Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4

2.3. Семинар сабағының жоспары.

1-семинар тақырыбы: Экономикалық ілімнің пәні мен әдістері.Семинар жоспары:



  1. Экономикалық ілімнің зерттеу пәні.

  2. Экономикалық қатынастар, құрылымы.

  3. Негізгі экономикалық түсініктер.

Келесі сұрақтарға қосымша дайындалыныз:

  1. Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі «экономикалық ілімнің» рөлі мен орнын ашыныз.

  2. Кез-келген экономикалық қатынастың құрылымына сипаттама беріңіз.

  3. Қоғамдық қажеттіліктер жүйесіне сипаттама беріңіз.

  4. «Экономикавлық ілім» қызметінің мазмұнын ашып, «экономикавлық ілім» және «экономикалық саясат» қатынастарының ара-қатынасын ашыңыз.

  5. Қажеттіліктер мен экономикалық мүдделер арасындағы байланыс.

2-семинар тақырыбы: Қоғамдық өндіріс негіздері.

Семинар жоспары:



  1. Өндіріс факторлары, түрлері, шектеулігі.

  2. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар.

  3. Қарапйым және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

  4. Экономикалық ресурстар, түрлері, сиректігі.

  5. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

  6. Ұдайы өндіріс. (қарапайым және ұлғаймалы)

Қоғам дамуы үшін қажет материалды игіліктерді өндіру үшін адам еңбегі, еңбек заты және еңбек құралы қажет. Экономика мен тауарлы шаруашылықты синонимдер деуге болады. Ұлғаймалы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұдайы материалды өндіріс қажет. Өндірісті өзгеріссіз қайталауды қарапайым өндіріс деп, ал өспелі көлемді жаңартуды ұлғаймалы ұдайы өндіріс деп атайды.

3-семинар тақырыбы: Экономикалық жүйенің негізгі түрлері.

Семинар сабағының жоспары:


  1. Экономикалық құбылыстарды зерттеуге жүйелі көзқарас.

  2. Экономикалық жүйе, оның элементтері.

  3. Экономикалық жүйе түрлерін жіктеу.

  4. Экономикадағы мемлекеттің рөлі.

Лекция және семинар сабақтарына тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз.

  1. Экономикалық жүйелерді жіктеуде қандай критериелер пайдаланылады?

  2. Кез-келген экономикалық жүйенің ортақ белгілері?

  3. Әлеуметтік-экономикалық жүйе эволюциясындағы институттардың рөлі?

4-семинар тақырыбы: Меншік қатынастары және оның экономикадағы рөлі.

Семинар жоспары:



    1. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастары.

    2. Меншік құқықтарының экономикалық теориясы.

    3. Меншік нысандары және түрлері.

    4. ҚР-ғы жекешелендіру және мемлекет иелігіне алу.

Трансакциялық (операциялық) шығындар-меншік құндарын аударуға байланысты айыбас сферасындағы шығындар.

5-семинар тақырыбы: Қоғамдық шаруашылық формалары. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың товарлы формасы.

Семинар жоспары:


  1. “Қоғамдық шаруашылық формалары” түсінігі, элементтері.

  2. Натуралды және товар шаруашылықтары формалары.

  3. Құн және шекті пайдалылық ілімдері.

  4. Ақша, мәні, пайда болуы. Инфляция.

6-семинар тақырыбы: Рыноктық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Семинар жоспары:

  1. Товар-ақша қатынастарының эволюциясы мен рыноктық қалыптасуы. Рыноктың негізгі теоретикалық трактовкасы.

  2. Рыноктың қатынастар субъектісі. Рыноктық механизм құрылымы, оның негізгі элементтері.

  1. Рынок түрлері және жіктелуі. Рынок инфроқұрылымы және рыноктық механизмдегі оның рөлі.

