Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 5страница 6





Оңтүстік Қазақстан

облысы әкімдігінің

2012 жылғы ____ « ______»

№ _____ қаулысына

1-қосымша


Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының

2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы және пайымы

Миссиясы

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіби спортшыларды және спорт резервтерін дайындау, бұқаралық спорт түрлеріне халықты тарту, туризм саласының дамуына жағдай жасау.



Пайымы

Оңтүстік Қазақстан облысында салауатты өмір салтын енгізудің тиімді механизімін, бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру.




  1. бөлім Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет саларының (аяларының) даму үрдістері


1-стратегиялық бағыт. Оңтүстік Қазақстан облысы спортшыларының республикалық және халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тұрғындардың дене тәрбиесі жүйесін жаңғырту.


    1. Реттейтін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

2010 жылы дене шынықтыру және спорт басқармасы халықаралық стандарттарға жақындау мақсатында спорттың инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық шараларын жүзеге асырды. Облыс халқының көпшілігін дене шынықтыру мен спортқа тарту, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шараларын ұйымдастыру және өткізу жүйесін дамыту жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнге облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 296,4 мың адамды құрап отыр (58,3 мың адамға көбейген), оның ішінде ауылда 188,3 мың (36,8 мың адамға көбейген), немесе облыс тұрғындары санының 12%-ын құраған, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 2 %-ға артқан.

2010 жылы 1 қаңтарда облыста спорт ғимараттарының саны 3963 бірлікті құрады, олардың 3131 бірлігі ауылдық жерлерде, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 434 бірлікке көбейді, оның ішінде- 21 стадион, 1 спорт сарайы, 9 спорт кешендері (2010 жылы 1 Мақтарал ауданының жеке мкеншік ЖОО –да салынған), 3 оқу-жаттығу орталықтары (2010 жылы 2 Сайрам ауданында демеушілер есебінен салынған), 19 спорт кешендері, 20 жүзу бассейндері, оның ішінде 2-жабық, 18 –ашық (Кентау қаласында 1 демеушілер есебінен салынған, Түлкібас ауданында 1). Спорт залдарының саны 702, 2009 жылмен салыстырғанда 40 бірлікке өскен.

Өсіп келе жатқан жастарды салауатты өмір салтына тарту және спорт резервін дайындау үшін облыста 35 БЖСМ, 19 ОРДБЖСМ, 1- спорттағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаты, 1- жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 – олимпиадалық резевр дайындық орталығы, «Қазығұрт» ойын түрлері клубы» МКҚК, «Облыстық дене шынықтыру – дәрігерлік диспансері» МКҚК, «Қажымұқан атындағы орталық стадион» МКҚК және «Бәйшешек» - спорттық-сауықтыру кешені» МКҚК-дері жұмыс жасауда.

Спорт бойынша жаттықтырушы – оқытушылар саны - 1258, оның ішінде 553, ал БЖСМ-дерде - 1107 (2 спорт мектебінің және спорт түрлері бойынша қосымша бөлімдердің ашылуынан 63 көбейген), оның 457-ауылдарда.

Спорт мектептеріндегі 1107 жаттықтырушының 1029-ның дене тәрбиесі білімі бар, оның ішінде 418 адам ауылдарда.

2010 жылы бұқаралық разрядта 9942 спортшы, яғни 2009 жылға қарағанда 1514 адамға көп, спорт шеберлігіне үміткерлер – 878 (2009 жылмен салыстырғанда спорт шеберлігіне үміткерлер саны 24-ке көбейген), Қазақстан Республикасының спорт шеберлері – 87 (2009 жылмен салыстырғанда 5 ҚР спорт шеберіне көбейген), Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері – 13. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының құрамына республикалық және халықаралық спорт ареналарында жоғары көрсеткіштерге жеткен 564 оңтүстікқазақстандық спортшы енді. Олардың ішінде негізгі құрамда 254 адам, жастарда – 201, жасөспірімдер құрамында – 183.

Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 282 алтын, 262 күміс және 251 қола медаль жеңіп алынған.

