Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3

4 Технологиялық көзқарас негізінде оқушыларда баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру
Оқушылардың техникалық дайындығының және дене жағынан жетілуінің, жалпы, олардың бойында ойын әрекетін қалыптастырудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуші қадамды біз оқу-тәрбие процесіне бастапқы үйретудің бірінші жылында, яғни, 4 сыныптан бастап жүзеге асырдық.

«Оқушыларда баскетбол ойыны техникасының негіздері қалыптастырудың кезеңдік әдістерінің тиiмдiлiгi» 4.1 бөлімшесінде эксперименттік әдістің ұсынылған мазмұны оқытудың бірінші жылғы бастапқы дайындығы тобындағы ұлдардың қатысуымен жүзеге асырылғандығы қарастырылады. Мектептің 2009-2010оқу жылына арналған жоспар-кестесіне сәйкес 66 сағат оқу сабақтары өткізілді, экспериментке қатысушылар мини-баскетбол бойынша екі жарысқа қатысты.

Бақылаудағы топ та дәстүрлі әдіс бойынша сонша сағат дайындалды, бақылау сыныбындағы оқушылар да екі жарысқа қатысты.

Қолданылған технологиялардың тәжірибелік жағын сипаттайтын зерттеудің мазмұнын ашатын материалдар, тәжірибелік топтарда мәні бойынша әр дәрежедегі нәтижелердің жағымды өзгерісі болғанын көрсетеді (4 кесте).


4 кесте - эксперимент кезіндегі үйренушілердің психомоторлық қабілеттерінің дамуы


Көрсеткіштер

ЭТ(n=24)

БТ(n=24)

t2



S

сv, %

t1



S

сv, %

t1

әсер ету уақыты, мс







2,08







2,18



қозғалатын нысанға әсер ету, % қателер







2,37







1,23



қозғалыстардың кеңістікті талдауы, % қателер







2,54







1,83



қозғалыстардың талдауы, % қателер







2,15







0,98



қозғалыстардың күштік талдауы, % қателер







2,02







0,76



Ескерту: 1) алымда бастапқы, бөлгіште-эксперименттің соңғы кезеңдерінің нәтижелері көрсетілген;

2) t1-эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдері арасындағы айырмашылықтың дәлдігі;

3) t2- ЭГ мен КГ арасындағы айырмашылықтың дәлдігі




Бақылау тобындағы үйренушілердің нәтижелерін талдау, эксперимент кезінде нәтижелердің дәл өсуі әсер етудің уақыттағы көрсеткішінде болғанын көрсетеді (Р<0,05) . басқа көрсеткіштерде де топтық нәтижелердің жақсарғаны байқалады, алайда, осы өсудің қарқыны статистикалық дәлдік деңгейіне жетпейді (Р>0,05).

Түрлендіру коэффициенті мәндерін талдағанда, зерттеп отырған психомоторлық функциялардың көрсеткіштерінде эмпирикалық орташа шаманың маңайындағы жеке нәтижелердің біршама ауытқитыны байқалады, мұнда сv мәні 16,0... 47,3% аралығында жатыр, бұл іріктеудің біртекті болмағанын білдіреді. Білетініміздей, біртектілік болмау құбылысы сынақтан өтуші іріктеулер бір ғана әрекетті жүзеге асыру кезінде түрлі жағдайда болғанда, немесе оларға педагогикалық әсерді бағыттағанда, мақсатына жетпегенде пайда болады.

Біздің зерттеуіміздің нәтижелері және басқа авторлардың материалдары талдайтын жағдайдың себептері жаңа бастаған баскетболшылардың сабақтарында психомоторлық саланың бейімделуінің белгілі бір әдісін қалыптастыратын құралдарды және әдістерді қолдану болып табылады. Бұл ағым қарапайым қызметтердің көрсеткіштеріндегі нәтижелердің, қозғалыс бағдарын сипаттайтын динамикасында жақсы көрінген, мұнда эмпирикалық орташа шаманың маңындағы жеке нәтижелердің біршама ауытқуы байқалады.

Эксперименттік топта басқа көріністі көреміз. Біріншіден, осы топтың сынақтан өтушілерінде нәтижелердің дәлдік жақсаруы психомоторлық функциясының зерттеуге алған көрсеткіштерінің бәрінде орын алған (Р>0,05). Бұл оқушы-баскетболшының дамуының тұтас үдерісінің экспериментті әдістемесінің маңыздылығының жоғарылығын білдіреді. Мұнда Л.С.Выготскийдің сөзімен жеткізсек, үйрету соңынан дамуды ерте жүреді.

