Перейти на главную страницу
6М010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның
Қызылорда, 2013 ж
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында орындалған
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының
кандидаты Ж.Т.Баймағанбетова
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент Д.К.Пошаев
Диссертация 2013 жылдың «___» маусымында сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Музыка-педагогикалық факультетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 А, №7 оқу ғимараты, №____ дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Жалпы білімнің, оның ішінде математикалық білімнің сапасын арттырудың негізгі көзі- гуманизациялауда деп білеміз. Демократиялық мемлекет құру халыққа білім беру жүйесінің деңгейін көтеру мен сапасын арттыру болса, соңғысы оқытылатын әрбір ғылым саласын гуманизациялауды-адамиландыруды қажет етеді. Демек, ұлттық болмыс-бітіміміздің негізі халықтық педагогиканы зерделей отырып, жаңашылдық технологиясын игеру арқылы егеменді елдің зерделі де саналы ұрпақтарын қалыптастыру жолдарын іздестіруде тәжірибеде қолданылған, пайымдалған пікірлердің таразылануынан туындағандарын тәжірибеге икемдеп енгізгенде ғана педагогикалық іс-әрекетіміздің ойлауды дамыту мақсатына сапа тұрғысынан жетуге жол ашылары хақ.
Нақты пәндерді оқыту жүйелерінде этнопедагогика элементтері мен этнологиялық атаулары бар іс-шараларын ұйымдастыру қоғамның қазіргі оқыту жүйесіндегі ілгерілеушілік пен жаңа инновациялық үдерістердің сұранысынан туындап отыр. Бұл бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Бастауыш сыныптағы математика сабақтарында халықтық педагогика элементтерін пайдалану» деп таңдауымызға негіз болды.
-оқушыларды шығармашылыққа бейімдеудің әдістемелері анықталған.
Халық педагогикасы мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге жасасып, тәжірибесі мен құнды идеялары толысып, жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз бірізділікте беріліп келеді.
Тарихи педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдау тәрбие мәселесіне тарихи дамудың барлық кезеңінде (Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі жазбалар, Қорқыт Ата өсиеттері, Әбу Насыр әл-Фараби трактаттары, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари, Ахмед Жүйнеки, Хорезми еңбектері және т.б.) аса назар аударғанын дәлелдейді.
Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін ұлы ағартушыларымыз (Абай, Шоқан, Ыбырай) негіздеген.
Педагогикада қайта жаңғырту, реформалау барысында «этнопедагогика», «халықтық педагогика», «тәрбиенің ұлттық жайы» т.б. ұғымдар қалыптасты [11].
«Ұлттық тәрбие» терминін ендіру педагогика ғылымында әлі өз шешімін тапқан жоқ.Ол этнопедагогика ғылымында ендірілуі тиіс. Өйткені, этнопедагогика ұлттық тәлім-тәрбиені жинақтайтын, оны қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Философия, саясаттану, мәдениеттану, психология ғылымдарында соңғы жылдары ұлттану терминдеріне жан-жақты әр түрлі анықтамалар беріле бастады.
Ұлт-адамдардың тарихи, әлеуметтік, этникалық тұтастығы. Ал, ұлттық-белгілі бір ұлтқа тән, оның ерекшеліктерін көрсететін, қамтитын дәстүр. Ұлттық ерекшеліктер оның тілінен, тарихынан, мәдениетінен, салт-дәстүрінен көрініс береді. Егер, осы ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жеке тұлғаны тәрбиелесе және оқытса, ол ұлттық тәрбие алады.Сонда ғана оның ұлттық мінезі, санасы, намысы, дүниетанымы ұлттық сипатта дамып біртұтас болып қалыптасады..
