Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 от 14 июня 2007 г.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы


ДӘРІС
Тақырыбы: УІА- УІІА тобы элементтерінің химиясы. Хлор. Биологиялық ролі, медицина мен фармацияда қолданылуы.


Пәні: Бейорганикалық химия

Мамандығы: 5В110300 «Фармация»

Курс: 1

Уақыт (ұзақтығы): 50минут

Қарағанды 2012

Кафедраның жиналысында бекітілген

___.___. 2012. № _1___ Хаттама


Курсқа жауапты Власова Л.М.

Тақырыбы: УІА- УІІА тобы элементтерінің химиясы. Хлор. Биологиялық ролі, медицина мен фармацияда қолданылуы.




  • Мақсаты: УІА және УІІ топтардың элементтерінің химиялық қасиеттері және фармакологиялық белсенділігі туралы түсініктеме.




  • Дәріс жоспары

1. УІ А тобы элементтерінің химиялық сипаттамасы және фармакологиялық белсенділігі.

2. УІІ А тобы элементтерінің химиялық сипаттамасы және фармакологиялық белсенділігі.

3. Хлор физикалық және химиялық қасиеттері. Хлорлы әк, оның бактерицидтік әсері.

Күкірт медицинада өте ерте кезден қолданылатын, адам ағзасына қажет элементке жатады. Күкірт эпидермисте, бұлшық еттерде, асқазан асты безінде, шашта кездеседі. Күкірт тыныс алу мен ферментативті процестерді катализдейтін кейбір аминоқышқылдар мен пептидтер құрамына кіреді. Күкірт қан құрамында қантты азайтатын гликонның құрамына кіреді. Қосылыс түрінде, MgSO4*Na2SO4 түрінде баяулатқыш ретінде қолданылады



YII- топтағы элементтердің жалпы сипаттамасы және медициналы-биологиялық маңызы.

YII- топтың негізгі топшасында жалпы электрондық формуласы ns2np5 болып келген р-элементтер орналасқан. Олар галогендер деп аталады.




F +9 …2s22p5

CI + 17 … 3s23p5

Br + 35 … 4s24p5

I + 53 … 5s25p5

At +85 … 6s26p5


Сутектік қосылыстарының жалпы формуласы RH, жоғарғы оксидтерінің формуласы R2O7. Фтор -1 тотығу дәрежесін көрсетеді, себебі электртерістілігі жоғары элементке жатады.

YII- топтың қосымша топшасында d-элементтер орналасқан, олардың жалпы электрондық формуласы (n-1)d5ns2

Mn + 25 … 3d54s2

Tc + 43 … 4d55s2

Re + 75 … 5d56s2
Галогендердің ішінде СІ макробиоэлементтерге жатады, қалғандары (Ғ, Вч, І) микробиоэлементтер болып есептеледі.

Фтор - микробиоэлемент, …2s22p5

99%-і қатты ұлпалардың құрамында болады. Сүйектер мен тіс эмальдеріндегі фтордың мөлшері негізінен 0,05 моль/кг. Қатты ұлпалардың ішінде фтордың мөлшері бойынша бірінші орында тіс цементі, содан соң сүйек, дентин және эмаль орналасады.

Қаңқаның қалыптасуына қатысады, тістердің кариеске төзімділігін жоғарылатады, қан өндіруді және иммунитетті күшейтеді.

Сүйектегі фтордың мөлшері 50 мг/кг-нан (жаңа туған сәбилерде) 1500 мг/кг (флюороз дертінде) аралығында өзгереді. Қалыпты жағдайда ересек адамдардың ағзасындағы фтордың мөлшер 1000-5000 мг/кг болып келеді және түтікше тәріздес сүйектерге қарағанда, кемікті сүйектерде көп болады. Сүйектегі фтордың мөлшері адамның жасына және фтордың ағзаға түсуіне байланысты болып келеді.

Жұмсақ ұлпаларда фтор аз болады. Жасушадағы фтордың мөлшеріне ортаның рН-ы әсер етеді, рН төмен болса, фтордың мөлшері де төмен болып келеді. Жасушаның ішіндегі фтордың мөлшері, жасушааралық кеңістікпен салыстырғанда төмендеу. Қандағы барлық фтордың 7,5%-і плазмада болады. Фтор қатты ұлпаларға талғампаздық көрсететін болғандықтан, олардың минералдануының бастапқы сатыларына қатысады.

