімен және сканер сатып алуға 8,3 млн. теңге қаржы қарастырылды;

  • облыстық жоғарғы спорт шеберлігі спорт мектебі мен № 1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде "Стенд ату" бөлімшелеріне нысана ату аппаратын сатып алуға 4,7 млн. теңге қаржы қарастырылды;

  • облыстағы спортта дарынды балаларға араналған мектеп интернатына құрал жабдықтар сатып алуға 7,7 млн. теңге қаржы қарастырылды;

  • №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептебіне "Бессайыс" спортты бойынша қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету 4,8 млн. теңге қолданды;

  • Арал ауданындағы «аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешені» қазыналық кәсіпорнына ауыл балаларын тасымалдауға 1 дана «Газель» автокөлігін сатып алуға 2,8 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • 2012 жылы жаңадан жастар саясаты жөніндегі басқарманың ашылуына байланысты, 23 әлеуметтік маңызды жобаны іске асыруға 78,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде "Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға және ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған ресурстық орталық жұмысын ұйымдастыру" жобасын жүзеге асыруға 37, 9 млн. теңге;

  • мемлекеттік ақпараттық саясатты республикалық газеттерде, облыстық басылымдарда, жергілікті өзге де басылымдарда, журналдарда, интернет-ресурстарында, республикалық және жергілікті телеарналарда ақпараттандыру үшін қосымша 184,7 млн теңге бөлінді;

  • үкіметтік емес ұйымдар арқылы 16 іс-шараны ұйымдастыруға 63,4 млн теңге және ақпараттық талдау орталығына қосымша 5 бірлік штаттың (эксперт) ұстау шығындарына 3, 9 млн теңге қаралды. облыста көгалдағы хоккей спортын дамытуға мемлекеттік тапсырыс орналастыруға 43,0 млн. теңге қаржы қарастырылды.


Ауыл шаруашылығы

2013 жылға облыстық және республикалық бюджеттерден облыстың егін шаруашылығына 2 433 млн теңге бөлінді, оның ішінде басымдық дақылдарды субсидиялауға 1 908 млн теңге бағытталды.

Мал шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау шараларына республикалық және облыстық бюджеттен 1 017 млн теңге бөлінді.

Мал шаруашылығынан алынатын өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 703,9 млн теңге бөлінді. Ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 562,7 млн теңге қаралды.


Қоршаған ортаны қорғау

2013 жылы ауылдық округтерде 6 канал және 12 насос тазартуына 185,7 млн.теңге бөлінді;

Қызылорда қаласы маңында Қызылорда-Аэропорт автомобиль жолының бойында жасыл белдеу жасау жобасының 2 кезеңінде тамшылатып суару технологиясын пайдалану инновациялық жүйесін енгізу жоспарланды;

Жаңақорған ауданындағы Тайпақкөл және Қандыарал көлдер жүйесін қалпына келтіру» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы мен мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарына 39,4 млн теңге бөлінді.


Көлік

следующая страница>


I. 2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес Қызылорда облысының 2012-2016 жылдарға арналған

730kb.

14 12 2014
4 стр.


Кодексіне, «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын іске асыру Ережесін бекіту туралы»

Республикасы дамыту болжамын және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес 2011-2015 жылдарға арналған макроэкономикалық

257.3kb.

15 10 2014
1 стр.


Қызылорда облысының әлеуметтік – экономикалық төлқұжаты Қызылорда қ. 2013 жыл 2

Есепті 2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың қысқаша әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері

1731.76kb.

16 12 2014
13 стр.


Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары

1205.27kb.

15 10 2014
8 стр.


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Ақтөбе облысының статистика Департаменті Ауыл (село) дамуының мониторингі

«Ауыл (село) дамуының мониторингі» бюллетенінде Ақтөбе облысының және оның өңірлері бойынша село дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері тоқсандық негізде жарияланға

3134.51kb.

15 10 2014
17 стр.


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Ақтөбе облысының статистика Департаменті Ауыл (село) дамуының мониторингі

«Ауыл (село) дамуының мониторингі» бюллетенінде Ақтөбе облысының және оның өңірлері бойынша село дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері тоқсандық негізде жарияланға

3891.42kb.

15 10 2014
20 стр.


Жылдарға арналған азаматтық бюджет (2013 ж. 10. 02. өзгерістері мен толықтыруларымен) Құрметті сайт қонақтары!

Сіздердің назарларыңызға Теміртау қаласы бойынша 2013-2015 жылдарға арналған азаматтық бюджет ұсынылып отыр, ол бюджеттің негізгі көрсеткіштері

138.61kb.

25 12 2014
1 стр.


ЫРҒыз ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы

Негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндік

2978.18kb.

17 12 2014
15 стр.