Ұлттық мінез деп-ұлттың барлық психикалық ерекшеліктерінің жиынтығын; ұлттық сана – ұлттан ұлтты айыратын, тарихи себептердің ықпалымен қалыптасқан субьективті құбылыс; ұлттық намыс - өз ұлтының «мен» дегізерлік қасиеттерін қызғыштай қорғайтын, ұлтты іргелі, жоғары деңгейге көтеруді аңсайтын да қолдайтын, ісімен де, күшімен ұлттық намыс туын көтеріп, қара басын, керек болса, мәңгілікке жолдайтын қаракет; ұлттық дүниетаным-ұлттық болмыс көрінісі, саяси адамгершілік, эстетикалық, діни наным-сенім, тәрбие, тарихи сана, басқа да дәстүрлі мәдени-рухани көзқарастар жүйесі, ал ұлттық білім- білім мазмұнындағы ұлттық дүниетаным. Сонда ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана- сезімі, намысы мен мінез құлқының және ұлттық дүниетанымының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерін меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз [1].
«Халық педагогикасы» дегенде халық пен табиғат педагогика үшін не береді, олардан нені үйренуіміз керек деген сұрақтарға жауап берілуі қажет.
«Халық педагогикасын» тарих, этнография, этнологияның саласы ретінде қарастырып, дәуіріміздің өркениет ұғымымен ұштастыру қажет.Яғни, өркениеттілік ұғымына қайшы келмейтін, сыйысатын ұлттық салт-дәстүр, әдет ғұрыптарды ғана пайдалану қажет.
Халық педагогикасының көкейкестілігі Қазақстан егемендік алғаннан бері бұрынғысынан да арта түсті.
Халық педагогикасы-ежелден халықпен бірге жасасып келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Ғалымдар тұжырымына сүйенсек, халық педагогикасы ғылым емес, ол халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, бірақ бір жүйеге келтірілмеген ұрпақ тәрбиесі жөніндегі эмпирикалық білімі мен тәжірибесінің жиынтығы, этнопедагогика ғылымының зерттеу обьектісі, педагогика ғылымын тудырушы қайнар бұлақ [6].
Халыққа білім беру жүйесінде үйрену, үйрету процестерінде «үлгірім» деп аталатын педагогикалық іс-әрекеттерде математиканың жетекші рөлі, әсіресе оның басқа пәндерді үйрену, оқу үшін тірекші құрал екендігі өте маңызды.
Математика – жаратылыстану ғылымы ретінде, өзінің қалыптасу, даму, зерттеулер мен жаңалықтар ашу, гипотезалары мен дәлелдеулер тарихы бар.
Математика жаратылыстану ғылымдарының негізі және математикасыз бірде-біреуін терең меңгеруге болмайды десек, математика пәніне берілген диалектикалық анықтамадағы «математика-адамдардың табиғатпен және техникамен қарым-қатынас құралы»-на қабілетімізді бастан-ақ дамыту міндеті қойылады.
ХХІ ғасырдың ұрпағы жаппай компьютерден сауатты, интернет, мобильді телефондар, смартфондар мен айфондарды толығынан бала жасынан меңгерген. Бұл өз кезегінде балалардың терең ойлау, логикалық талдау мүмкіндіктеріне ықпал етері хақ. Демек, бастауыш сыныптарда математикалық білімді оқып-үйренудің, игерудің қиындығын оқушыларға түсінікті, қызықты образды халық «тілінің» көмегімен игерту қажеттілігі туындап отыр.
Бастауыш мектеп оқушыларының математика пәніне қызығушылығын қалыптастыру үшін қазақ халық педагогикасы идеяларын өз кезегінде ұтымды қолданудың маңызы зор. Атап айтсақ:
- қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ертегі, аңыз әңгімелер;
- санамақ, жаңылтпаш, жұмбақтар;
- ұлттық ойындар;
- ауызша есептер;
- төрт түлік туралы жырлар, тақпақтар.
Бала дүниетанымы еліктегіш, сенгіш келгендіктен, математика сабақтарында халық педагогикасының идеяларын ұтырлы қолдану айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, жетілдірілу жолдары міндеттеліп жатқан еліміздің білім беру жүйесінің жаңа мақсаттарынан туындап отырған
адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті мен құндылықтарға жетелейді.
Қазақ халқы математикалық білімнің құндылығы – оның қолданысының басымдығында.
Қазақ педагогикасының математикалық астарларына үңілер болсақ, олар біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе ұйқас табу, ертегі, ойын, біресе мақалдап сөйлеу, біресе ертегі, біресе даналы ой түрінде беріліп жатады.