Азия чемпионаттарында 13 алтын, 5 күміс және 13 қола, Әлем Кубогының этаптарында 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль жеңіп алынды. Әлем чемпионаттарында 1 алтын, 5 күміс, 1 қола медал жеңіп алынды. Сингапур қаласында өткен 1-жасөспірімдер олимпиада ойындарында оңтүстікқазақстандық спортшылар 1 алтын, 1 күміс жеңіп алды. Гуанчжоу қаласында (Қытай) өткен Жазғы XVI Азия ойындарында 5 алтын медаль, 7 күміс, 10 қола жеңіп алды.
2010 жылы облыс аудандары мен қалаларында 1614 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оған 533 адам қатысқан, оның ішінде 1345 іс-шара – ауылдарда, оған 412, 3 мың адам қатысты.

ОҚО Әкімінің 29.01.2007 жылғы № 22 қаулысына сәйкес ОҚО мүгедектерге арналған кешенді мамандандырылған спорт мектебі құрылды.

Спорт мектебінің мақсаты спортшы-мүгедектерге қоғамда психологиялық бейімделуі үшін жағдай жасау, олардың жан-жақты орнығу, әлеуметтік ортада адекваттық тұспал мүмкіндігін ояту.

2010 жылға арналған «Штаттық кестеге сәйкес» 29 штаттық бірлік қызметкерлері бар. Оның ішінде жаттықтырушылар – 19 (ХДСШ – 3, СШ – 9, СШҮ – 12, жоғ.санатты – 8, 1-санатты - 9).

Оқу топтарының саны - 49. Спортшылар саны - 704.

Бөлімдерде 4 әдіскер жұмыс істейді ( жоғары санатты – 1, 1-санатты – 2, 2-санатты - 1).

Дамытылатын спорт түрлері: футбол, баскетбол, волейбол, отырып ойнайтын волейбол, шатмат, дойбы, үстел теннисі, жүзу, ғимараттағы жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, боулинг, тоғызқұмалақ.
1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Дамудың оң тенденцияларымен қатар, облыс спортын дамытуын тежеп отырған проблемалар бар:



  1. Материалдық-техникалық базаның және спорттық инфрақұрылымның төмен деңгейі

Кейбір олимпиадалық резервті дайындайтын облыстық спорт мектептерінде өзіндік материалдық-техникалық базасы жоқ.

Көптеген спорт ғимараттары жетілдірілген құрал-жабдықтарды алуға, олардың техникалық жағдайын сәйкесінше ұстауға қызығушылық танытпайтын жеке меншікте. Қазіргі қызмет ететін спорттық ғимараттардың басым көпшілігі техникалық пайдалану жөніндегі жетілдірілген нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттерге және жарыстар мен оқу-жаттығу үдерісін өткізу ережелеріне сәйкес келмейді.

Спорттық ғимараттардың ғана емес, сонымен бірге ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұратын жерлері мен бұқаралық демалыс орындарында спорттық мүкаммал мен жабдықтың да жетіспеуі сезіледі.


  1. Бұқаралық спорт және балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамуы

Халықтың тұрғылықты жері бойынша да жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншектер клубының желісі жеткіліксіз дамыған, қарапайым спорт алаңдары мен тұрғылықты жерлерде және бұқаралық демалыс орындарында спорт ғимараттары жоқтың қасы. Қолда бар спорт объектілері облыс тұрғындарының көпшілігіне қол жетімсіз жағдайда. Сонымен қатар, азаматтардың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға белсенділігінің төмендігі ерекше өткір болып отыр.

  1. Заманауи талаптарға жауап беретін ғылыми базаның болмауы, білікті мамандар тапшылығы

1) облыста спорт саласында білікті мамандардың жетіспеуі байқалады;

2) облыстың ауылдық жерлерінде спорт бойынша әдіскерлермен толық қамтылмаған;

3) спорттық ғимараттарды техникалық пайдалану мамандары жоқ, жоғары оқу орындарының студенттерін дайындау заманауи талаптарға сай келмейді.

Спорт саласы жоғары бәсекеге қабілетті және оқу-жаттығу үрдістерін ұйымдастыру әдістемесінде барлық жаңа жетілдірулер, функционалдық және дене мүмкіндіктерін көтеру, спортшыларды қалпына келтіру стратегиялық материал болып табылады, мұны басқа елдерден алу мүмкін емес.

1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі жағдайын бағалау тұрғындардың дене тәрбиесі жүйесіннің жетілдірілгені және облыс спортшыларының республикалық және халықаралық ареналарда бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін спорттың дамытылғанын куәландырады, бұл нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға әсерін тигізеді.