  1. Рыноктық механизм – рыноктың негізгі элементтері болып есептелетін сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзара байланыс. Рыноктың қалыпты жұмысын қамтитын алғышарттары: жеке меншік, еркін сауда, бәсеке. Рынок экономикалық мазмұны бойынша, бәсекенің жетілу деңгейіне қарай, салалары, қатысушылары , орналасуы, заңды сақтау деңгейлеріне қарай жіктеледі. Рынок ресурстарды тиімді орналастырады, дегенмен, әлеуметтік әділеттілік мәселелерін шешуде мемлекеттік басқаруды қажет етеді. Рыноктық конъюнктура, инфроқұрлым түсініктері пайдаланылады.

  2. Рыноктық жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Семинарға тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз:

  1. Адам Смиттің рыноктық “көрінбейтін қолы” нені білдіреді?

  2. Рынок түсінігін сипаттаңыз.

  3. Рыноктың негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз.

  4. Қандай рыноктың құрылымдарды білесіз. Сипаттама беріңіз.

  5. Рыноктық экономикадағы бәсекенің рөлі.

  6. Өндірістік, әлеуметтік-тұрмыстық және рыноктың инфроқұрылымдар арасындағы қатынас қандай?

  7. Қазақстан Республикасында рыноктық инфроқұрылымның қандай элеметтері дамыған?

7-семинар тақырыбы:Сұраныс пен ұсыныс ілімдері.

Семинар сабағының жоспары.



  1. Сұраныс заңы. Сұраныс графигі. Сұранысқа әсер ететін бағадан басқа факторлар.

  2. Ұсыныс заңы,графигі. Ұсынысқа әсер тетін бағадан факторлар.

  3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әсері. Рыноктық тепе-теңдік.

  4. Икемділік түсінігі. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі.

  5. Тұтынушылардың мінез-құлық ілімі негіздері.

Лекция мен семинарға тақырып бойынша әдебиттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз:

  1. Рыноктағы сұраныс пен ұсыныстың рөлі қандай?

  2. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестілік қалай орнайды?

  3. Сұраныс пен ұсыныс икемділігіне сипаттама беріңіз.

  4. Тұтынушылардың мінез-құлық ілімінің мазмұны қандай?

Семинар№ 8. Қоғам дамуын әлеуметтік-экономикалық кезеңдерге бөлудегі көзқарастар.

Семинар жоспары:



  1. Адам қоғамының дамуына индетерминистік және детерминистік концепциялар.

  2. Қоғам дамуын кезеңдерге бөлудің формациялық көзқарасы.

  3. Қоғам дамуының өркениеттік (цивилизациялық) ілімі.

Индетерминистік тұжырымда адамзат жеке жолы бар, туатын-өлетін тарихи типтер, мәдени жүйелер жиынтығы деп қарастырылады. (Экономикалық жүйе-материалдың игіліктерді тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы ерекше тәртіптегі байланыс жүйесі.)Детерминистік көзқарас адамзат қоғамының прогрессивті дамуын таниды. Демографиялық детерминизм, Фармациялық көзқарас маркістік ілімге тән: архаистік (алғашқы қауымдық және азиялық өндіріс әдістері), екінші формация-жеке меншікке негізделген (құл иеленуші, крепоснойлық, капитализм), үшінші-коммунистік (жеке меншікті жоюға негізделген ).

Өркениеттік көзқарас бойынша: неолиттік, шығыс-құл иеленуші, антикалық, ерте феодалдық, индустрияға дейігі, индустриялық, постиндустриялды кезеңдер болады.

9 – семинар тақырыбы. Кәсіпорынның капитал айналымы

Семинар жоспары:



  1. Негізгі капитал.

  2. Айналым капиталы.

  3. Инвестициялар, түрлері, мәні.

10-семинар тақырыбы. Кәсіпорын шығындары мен кірістері.

Семинар сабағының жоспары.



  1. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі.

  2. Жалпы, орта және шекті кіріс. Пайда түрлері.

  3. Масштаб әсері. Трансакциялық шығындар.

  4. Фирманың шекті шығындары мен шекті кірісін рыноктық бағамен салыстыру.

  5. Жетілген бәсекелі рыноктағы фирма.

Лекция мен семинарға тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайындалыңыз:

  1. Маркстік және неоклассикалық концепциялар бойынша шығындар трактовкасы.

  2. Қандай шығын түрлерін білесіз?