Фтор эмаль матриксінің ақуызына ерекше ықпал жасап, тіс эмалінің қалыптасуына қатысады.

Көптеген зерттеушілердің айтуынша, фтордың аздығынан тіс остеопорозы және кариесі дамиды. Ал фтордың ағзадағы мөлшері жоғарылайтын болса, флюороз болады. Казіргі кезде қаңқа мен тістердің флюорозынан басқа, бұл дерттің басқа көптеген түрлері анықталды.

Фтордың уыттылығын дәлелдейтін көптеген зерттеулерде оның ферменттік процестерге жасайтын әсері анықталған. Фтордың биохимиялық зерттеулерде ингибитор ретінде қолданылатын концентрациясы жуық шамамен 1-10 ммоль/л болуы керек.


Бром – микробиоэлемент, … 4s24p5 басқа галогендер сияқты ішек арқылы сіңіп, барлық ағзаға бірдей таралады. Бірақ оның ең көп жиналатын әсері қалқанша без және бүйректер. Сол сияқты, бас миында, гипофизде, аналық бездерде болады. Ол жасушаға қарағанда, ұлпалық сұйықтарда көп болады.

Бромның ағзадағы физиологиялық ролі үлкен ми қабығындағы нейрондардың тежегіш қызметтеріне жасайтын таңдамалы күшейткіш ықпалына байланысты болады. Бүйрек бездері мен жыныстық бездердің қызметтерін реттейді және қалқанша бездің қызметін тежейді.

Бромның бейорганикалық қосылыстары (KBr, NaBr, CaBr2, NH4Br) және броморганикалық прпараттар (бромкамфора, бромизовая, т.б.) медицинада кеңінен қолданылады.
Йод – микробиоэлемент, … 5s25p5 ересек адамның ағзасында 20-30 мг, оның ішінде қалқанша безде 10 мг мөлшерінде болады. Сол сияқты бүйрек бездерінде кездеседі. Йодтың шоғырланатын мүшесі – қалқанша бездің паренхимасы үш түрлі жасушалардан (А, В, С) тұрады, олардың ішінде А- және В-тироциттер ғана иодпен байланысып, оның гормональды белсенділік көрсететін органикалық қосылыстарын (тироксин және үшиодтиронин) түзеді. Кальцитонин гормонын түзетін қалқанша бездің С-жасушалары иодпен байланыспайды. Тироксиннің құрамында болып, қалқанша бездің белсенділігін арттырады. Белоктар мен майлардың синтезінде ТТП күшейтеді. Йод жетіспеуі – гипотериоз және эндемиялық зоб., артық болса, гипотериоз және базедов дерті.

Дені сау адамның қанында 0,67±0,28 мк моль/л иод болады, олардың 35%-і қан плазмасында иодтың иодтың органикалық қосылыстары түрінде болады. Гипертиреозда иодтың қандағы мөлшері 7,88 мк моль/л-ге дейін жоғарылауы мүмкін.

Эндемиялық зобта қалқанша бездегі иодтың мөлшері 7,9 нмоль немесе одан да төмендеуі мүмкін.
Марганец – микробиоэлемент, … 3d54s2 қалыпты жағдайда салмағы 70 кг ер адамның ағзасында 10-20 мг (0,18-0,36 ммоль) Mn болады. Қалыпты жағдайда сүйектерде, әсіресе, түтікше тәріздес сүйектердегі, сол сияқты бауыр мен бүйректердегі Mn-тің мөлшері басқа мүшелерге қарағанда жоғарырақ болады. Адамның бұлшық еттеріндегі мөлшері төмен, қанда, әсіресе, плазмада өте аз болып келеді. Басқа мүшелердің ұлпаларына қарағанда, үлкен жіліктегі жоғары мөлшері астың құрамына байланысты болып келеді. Дені сау адамдардың бауырында жасына қарамастан 6-8 мг/кг болуы керек. Қабырға шеміршектеріндегі Mn-тің мөлшері жас ұлғайған сайын төмендейді.

