Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Амандасу.

І. Ұйымдамстыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу.



Психологиялық кезең.

Барлық топтын оқушылары орындарынан тұрып, бүгінгі сабаққа тілек айтады.



Бүгінгі сабақтың мақсаты.

Алжапқыштың сызбасын сызып, оны пішіп, тігу алдында адам денебітімінің қандай өлшемдерін алу керек және өлшемдерді қалай жазылатының үйрету.



Техника қауіпсіздік ережелерін жұмбақтар шешу арқылы айту.

  1. Басқаға киін дейді,

ал өзі киінбейді. (тігін машина)

  1. Жоқ өзінде баста, қаста, мойын да,

ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

3. Қызып кетсе табаны,

көзін қысып қалады. (үтік)

4. Жарқылдаған қос қылыш,

қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы)

5. Сүңгір батыр – бұл мықты,

бүтіндейді жыртықты. (ине)

ІІ. Үй жұмысын сұрау.


  1. Киім – Одежда –Clothes (клоузес)

  2. Оқушылар, суреттегі киім үлгілері, қайсы киім түрлерге жатады?

ІІІ. Үй жұмысын бекіту.

Графикалық диктант



иә - « + »

жоқ - «-»

1.Киім адамды ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғайды.

2.Тұрмыстық киім түрлеріне – күнделікті, салтанатты, үйде киетін киім түрлері жатады.

3.Өндірістік киім - әскери адамдардын киімі.

4.Санитарлық киім – шикізат, өнім, азық – түлік, керек – жарақтарды тұрмыстық заттардан, адам денесін оқшаулау.

5.Спорттық киім – туризм және спортпен айналасатын адамдар киеді.

6.Формалық киімдер - өрт сөндірушілер, мектеп оқушылардың киімдері.

7.Салтанатты киім түрлерін арзан мата түрлерінен тігеді.

8. Киім түрлері жыл мезгіліне бөлінеді.

Дұрыс жауап





1

2

3

4

5

6

7

8

+

+

-

+

+

+

-

+

А л ж а п қ ы ш

-Ал, алжапқыш кандай киім түрлеріне жатады?

- Тұрмыстық киім түріне жатады.

(оқушы жауап береді, мұғалім АЛЖАПҚЫШТЫН суретті көрсетіп, іледі).



(миға шабуыл)

-Алжапқыш туралы не айталасыздар?



ІҮ. Жаңа сабақ.

21 қараша

Алжапқыш тігу үшін денебітімінің өлшемдерін алу.

Алжапқыштын шығу тарихы.

Проблемалық ситуация.

2 (екі)оқушыны тақтаға шақырып алжапқышты киіп көріндердеп айтамын. Қыздар 1 оқушыда алжапқыш дұрыс отырғанын, ал 2 оқушыда үлкен екенің байқайды.
- Әр адамға киім дұрыс отыру үшін, сол адамның өлшемдеріне сәйкес тігілуі керек. Ал ол үшін адамның денебітімінің өлшемін алуымыз қажет.
Өлшем дегеніміз - адам денебітімінің негізгі өлшемдерін, өлшеу арқылы алу (тақтаға жазу, дәптермен жұмыс).
Өлшем алу үшін сантиметірлік таспаны пайдаланамыз.Оны 1810 жылы француз тігіншісі ойлап тапқан. Таспаның ұзындығы 150 см болу керек. Өлшем дұрыс болу үшін үнемі бір таспаны пайдалану жөн.

-Оқушылар, көздеріннің алдарына теңізден жиекке шығып кележатқандарынды елестетіндер (толқын дыбысы шығады).


1. Судан бастарын мен мойындарын көрініп тұр. Су мойын сызығында тұр.

2. Су қолтық ойдымына келіп тұр.Бұл кеуде сызығы.

3. Су белдің ең жіңішке жерлерінде тұр. Бұл бел сызығы.

4. Белдеріннен 12-14 см төмен бөксе болады, су бөксенін ең шығынқы жерінде тұр. Бұл бөксе сызығы.

5. Су тізенің ортасында тұр, бұл тізе сызығы.
(Судан шығу суреті интерактив.тақтадан шығу)
Осыдан кейін өлшем алуды оқушыларға үйрету.Сәнмүсінді пайдаланып барлық өлшем бірліктерін мұғалім алып көрсетеді.

және шыққан өлшемдерді қалай жазу керек екенін үйретеді (тақтамен, дәптермен жұмыс).
Өлшемді алу үшін мына ережелерді сақтау керек


1.

Өлшемді денебітімнің оң жағынан алады

2.

Белді алдын ала жіппен буып қояды

3.

Өлшем алынатын адам тіке тұруы қажет

4.

Денені өлшегенде таспаны тартуға немесе босаңсытуға болмайды

5.

Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады

6.

Айналым және ен өлшемдерін жартылай жазады

Алжапқышты құрастыру үшін келесі өлшем бірліктерді түсіреді



өлшем

дер


белгі

лері


өлшемдердің аталуы

өлшем алу реті

өлшем не үшін қажет

өз өлшем

дерім


Кұ

Кеуденің ұзындығы

Бел сызығынан жоғары қажетті ұзындыққа дейін алынады

Белдіктің ұзындығын аңықтау үшін




Тбұ

Төменгі бөлік ұзындығы

Бел сызығынан қажетті ұзындыққа дейін алынады

Төменгі бөлігінің енің аңықтау үшін




Жба

Жартылай бел айналымы

Бел сызығынан қажетті ұзындыққа дейін алынады

Көкірекше

нің ұзындығын аңықтау үшін






Жбөк.а

Жбөк.а

Бөксені көлденең айналдыра өлшейді

Төменгі бөліктің ұзындығын аңықтау үшін






Сергіту сәті.