Екіншіден, аталған динамика кездейсоқ емес, бұл барлық көрсеткіштердегі түрлендіру коээфициентінің мәнін, мамандар топтың біркелкілігі деп анықтаған нормаға дейін төмендетумен дәлелденеді.

Осы топтың нәтижелері, сабақтың міндетті нәтижесі- арнайы дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін және соған сәйкес қасиеттерін, осы негізде техникалық дайындық деңгейін тұрақты арттыруды қамтамасыз ететіндей, басымдылықпен дамыту болып табылатындай, дене жағынан және техникалық жан-жақты дайындықты қамтамасыз ету міндетіне де толықтай сәйкес келеді [Н.Г. Озолин, 1990]. Бұнда, үйретудің осы кезеңінде ойынды тұтас және оның элементтерін қарастыратын, баскетбол ойынына тартудың эксперименттік әдісі маңызды рөл атқарды.

Сынаққа алынған екі топтың да оқу барысындағы белсенділігі бойынша, дене шынықтырудың өзіндік жаттығу тапсырмаларын орындаудағы себептік саласын сипаттайтын материалдар ерекше қызығушылық тудырады. Педагогикалық бақылау үдерісінде, ЭТ сынақтан өтушілер, БТ қарағанда, сабақ кезінде рұқсат етілмеген демалысқа уақыттарын 7-10% аз кетіргенін анықтадық. Олар дене шынықтырудың өзіндік жаттығуын ұйымдастыру мен мазмұны туралы, өзіндік жаттығулардың басқа да формалары туралы сұрақтарды түсіндіруін мұғалімнен жиі сұрап тұрған. Білімдерін және тәжірибелік икемділіктерін бақылау үдерісінде ЭТ сынақтан өтушілердің 80-90% тестілік тапсырмаларды тамаша орындап шықты. Бақылау тобында бұндай жетістіктерге сынақтан өтушілердің 60% жете алды, бұл көрсеткіш те эксперименттік әдістің маңыздылығын арттырып, оның баскетболға үйретудің бастапқы кезеңінде қолдануда болашағы бар екендігін көрсетеді.

«Динамикалық ойын жағдайлары негізінде (модульдер) баскетбол бойынша оқушылардың техникалық даярлығын жетілдіру» 4.2 бөлімшесінде оқыту үдерісіндегі модуль бірнеше қызмет атқарады, және біздің еңбегіміздегі оны рәсімдеуге бірқатар талаптар қойылуы қарастырылады.

Нормативті келісілген ойын әрекетінің тікелей көрінісі ретіндегі, екі бағытта жүргізілген, техникалық дайындықтың қалыптасу динамикасының салыстырмалы талдауы: біріншіден, эксперименттік және бақылау топтары арасында әртүрлі әдістемелік қадамдарды қолдана отырып, ойын техникасының тәсілдерін қалыптастырудың бірқатар маңызды ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

Ерекшеліктердің біріне ойын техникасының негізгі тәсілдерінің қалыптасуын, сондай-ақ, ойынның жоспарлы нәтижесіне жеткізетін, белгілі бір қозғалыс міндеттерін шешудегі негізгі тірек нүктелерін орындау сапасын бақылаудың білімі мен әрекетін жатқызуға болады. Бұндай білімдер мен әрекет ЭТ сынаққа алынғандардың 75-80% байқалды. Ойын тәжірибесінің түрлі нұсқаларындағы (кедергісіз және қарсы әрекет жағдайында, салмақ түсуден бұрын және кейін) техникалық-тактикалық өзіндік дайындық туралы арнайы білімді дифференцациялау сынаққа алынушының біліктілігінің қалыптасуының және оның техникалық-тактикалық дайындық деңгейінің артуының сапасын сипаттайды.

Басқа ерекшеліктің бірі – қалыптасқан бағдарлы әрекетті, техникалық дайындығын және ойынның түрлі жағдайларында ұтымды әрекет етудің икемділігін қолданып, сынаққа алынғандардың ойын мақсатына жетуінің мүмкін дерлік көптеген қадамдарының ішіндегі қабілеттерінің пайда болуында және жетілдіруінде жатыр. Бұндай өзгеріс ЭТ cынағына қатысушылардың 68-70% тіркелген. Аталған қабілеттердің пайда болуы -ақыл-ой және тәжірибелік әрекетті оқу және ойын әрекетіне ауыстыру мүмкіндігін ашады.