Қазақстан Республикасы Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына енгізілген Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында: «Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейінде қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсат басымдылығы түбегейлі өзгеру керек: бірінші кезекте, бұрынғыша оқушының пәндік білім, біліктердің белгілі жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады»,- делінген [2].
Демек, осы тұжырымдаманы негізге алатын болсақ, оқушылардың өн бойында білім, білік, дағды әрекеттерін қалыптастыру негізінде саналы, сапалы ұрпақ тәрбиелеу, оның бойындағы адами қасиеттер мен тұрақтылықты қалыптастыру – қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болмақ. Бұл қағидаға сәйкес ғасырлар бойы адамзатпен бірге жасасып келе жатқан мол танымдық мүмкіндігі бар халықтық педагогика ұғымдары ерекше рөлге ие. Халықтық педагогика идеясын қалыптастыру мақсатында құнды әрі соны пікірлердің негізіне үңіліп, рухани тамырларға тереңдеу қажет болады. Мәселен, бастауыш мектеп оқушыларының белгілі бір арнаулы пәнге, атап айтсақ математикаға қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыру бала тәрбиесінің жауапкершілігі мен бала бойына руханилықты дарытудың негізі болып табылады. Математика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру барысында математиканы оқыту жөніндегі әдістемелік ой пікірлер рухани қазық болып табылады.
Математиканың адам ойын дамытудағы рөлі жайлы А.И.Маркушевич: «Математикамен бала күнінен айналысқан адамдар өзінің ілтипатын дамытады, миы мен еркін жаттықтырады, көздеген мақсатына жеткізетін жігер мен табандылықты қалыптастырады». Десек те, математика оқушының ақыл-ойын өзінен-өзі тәртіпке келтіреді деуден аулақпыз, оқытудың бағытын, оқытудың тәсілдерінің тиімді жүргізілуінің алғышарттарын негіздемекпіз. Математика сабақтарында халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрлерінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, ұлттық табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерді тиімді қамтып отыру, математикалық білімнің өзіне тән: ақыл алғырлығы, зерттеу ынталылығы, заңдылықтарды табуға қызығушылығы, дәлелдеуді логикалық ой тұжырымы арқылы іске асыруы, дедуктивтік ой қорытындылауы, жалпылама және ықшамды пікір айтуға ұмтылуы сияқты сапалы сипаттамаларының басымдылығына ықпал етуімен қатар дамытуға қозғаушы күш береді. Осы арқылы математикалық ілім-білімге тән ынталылық, қызығушылық, логикалық ойлай білу, ықшамдылық, сапалылық қалыптасады.
Кейінгі жылдарда еліміздегі математиканы зерттеу арнасында оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру, әдіс-тәсілдерін жетілдіру мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілуде, мысалы, И.Нұғманов, Ж.Қараев, Р,Әрімқұлов, А,Әбілқасымова, Ш.Таубаева, Г.Нұрғалиева, Т.Сабыров, З.Ибрагимова, А.Тамаев, А.Дайрабаев және т.б. ғалымдар математиканың үздіксіз дамуына үлес қосуда.
Өткен ғасырлардағы ұлы пелагогтар (Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарыин және т.б.) тәрбиенің педагогикалық тиімділігі мен халықтық негізін, көкейкестілігін теория және тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Одан әрі олардың идеялары мен тұжырымдарын А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, В.А.Сухомлинский және т.б. дамытқан.
Халық педагогикасы мен этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін, идеялық мәнін, мазмұнын Г.Н. Волков, А.И.Ханбеков, Я.Ф.Хинтибидзе, Ю.А. Рудь, Л.Христова, С.М.Саипаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Қожахметова және т.б. зерттейтін, И.Шоров, Х.Пирлиев, Қ.Бөлеев, Р.Дүйсембінова, Ж.Асанов, Қ.Т.Ыбыраиымжанов, Г.Бахтиярова, Ш.Құлманова, Т.Сламбекова және т.б. халық тәрбиесінің озық дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын қарастырады.
