Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2012 жылғы жұмыс туралы есебі
(дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі көрсеткіштері
бойынша статистикалық есебіне қосымша)
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорттағы негізгі бағыты бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылдануға шақыру, күнделікті өмірге салауатты өмір салты қағидасын кіргізу.
Аталған жұмыс облыстың кәсіпорындарымен және спорттық ұйымдарымен мақсатты жүруде, жыл сайын спортпен шұғылданатындардың саны өсуде. Қазіргі уақытта дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын облыс тұрғындардың саны 107216 адам (облыс тұрғындарының саны 561 368 адамды құрған жағдайдайда – 19 %), алдыңғы жылмен салыстырғанда 12 914 адамға көбейді.
Балалар мен мектеп оқушыларды даланың ықпалынан аудару мақсатында, спорттық секцияларында спортпен шұғылдануға тарту, сонымен қатар, спортта келешекті және дарынды жастарды анықтау, Қазақстан ұлттық құрама командаларына спорттық резервті даярлау үшін, 2012 жылдың 31 желтоқсанының жағдайы бойынша Маңғыстау облысында 15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды, онда спортпен шұғылданатын балалар мен мектеп оқушылардың саны 8989 (+ 1218).
Барлық БЖСМ коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып танылады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, спорттық базалары бар, және жаттықтырушы құрамымен қамтылған.
Облыстың 15 спорттық мектептерінде 32 (+1) спорт түрі дамиды, спорт түрлері бойынша 99 (+7) бөлім жұмыс істейді, әр жастағы 654 (+81) оқу-жаттықтыру топтарында оқу-жаттығу жұмыстары жүреді.
Облыстың 15 спорттық мектептерінде 47 (+3) штаттық әкімшілік кадрлар (директор, оқу ісінің меңгерушісі, нұсқаушы-әдіскер) жұмыс жасайды, оның ішінде 26 (+1) дене тәрбиесі бойынша білімі бар.
Облыстағы дене шынықтыру ұйымдарының басымдылық міндеттерінің бірі спорттық резервке спортшыларды даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау болып айқындалады. Қойылған мақсаттарға жету үшін, келесі жұмыстары жасалады:
- басым спорт түрлерін анықтау;
- спорттың барлық түрлері бойынша облыстың аға жаттықтырушыларын бекіту;
- спорт түрлері бойынша облыстық командаларының негізгі құрамдарын айқындау;
- халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау үшін тиісті спорттық ғимараттары бекітілді;
- облыстың ең үздік спортшыларын ұстауға арналған ай сайынғы ақшалай қаражат төленеді.
2012 жылдың ішінде спорттың түрлері бойынша Қазақстанның құрама командасына 180-дан астам қабылданды (негізгі, юниорлық және жасөспірім құрамы), Қазақстан Республикасының 20 спорт шебері, спорттың әр түрінен 4 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 180 (+54) Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткерлер және 115 бірінші спорттық дәрежедегі спортшылар даярланды.
Жыл басынан бері Қазақстанның ұлттық спорт құрама командалары құрамында халықаралық ресми жарыстарда өнер көрсетіп, жоғарғы спортық көрсеткіштерге мына спортшылар қол жеткізді. (тізімі қосымшада)
Спорт мектептерімен қатар облыста спорт резервтері мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлайтын бір қатар спорт ұйымдары жұмыс жасайды. Олар мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар, әкімішілік бағдарламасы облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы болып табылады - «Каспий» Футбол клубы, «Каспий» Волейбол клубы, «Каспий» Баскетбол клубы, Олимпиадалық резервке даярлау Орталығы, Мүгедектер спорты клубы.
Облыста еңбекші халықтың арасында бұқаралық дене шынықтыруды дамыту мақсатында 183 (+24) дене шынықтыру ұжымдары жұмыс жасауда. 159 кәсіпорын мен ұйымдарда 58 486 (+7695) еңбекші мен олардың жанұяларының мүшелері әр түрлі спорт секциялары мен топтарында дене шынықтырумен айналысуда. Облыста 32 аулалық жасөспірімдер клубтары жұмыс жасайды. Спорт түрлері бойынша 32 федерация, 7 спорт клубы, 3 кәсіби клубтары тіркелген.