«Зерттеу нәтижелерін талқылау» деп аталатын 4.3 бөлімшесінде қарастырылған зерттеу нәтижелері баскетболмен әрі қарай айналысудың қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, солармен жүргізілетін жалпы қабылданған жұмыстың әдістемесі тиісті деңгейде оң бағасын бермей отыр. Ол аздай, өзінің ұстанымды басты ерекшелігінде ол саластырылған базалық элемент түрінде қарастырылуы керек. Бұл туралы бақылау сыныбындағы оқушылардың дайындық деңгейіндегі өзгерістер де айтады (60% астам). Соған қарамастан, осы тұрғыдан қарағанда, эксперименттік сынып оқушылары бірқатар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді:

- эксперименттік сынып оқушыларының 81,8%, және бақылау сыныбының 68% бағдарлама талаптарын орындап шықты;

- эксперименттік сынып оқушыларының 72% секцияларда баскетболмен айналысуға тілек білдірді;

- эксперименттік сынып оқушыларының 90% астамы Қазақстан Республикасы Президенттік тестісінің Ұлттық деңгейінің талаптарын орындап шықты.

Аталған көрсеткіштер, олардың объективті және заңды сипатын ескере отырып, біздер ұсынған зерттеу болжамын растайды, жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен баскетбол сабағын өткізудің қалыптасқан ережелерін әрі қарай нақтылаудағы шынайы келешегін ашып береді, және осы негізде дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сөйтіп, жалпы білім беретін мектепте баскетболға үйретудің бастапқы кезеңінде ойын техникасы негіздерінің қалыптасуын зерттеу, ұдайы динамикалық байланыста болып келетін, оқушылардың дене жағынан, техникалық және ойын дайындықтары жалпы және арнайы педагогикалық әсерлерге байланысты екендігін көрсетті. Бұндай байланыс оқушыларды дайындаудың құралдары мен әдістерін (технологиясын) және олармен сабақ өткізудің әдістемелерін құрастыру қадамының мәнін күн ілгері анықтап берді.

Осының барлығы, оқу және ойын әрекетіне қажетті, баскетбол ойыны техникасын бастапқы кезеңде меңгерудің маңыздылығын дәлелдейді.

Қорытынды ретінде тағы атап өтейік: біздер ұсынған құралдар (баскетболдың) және оларды қолдануды жетілдіру - оқу-ойын әрекетіндегі жетістіктерін күн ілгері анықтап берген, дене жағынан, тахникалық-тактикалық көрсеткіштерін тиімді жетілдіруін қамтамасыз етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы білім беру мектебінде оқытудың бастапқы кезеңінде баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыруды кешенді зерттеуді жұмыста қойылған міндеттерді толығымен жүзеге асыруға және келесі тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

1 мектептегі дене шынықтыруда оқушылармен жұмыс кезінде психологиялық, морфофункциялық даму деңгейін, дене жағынан, техникалық дайындығын ескерудің қажеттілігі туралы түсінік берік орныққан. Бұл жағдай заңдылық деп саналады және оқу-тәрбие сабақтарын өткізудің тиісті мазмұны мен ұйымдастырудың әдістемелерін қолдануға бағыттайды. Алайда бұл заңдылық спорттың түрлеріндегі, соның ішіндегі баскетболдағы көрініс беруінің арнайылығын білдірмейді.

Әдеби туындыларда және спорттық-педагогикалық тәжірибеде бұл алуан түрлі нұсқаларда көрініс береді. Нәтижесінде дене шынықтыру мұғалімдерінің сабақты өткізудің нақты құралдарын таңдап алу мен ұйымдастыру мәселелері бойынша қажетті білімдері жоқ, тиісті міндеттерді ішкі түйсігімен, ең бастысы, жеке педагогикалық және спорттық тәжірибесін басшылыққа алып, шешеді.

Басқа авторлар жүргізген зерттеулерде, оқушылардың дене шынықтыру үдерісін жетілдіруді зерттеудің объективті маңыздылығын атап өтеді. Оқушылардың дене жағынан, техникалық дайындығы көрсеткіштерінің төмендеу себептерінің бірі- бағдарламалық құжаттарда мектептегі дене шынықтыру негіздері бойынша жұмыстың бағдарының жоқтығы. Оқу-тәрбие жұмысын оқуларды дайындауды бейімдеуге өту мәселесі де өз шешімін күтіп тұр.