Пелагогикада қайта жаңғырту реформалау барысында «этнопедагогика», «халықтық педагогика», «тәрбиенің ұлттық жайы» т.б. ұғымдар қалыптасуынан қазақ этнопедагогикасы пробеламалары жан-жақты зерттеле бастады. Мәселен, халық педагогикасы салдары арқылы оқушыларды тәрбиелеу мәселелерін бірқатар ғалымдар: С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Б.А. Тойлыбеков, Н.Албытова, Қ.О.Жеделов, Е.Сағындықов, А.Қ.Айтпаева, С.А.Жолдасбекова, Р.К.Төлеубекова, Ж.Балкенов, С.Қ.Мұхамбетова, Э.Шыныбекова, О.Стақанов, М.Т.Тұрыскелдина, Т.Мұсақұлов, М.Исқақов, Ә.Табылдиев, Ш.М.Жанзақова, Т.Көбентаев, А.Мұхамбаева, Т.Ж.Бекбатшаев, Ы.Оршыбекова, Қ.Нұрсұлтанов, Ж.М.Төлегенов, Қ.Ә.Өтеева, К.Ж.Әмірғазин, З.Әбілова, С.Құсайынова, Б.А. Әлмұхамбетова, Ә. Қамақ, Ұ.О.Асанова, А.Қ.Қисымова, Қ.Д.Сарыбеков, Б.Ж.Сәдірмекова, Е.С. Асылханов, Т.Ә.Қоңыратбаева, С.Т.Иманбаева, Г.Н.Жолтаева және т.б. зерттеді, қоғамдық практиканың қажеттігін қамтамасыз етуге бағытталған көкейкесті мәселені қозғауымен қазақ этнопедагогикасының дамуына ерекше үлестерін қосты.
Жалпы, нақты пәндерді оқыту жүйелерінде этнопедагогика элементтері мен этнологиялық атаулары бар іс-шараларын ұйымдастыру қоғамның қазіргі оқыту жүйесіндегі ілгерілеушілік пен жаңа инновациялық үдерістердің сұранысынан туындап отыр.
Теориялық талдау негізінде сыныптағы және сыныптан тыс математика сабақтарында халықтық педагогика элементтерін қолдану мүмкіндіктері анықталды .
Ежелгі халық педагогикалық мұрасы – бұл әлі қазіргі ғылымның терең зерттеле қоймаған бай қазынасы. Білім беру жүйесі өзінің ұлттық мұрасымен тығыз байланыста ғана оның болмыстық рухани дамуы барысындағы алатын орны мен атқаратын қызметін ескере отырып, барлық кеңістігі тұтастай көре білуді қалыптастырады. Тарихты, әдебиетті, ана тілін зерттеу, өнердің әр түрімен айналысу жас ұрпақтың өз халқының рухани әлеміне терең бойлауына, мәдениетінің негізін ұғына білуге және озық ұлттық дәстүрін жалғастырушы болуына көп ықпалын тигізеді.
Халық педагогикасының тарихында өшкен ұрпақтың ғасырлар бойғы жинақталған терең рухани тәжірибесінің үлкен маңызы бар. Ол мұраның көбісі қолжазбаларда, әдеби естеліктерде сақталған. Олардың ішіндегі ең үздіктерін қазіргі заманғы жас ұрпақтың тәрбие ісіне, көзқарасының қалыптасуына, ойлау қабілетіне және мінез-құлқын қалыптастыруға пайдалануға болады. Педагогикалық жұмыс ағымында оқу-тәрбие ісінің сапасын арттыруға көп көмегін тигізуі тиіс. Біздің ұсынып отырған экспериментіміз- бастауыш сынып математика сабақтарында білуге деген ұмтылысын белсендіру және оқушылардың оқуға құштарлығында халық педагогикасы мен тарихи мәліметтерді тиімді пайдалану жолдарын анықтау.
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.
Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанын ұмыттырып, ерік-жігерін дамыту.
Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланады.
Ұлттық ойындарды өткен сабақтарды қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын байыта түседі, оқушылардың бойындағы білуге деген талпыныс пен құмарлықты оятады, балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі, өмір тәжірибелерін толықтырады.