  3. Қандай байланыс бар:

а) жалпа,орта және шекті шығындар арасында;

б) жалпы,орта және шекті кіріс арасында.



  1. Баға, шекті шығын және шекті кірістерді салыстырып қандай қорытынды жасауға болады?

11-семинар тақырыбы. Өндіріс факторлары рыногы және факторлар кірісінің қалыптасуы.

Семинар сабағының жоспары.



  1. Өндіріс факторларына деген сұраныс. Өндіріс факторларының өзара байланысы мен өзара айырбасы.

  2. Жалақы – еңбек бағасы ретінде.

  3. Процент – капитал иесінің факторлық кірісі.

  4. Жер рентасы – жер иесінің факторлық кірісі.

  5. Пайда – кәсіпкердің фактрлық кірісі.

  6. Өндіріс фактрлары рыногындағы тепе-теңдік.

Ресурс бағасы ақшалай кірісті өзгертетін, салалар арасында ресурстарды бөлетін маңызды фактор. Өндіріс факторларының бағасын аңықтау «кім үшін?» деген мәселені шешу мен байланысты. Ресурсқа деген сұраныс-туынды сұраныс, сол ресурстардан дайындалған игіліктерге деген сұранысқа тәуелді.

Жалақы-еңбек үшін төленетін төлем (жұмысшы күші үшін.), номиналды, реалды, мерзімді, несімді түрлері бар. Несиеге берілген ресурс үшін алынатын төлем-процент деп аталады. Номиналды, реалды процент есепке алынады. Проценттік ставка тәуекел деңгейіне, мерзімге, несие мөлшеріне тәуелді.

Жер және оның қойнауындағы байлықтар рента деп аталатын кіріс әкеледі.Жер ұсынысының шектеулігі және икемсіздігі ауыл шаруашылығында баға құрылу ерекшелігін туғызыды.

Семинарға тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға беріңіз.



  1. Жалпы, орта және шекті өнім түсініктерінің байланысы.

  2. Жалақының формасы мен мәні қандай?

  3. Капитал рыногы мен инвестициялық прцестер мәні неде, капиталға леген процентпен қалай байланысты?

  4. Қандай жер ренталарын білесіз, жер бағасына әсері қандай?

  5. Кәсіпкердің “кәсіпкерлік кірісін” алуын әділетті деуге бола ма?

12-семинар тақырыбы: Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

Семинар сабағының жоспары.



  1. Қоғамдық өнім қоғамдық ұдайы өндіріс нәтижесі.

  2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды өлшеу.

  3. Ұлттық есепшоттың мазмұны. Қазақстан мен басқа ТМД елдерінің. Ұлттық есепшот жүйесіне көшуі.Лекция және семинарға тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайын болыңыз:

    1. Қандай негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді білесіз?

    2. ЖҰӨ мен ЖІӨ арасында айырмашылық қандай?

    3. Ұлттық кіріс қалай есептеледі?

    4. ЖҰӨ өлшеудің кірітер мен шығындар әдістері.

    5. Ұлттық есепшот жүйесі қандай қызмет түрлерін қамтиды?

13-семинар тақырыбы. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Семинар жоспары:

  1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық ілімі

  2. Тұтыну мен жинақтауды кейінстік талдау.

  3. Инвестиция мен жинақтауды кейінстік талдау.

  4. Мультипликатор әсері.

  5. Туынды инвестиция және акселератор. Үнемшілдік парадоксі.

  6. “АD – АS” моделіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.

14-семинар тақырыбы. Жұмыссыздық пен инфляция – экономикалық тұрақсыздық белгілері ретінде.

Семинар жоспары:



  1. Жұмыссыздық, түрлері, өлшеу. Оукен заңы.

  2. Инфляция, түрлері, деңгейі.

  3. Инфляция мен жұмыссыздықтың әлеуметтік салдары.

  4. Филлипс қисығы.

15-семинар тақырыбы: Экономикалық дамудың циклділігі.

Семинар сабағының жоспары.



  1. Циклдік тербеліс себептері.

  2. Қысқа, орта және ұзақ мерзімді циклдер.