2012 жылдың ішінде облыста 19 898 адамды қамтыған 160 бұқаралық спорт және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары өткізілді. Спорт түрлері бойынша Маңғыстау облысының құрама командалары 368 халықаралық және республикалық спорт шараларына қатысты.
2012 жылдың ішінде бір қатар дене шынықтыру және бұқаралық спорт іс-шараларын өткізді:
- мұнай-газ саласы, мединицина қызмеркерлерінің, бюджет саласы қазметкерлерінің салалық спартакиадалары өткізілді;
- спорттың 5 түрі бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында Спартакиада өткізілді;
- Студенттер ойындары өткізілді;
- 10 шет елдердің қатысуымен Шоқыр Бөлтекұлының естелігіне арналған бокс бойынша халықаралық турнир өткізілді.
Бұқаралық спортты дамытуда және жоғары спорттық жетістіктерге жетуде, спорттың материлдық-техникалық базасын нығайту мәселесін шешудің маңызы зор. Осы мақсатта спорт алаңдарын, алаңшаларын, спорт залдарын т.б. жөндеу, салу, қайта салу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.
2012 жылы Жаңаөзен қаласының БЖСМ күрес спорт залының және Маңғыстау аудандық БЖСМ спорт залдарының жөндеу жұмыстарына 38 343 000 теңге қаражат бөлінді.
Облыстың бірқатар спорт мектепрінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- Ақтау қаласының «Жастар» БЖСМ спорт залдарының жөндеуі – 4 082 000 теңге қолданылды;
- Ақтау қаласының бокс бойынша ОРМБЖМ ғимараты – 1490000 теңге бөлінді;
- Желкен спорты бойынша БЖСМ ғимараты – 280 000;
- Қарақия аудандық БЖСМ ғимаратына – 6297 теңге бөлінді;
Жаңаөзен қаласының БЖСМ ғимаратына 1 900 000 теңге.
2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша Маңғыстау облысында 480 (+9) спорттық құрылыстары жұмыс жасайды, оның ішінде ауылдық жерде 227 бірлік, 2011 жылмен салыстырғанда спорттық құрылыстарының саны 9 бірлікке көбейді.
№
|
Спорттық құрылстардың атауы
|
2011
жыл
|
2012 жыл
|
+-
|
Ескерту
|
|
Спорттық құрылыстардың барлығы
|
471
|
480
|
+9
|
|
|
Соның ішінде:
|
|
|
|
|
1
|
1500 және одан астам орынға трибунасы бар стадин
|
5
|
5
|
|
Өзгерістер жоқ
|
2
|
Спорт кешені
|
13
|
14
|
+1
|
Форт-Шевченко ДСК,
|
3
|
Атыс тирі
|
10
|
10
|
|
Өзгерістер жоқ
|
4
|
Стрельбище
|
1
|
1
|
|
Өзгерістер жоқ
|
5
|
Велотрек
|
1
|
1
|
|
Өзгерістер жоқ
|
6
|
Эллинг
|
1
|
1
|
|
Өзгерістер жоқ
|
7
|
Яхт-клубы
|
1
|
1
|
|
Өзгерістер жоқ
|
8
|
Хоккей корты
|
1
|
1
|
|
Өзгерістер жоқ
|
9
|
Жазықтық құрылыстары
|
232
|
236
|
+4
|
Жаңаөзен қаласында спорт алаңы
|
10
|
Теннис корты
|
13
|
13
|
|
Өзгерістер жоқ
|
11
|
200 және одна астам отыратын орынға трибунасы бар ипподромдар
|
2
|
2
|
|
Өзгерістер жоқ
|
12
|
Жүзу хауызы
|
8
|
9
|
+1
|
«Ерсай» хауызы
|
13
|
Спорт залдары
|
169
|
172
|
+1
+1
+1
|
Жетыбай ауылында спортзал
Каламкас ауылында спорт зал
Бейнеу ауылында спорт зал
|
14
|
Кіріктірме спорт залдары спортивные залы
|
14
|
14
|
|
Өзгерістер жоқ
|
Жұмыс тәжірибесі көрсететіндей, бұқаралық спортпен шұғылданатындардың саны жаңа спорттық нысандарының құрылысысыз, спорттық құрылыстарының кеңейтуісіз мүмкін емес.