2 Жалпы мектеп бағдарламасын орындау оқушылардан ақыл-ой және денені жетілдірудегі қабілетілігінің жоғары деңгейін талап етеді, ал бұлар дене шынықтырумен және, спортпен, соның ішінде баскетболмен жүйелі түрде айналысқанда дамиды: а) жоғарыда аталған факторлардың барлығы қандай да бір түрде дене шынықтырудың мектептегі бағдарламасында ескеріледі. Сонымен қатар, осы бағдарламаға бір жағынан, мазмұны тұрғысынан, екінші жағынан- оны ұйымдастыру мен өткізудің әдісінде жаңаланған мазмұн мен дене жаттығуларын орындаудың реттілігіне түзетулер енгізу қажеттігі туындап отыр; ә) дене жағынан қалыптасу қасиеттері оқушылардың осы контингентіне қойылатын талаптарға сай болмай отыр. Бұл туралы олардың дене жағынан қалыптасу қасиеттері деңгейінің төмендегі дәлелдеп отыр; б) мектептегі қалыптасқан дене шынықтыруды әдістемелік қамту да қажетті деңгейіне жетпей отыр. Осы тұрғыдан алғандағы динамикасының оң болуына қарамастан, бірқатар мәселелер өзгертуді және жаңалауды қажет етеді; в) баскетболшының дене шынықтыру жүйесінде қолдану, осы негізде оқу-тәрбие үдерісін және үйретудің нәтижелері мен оның барысын педагогикалық бақылауды ұйымдастыру жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушыларымен баскетбол техникасының негіздеріне үйретудің бастапқы кезеңін жетілдірудің балама бағыттары ретіндегі технологиялық қадамын жасаудың негізі бола алды.

3 Оқушыларды баскетболға үйретудің бастапқы дайындығы кезіндегі технологиялық қадамның негізгі құрылымдары: мақсатты- баскетбол ойынының техникалық тәсілдерін кезеңдеп қалыптастыруға және жан-жақты дене жағынан дайындығы мен психомоторлы үдерістердің үндесе дамуына бағытталған; ұйымдастырушылық- оқу-тәрбие үдерісін жоспарлы даралауды жүзеге асыру үшін модулді оқытуды жобалаумен байланысты; бақылау- жекелеген операциялар мен қозғалыс қимылдарын дер кезінде түзету үшін ойынның техникалық тәсілдерінің өлшемдерін өзіндік бақылаудың объективті бақылау қызметін қалыптастыруды білдіреді.

Құрылымдық бөлімдерге сәйкес қозғалыс әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру негізінде баскетболды үйреніп жүрген оқушылардың техникалық дайындығының технологиясы негізделген.

4 Оқу үдерісінің бастапқы кезеңіндегі модулдік оқыту баскетболшылардың интегралды дайындығының талаптары, әдістері мен құралдары түріндегі динамикалық ойын жағдайларын қарастырады.

Оқу үдерісіндегі динамикалық ойын жағдайлары ойын және оқу тәжірибесін, оқушылардың қысқартылған, дене жағынан қалыптасудың қарқындатылған қасиеттерінде белсенді ойын әрекеттеріне дайындығын қалыптастыруды моделдеуге қажетті және жеткілікті, бірегей динамикалық жүйеге жалпы мақсатта біріктірілген әрекеттердің жиынтығы түрінде қарастырылады: а) Дене жағынан және техникалық дайындықтағы, экспериментті режимде оқитын оқушылардың психомоторлы үдерістерінің өтуіндегі қол жеткізілген оң өзгерістер оқу үдерісінің бастапқы кезеңінде технологиялық қадамды қолданудың тиімділігін дәлелдейді; ә) алынған материалдар оқу үдерісін технологиялық қадамды қолдану негізінде ұтымды басқару мүмкіндігі туралы ережелер бойынша жалпы білім беретін мектептерде баскетболға оқытудың бастапқы кезеңінде теориялық және тәжірибелік базасын кеңейтуге, динамикалық ойын жағдайлары сабақтарында жүзеге асырғанда үйрету әсерінің және денеге түсетін салмақтың өлшемдері мен талаптарын нақтылауға мүмкіндік береді.