Ұлттық ойынының бұл қасиеттерін халық ерте танып, өмірлік мәні зор ойындардың алуан түрлерін ойлап шығарған. Қазақ халқы – халық ойындарына өте бай және оның түрлері де алуан салалы болып келеді. Солардың бір парасы логикалық ойлау мен математикалық сызбаларға негізделсе, енді бір тобы тез ойлап, жедел шешуді талап ететін ауызша есептер, сондай-ақ философиялық ой түйіндерін жасауға арналған ойындар болып келеді. Біздің пікірімізше, бұл ойындар күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Қайта жүйелі, тиімді пайдалана білсе, жастардың ой-өрісін дамытып, дүниені танып, білу қабілеттерін кеңейте берері сөзсіз.
Логикалық есептер – кеңірек ойлануды қажет етеді. Есептің жауабы бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарымпаз болуды талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйеніледі. Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру болуы ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Біздің ойымызша, математика сабағында шешілетін есептер мына бағытта болуы керек: математикадан бастауыш сыныпта өтілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық инициативасын арттыратындай түсіндіруі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн. Есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Сондай-ақ, есеп өмірден алынатындығын танытатындай болуы қажет.
Қызықты есептер өлең, ермек, әзіл, викторина түрінде де жазыла береді.
Өлең есепте өлеңді жазу заңдылығын пайдалана отырып, математикалық есеп құрастырылады. Онда не белгілі, белгісіздік екендігі айтылады. Олар есепті шешуде байланыстырылады, табылған жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Кейде есепті өлең түрінде тұжырымдау, оқушыны әдеттегіден тыс күйге түсіріп, өзіне баурап алады. Өлең есеп оқушыларды ұжымдыққа, адамгершілік қасиеттерге, математикалық заңдылықты байқауға, тыңдай білуге, негізгіні қосымшадан ажырата білуге тәрбиелейді. Өйткені математикалық ұғымның өлеңде тұрмыстық маңызы кеңірек ашылады.
Әзіл есептер өлең түрінде де, қара сөз түрінде де кездеседі. Есеп шарты дұрыс берілгенімен, қорытындысы әзіл түрінде ұшқары айтылады. Алайда, есеп- дұрыс есеп болғандықтан, оның астарлы сыры болады. Сондықтан жауап тез талап етіледі. Соңынан жауап талданып, жауаптың дұрыстығы дәлелденіп көрсетіледі.
Демек, қазақ халқы сонау көне замандарда-ақ ұлттық болашағын өнер-білімнен ізденіп, ал өнер – білімнің негізін математика қылатынын дәл тани білген, осы жолда жастарды да тәрбиелеп отырған.
Сондықтан, ұлттық дәстүрдің аясын тарылтпай, қайта жаңа әдістермен толықтыра отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі ұстаздарға жүктеліп отырған міндет болып саналады. Мұғалімдердің математика сабақтарында жоғарыда келтірілген халықтық тәсілдерді қолданулары өз пәндеріне деген қызығушылықты да арттырады, сабақтарын да қызғылықты өткізуге мүмкіндік алады, әрі жастарға, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына халықтық салт-дәстүрден мол мағлұмат бере біледі. Мұндай сабақтардан кейін балаларда халықтық педагогикаға деген қызығушылық туындап, өз бетінше де іздену жолдарына түсуге тырысады.
Жоғарыда айтылғандар мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
Сыныптан тыс жұмыстардың әр түрлі бағытта жүргізілуіне байланысты оның мақсаты, мазмұны, өткізілу формалары да өзгереді. Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оны өткізудің әдістемелік негіздері мынада екенін ескерген жөн:
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің білімі терең, жан- жақты дамыған, педагогикалық шеберлігі болуы басты мәселе. Сабақтан тыс уақытта жұмыстарды жүргізу кезінде мұғалім оқушының талап тілегін, қызығатын мәселелерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік табылады.
Әдетте сыныптан тыс жұмыстарды төменгі сынып оқушыларымен өткізу жоғарғы сыныптарға қарағанда әлдеқайда күрделі болып келеді. Өйткені, төменгі сынып оқушылары жұмысқа әлі де болса төселіп ысылмаған, дағдыланбаған.
Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларымен өткізілетін ертеңгіліктер мұғалімге зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, мектепте өтетін жұмыстардың бәрі де өзінің білімдік мәні мен оқушылардың көңілді демалуына тигізер пайдасы бірдей болуы тиіс. Мұғалім оқушыларды осы жұмысқа тартудан бастап, ынталандыру, өз ісіне деген сүйіспеншіліктерін ояту секілді тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Біздің олай дейтініміз, оқу кезеңі оқушылар үшін міндетті болса, сыныптан тыс жұмыстарға қатынасу оқушылардың талаптарын қанағаттандырған жағдайда ғана олар оған қатысуға ынталы болады.
Жалпы білімнің, оның ішінде математикалық білімнің сапасын арттырудың негізгі көзі- гуманизациялауда деп білеміз. Демократиялық мемлекет құру халыққа білім беру жүйесінің деңгейін көтеру мен сапасын арттыру болса, соңғысы оқытылатын әрбір ғылым саласын гуманизациялауды-адамиландыруды қажет етеді. Демек, ұлттық болмыс-бітіміміздің негізі халықтық педагогиканы зерделей отырып, жаңашылдық технологиясын игеру арқылы егеменді елдің зерделі де саналы ұрпақтарын қалыптастыру жолдарын іздестіруде тәжірибеде қолданылған, пайымдалған пікірлердің таразылануынан туындағандарын практикаға икемдеп енгізгенде ғана педагогикалық іс-әрекетіміздің ойлауды дамыту мақсатына сапа тұрғысынан жетуге жол ашылары хақ.
Осы орайда, білім беру жүйесін қайта құрудағы негізгі бағыттардың бірі боп – оқушылардың бойында білімге деген қызығушылықты, құштарлықты дамыту мәселен, арнайы пәнге деген қызығушылықты қалыптастыру айқындалады. Бұл мәселе өзектілігімен ерекшеленіп, халық педагогикасының даналық ойларымен де құнды.
Бастауыш сыныптарға математиканы оқыту жөніндегі әдістемелік ой –пікірдің қалыптасу кезеңін айқындап, оны таңдаудың рухани негізі мен оны анықтау бүгінгі күнге ғана емес, болашақ үшін де зор маңызы бар.Бастауыш сыныптарға математиканы оқыту жөніндегі ғылыми ой – пікірдің қалыптасуының негізі халық педагогикасының идеялары болып табылады. Атап айтсақ:
-Ауыз әдебиетінің ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен ерекшеленетін нақыл сөздер, дастандар, мақал – мәтелдер секілді түрлері балаларға математикалық білімнің қажеттілігін насихаттауда да кең орын алған.
-Бастауыш сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын қалыптастаруда санамақтардың маңызы зор.Ұйқас өлеңдер балалардың поэзияға құмарлығын арттырады, сөйлеуге дағдыландырады, санамақтарды жаттауға деген құлшыныс олардың жаттау қабілеттерін, танымын қамтиды. Санамақ балаларды сергектікке, тапқырлыққа баулиды, баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
-Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінің қызығушылығын арттыру мақсатында ауызша есептердің маңызы зор. Ауызша есептер халық даналығынан ерекше орын алады. Бұндай есептер аң шаруашылығы, мал шаруашылығымен байланысты болып келеді.Ұрпақтар сабақтастығын жалғап келе жатқан халықтың ауызша есептеріні зор маңызға ие. Ауызша есептер балалардың математикалық қызығушылығын қалыптастыруда маңызды әдістемелік құрал болып есептеледі. Есептің шешуін іздеу барысында бала ойланады, іздейді, сұрайды.
-Халық ертегілері тереңдігі мен шыншылдығы, маңызы мен мәні жағынан оқушылардың дүниетанымын дамытуға байқағыштыққа, әр нәрсенің байыбына баруға тәрбиелейді.Осы арқылы баланың математикаға деген қызығушылығын тудырады.
-Ұлттық ойындарын математикамен ұштастыру оқушылардың күнделікті алған білімдерін өмірімен байланыстыру – сыныптағы білім мен сыныптан тыс жұмыстардың бірлігінің болуы. Мәселен, халық ойындарын сабақта пайдалану тәрбие мен білімнің сабақтастығын көрсетсе, балалардың білім көкжиегін кеңейтіп, оқушылардың сабаққа деген ынтасын қалыптастырады.