Mn-тің мөлшері өзгеріп отырады, оның қан сарысуындағы деңгейі жүрек дерттерінде, жұқпалы ауруларда және кейбір психоздарда жоғарылайды. Сол сияқты қандағы мөлшерінің жоғарылауы ревматоидты артритте және темір жетіспегенде байқалады.

Mn, мидың қызметі үшін маңызды роль атқарады, оның концентрациясы

эпифизде, иіс сезу, гипоталамустың орталық төбешіктерінде және базальды ганглияларда жоғарырақ болып келеді. Ол негізінен ОЖЖ-нің меланинді құрылымдарында, мысалы, қара затында жиналады. Ол митохондрияларға бай жасушалы мүшелер марганецке бай болып келеді, сол себепті Mn жетіспегенде осы органеллалар зақымданып, ұзарады, олардың кристаллдарының бағыты бұзылады. Ерітінділер мен биохимиялық сұйықтарда марганец Mn2+- түрінде кездеседі. Mn басқа металдар (Cu, Zn, Fe) сияқты металдыферменттердің құрамында немесе ферменттердің активаторлары ретінде қызмет атқарады. Металдыферменттер тобына марганецті аргиназа, пируваткарбоксилаза және супероксиддисмутаза ферменттері жатады. Марганецпен белсендірілетін ферменттерге киназаларға, карбоксилазаларға және трансферазаларға жататын ферменттер енеді.



ФТОР

Фтор өте активті элемент болғандықтан табиғатта тек қосылыстар түрінде кездеседі. Фтордың маңызды қосылысы балқытқыш шпат минералы немесе флюорит CaF2. Сонымен катар,фтор фторапатит Са3(Р04)2 • CaF2 және криолит AlF3*3NaF құрамына кіреді. Фтор өсімдіктер ішінде пиязда көп. Ол. мал және адам организмінде тic эмалі мен сүйектерде болады. Адам мен мал организміне фтор ішетін су арқылы түседі.

Фтор өте күшті металл емес және тотықтырғыш. Оның иондану энергиясы өте жоғары. Ешқандай элемент фтордан электрон ала алмайды. Фторды бөліп алу үшін тек электр тогі пайдаланылады. Оны сұйық, фторлысутегін немесе калий гидрофторидін KHF2 электролиздеп алады.

Фтор әдепкі температурада — жасыл сары түсті, өзіне тән айрықша иісі бар газ. Ол – 188,2°С-та қайнайды, —218°С-та балқиды.

Фтор молекула күйінде екі атомнан тұрады F2. Ол барлық заттармен әрекеттесетіндіктен "фтор" — "бүліндіргіш" деп аталған. Басқа галогендермен, әcipece хлормен салыстырғанда, оның айрықша активтілігі диссоциациялану энергиясының аздығынан және атомында d — орбитальдің болмауынан. Ол барлық элементтермен әрекеттескенімен азотпен, оттегімен тікелей әрекеттеспейді. Фтордың оттегімен қосылысында OF2 оттегі +2 "тотығу дәрежесін керсетеді. өйткені фтор оттегі электронын өзіне жақсы тартады.

Фтор сутегімен қараңгы жердің өзінде қопарылыс бере әрекеттеседі:

H2+F2=2HF

Ол сумен әрекеттескен кезде одан сутегін тартып алады да күлгін сәуле шығарып жанады:

2F2+2H20 = 4HF + О2

Фтор атмосферасында көптеген металл еместер және металдар оның ішінде алтын, платина да қыздырған кезде жанады. Фтор хлорды оның қосылыстарынан ығыстырады:

F2+2NaCl = Cl2+2NaF

Фтордың маңызды қосылысы — фторлы сутегі HF. Оны балқытқыш шпатқа күкірт қышқылымен әсер етіп алады:

CaF2 + H24 = CaSО4 + 2HF

Фторлысутегі — түссіз, өткір иісті газ. Ол ауада түтінденеді, тыныс жолдарын тұншықтырады. Бұл өте улы, теріні күйдіреді. Әдепкі жағдайда ол 6ipнеше молекуладан тұратын полимер түзеді (HF)n:

--- Н- F --- Н - F --- Н - F ---
Оның судағы ерітіндісін фторлы сутегі қышқылы немесе балқытқыш қышқыл дейді. Ол әлсіз қышқыл, диссоциацияланған кезде әр түрлі аниондар түзеді F-, HF2-, Н2Р3-. Мұның ce6e6i фторлы сутегі молекулалары арасында сутектік байланыс болуынан.