Жан-жақты талдау, алдын ала жүргізілген сараптама мен эксперименттік мұқият тексеру біздер ұсынған ғылыми болжамның растығын дәлелдейді және мектептегі дене шынықтыруды бұдан әрі тереңдете дәлелдеуге негіз бола алады.


Тәжірибелік ұсыныстар
Жүргізілген зерттеудің көп қырлылығы, соның барысында анықталған заңдылықтардың өзіндік маңыздылығы тәжірибелік кеңестердің бірқатар сериясын жасауға мүмкіндік береді. Осы жағдайды және мектептегі дене шынықтыру туралы қалыптасқан ғылыми-педагогикалық түсінікті ескере отырып, біз бұл кеңестерді қалыптасқан мазмұнымен және ғылыми-әдістемелік қамтылуына сәйкес, баяндауды жөн көрдік.

1 Мектептегі дене шынықтырудың тиімділігін ұдайы арттыру мақсатында сабақтарды өткізудің әдістемелері мен ұйымдастырылуын, бағдарламаның мазмұнын сипаттайтын деректерді үнемі зерттеп-зерделеп, талдап және жалпылап отыруымыз қажет, және соның негізінде оқу-тәрбие сипатында туындайтын мәселелерді шешудің әдістерін тиісті түрде нақтылап отыруымыз керек:

- бұндай деректерді әрбір оқу-тәрбие жұмысының басында, яғни, тоқсан, жарты жылдық және оқу жылына жинақтап отыруымыз керек. Бұны жүзеге асырмай оқушылардың қандай да бір түрдегі дайындығының объективті, дәл және талғамды әсеріне қол жеткізу өте қиын, және көп жағдайда мүмкін де емес; нәтижелер негізінде оқушыларды баскетбол ойыны техникасы мен тактикасына үйретудің технологиялық қадамының мазмұнын және жағдайларын зерттеп дайындау мүмкін емес; сабақтарда қолданылатын құралдардың баскетболды үйрене бастаған оқушылардың ықыластары мен мүдделеріне тигізер әсерін зерделеу, оқу бағдарламасының үйренушілердің мақсатына және олардың ойын-оқу стратегиясына сәйкестігін анықтау; оқушы-баскетболшылардың техникалық дайындығының бастапқы кезеңінің тиімділігін арттыруды шартын оқытудың және оқу үдерісін ұйымдастырудың дәстүрлі емес үлгісін қолдану арқылы, зерттеп дайындау.

2 Сабақтар циклын оқу жылына жоспарлағанда баскетбол ойынының техникалық тәсілдерін толыққанды қалыптастыру үшін, негізгі оқу сабақтарының жүйесін дайындау қажет. Бұның нақты бағдары болып табылады: ойын техникасының негізгі тәсілдерінің мазмұнды және процессуальды сипаттамасы; оқушы-баскетболшылардың оқу және ойын әрекетіне түсетін салмақтың сипаты мен дәрежесі; оқу үдерісін, инновациялық әрекетті қоса алғандағы ұйымдастырушылық және әдістемелік қамту.

3 Оқу сабақтарының құрылымы мен мазмұнын дайындағанда, міндеттерді тиімді шешу мақсатына сәйкестілік: жалпы алғандағы ойынның техникалық тәсілдері мен негізгі тірек нүктелерін қалыптастырудың дене шынықтыру жаттығуларының минималданған бағдарламасын қолдану, техникалық дайындыққа мақсатты түрде бағытталған жаттығулар үшін динамикалық ойын жағдайларын жиі пайдалану; ойын техникасының негізгі тәсілдерін үйретудің реттілігі мен сабақтастығын, құрылымдық бөлімдердің (негізгі тірек нүктелерінің) және оқу кезеңдерінің- материалды, дауыстап айту, ақыл-ой формасы жалпылығы есебінен, қамтамасыз ету; оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесін, қосымша және үй тапсырмаларын жедел бақылаудың құралдарын қосу; үйренушілердің модулдерді қолдана отырып, өзіндік оқуларын жүзеге асыруларын қарастыру.

4 Баскетболдың арнайылығы мен оның бағыттылығының ерекшелігін сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастырумен, жарыстарды, атап айтқанда, жұмысты ұйымдастырудың түрлі әдістерін қолданумен: фронталды, топтық, жеке-дара, жаттығуларды түрлі әдістерін: бір мезетті, кезекпен, аралас орындаумен үйлесуі тиіс. Жалпы алғанда осы процестің ұйымдастырушылық негізі, әрбір сабақты ұтымды құруды қамтамасыз ететіндей, оқушы-баскетболшылар әрекетінің барлық қырын толыққанды бақылай алатындай етіп, жолға қойылуы тиіс.