  3. Экономикалықөсім – ұдайы өндіріс мақсаты ретінде.

  4. Экономикалық өсім модельдері

Семинарға тақырып бойынша әдебиеттерді оқып, келесі сұрақтарға дайын болыңыз:

  1. Цикл табиғаты даулы сұрақ болып табылады. Әртүрлі көзқарастарды келтіріп, сіз қайсысымен келісетіндігіңізді білдіріңіз.

а) Мысалы, В.С.Джевонс экономикалық цикл себептерін күндегі дақтармен байланыстырған. Оның ойынша экономикалық құлдыраулар мен өнімділігі төмен жылдар күндегі дақтардың пайда болуымен сәйкес келеді.

б) У.К.Митчел ойынша, экономикалық цикл себептерін экономикалық жүйе ішінен іздеу, соның ішінде ақша айналымы сферасынан іздеу керек. Пайда тербелісін, капитал салымдарын, жұмыспен қамтамасыздықты зерттей отырып экономикадағы өзгерістерді болжауға болады.



  1. Қысқа, орта және ұзақ мерзімді экономикалық зерттеулерді сипаттаңыз.

  2. Қазіргі кезеңде ҚР-да экстенсивті және интенсивті фактрлар ара қатынасы қандай?

16- семинар тақырыбы: Ақша- несие жүйесі.

Семинар жоспары:



  1. Ақша ұсынысы, ақша агрегаттары.

  2. Ақшаға деген сұраныс.

  3. Несие, мәні, формалары.

Әдебиеттер тізімі 1-35

2.5. Оқытушының жетекшімен орындайтын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізі түрі

Экономикалық ілімнің пәні мен әдістері.

1. Экономикалық ілімінің пәні.

2. Негізгі экономикалық түсініктер.

3. Экономикалық қатынастар және олардың құрылымы.

4. Позитивті және нормативті ғылым. Экономикалық ілім қызметі.

Сабақ баяндау, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.

2. Қоғамдық өндіріс негіздері

1. Ресурстар және факторлары, шектеулігі және оларды пайдалануға альтернативті талдау.

2. Материалды және материалды емес өндіріс және оның нәтижелері (заттар,қызметтер,байлық).

3. Ұдайы өндіріс фазалары және олардың бірлестігі. Қарапайым және ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті және интенсивті типтері.

Сабақ әңгімелеу түрінде өтеді.

3. Экономикалық жүйенің негізгі түрлері.

1. Экономикалық құбылыстарды зерттеуге жүйелі көзқарас.

2. Экономикалық жүйе, оның элементтері.

3. Экономикалық жүйе түрлерін жіктеу.

4. Әртүрлі шаруашылық жүйелерінде таңдау координациясы.
4. Меншік қатынастары және оның экономикадағы рөлі.

1. Меншік-экономикалық категория ретінде. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің орны мен рөлі.

2. Меншік құқықтарының экономикалық ілімі.

3. Рыноктық экономикадағыменшік типтері,формалары.түрлері.

4. Қ.Р. меншік қатынастарындағы өзгерістер:

а)мемлекетсіздендіру

б)жекешелендіру.

5 Қоғамдық шаруашылық формалары. Қоғамдық өндірістің товарлы түрі.

1. Натуралды және товар шаруашылығы. Товар шаруашылығының пайда болуы және тарихи модельдері.

2. Еңбек құн теориясы, товар және еңбек қасиеттері, товар айырбасы.

3. Субъективті құндылық ілімі және игіліктің шекті пайдалылығы.

Ақшаның мәні және пайда болу ілімі. Ақша айналым заңы. Қазіргі замандағы ақша.



6. Индустриалды кезең: экономикалық даму варианттары.

1. Өнеркәсіптік революция мен индустриалды дамудың басы.

2. Капиталистік өндірістің мәні.

3. Капитализмнің даиу кезеңдері.

7.Постиндустриалды экономика. Капитализмнің постиндустриалды кезеңге өтуі.

1. ҒТР мәні неде?

2. Постиндустриалды даму кезеңінің ерекшелігі неде?

3. Қазіргі капитализм мен таза капитализмнің айырмашылықтары неде?