Балқытқыш қышқыл шыныға әсер етеді, онда ол шыны құрамындағы кремний (IV) оксидімен әрекеттеседі:

SiО2+4HF = SiF4 +2H2О

Бұл қасиеті шыны бетіне жазу, сурет салу үшін қолданылады.

Балқытқыш қышқыл алтын мен платинадан басқа көптеген металдармен әрекеттесіп тұз — фторидтер түзеді. Натрий фториді NaF және натрийдің кремнефториді Na2 [SiF6] улы болғандықтан зиянкес жәндіктермен күресте, ағашты өңдеу үшін пайдаланылады.

Фтор тоңазытқышқа қолданылатын фреонның (CCl2F2) құра-мына кіреді. Ол фторопласттар (тефлон) алу үшін қажет.

Оттекті қосылыстарынан оның оксиді F2О және диоксифториді F2О2 белгілі. Диоксифторид құрылысы жағынан пероксидтерге ұқсас

F — О — О — F.



ХЛОР

Табиғатта таралуы. Хлордын екі изотопы бар:1734Сl, 17 37С/. Ол

тек қосылыс түрінде кездеседі. Жер бетінде оның мелшері 0,25%. Хлор табиғатта натрий, калий хлоридтерғ түрінде кездеседі. Жер бетінен хлоридтер epiп өзен сулары арқылы теңіз бен мұхиттарға түседі. Теңіз суалған жерлерде хлоридтер тас тұздар түзеді. Тас тұздар — түссіз кристалдар. Оның бай кен орындары Украинада, Кавказда, Орта Азия мен Сібірде бар. Натрий хлориді тұзды көлдерде көп (Эльтон, Басқұншақ).

Натрий хлориді мал мен адамға да кажет. Малды азықтандырған кезде азыққа қажет мөлшерде натрий хлоридін қосады. Топырақта тұз көбеюі өсімдік өсуіне кecipiн тигізеді. Мұндай жағдайда Жердің құнарын арттыру үшін гипстеу — CaS4О• 2Н2О-мен өңдеу керек.

Өнеркәсіпте хлорды натрий хлориді ерітіндісін электролиздеп алады. Электролиз кезінде хлор-анион анодқа тартылып тотықсызданады:

2Сl- - 2е- Сl02

Лабораторияда оны алу үшін концентрлі тұз қышқылына күшті тотыктырғышпен әсер етеді. Көбінесе, тотыктырғыш ретінде калий перманганаты КМпО4, марганец (IV) оксиді, калий хлораты КСlО4 қолданылады:

-1 +7


16 НС1 + 2К МпО 4 = 5С102 + 2МпС1 2 + 2КС1 + 8Н 2О

Хлордың қасиеттері. Хлор "сары жасыл" деген сөз. Ол өткір иістi, сары жасыл газ ауадан 2,5 есе ауыр. Аздаған қысым және -34°С~та күлгін-сары сұйыққа айналады. Судың 6ip көлемінде хлордың бес көлемі ериді. Судағы ерітіндісі "хлор суы" деп аталады. Хлор тыныс жолдарын тітіркендіріп, жөтел туғызады, көп мөлшері

тұншықтырады.

Химиялық активтігі жағынан хлор фтордан кейін активті I металл емес болып табылады. Ол күшті тотықтырғыш. Барлық 1 металдармен дерлік тікелей әрекеттесіп хлоридтер түзеді:

2К+С12 = 2КС1

Хлор толтырылған ыдысқа сурьма, мыс, темір т. б. элементтер салынса, олар жанып хлоридтер түзеді. Ол металл еместермен де қуатты әрекеттеседі. Cyтeгi хлорда жанып хлорсутегін түзеді:

Н2+С12 = 2НС1

Бұл реакция күн сәулесі әсерінен тізбекті реакция түрінде өте жылдам (қопарылыс бере) жүреді. Таза хлор дезинфекция, ауыз суын залалсыздандыру үшін айдаланылады. Хлордың химия өнеркәсібі үшін де маңызы зор. Ол пестицидтер, тұз қышқылын, пластмассалар, бояу және дәрілік заттар алу үшін қолданылады.