Қолда бар факторлық ахуалдардың бағалануы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың, оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесін, тұрғындар арасында дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысты, мүгедектер арасында дене дайындығы мен спортты, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындауды, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жетілдіру бойынша қабылданған шараларды куәландырады.

Дене шынықтыру және спортты дамыту ахуалына бірнеше ішкі факторлар, негізінде – әлеуметтік-экономикалық жағдайлар әсер етеді. Ішкі факторларды қарастыру барысында келесі негізгі аспектілер ерекшеленеді: тұрғындардың дене белсенділігін реттеудің жетіспеушілігі, бұған демалысты қамтамасыз етуге кедергі келтіретін жоғары бағалар және спорт ғимараттарының аздығы. Балалар, жасөспірімдер және ересектер арасында дене шынықтыру және спортты насихаттау жеткіліксіз дәрежеде жүргізіледі. Сонымен бірге, сыртқы факторлар саланың дамуына әсер етуі - спортшылардың республикалық және халықаралық ареналарда бәсекелестігінің өсуімен айқындалады, яғни облыс спортшыларының кәсіби шеберлігінің артуына уақтылы шара қабылдауды қажет етеді.



2- стратегиялық бағыт. Облыстың бәсекеге қабілетті және жоғары тиімді туристік инфрақұрылымын құру

2.1) Реттейтін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

2010 жылдың 1 қаңтарында 22 туристік фирма және 3 туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер қызмет көрсетуде. Аумақта қызмет көрсетілген туристер саны – 6,0 мың адам, оның ішінде туристік фирмалар арқылы – 5,3 мың адам, жеке кәсіпкерлер арқылы – 0,7 мың адамға қызмет көрсетілді.

Туристік фирмалар және жеке кәсіпкерлер арқылы жасалынған туристік қызмет көлемі 2009 жылы 18079,8 мың теңгені, оның ішінде визалық және экскурсиялық қызметтер - 1515,4 мың теңге және 1237,0 мың теңге, броньдау бойынша - 10847,6 мың теңгені құрады.

Туристер заңды тұлғаларға қарасты 1513 жатын орны 833 бөлмесі бар 25 қонақ үйлерде орналастырылды.

Одан басқа 38 жеке кәсіпкерлерге қарасты қонақ үй қоры бар, оларда 25,6 мың адамға қызмет көрсетілген.

2010 жылы көрсетілген қызмет түрінің жалпы көлемі 403401,5 теңгені құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 11,9℅ азайған.

Көрсетілген қызмет түрінің көп бөлігі заңды тұлғаларға тиесілі (орналастыру орындары – 72,0℅, туристік ұйымдар – 3,7℅).

2010 жылы туристік қызметтен түскен табыс 2008 жылмен (479,3 млн. тг.) салыстырғанда 2,1 есеге өсіп отыр (1 490,7 млн. тг.)

2010 жылдың 1 қаңтарындағы облыстың негізгі туристік ресурстары: 7 театр, 6 кинотеатр, 3 концерттік ұйымдар, 21 мұражай, 416 кітапхана, 278 клуб, 18 демалыс саябақтары, хайуанаттар бағы және 10 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар.

Облыста туризмді дамытудың негізгі бағыттары:



  • мінажат ету туризмі;

  • экологиялық туризм;

  • емдеу-сауықтыру туризмі;

  • балық аулау, аң аулау туризмі болып табылады.

Облыста 1111 тарихи және мәдени ескерткіштері орналасқан, оның ішінде 931 – і археологиялық, 44-і тарихи, 136-і сәулет ескерткіштері болып саналады.

Туризм саласында іс-әрекеттердің негізгі бағыттары Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру және ұлттық туристік өнімді әлемдік нарыққа өткізу.

Облыс өздерінің халықаралық туристік іс-шараларға, жәрмеңкелерге және форумдарға қатысуын қамтамасыз етеді.

Сонымен, 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы дәстүрлі 10 – шы Қазақстандық халықаралық туристік көрмесіне «KITF-2010» қатысты. Бұл көрме ЮНВТО іс-шарасының жоспарына кірді және орта-азиялық регионның басты туристік оқиғасы болып табылды, бұған куә 33 елден 450-дей компанияның қатысуы болып табылады.