4. Экономикалық сациологизациясы деген не?

5. Дамыған мемлекеттер үшін ҒТР салдары қандай?

8. Постсоциолистік елдердегі өзгерістер. ТМД елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары.

1. ССРО-дағы мемлекеттендірілген социализм. Командалық-әкімшілік шаруашылық жүйесіндегі дағдарыс.

2. ССРО-ның таралуы және одақтас республикалардың егемендік алуы.

3. Командалық экономикадан рынокқа өту. Қазақстандағы рыноктық экономиканың қалыптасуы:шарттары, заңдылықтары,ерекшеліктері.

4. Аралас экономикаға көшудегі Қазақстанның постиндустриалды елдер тәжербиесін пайдалануы.

9. Кәсіпкерлік қызмет. Оның негізгі түрлері және формалары.

1. Кәсіпкерліктің мәні және сипаты.

2. Кәсіпкерлік қызметтің формалары мен түрлері.

3. ҚР кәсіпкерліктің дамуының экономикалық және құқықтық шарттары.

10. Индивидуалды ұдайы өндірістің негізгі ілімдері.

1. Өндірістік функция өндіріс нәтижесі мен факторларға жұмсалған шығындар арасындағы тәуелділік бейнесі.

2. Факторлар тиімділігінің көрсеткіші.

3. Кемімелі өнімділік заңы.

4. Шығындардың минимизациясы және пайда максимизациясы.

5. Өндірушінің тепе-теңдігі.

11.Кәсіпорын капиталының айналымы.

1. Капитал айналымы.

2. Негізгі капитал. Амортизация.

3. Айналым капиталы және айналым қаражаттары.

13. Кәсіпорын шығындары мен кірістері.

1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар.

2. Тұрақты,ауыспалы және жалпы шығындар

3. Орта шығындар. Шекті шығындар.

4. Масштаб әсері. Трансакциялық шығындар.

5. Жалпы,орта және шекті кірісі.

6. Бухгалтерлік, экономикалық және қалыпты пайда.

7. Шекті шығындар мен шекті кірісті рыноктың бағамен салыстыру.

13. Өндіріс факторларының рыноктары және фактор кірістерінің қалыптасуы.

1. Функционалды бөлу ілімі мен факторлар кірісінің қалыптасу ілімі.

2. Жалақы – еңбек бағасы ретінде.

3. Процент – капитал иесінің факторлық кірісі ретінде.

4. Жер рентасы – жер иесінің факторлық кірісі.

5. Пайда – кәсіпкердің факторлық кірісі.

14. Ұлттық экономика жүйе ретінде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.Ұлттық экономика – тұтас жүйе ретінде. Жалпы ұлттық өнім және оны өлшеу тәсілдері.

Ұлттық есепшоттың атқаратын Қызметті мен рөлі.

15-СОӨЖ тақырыбы. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық ілімі. Жартылай,жалпы және нақты тепе-теңдік. Вальрас және Патинкин модельдері.

2. Тұтыну,жинақтау және инвестицияларға кейінстік талдау. Мультипликатор әсері.

3. Туынды инвестициялар және каселератор. Үнемшілдік парадоксі.

4. “AD – AS” моделіндегі макроэкономикалық тепе-теңдігі.


16. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздық белгілері ретінде.

1. Жұмыссыздық түрлері және мәні. ҚР жұмыссыздық.

2. Жұмыссыздықтың ЖҰӨ-ге әсері. Оукен заңы.

3. Инфляция түрлері, мәні, себептері.

4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара тәуелділігі. Филлипс қисығы.

17. Экономикалық дамудың циклділігі және экономикалық өсім.

1. Рыноктық экономиканың даму циклділігі. Циклдік тербеліс себептері:ішкі және сыртқы себептер.

2. Экономикалық цикл және оның түрлері.

3. Экономикалық өсім түсінігі,оны өлшеу. Экономикалық өсім факторлары мен түрлері.

18. Қаржы жүйесі.

1. Қаржы жүйесі және оның негізгі буындары.

2. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар және жиынтық сұраныс.