Хлорсутегі және тұз қышқылы. Хлорсутегін лабораторияда натрий хлоридіне күкірт қышқылымен әсер етіп алады:

2NaCl+H24 = Na24 + 2НСl
Бұл реакцияны техникада біршама жоғары температурада 700 — 800°С) жүргізеді. Бұл хлорсутегін алудың сульфат әдісі.

Техникада хлорсутегін синтез әдісімен де алады:

Н2+С12 = 2НС1

Хлорсутегі — өткip иісті, түссіз газ, тыныс жүйесінің сілекей қабығын тітіркенеді, ауадан ауыр. Ол ауада түтінденеді, өйткені ауадағы су буымен әрекеттесіп тұз қышқылын түзеді.

Хлорсутегі суда өте жақсы ериді. Судың 1 көлемінде 507 көлем хлорсутегі ериді. Түзілген ерітіндіні тұз қышқылы деп атайды.

Техникада синтез әдісімен алынған хлорсутегін бірден суға ерітіп тұз қышқылына айналдырады.

Таза тұз қышқылы — түссіз,өткір иісті, сұйық зат. Әдетте құрамында 42% HCI болады. Техникада құрамында 32—37% HCI бар

(d — 1,19 г/см3) түтінденетін қышқыл өндіріледі. Кейде қышқылдың түci құрамындағы темір (III) хлориді әсерінен сарғыш болуы мүмкін.

Тұз қышқылының адам, мал организмі үшін маңызы зор. Ол асқазан сөлінің құрамына кіреді.

Тұз қышқылы күшті қышқыл болып табылады. Оның күміс, қорғасын, сынап тұздарынан басқа тұздары суда ерімтал. Тұздары хлоридтер деп аталады. Тұз қышқылы бояу,дәрі- дәрмек, аммоний хлоридін, хлор сутегін өндіру үшін қажет. Оны медицинада және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Көп ммөлшері тұздарын алуға жұмсалады.

Калий хлориді КС1 — бағалы минералды тыңайтқыш. Ол, шыны, химия өндірісіне қажет.

Барий хлориді ВаС12-2Н2О — жақсы инсектицид. Сынап (ІІ) хлориді, немесе сулема HgCl2—өте күшті улы зат. Оны медицинада дезинфекция, ал ауыл шаруашылығында тұкымды өңдеу үшін қолданады. Сынап (I) хлориді коломель Hg2Cl2 — ақ түсті, улы емес зат, медицинада қолданылады.

Натрий хлориді, ас тұзы NaCI — аса маңызды шикізат. Ол натрий гидроксидін, тұз қышқылын, хлор, сода алу үшін қажет. Оны металлургияда, сабын өндіруде,елтipi өңдеуде қолданылады. Ас тұзы ретінде адам және малға аса қажет зат.

Мырыш хлориді ZnCl2— металдары дәнекерлеу, ағаштарды (шпал) өңдеу үшін қолданылады.

Күміс хлориді AgCl — фотоматериалдар жасауда қажет.

Хлордың оттекті қосылыстары. Хлор оттегімен тікелей әрекеттеспейді, ал оның оттекті қосылыстарын қосымша жолмен алады. Оттекті қосылыстарында хлор оң тотығу дәрежесін көрсетеді. Хлордың мына оттекті қышқылдары белгілі: хлорлылау

+1 +3 +5 +7

НС1О хлорлы НС1О2; хлорлау НС1О3; хлор НС1О4 қышқылдары. Хлорлылау қышқылы НС1О хлор суда epiгeн кезде түзіледі: +1 -1

С1022О = НС1О + НС1

Хлорлылау қышқылы тұрақсыз, ерітіндіде ыдырап кетеді:

НС1О = НС1+О

Түзшілген оттегі бояуларды ағартады, микроорганизмдерді өлтіреді. Сондықтан хлорлылау қышқылын маталарды, қағазды

ағарту үшін қолданады.