-Жаңылтпаш – балалардың сөз мәнін ұғындырады, жаттықтырады, ойлау деңгейін көрсетеді.
-Педагогикадағы балаларға арналған жырлар, өлеңдер, тақпақтар оқушылардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудағы негізгі құндылықтары болып табылады.
Математика сабақтарында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы және сыныптан тыс жұмыстары өзара тығыз байланыста болады, себебі бұлар бірін- бірі толықтырып отырады [10] .
Сыныптан тыс жұмыстардың өткізілуі белгілі маман Қ.Қаңлыбаев оқушының оқуға, білімге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдаланып, оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануды дағдыландыру үшін ойын түрлерін қолдануда негіздейді.
ҚР «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы азаматтық қасиеттері ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау»- делінген. Осы заңның 2 бабында былай жазылған: «Жеке адамның рухани және күш – қуат мүмкіндігін ашу, адамгершілік, салауаттылық, өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау жолымен оның интеллектін байыту және жеке адамның шығармашылық қабілетін қамту»- делінген [2]. Осыған сәйкес, мектептердегі және оқу орындарындағы білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің дағдылары қалыптасады.
Кейінгі жылдарда қазақ тарихын, Қазақстандағы мәдени және қоғамдық ой–пікірлердің дамуын зерделеуде үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қазақ халқының педагогикалық мәдениетіне, Қазақстандағы педагогикалық ой – пікірлердің қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне байланысты ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазіргі қоғамдағы болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени әлеуметтік өзгерістер білім мен тәрбие беру ісін жаңа талаптарға көтеріп отыр. Осыған орай, өткен кезеңдер мен озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой- елегінен өткізу бүгінгі заманның талабына сай, біршама өзгерген және көкейтесті болуда. Бастауыш қазақ мектебінде математиканы оқыту жөніндегі әдістемелік ой пікірдің қалыптасу кезеңі айқындалып жатыр және оған негіз болған рухани тамырлар мен олардың негізін анықтау болашақ үшін де маңызды.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің өзіне тән қырлары, сәйкес потенциалдары, олардың антропологиялық бағыттылықтары баланың тұлғалық дамуына әсер етеді [5].Өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтендіру процесінің бір міндеті балалардың адамзаттық құндылықтарда бағдарлана алуы және оларды игеру тәсілдерін қалыптастыру болса, осы мәселені шешуде математиканың орны ерекше. Себебі,
- математика басқа ғылымдар саласының дамуының тірегі, қызметшісі;
- гуманитарлық деп жүрген ғылымдарда математикалық модельдеу методын қолдану негізінде олардың дәлдік деңгейі артады;
- математика дедуктивтік ғылым болғандықтан, оқушының Заңға сүйеніп ой қорытындылауындағы ең маңызды фактор;
- математикалық білімнің өзіне тән сапалы сипаттамалары басым болады: ақыл алғырлығы, зерттеу ынталылығы, заңдылықтарды табуға қызығушылығы, дәлелдеуді логикалық ой-тұжырымы арқылы іске асыруы, дедуктивтік ой қорытындылауы, жалпылама және ықшамды пікір айтуға ұмтылуы.
Бұл аталмыш сипаттамалардың барлығы да математика сабағында қалыптастырылып, дамытылатындықтан онда берілетін білім-ілім мен мәдениеттің жаңа пардигмаға сәйкес білім-ғылым- мәдениет- менталитет-дүниетаным-сана-сенім-өзіндік сана-көзқарас-мұрат арасындағы заңды байланыстылықты қарастыра отырып, ұлттық мәдениет дәстүрі мен қазақы мінез-құлықты дамыту негізін іздестіруге бағытталса математиканың өзіне тән «сапа» ұғымы оңтайлы шешімін табар еді деп санаймыз.
