Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
20.01.2011 ж. Ғылыми кеңестің шешімі

(Хаттама № 6)
1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2010 жылғы ғылыми-зерттеу қызметі туралы есеп.
Қаулы етті:

  1. Университеттің 2010 ж. Ғылыми-зерттеушілік қызметі туралы есебі бекітілсін.

  2. Химия, физика және биология-география факультеттерінің декандары ғалымдар ұжымының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инновациялық гранттарын тағайындау конкурсына қатысуын қамтамасыз етсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, ИТО директоры, факультет декандары.

Мерзімі: жыл ағымында.



  1. Университет ғалымдарының ғылыми әзірлемелерін коммерциаландыру үшін бизнес инкубатор ашуға арналған нормативтік база дайындалсын.

Жауаптылар: бірінші проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, ИТО директоры.

Мерзімі: наурыз 2011 жыл.



  1. Профессорлық-оқытушылар құрамының жоғарғы рейтингілік журналдарда жариялану санын арттыру мақсатында факультеттерде 5 жылға арналған жарияланымдардың перспективалық жоспары құрылсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, ИТО директоры, факультет декандары.

Мерзімі: наурыз 2011 жыл.



  1. Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университетімен бірігіп әзірленген магистрларды дайындаудың шоғырланған білім беру бағдарламасына сәйкес физика және химия факультеттері оқуға үміткерлердің кандидатураларын іріктеуді және келісуді ұйымдастырсын.

Жауаптылар: химия және физика факультеттерінің декандары.

Мерзімі: наурыз 2011 жыл.



  1. Халықаралық білім бағдарламаларына қатысатын факультеттердің тәжірибесін жалпылау және тарату мақсатында жобалардың орындаушылары мен шетелдік серіктестердің қатысуымен әдіснамалық семинарлар өткізу тәжірибесі енгізілсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы.

Мерзімі: үнемі.



  1. Ғылыми ұйымдар мен кәсіби қоғамдастықтардың қатысуымен жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықтың білім беру бағдарламаларының сапасын, ғылыми диссертациялық зерттеулер мен әрбір ғылыми-білім беру бағытының аясындағы әзірлемелердің маңыздылығын сараптамалық бағалау жүйесі дайындалсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы.

Мерзімі: сәуір 2011 жыл.



  1. Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бағдарламаларын, ғылым мен өндірісті шоғырландыру және ұжымдық серіктестік түрлерін кеңейту мақсаттарында ұлттық және шетелдік компаниялар негізінде ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, факультет декандары.

Мерзімі: сәуір 2011 жыл.




2. Университеттің білім беру қызметін интернационалдандырудағы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері мен магистранттарының шетелдік тағылымдамаларының рөлі.
Қаулы етті:

1. Университеттің білім беру қызметін интернационалдандырудағы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері мен магистранттарының шетелдік тағылымдамаларының рөлі туралы ақпарат ескерілсін.


2. Тәжірибелік құрамдас бөлікті ұлғайту мақсатында тағылымдамалардың бағдарламаларын келісу жөніндегі жұмыс оңтайландырсын.

Жауапты: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы.

Мерзімі: жыл ағымында.

3. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың білім беру қызметін интернационалдандыру мақсатында серіктес жоғары оқу орындарымен біріккен білім бағдарламаларын келісу бойынша жұмыс басталсын.

Жауаптылар:ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, факультет декандары.

Мерзімі: жыл ағымында.

4. «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасында» қойылған академиялық ұтқырлықты дамыту міндетіне сәйкес Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМу-дың студенттері мен магистранттарын шетелдік жоғары оқу орнында 1 семестрден академиялық жылға дейін оқыту мүмкіндігін жүзеге асыру үшін дайындық жұмысы басталсын.

Жауапты: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы.

Мерзімі: жыл ағымында.

5. Жасалған халықаралық келісімшарттарға қосымшалар әзірленсін және серіктес университеттермен олардың негізінде Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері мен магистранттарының тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өткізу бойынша мәселелерді келісу басталсын.

Жауаптылар: бірінші проректор, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, Стратегиялық даму, сапа менеджменті жүйесі және аккредиттеу орталығының директоры.

Мерзімі: жыл ағымында.




3. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2011-2015 жж. арналған стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы.
Қаулы етті:

1. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2011-2015 жж. арналған стратегиялық даму жоспары бекітілсін.


2. Бөлімше басшылары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде жұмыс жоспарларын құрастыру барысында аталмыш стратегиялық жоспарды басшылыққа алсын.
3. «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2011-2015 жж. арналған стратегиялық даму жоспарын» жүзеге асыру бойынша жауапкершілік бірінші проректор мен Стратегиялық даму, сапа менеджменті жүйесі және аккредиттеу орталығының директорына жүктелсін.

Хаттама №6 Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-дың 2010 жылғы ғылыми-зерттеу қызметі туралы есеп

Химия, физика және биология-география факультеттерінің декандары ғалымдар ұжымының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инновациялық гранттарын тағайындау конкурсына қа

40.02kb.

25 12 2014
1 стр.


Кітапханаға түскен Қарму баспасынан шығарылған кітаптар тізімі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-дың 40 жылдық мерейтойына арналған химия және химиялық технология бойынша іі-ші Халықаралық Қазақстан-Ресейлік конференциясының материалдары:

77.92kb.

15 12 2014
1 стр.


Ғылыми кеңес жұмысының жоспары

Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-да корпоративтік ынтымақтастықтың халықаралық тәжірибедегі түрлерін енгізу болашағы туралы

664.87kb.

28 09 2014
6 стр.


Байқауы жөніндегі

Байқау 2013 жылдың 20 ақпанында Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-дың студенттер Сарайында өтеді

60.73kb.

11 10 2014
1 стр.


ҚазҰпу-дің А. Байтұрсынов атындағы «Алаш зиялыларының ғылыми-педагогикалық мұрасын» зерттеу орталығының директоры, т.ғ. к. Д. М. Мұқатованың ғылыми еңбектері мен зерттеулерінің тізімі

Сырдария обылысындағы 1916 жылғы көтерілістің этносаралық қатынасқа тигізетін әсері

93.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы

Мыналарға жемісті ғылыми жұмысы, шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы берілсін

40.13kb.

25 12 2014
1 стр.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің

Магистратураға түсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы

108.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1511 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 54 тармақшасына сәйкес Қазақст

164.47kb.

11 10 2014
1 стр.