Мемлекеттік шығындар мультипликаторы.

3.Салықтар. Салық мультипликаторы.

4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. ҚР мемлСтуекеттік қарызы.

2.6.Студенттердің өзіндік жұмысы.

1-СӨЖ тақырыбы. Экономикалық ілімнің пәні мен әдістері.

Тапсырма:


  1. Төмендегілердің қайсысының экономикалық ілім пәніне қатысы жоқ:

А)ресурстарды тиімді пайдалану;

Б)ресурстардың шексіздігі;

В)қажеттілікті максималды қанағаттандыру;

Г)игіліктердің сиректігі.

2.Қайсы экономикалық мақсаттың нақты сандық өлшемі бар?

А) экономикалық кепілдік;

Б) жұмыспен қамтамасыздық;

В)экономикалық еріктілік;

Г) кірісті әділетті бөлу.

3. «Микроэкономика» нені оқытады?

А)тұтас экономика масштабындағы өндірісті;

Б) шаруашылықтағы жұмыспен қамтылғандарды;

В) жалпы баға деңгейін;

Г) қант өндірісі мен оның баға динамикасын.

4. Экономика тұтас жүйе ретінде зерттелсе:анализ

а) микроэкономикалық;

б) макроэкономикалық;

в) позитивті;

г) нормативті.

5. Экономикаылқ ілім:

а) экономикалық жүйені болжаумен айналысады;

б) барлық экономистер келісетін білімдерден тұрады;

в) болашақты болжай алмайды, экономика дамуындағы құбылыстар салдарын түсіндіре алады.

6. Экономикалық игілік деген не? Түсіндіріңіз.

7. Қоғамдық товар дегенді қалай түсінесіз?

8. Экономикалық қатынастар.

9. Экономикалық заңдар, категориялар деген не?

2-СӨЖ тақырыбы. Қоғамдық өндіріс негіздері.

1. Адам және экономика. Экономикалық адамның рационалды әрекетінің модельдері.

2. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.

3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері.

4. Ұдайы өндіріс: фазалары, түрлері, типтері.

Студенттердің өз бетінше жұмысына тапсырмалары.


  1. Экономикалық ілім адамдардың шексіз қажеттіліктерін сирек ресурстардың көмегімен қанағаттандырудағы әрекетін зерттейтіні белгілі. Осыған сүйене отырып, кез-келген жеке адам(индивидум) іске асыратын ситуацияларға сипаттама беріңіз:

А) кіріс-тұтыну;

Б) еңбек-демалыс;

В) тұтыну-жинақтау.

2. Экономикалық ресурстарға сипаттама беруде келесі мәселелерге көңіл бөліңіз.

А) «экономикалық ресурстар» және «өндіріс факторлары» түсініктері қалай байланысады?

Б) ресурстардың сиректігін қалай дәлелдеуге болады?

В) экономикалық ресурстарды сіз қалай жіктер едіңіз?

Г) экономикалық ресурстарды ұдайы өндірудегі мәселелері қандай?

3. Өндіріс факторының жіктелуіне сипаттама беріңіз.

4. Материалдық игіліктерді өндіру әдісі- өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардыңдиалектикалық бірлестігі: Сипаттама беріңіз.

5Ұлғаймалы ұдайы өндірістің үш түрі:

а) интенсивті;

б) экстенсивті;

в) аралас;

Сипаттама беріңіз.

6. Қоғамдық өндіріс кезеңдерінің мазмұнын ашыңыз.

3-СӨЖ тақырыбы. Экономикалық жүйенің негізгі түрлері.

Тапсырмалар.



  1. Экономикалық жүйе деген не?

  2. Қандай критериялер бойынша экономикалық жүйелер жіктеледі?

  3. Не? Кім үшін? Қалай? Деген сұрақтарға әрбір экономикалық жүйеде кімдер жауап береді?

  4. Кірістер мен шығындар айналымын толтырып, әрбір негізгі экономикалық субъектілердің мақсатын анықтаңыз:







фирма




мемлекет




Үй шаруаш.






Байланыс бағытын, атауын, мазмұнын еске түсіріңіз.