Облыстың тұрғындарының санына сәйес, тұрғындардың дене шынығумен жүйелі айналысу қажеттелігің қанағаттандыру үшін, бүгінгі күнге 29 спорттық зал жетіспейді.
2012 жылы спорттың материалдық базасын нығайту үшін, келесі жұмыстары жүргізілді:
- Форт-Шевченко қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды және аудандық БЖСМ оперативті басқаруына берілді;
- Қарақия ауданының Жетібай ауылында жаңа спорт залы іске қосылды және аудандық БЖСМ оперативті басқаруына берілді;
- Қарақия ауданының Қаламқас жұмыс поселкесінде спорт зал салынды;
- Жаңаөзен қаласында синтетикалық жабуы бар 4 спорттық алаңы салынды;
- Қарақия ауданының «Ерсай каспиан-Констракшн» ЖШС жұмыс поселкесінде жүзу хауызы салынды;
- Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында дзюдоға арналған спорт залы іске қосылды.
Сонымен қатар, келесі жұмыстар жүргізіліп жатыр:
-
Ақтау қаласында теннистік кортының құрылысы жалғасуда;
- Ақтау қаласының 17 ағын ауданындағы Спорт сарайы құрылысының ЖСҚ әзірлеу жұмыстары аяқталды, мемлекеттік сараптамадан өтті, ТЭН аяқталу барсыныда;
- Ақтау қаласында спорттық қалашықтың (25 м хауыз, мұз айдыны, спорт зал) құрылысына жер учаскесі бөлінді;
- Ақтау қаласының «Аққу» 33 шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда, ЖСҚ әзірлеу барысында, құрылыстың құны 1 998 000 000 теңге.
Қазіргі уақытта облыста тұрғын және еңбекші халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуға және демалысын белсенді түрде өткізуге жағдай жасалып, жұмыс жүргізілуде. Ақтау қаласында «МАЭК КазАтомПром» ЖШС жанында жүзу бассейні, жабық теннис корты бар «Орбита» спорт кешені жұмыс жасауда және Ақтау қаласының тұрғындары «Орбита» спорт кешенінде спорт топтарына қатысады және ыңғайлы болу үшін кесте бойынша автобус тұрғындарды тасымалдайды. «Жас қанат» спорт кешені көп жүктемемен жұмыс жасайды, футбол алаңы, тренажер залы, аэробика, шейпинг және шығыс жекеп-жегі түрімен айналысу үшін залдары бар. Ақтау қаласының «Каспий» спорт кешені, «Дельфин» спорт кешені де көп жүктемемен жұмыс жасайды.
Облыстың бір қатар спорттық құрылыстары жұмыс жасайтын жағдайда емес мысалы, «ХГМЗ» спорт кешенінің (зал және жүзу бассейні) қаржыландыруының болмауына байланысты жұмыс жасамайды. «Золотые пески» демалыс орнының базасындағы «Денсаулық» спорт кешені жеке меншік иесінде, жұмыс жасамайды, иесіз жағдайда қалған. Ақтау қаласының «Железнодорожник» спорт кешені жеке меншік иесіне сатылып кеткен және мақсатымен қолданылмайды.
Облыстық спорт өмірі жергілікті басылымдарда, жергілікті теледидарда жарияланады және апта сайын жергілікті теледидарда спорттық бағдарламалар шығады.
Жыл сайын спорттық кеште халықаралық жарыстардың қорытындысы бойынша «Жыл спортшысы», «Жыл жаттықтырушысы» номинациялары бойынша конкурстарында қорытындылайды, аталған іс-шараға буклеттер әзірленеді.