Хлорлылау қышқылдың тұздарын гипохлориттер дейді. Олар хлорды сілтi ерітіндісіне сіңірген кезде түзіледі:

Cl2 + 2KOH = КС1О + КС1 + Н20
Құрамында КС1О және КО бар ерітіндіні Жавель суы деп атайды (Франциядағы Жавель қаласы атымен). Жавель суы да ағартқыш. Ce6e6i KCIO су мен көміртегі (ІV) оксидімен косылып хлорлылау қышқыл түзеді. Ал оның қасиеті белгілі:

КС1О+Н2О + СО2 = НС1О + КНСО3

Құрғақ кальций гидроксидіне хлормен әсер ету арқылы хлорлы не "ағартқыш әк" деп аталатын қоспа алады:

2С12 +2Са(ОН)2 = Са(С1О)2 +СаС12 +2Н2О


Хлорлы әк кальцийдің гипохлориті мен хлоридінен тұрады. Кальций гипохлориті ауада су буы мен көміртегі (IV) оксиді әсерінен хлорлылау қышқылға айналады:
Са(С1О)2 + Н2О + СО2 = 2НС1О + СаСО3

Хлорлы әк өткір иісті ақ ұнтақ.. Ол маталарды, қағазды ағарту үшін, медицинада, малдәрігерлігінде дезинфекция, дегазация үшін қолданылады. Хлорлы әктің әcepi оның өзгеруі нәтижесінде түзілген хлорлылау қышқылға байланысты.

Хлорлы қышқыл НС1О2 хлорлылау қышқылға қарағанда күштілеу, ал тотыктырғыш қасиет төмендеу тұрақсыз зат. Оның тұздарын хлориттер дейді. Мысалы: NaC1О2, КС1О2. Хлориттер де қағаз, металдарды ағарту үшін қолданылады.

Хлорлау қышқыл НС1О3 біршама тұрақты күшті қышқыл.

Оның диссоциациялану дәрежесі тұз және азот қышқылдарынікіне жақын. Хлорлау қышқыл ерітіндісінің тотықтырғыш қасиеті жақсы, ал тұздарынікі әлсіз.

Хлорлау қышқылдың тұздарын хлораттар дейді. Маңызды тұздарының 6ipi калий хлораты (Бертолле тұзы) КС1О3. Оны ыстық концентрлі калий гидроксиді ерітіндісіне хлорды сіңіру арқылы алады.

3C12+6KОH = KC1О3+5KC1+3H2О

Қыздырғанда калий хлораты ыдырайды:

2КС1О3 = 2КС1 + 3О2

Бертолле тұзы жақсы тотықтырғыш. Сонымен қатар натрий магний, кальций хлораттары да (NaC1О3, Mg(C1О3)2, Са(С1О3 )2 белгілі. Олар гербицидтік қасиет көрсетеді. Алайда, олар арамшөппен қатар мәдени өсімдік пен дақылдарды да жояды. Сондықтан оларды бау, саябақ шөптерін жоюға қолданған жөн.

Хлор қышқылы НС1О4 тұрақты, түссіз, ауада түтінденетін сұйық зат. Бірақ сусыз хлор қышқылы өте тұрақсыз, өздігінен жарылуы мүмкін. Ерітіндісі тұрақты. Диссоциациялану дәрежесі бойынша ол өте күшті қышқыл. Тотықтырғыштық қасиеті хлорлылау қышқылынан да төмен.

Хлор қышқылы тұздарын перхлораттар дейді. Оларды хлораттарды жайлап қыздыру арқылы алады:

4КС1О3==ЗКС1О4+КС1

Перхлораттар суда жақсы ериді. Ерітінділері тотыктырғыш бола алмайды.

