Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Оқу үрдісінің қарым – қатынасының құзырлық дамуы. Даралап оқыту үрдісінің қатысымдық әдісі, қарым- қатынас технологиясы, жаттығулардың түрлері.

Елеубаева К. К.

«№15 орта мектеп» ММ

Орыс мектептерінде қазақ тілін даралап оқыту үрдісі.

Орыс мектептерінде қазақ тілі пәнінің оқыту әдістерінің, әсіресе даралап оқыту үрдісінің маңызы зор.Сондықтан орыс сыныптарындағы оқушылардың сөз байлығын молайту,оларды

қазақша сөйлей білуге үйрету басты мақсатымыз болып келеді.

Қазіргі кезенде білім берудегі негізгі мақсат жан- жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой- талғамы бар адамгершілігі жоғары қабілітті жеке тұлға қалыптастыру.

Біздің мақсатымыз:

Мемлекеттік тілді орыс мектептерінде оқытуда оқушыларды қазақша дұрыс сөйлеуге, оқуға, сауатты жазуға, бір-бірімен қарым – қатынас жасауға үйрету, ойлау қабілетін дамыту, ойын қазақша жеткізе алатындай болуы көзделеді. Осы мақсатта қазақ тілінің, оны орыс мектептерінде оқыту үрдісінің маңызы өте зор. Сондықтан бүгінгі күнде мен таңдап алып отырған тақырыптың өзектілігі ерекше.

Бұны іске асыру үшін орыс мектептерінде қазақ тіліне арналған ғалым автор Ж. Д. Адамбаеваның оқушының сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдарын қарастырып, көмекші құрал-оқулықтар жазып жүрген ғалым ұстаздар Тихомирова В. Т., Ә. Ж. Жүнісбеков, Қ. Ы. Сариева тағы көптеген ғалымдар еңбектері- ұстаздар үшін қажетті дүние.

Оқушылардың жеке еркшеліктерін жан –жақты зерттеу нәтижесін аңықтаған соң жеке жұмыс шараларын белгілеуге болады. Оқушы білімді ойлау қабілетіне және дара қабілетіне қарай қабылдайды.

Үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті сөз тіркесін аударуға рұқсат беріледі.

Жыл басында білім деңгейін тексеру мақсатында тестік жұмысын өткіземін.Тест жұмысын өткізу барысында өткен тақырып бойынша барлық тақырыптарды қамтимын. Соның нәтижесінде қай оқушымен қандай жұмыс істеу керек екені айқындалады.

Алдарыңызда тест қорытындылары бойынша оқушылардың 1-ші тоқсандық нәтижесімен тоқсанның тест нәтижелерінің салыстырмалы графигін ұсынып отырмын. Өздеріңіз көріп отырғандай ІІ-ші тоқсандағы оқушылардың білім деңгейгі жоғарлыды.(график).

Осы тест материалы бойынша оқушылардың күнделікті дәрежесі мен дайындық деңгейіне, оқыту үрдісінің сатысына көңіл аударамын. Тестің негізгі мақсаты білім деңгейін тексеру, оқу бағдарламасының талаптарын орындау, ойлау қабілетін дамыту.

Тестің көптеген түрлері бар, бірақ мен өз тәжірибемде қолданатыным:


  • Сұрақ – тесті

  • Мына сөйлем сөйлемнің қай түріне жатады.

  • Дұрыс жауап тап т.б.

Жаңа сабаққа көшу алдында педагогикалық көмек қажет ететін топпен жұмыс істеймін.

Даралау жұмысты іске асыру үшін:



  • Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлемін.

-Әр топпен даралап оқытуды қамтимын.

-Топпен жұмыс

-Бір-бірін текмеру жұмысы

-Өзін-өзі тексеру

Оқушыларға оқу материалдарын түсіндіріп, қорытындылап, тексеру жұмысын өткіземін.

Бақылау жұмыстарымен қатар әр- түрлі диктанттар түрлерін, мысалы, зерттеуші ғалым Е. С. Полоттың тәжрибесі бойынша:

-Әріп диктанты

-Сөздік диктанты

-Сөйлем диктанты

-Терме диктанты

-Көру диктанттарынның түрлерін қолданамын.

Бұл жазбаша жұмыстар балалардың дұрыс сөйлем құрастыру, үндестік заңын дұрыс қолдана білу дағдыларын және білім деңгейін қалыптастырады. Шығарма жаздырамын,мысалы « Менің елім-Қазақстан» туралы шағын шығарма жаздырғанда:



  • Әр сөзді сапалы меңгеру оның мазмұнын жетік түсіну

  • Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін

  • Тыныс белгілерін,орфографияны тексеремін.