5 Оқытудың техникалық құралдарына сәйкес келетін көрнекілік оқу құралдарымен дене шынықтыру сабақтарының бастапқы кезеңінде баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыруды оқу-әдістемелік тұрғыдан толық қамтамасыз ету үшін, әрбір білім беретін мекеме үшін, жеткілікті түрдегі педагогикалық (баскетбол мұғалімдері), оқу, әдісметелік және қосалқы әдебиетпен, дене шынықтырудың бағдарламалары ұсынған, баскетбол алаңымен, құрал-жабдықтармен, залмен және қосалқы бөлмелермен арнайы жабдықталуы керек.

Қорыта айтқанда, ұсынылған тәжірибелік кеңестер біздер жүргізген зерттеудің таңдап алынған тұстарын көрсетеді, оқу әрекетін ескере отырып, оқушылардың дене тәрбиесінің тиімділігін арттырудың, маңызды жолдарын қамтиды.



ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Ескалиев М.З., Орехов Л.И. Инновационные технологии начального обучения юных баскетболистов // Теория и методика физической культуры. - 2007 - №1. – С.161-166.

2 Орехов Л.И., Ескалиев М.З. Начальное обучение и отбор юных баскетболистов с учетом биологического возраста // Вестник физической кльтуры. – 2009. - №2. – С.70-74.

3 Е.Л. Караваева, М.З. Ескалиев, Н.А. Ахметов. Методологические проблемы сохранения здоровья при занятиях спортом // III Межд.конгресс «Человек, спорт, здоровье».- Санкт-Петербург: Олимп СПб, 2007. – С.76.

4 Л.И. Орехов, Е.Л. Караваева, М.З. Ескалиев. Инновационный подход к обучению и укреплению здоровья на начальном этапе подготовки юных баскетболистов // III Межд.конгресс «Человек, спорт, здоровье».-Санкт-Петербург: Олимп СПб, 2007. – С.118-119.

5 Л.И. Орехов, С.И. Касымбекова, М.З. Ескалиев. Эффективность развития координационных способностей на начальном этапе обучения юных баскетболистов // III Межд.конгресс «Человек, спорт, здоровье».-Санкт-Петербург, Олимп СПб, 2007. – С.119.

6 М.З. Есқалиев. Баскетболдағы бастапқы үйрету кезеңінде ойын техникасы негіздерін қалыптастыру // Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. - 2010.- №1. - Б.206-210.



<предыдущая страница | следующая страница>


ЕСҚалиев мұхтар зайнолдаұлы дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру

Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

525.84kb.

11 10 2014
3 стр.


Дене шынықтыру және спорт туралы

Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дам

421.56kb.

14 12 2014
3 стр.


Емтихан тақырыптарының тізімі пән «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі»

Дене шынықтыру жүйесінің бастапқы түсініктемесі. Дене шынықтырудың негіздері. Дене шынықтырудың мақсаты, міндеттері, принциптері, құралдары мен әдістері. Дене шынықтырудың негізгі

45.98kb.

11 10 2014
1 стр.


Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері халыққа Жолдауын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналғ

64.41kb.

09 10 2014
1 стр.


Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда 2011-2012 оқу жылындағы дене тәрбиесі пәнінің берілісі жөнінде есеб і

Нен мұғалімдер Мырзағалиев Ғ және Батабиева а сабақ берді. Гимназия бойынша спортты және дене шынықтыру, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, спортты насихаттауға, оқушылардың ден

72.08kb.

25 12 2014
1 стр.


Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бақты ауылы «Б. Сахариев атындағы Бақты орта мектебі» кмм дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Базылжанова Бибигуль Кылышбекқызы

Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік: Оқушыларды баскетбол ойынының қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

22.92kb.

25 12 2014
1 стр.


Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2012 жылғы жұмыс туралы есебі

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорттағы негізгі бағыты бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылдануға шақыру, күнделікті өмірге салауатт

90.67kb.

17 12 2014
1 стр.


Бекітемін аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Е. Жакенов

Р әнұранының мәтіні және тарихымен Қазақстан тарихында, қазақ әдебиеті және музыка сабақтарында, сыныптан тыс ісшараларда таныстыру

30.49kb.

25 12 2014
1 стр.