Осы айтылғандардан хлордың тотығу дәрежесі артқан сайын, олардың тұрақтылығының артып, тотықтырғыш қасиетінің кемитіні байкалады:

+1 +3 +5 +7



НС1О НС1О2 НС1О3 НС1О4

тұрақтылығы, күші артады

тотыктырғыш қасиеті кемиді

БРОМ

Табигатта бром екі түрлі изотоп түрінде кездеседі (7935 Br, 81 35Вг).

табиғатта тек натрий және калиймен қосылыс түрінде болады. Бромид ион көл және теңіз суларында жиналады. Сонымен қатар, жер қыртысын бұғгылау кезінде шыққан судың да құрамында 6ipaз бром бар. Құрамында бром бар тұзды келдердің өнеркәсіп үшін маңызы зор. Совет Одағында Соликамск калий тұзы кеніші құрамында бром бар.

Бромды оның тұзынан активтірек галоген — хлормен ығыстырып алады:


2КВг + С12=Вг2+2КС1
Бром — өткip иісті, көз бен теріні тітіркендіретін қоңыр сұйық, зат (d = 3,12 г/см3), Бром "иici нашар" деген сөз. Ол суда хлордан

жақсы ериді. Судағы ерітіндісі "бром суы" деп аталады. Бром органикалык ерітінділерде жақсы ериді.

Бромның хлорға қарағанда металл еместік және тотықтырғыш активтігі төмендеу, дегенмен ол да көптеген металдармен

әрекеттесіп бромидтер түзеді. Сутегімен тек қыздығанда (300°С) ғана әрекеттеседі.

Әдетте бром сутегін фосфордың трибромидінің гидролизі нәтижесінде алады:
РВг3 + ЗН2О = ЗНВг +H3PO3
Бром cyтeri суда аз еритін түссіз газ. Судағы ерітіндісі бром сутегi қышқылы болып табылады. Ол тұз қышқылына ұқсас күшті қышқыл. Тұздары бромидтер деп аталады. Көпшілік бромидтер суда ерімтал. Тек күміс бромидінің AgBr суда epігіштігi нашар:


КВг + AgNO3 = AgBr +KNO 3




Br-+Ag+ = AgBr


Күміс бромиді күн сәулесі әсерінен ыдырайды. Оның бұл қасиетіне негізделіп фотоматериалдар алынады. Натрий және калий бромиді медицинада қолданылады. Бром бояу, пестицидтер, улы заттар алу үшін қажет. Бромның оттекті қосылыстары аз зерттелген. Қазір бромдылау қышқылы (НВгО) белгілі, оны бромды суда ерітіп алуға болады:
Вг2 + Н2О НВг + НВгО
Егер бром суына хлормен әсер етсе бромдау қышқылы түзіледі:
Вг2 +5С12 + 6Н2О = 2НВгО3 +10НС1
Бромдау қышқылдың тұздары — броматтар химиялық анализде қолданылады (NaBrО3, КВгО3).

Жақында бром қышқылы НВгО4 және оның тұздары — перброматтар (КВгО4, NaBrО4) алынды. Алайда олардың қасиеттері әлі кеңінен зерттелмеген.


ЙОД
Табиғатта йодың 6ip изотопы 12753 J кездеседі.Йод Жердің

барлық жерінде өте аз болса да бар. Ол натрий және калий тұздары күйінде болады. Йод теңіз суларында тараған, судан теңіз өсімдіктері (балдырлар) құрамына кіреді. Адам организмі су және тағам арқылы қабылдап, қалқанша безде жинайды. Организмде йод азайған жағдайда қалқанша без ауырады (зоб). Иодты өнеркәсіпте бұрғылау суларынан өндіреді.Ол суларда иодтың мөлшері 6ip литрде 10-нан 100 мг-ға дейін болады.Йод теңіз өсімдіктерінен де алынады. Ол үшін теңіз өсімдіктерін өртейді, күлде қалған йодты сумен шайып бөліп алады.

Лабораторияда йодты оның тұзына күштірек галогенмен әсер етіп алуға болады:
2NaІ + Cl2=2NaCl+I2

2KI + Br2=2KBr + I2


Иод — өткір иістi, металдық жылтыры бар,қара қоңыр кристалл зат (d — 4,93 г/см3). Оны қыздырған кезде балқымай бірден буға айналады, суыған кезде йод буы қайтадан кристалл түзеді. Қатты заттың бірден газ күйіне айналуын возконка дейді. Иод буының түci күлгін болады, соған орай бұл элемент йод аталған (йод — күлгін).