Әр оқушының өз ойын қысқа да болса өз бетінше жаза білуге дағдыландырамын.Әр тақырыпты өту барысында тоқсан бойы тексеру сөздік диктанттарын аламын. Даралап оқыту үрдісін іске асыру

барысында суреттеу бойынша жаттығулар өткіземін. Осындай жұмыстар атқарғанда әр топ оқушылары өз білімділігін, дағдыларын және білім деңгейін көрсете келе, еңбектерінің жемісін көріп қуанады.

Жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде білім сапасы және білім деңгейін тексеремін, сөзжұмбақ, карточкалар арқылы даралау

жұмыстарын атқарамын. Сөзжұмбақ, карточкалар әр оқушының типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Оқушылардың мүмкіндігін және қабілетін ескере отырып олармен вариант бойынша өздік жұмыстар жүргіземін.

Сонымен қатар даралау жұмысының ұйымдастырылуы жекеше оқушының қызығушылығын ескереді және өз қабілеттерін көтеруге мүмкіншілік береді. Оқушылардың оқу барысында алған білім сапасын, білімділігін және дағдыларын тексеру мақсатында келесі тестердің қортындысына сүйенемін.

Менің жұмысымның ең негізгі нәтижесі нашар оқитын оқушылар азайып, қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын артырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Біз тәуелсіз Қазақстан Республикасының XXІ ғасырдың ұрпақтарын дайындап жатырмыз. Президенттін 2030 бағдарламасындағы жастарға қойылып отырған міндеттерін іске асыру үшін сауатты да, білімді жан­­­­­­-жақты мемлекеттік тілді меңгерген, сол тілде жұмыс істей алатын айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеуіміз керек. Біз алдағы уақытта қазақ тілін орыс мектептерінде даралап оқыту үрдісін жалғастыра отырып, оқу жылы аяғында қорытынды тест жұмысының нәтижесін ұсынамыз және Е.С.Полоттың , Ж.Жүнісбековтың технологияларын оқыту үрдісі процессінде қолданамыз.



Тіліміздің мәртебесі- еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз.
Пайдалаынған әдебиеттер:

  1. Е. С. Полот «Қарым – қатынас теориясы мен әдістемесі» 2000ж

  2. «Народное образование» журналы 7.2005

  3. Ж. Д. Адамбаевв «Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» 2000ж

Елеубаева К. К. «№15 орта мектеп» мм

Оқу үрдісінің қарым – қатынасының құзырлық дамуы. Даралап оқыту үрдісінің қатысымдық әдісі, қарым- қатынас технологиясы, жаттығулардың түрлері

42.01kb.

23 09 2014
1 стр.


Орта мектеп бітірушілерді Ұбт-ға дайындау туралы

Орта мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тест тапсыруға сапалы дайындығын ұйымдастыру мақсатында

74.5kb.

12 10 2014
1 стр.


Конкурс арқылы мемлекеттік сатып алудың қортындылары туралы

А. А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп гимназиясы және Тасашы орта мектеп жанындағы интернат үйінде тәрбиеленушілерге пайдаланатын тағам түрлерін конкурс арқылы мемлекеттік сатып

732.96kb.

17 12 2014
4 стр.


Семинарға міндетті түрде жоғарыда көрсетілген орта мектеп әдіскерлері қатысулары керек

Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты 2008 жылдың 11 қаңтар күні Хромтау қаласы №2 мектеп-гимназия базасында Оқу-тәрбие үрдісінде И. П

47.9kb.

23 09 2014
1 стр.


Бекітiлген «Алтынсарин орта мектебі»

«Алтынсарин орта мектебі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мектеп) заңды тұлға мәртебесі бар, жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін құрылған

315.71kb.

25 12 2014
1 стр.


«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов №142 орта мектептің 2010-2011 оқу жылына арналған айлық жоспары №1 Педагогикалық кеңесте қаралды

Сапалы білім, саналы тәрбие, сауықтыру және әлеуметтендіру біртұтас жүйесін қамтамасыз ететін, нәтижеге бағытталған мектеп моделін құру

475.06kb.

25 12 2014
3 стр.


Касенбаева Айгүл Касенбаевна «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешен» кмм

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы педагогигалық қана емес мемлекеттік мәселе. Қазақстан Республикасында педагогикалық ынтымақтастық негізінде тәрбиеде дамытушылық міндетін ойдағы

102.43kb.

14 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі №86 жалпы білім беретін орта мектеп

Бүгінде тек сауатты, белсенді, жақсы оқушыларды оқытып шығару жеткіліксіз. Мектеп қабырғасынан өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл – азаматтар шығару басты мақсат

42.87kb.

15 10 2014
1 стр.