Сонымен қатар, облыс делегациясы 2010 жылдың 28-30 қыркүйегі аралығында Астана қаласында өткен 7-ші «Астана- Демалыс - 2010» Қазақстан халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысты.

Облыс делегациясы Түркістан қаласының өкілдерімен Ақтөбе қаласында 2010 жылдың 9-11 қыркүйегі аралығында 4-ші «Сарқылмас саяхат» жылжымалы туристік жәрмеңкесіне қатысты.

«Оңтүстік Қазақстанның туристік мүмкіндіктері» Веб-сайтының ақпараттары тұрақты жаңартылып отырады.

Оңтүстік Қазақстан облысының туристік өніміне маркетинг жүргізу мен өткізуді ұйымдастыру мақсатында «Оңтүстік Қазақстан» атты деректі фильм түсірілді. Бүгінгі таңда «Оңтүстік Қазақстандағы орта ғасыр сәулет өнері» жөніндегі бірінші фильм дайындалды. Бейне таспа саны 500-ді құрайды және бейне фильм ағылшын, орыс тілдерінде шығарылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 4 стандартты жарнамалық-ақпараттық буклеттер дайындалды: «Орта ғасыр сәулет өнері», «Тау-экологиялық туризм», «Шымкент», «Этникалық туризм».
Туризмнің 2004-2009 ж.ж. даму көрсеткішінің динамикасы


Көрсеткіш атауы

өлшем бірлік

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Кіру туризмі бойынша қызмет көрсетілген туристер саны

мың адам

4,9

5,6

5,8

6,1

6,3

7,5


Ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген туристер саны

мың адам


59,8

66,6

70,0

74,2

79,0

83,0


Туристік іс-шаралар саны

саны

14

14

14

14

16

16



2.2) Келелі мәселелерді талдау.

Алайда облыста туризмді жоғары дәрежеде дамыту үшін конструктивті іс-шараларды қажет ететін көптеген келелі мәселелер туындауда:



1. Туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы

Қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сонымен қатар санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дәрежеде моральдық және физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, сапа түрлері және туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлер халықаралық талаптарға сай емес.

2. Қызмет көрсетудің төмен сапасы және Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде таңбалы тарихи орындардың қиындық тудыруы қазақстандық та, шетелдік те туристердің үрейін туғызады. Біздің тарихи мұрамыздың туристік бағдарларын халықаралық насихаттау мен жылжыту да сапалы түрде қайта қарауды талап етеді.

Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымының жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан, әуе және темір жол тасымалы географиясының шектеулілігі, ішкі және сыртқы туристердің топтық сапарлары үшін көліктің барлық түріне жол жүру билеттеріне жеңілдіктер жүйесінің болмауы маңызды проблемаға айналып отыр.

3. Кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың төмен деңгейі және туризмнің ғылыми базасының жоқтығы

Туризмді дамытуға кедергі жасайтын негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туристік кадрлардың болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілерінде білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сонымен қатар туристік сала үшін кадрлар даярлау сапасына да қатысты.

4. Туризм елі ретінде Қазақстанның жеткіліксіз деңгейдегі тартымдылығы

2008 жылдың статистика қорытындысы бойынша шығу туризмі алдыңғы орында. Өйткені елдің туристік өнімін шет елдерде жүйелеу және ынталандыру іс-шаралары бойынша алға жылжуды қажет етеді.

2.3). Ішкі және сыртқы негізгі факторларды бағалау

Өмір сүру деңгейін көтеруге, халықты жұмыспен қамту және елде туризмді тұрақты дамыту жағдайын жасауға әлемдік туристік нарықта қалыптасқан Қазақстанның қазіргі таңғы бәсекелестік деңгейі, отандық туристік нарықтың даму мүмкіндіктері жеткіліксіз.

Туристік саланың дамуына сыртқы факторлар үлкен әсерін тигізеді, оның ішінде әлемдік экономиканың деңгейі, құқытық реттеулер, елдегі және шет елдің экономикалық және саяси ахуалы және т.б.