  1. Рыноктық экономикадағы мемлекеттің орынын айтып беріңіз.

4-СӨЖ тақырыбы. Меншік қатынастары және оның экономикадағы рөлі.

1. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының рөлі мен орынын сипаттаңыз.

2. Меншіктің экономикалық категория ретіндегі мазмұнын ашыңыз.

3. Келесі тұжырымды талдаңыз:

а) ғалым ғылыми жаңалығына меншік иесі бола алады;

б) кәсіпкер өз фирмасын басқарады.

в) үкімет, өз билігін пайдала отырып, экономикалық бағдарламаны орындауға тырысады;

г) институт интелектуалды және физикалық потенциалды пайдаланып,студенттерді оқытуды іске асырады.

4. Келесі сұрақтарға жауап құрыңыз.

а) меншік құқықтары түсінігінің мәні;

б) меншік құқықтарын іске асыру тәртібі;

в) өркениетті адам өркениеттіәлемде бөтен адамның затын ұрлайды, неге?

- қылмыстық жауапкершіліктен қорқады;

- әдеп-ғұрыпқа бағынады;

- моральдық үйреніс мүмкіндік бермейді;

- барлық жауап дұрыс.

5. Экономикалық еріктілікті талдап, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

а) экономикалық еріктілік жағдайындағы жеке меншіктің рөлі;

б) қазіргі рыноктық шаруашылықтағы мемлекеттік меншіктің мәні;

в) қоғамдық меншік деген не, оның экономикалық эволюциядағы мәні;

6. ҚР меншік түріне сипаттама беріңіз

5-СӨЖ тақырыбы. Қоғамдық шаруашылық формалары. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың товарлы формасы.

1. «Қоғамдық шаруашылық формалары» түсінігінің сипаты;

2. Натуралды және товар шаруашылықтары.

3. Товар шаруашылығы: пайда болуы және тарихи модельдері.

4. Товар шаруашылығын зерттеудегі маркстік және маржиналистік әдісте



<предыдущая страница | следующая страница>


Экономика және қаржы институты. Экономикалық ілім кафедрасы

ОӘК пәннің оқу бағдарламасынан (Sillabus), лекциялардың қысқаша мазмұнынан, әдістемелік материалдардан, студенттердің өзіндік жұмысынан (сож), бақылау-өлшеу құралдары мен қолданыла

763.79kb.

25 12 2014
4 стр.


Қаржы-экономика факультеті “Экономика және қаржы” кафедрасы

Тарау. Салықтар экономиканы мемлекеттiк қаржылық реттеудiң ҚҰрамдас бөлiгi ретiнде

648.7kb.

25 12 2014
3 стр.


Бекітемін қэф деканы Эрназаров Т. Я. 200 ж. Құрастырушы: аға оқытушы Еркебаева Г. А экономикалық теория кафедрасы Әдістемелік нұсқау

«Экономика», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттері үшін

103.77kb.

18 12 2014
1 стр.


Құрастырған Т. А. Абылайханова ОӘк экономикалық ілім кафедра отырысында кафедрасының аға оқытушысы талқыланған

«Қаржы», 050508 «Бух есеп және аудит», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

532.04kb.

14 12 2014
2 стр.


Экономика, қаржы және мемлекеттiк сатып алу бөлiмiнiң бас маманы

Жоғары экономикалық, инженерлiк-экономикалық бiлiм, орта кәсiптiк экономикалық, техникалық бiлiм

161.51kb.

09 10 2014
1 стр.


Әдістемелік нұсқаулық

Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар және экономикалық заңдылықтардың дамуы туралы түсініктерді береді

75.24kb.

18 12 2014
1 стр.


Дипломдық ЖҰмыс тақырып кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау «Қаржы және есеп» факультеті «Қаржы» кафедрасы
1251.78kb.

25 12 2014
6 стр.


Телефон: (8-727)3773330/31/32 (каб. 1336)

Мырзахметова Аида Менлібай-қызы доцент, экономикалық ғылымдар кандидаты, халықаралық қатынастар факультет, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы

7.94kb.

09 10 2014
1 стр.