Иод суда нашар ериді. Судағы ерітіндісі йод суы деп аталады. Ол йодты калий КІ ерітіндісі және органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Иодтың спирттегі 10 проценттік ерітіндісін медицинада пайдаланады. Ол бактерияны өлтіреді.

Йодқа тән қасиет — крахмалды көгертуі.

Йод химиялық активті элемент, ол металдармен әрекеттесіп йодидтер түзеді:


2Na + I2 = 2NaI
Иодтың тотықтырғыш қасиеті бром және хлорға қарағанда төмендеу.

Иод сутегімен йод сутегін HI түзеді. Йодсутегі суда жақсы еритін, өткip иістi түссіз газ. Оны фосфор трийодидін сумен әрекеттестіріп алуға болады:




РІ3+ЗН2О = ЗНІ +Н3РО3


Йод сутегінің судағы ерітіндісі — йодсутек қышқылы.Ол тұз қышқылына ұқсас қышқыл. Тұздарын йодидтер деп атайды. Күміс йодидінен басқа йодидтер суда ерімтал.

Иодтың оттекті қосылыстарынан маңыздылары йодтылау қышқылы НІО, йод (V) оксиді І2О5, йодта у қышқыл НІО3 және

қышқылы НІО4. Жақсы зерттеліп, лабораторияда қолдау

тапқаны йод қышқылының тұздары — периодаттар. Йод

қышқылын судан бөлген кезде гидрат түрінде НІО4 • 2Н2О бөлінеді.

Йод пен оның қосылыстары дәрі-дәрмек жасау үшін қажет, оларды

фотография және бояу алу үшін қолданады.

Жоғарыда адамға йод жетіспесе, ауруға шалдығатыны

айтылды. Теңіз суынан алшақ, шалғайдағы жерлерде әрине,

тағамдарда, суда йод мөлшері аз болады. Йодты толықтыру үшін

ас тұзына қажет мөлшерде йод қосылады.


    • Әдебиеттер

Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы, 1992.

Патсаев Ә.Қ. Бейорганикалық және физколлоидтық химия. Шымкент, 2004.

Глинка Н.Л. «Общая химия» М.,ВШ, 1989г..


    • Бақылау сұрақтары ( кері байланысы)

Медицина үшін тұз қышқылының маңызы қандай?

Натрий хлориді қанда және дененің ұлпалық сұйықтықтарында маңызы қандай?



  1. УІ А топ элементтердің сипаттамасы. Күкірт аллотропиясы, тізбек түзілуге бейімділігі. Стереохимия және байланыс табиғаты.

  2. Күкірт теріс тотығу дәрежелі қосылыстары. Күкіртсутек, сульфидтер.

  3. Хлорсульфон қышқылы. Моно, диперосид қышқылдары. Перексосульфаттар және олардың тотықтырғыштық қасиеттері.

Тиосульфаттар, олардың алынуы, қышқылдармен, тотықтырғыштармен және комплекс түзушілермен реакциясы

Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы
28.5kb.

08 10 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы
69.26kb.

14 12 2014
1 стр.


Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

32.95kb.

09 09 2014
1 стр.


Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Биотехнологияда қолданатын биологиялық жүйе (микроорганизм, жануар, өсімдік жасушалары ), оларды қолдану ерекшелігі тақырыбы

29.4kb.

27 09 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

69.08kb.

04 09 2014
1 стр.


Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Тақырыбы: уіа- уііа тобы элементтерінің химиясы. Хлор. Биологиялық ролі, медицина мен фармацияда қолданылуы

186.26kb.

13 10 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Оңтүстік аймақтарындағы дәрілік өсімдіктер, олардың ботаникалық сипаттамасы, таралуы, медицинада қолданылуы тақырыбы

42.54kb.

15 10 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Анатомиялық және морфологиялық белгілері бойынша Шығыс Қазақстанда таралған дәрілік өсімдіктерді анықтау тақырыбы

35.94kb.

15 10 2014
1 стр.