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді тұрақты дамытуға әсер ететін ішкі факторлар көрсеткендей Ұлы Жібек Жолының бойында орналасуы, Азия-Тынықмұхит елдерін, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа елдерін өз-ара байланыстыратын транзиттік маршруттардың болуы («Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Хоргос», «Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Орал-Самара»); еңбек ресурсының болуы, кіші және орта бизнестің, тарихи және мәдени ескерткіштер, флора мен фаунаның сан алуандығы, емдік-сауықтыру нысандары, облыстық маңыздылығы бар мемлекеттік екі табиғи қорықтың болуы заманауи инфрақұрылымның бет алуына, оның ішінде аң аулау туризмі, яғни ұлттық аң аулау элементтері бар аушы құстармен, жаяу жүру, діни және экологиялық туризм; облыстың жоғары транспорттық потенциалын, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің облыс көлемінде өту мүмкіндігін қолдану, жол бойы инфрақұрылымдарын салу бойынша жобаларды іске асыру ішкі және сыртқы туризмнің дамуына ықпал етеді.



3 – бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы көрсеткіштер, іс-шаралар және көрсеткіштер нәтижелері
3.1.-стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы көрсеткіштер, іс-шаралар және көрсеткіштер нәтижелері
1 - стратегиялық бағыт. Оңтүстік Қазақстан облысы спортшыларының республикалық және халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тұрғындардың дене тәрбиесі жүйесін модернизациялау.
1.1 – мақсат. Спортшылардың сапалы дайындығы мен түрлі деңгейдегі ареналарда табысты өнер көрсетуі үшін жағдай жасау.

Мақсатты орындауға арналған бюджеттік бағдарламалар коды: 001,004, 006, 007.





Нысаналы индикатор


Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Оның ішінде аралық мәнін көрсете отырып:

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 ж.

есеп

2010 ж.

жоспар

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.

Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спортты дамытудың жалпы жағдайы бойынша облыстар арасындағы рейтінгтегі орны

ҚР ТСМ кестесі

орын

3


2

3

3

3

3

3


Нысаналы индикаторларға жетудің жолдары, шаралары және әдістері
1.1.1.Міндет. Халықаралық стандарттарға жауап беретін материалдық-техникалық базаны және спорт инфрақұрылымын дамыту


п/п

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 ж.

есеп

2010 ж.

жоспар

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.

Қайта құрылған дене шынықтыру және спорт нысандары санының өсуі

Ведом. стат.мәлімет

саны

1

-

2

1

3

2

-

2.

Бағынысты спорт мекемелерін жөндеуге жататын материалдық-техникалық қамтамасыз ету (спорттық инвентар мен құрал-жабдықтарды алу)

Ведом. стат.мәлімет

саны

201


215

359

382

380

382

384

3.

Бағынысты спорт мекемелеріндегі жөндеуді қажет ететін құрылыстар, спорттық ғимараттардың саны

Ведом. стат.мәлімет

саны

5

5

2

1

-

-

-

4.

Қалпына келтірілген және жаңадан салынған жалпақ спорт ғимараттарының саны (оның ішінде демеушілер есебінен)

Ведом. стат.мәлімет

саны

23

30

34

40

43

45

48

следующая страница>


Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіби спортшыларды және спорт резервтерін дайындау, бұқаралық спорт түрлеріне халықты тарту, туризм саласының дамуына жағдай жасау

707.94kb.

14 10 2014
6 стр.


Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері халыққа Жолдауын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналғ

64.41kb.

09 10 2014
1 стр.


Семинар для заместителей директоров по методической работе на тему: «Механизмы совершенствования личностно-ориентированного обучения в условиях школы»

Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлағандай хатына сәйкес және ұлттық олимпиада комитеті және дене шынықтыру спорт Агентінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі №02-5/15 хатын

23.09kb.

25 12 2014
1 стр.


Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2012 жылғы жұмыс туралы есебі

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорттағы негізгі бағыты бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылдануға шақыру, күнделікті өмірге салауатт

90.67kb.

17 12 2014
1 стр.


Дене шынықтыру және спорт туралы

Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дам

421.56kb.

14 12 2014
3 стр.


Хабарлама 2013 жылы Қазақтың спорт және туризм академиясы «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша V республикалық студенттік олимпиада өткізеді

Импиадаға қатысушыға Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі мен спорт мамандарын даярлайтын барлық жоо-ы жіберіледі

29.52kb.

18 12 2014
1 стр.


Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

586.13kb.

16 12 2014
5 стр.


№ исх: 414 от: 31. 03. 2012 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді м

1554.21kb.

14 12 2014
11 стр.