Диссертацияның негізгі қағидасы, нәтижесі, тұжырымдары мен қорытындылары ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ізденіс-Поиск» ғылыми журналының №1 санында «Кіші мектеп оқушыларының математикалық тәрбиесіндегі халықтық педагогика» тақырыбындағы (Алматы, 2013), «Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері» Т.С.Садықовты еске алуға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Бастауыш сынып оқушыларында ұлттық тәлім-тәрбие арқылы тұлғалық бағдарлануды қалыптастыру» тақырыбындағы (Павлодар, 2013) мақала болып жарияланды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. – Астана, 2005.-1-2 б.
2. Білім туралы: Қазақтан Республикасының заңы. – Алматы: Данекер,2000.
3. Беркімбаев К.М. Жаңа формациядағы мұғалімдерді дайындаудағы психология және педагогика пәндерінің рөлі: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материлдары.- Көкшетау, 2007.- І том.- 75-80 б.
4. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындаудың теориясы мен практикасы.- Алматы: Ғылым, 2001.
5. Ұзақбаева С., Қожахметова К. Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы.-Алматы: Өнер,1998.
6. Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының педагогикалық білім беру тұжырымдамасы.- Астана, 2005.
7. Алсатов Т.М. Развитие педагогической мысли в период Казахского ханства (XV-XVIII вв.). Автореферат...кандидата педагогических наук.- Алматы,2000.
8. Ақбаева К.И., Тәуірбаева Г.Қ. Сыныптан тыс оқудың мазмұны мен көлемі. Бастауыш мектеп 1999, N 6.
9. Әбілқасымова А.Е.Кобесов А.К: Рахымбек Д.Р. Кенеш Ә.С. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Білім, 1998.
10. Елубаева С.Бастауыш кластарда метематикадан жүргізілетін кластан тыс жұмыстар –
Алматы:Мектеп,1985-98 б
Статьялар жинағы. Әдістемелік оқу құралы. Қызылорда, 1998.
Реализация этих целей вызвала необходимость внедрения в современную систему образования достижении передовой практики в области народной педагогики. Потребность в приобщении школьников к национальной культуре на основе традиции народа и недостаточная разработанность теоретического обоснования и опытно-экспериментальной проверки использования элементов народной педагогики в начальных классах, потребность в совершенствовании обучения послужило обоснованием для определения темы научного исследования «Использование элементов народной педагогики на уроках математики в начальных классах ».
если, определить доступные пути взаймной связи понятии «народная
педагогика» и «глобализация»;
обосновать практическую ценность педагогической мысли во время подготовки учеников по математике, то повысится качество математических знании учеников началной школы.
1.Показана дидактическая важность использования элементы народной педагогики.
2.Показаны пути использования элементов народной педагогики на уроках математики.
3.Определены знания и навыки математического образования в соответствии новой парадигме.
1.Научно-теоретический и методологический анализ проблемы формирования интереса к математике у младших школьников средствами народной педагогики, выявленные системой принципов, методов, форм и критериев формирования интереса к математике у младших школьников.
2.Возможности казахской народной педагогики в формировании интереса к математике у младших школьников, позволяющие использовать возможности устного народного творчества в формировании интереса к математике у младших школьников.
3.Педагогический потенциал народной педагогики как средство формирования интереса к математике у младших школьников, сконцентрированный в словесных средствах народной педагогики (сказки, афоризмы, национальные игры, скороговорки, считалки)
These goals realization has caused necessity of inculcation of the updated education system of advanced practice in sphere of the national pedagogics. The time being has given rise to school children’s demand for national culture in everyday communication on the basis of the people’s traditions and unsufficient studies of theoretic justification and pilot experiments of testing these national pedagogics elements applying at primary school.
М010200 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның
25 12 2014
1 стр.
Бөлім. Бастаушы сыныптағы оқушысындағы эмоционалдық жағдайының көрініс табу ерекшеліктері Эмоционалдық жағдай психологиядағы зерттеу пәні ретінде
14 12 2014
5 стр.
25 12 2014
1 стр.
«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға бағытталған «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы»
25 12 2014
1 стр.
Халықтық педагогика туралы ілім
17 12 2014
5 стр.
Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
17 12 2014
2 стр.
Мақсаты: оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту
12 10 2014
1 стр.
14 12 2014
4 стр.