қимыл-қозғалысты көрсету (валеологиялық, денсаулық сақтау)


Жүнді қалай түтеміз,

Гүлді қалай күтеміз,

Етті қалай тұраймыз,

Бауырсақты қып-қызыл,

Қуырамыз қалай біз?

Жүнді қалай сабаймыз,

Сыпырамыз қалай біз,

Дастарқанға асынды,

Ұсынамыз қалай біз?

Ү. Жаңа сабақты бекіту.Сарамандық жұмыс.

Барлығын көрсетіп болған соң, қыздарға денебітімінің өлшемдері алу үшін нұсқау картасы таратылады.

«Сән ательесы»

Әр топтағы оқушылар, 2 қыздан бөлініп бір-бірінін өлшем бірліктерін алып, дәптерлеріне түсіреді.




өлшемдер

белгілері



өлшем алу реті

өз өлшемдерім

Кұ

Бел сызығынан жоғары қажетті ұзындыққа дейін алынады




Тбұ

Бел сызығынан қажетті ұзындыққа дейін алынады




Жба

Бел сызығынан қажетті ұзындыққа дейін алынады




Жбөк.а

Бөксені көлденең айналдыра өлшейді





Мұғалім сарамандық жұмыс кезінде:

1. сарамандық жұмысқа топтын дайындығын және ережелерді сақтауын бақылайды

2. топтын өлшем алудын дұрыс пайдалануын бақылап, оқушыларға көмек береді

3. аяқтау этапын тексеру және өлшемдердін дұрыс жазуын тексеру.


ҮІ. Сабақты қорытындылау.

1. Тапсырма жазылған парақтар таратылады.

- Алжапқыш тігу үшін алынаты қажетті өлшемдерді жазу.

- Өлшемдердің толық атауын жаз.


Ойын. «Сәнмүсінді киіндір»

Шарты: Қол астындағы түрлі заттардан сәнмүсінге киім дайындап, кигізу керек.

Ол қандай киім түріне жатады екенін айт

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Құрал-жабдықтар әкелу: сызғыш, қалам, өшіргіш.

Отбасы мүшелеріне алжапқыштын суретін сал.

«Алжапқыш» сөзін орысша, ағылшын тілдеріне аудару.



Рефлексия.

Оқушыларға:



  • Кімге бүгінгі сабақ ұнады, қолдарынды жоғары көтеріндер?

Мұғалім:

  • Маған да ұнады.Өте қызық сабақ болды.

ҮІІІ. Бағалау.

Оқушылардын сарамандық жұмыстарын тексеріп, жіберген қателеріне ескертулер жасап, бағалау.


Осымен сабақ аяқталды, сау болындар.

Өзіндік талдау
5 «А» сыныбында 12 оқушы (қыз) бар. І тоқсандағы үлгірімі-100%, сапасы -100%.

Сабақтың үш мақсаты болды. Олар: білімділік-адам денебітімінің өлшемдерін алуды үйрету; дамытушылық- оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту; тәрбиелік-еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа,эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

Бұл сабақтың ерекшелігі графикалық диктант арқылы киім түрлері туралы қайталап, еске түсіріп отырып, өлшем алуды орындауға көшеді. Сабақ барысында оның білімділік және дамытушылық жақтары байланыста болды.

Сабақ барысында ауызша жаттығулар, жазбаша диктант, жеке оқушыменен, топпен, сыныппен, тапсырмалармен жұмыс жасады. Бағалау парағына топ жетекшісі кеткен қателерін белгілеп отырды.

Сабақтын барлық этаптары байланыста болды. Уақытты ұтымды пайдалануда оқу кабинетінің мүмкіндіктері толық қолданылды. Орындайтын тапсырмалар интербелсенді тақта арқылы түсіндірілді.

Оқушыларды білімін бақылау мақсатында сарамандық жұмыс жүргізілді. Сабақ арнайы дайындалған тапсырма арқылы қорытындыланды.



Сабақ барысында барлық мақсаттарыма жеттім, өз нәтижесін берді деп ойлаймын.

Уақыт артық қалса, түсіндірілетін тапсырма дайындап қойылды.

І. Ұйымдамстыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу. Психологиялық кезең

Алжапқыштың сызбасын сызып, оны пішіп, тігу алдында адам денебітімінің қандай өлшемдерін алу керек және өлшемдерді қалай жазылатының үйрету

90.85kb.

16 12 2014
1 стр.


Қазіргі сабақты талдау түрлері Сабақтың негізгі кезендері

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің санитарлық- гигиеналық жағдайын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,оқушылар зейінін ұйымдастыру

107.68kb.

02 10 2014
1 стр.


2 нұсқа. Амалдарды орындаңдар

Республикасы Тұнғыш Президентік Интеллектуалды мектебіне оқушыларды байқау арқылы қабылдаудың бірінші кезеңі арналған тапсырмалар

32.03kb.

25 12 2014
1 стр.


Семей ішкі округын құрудың себептері

Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі:қазақ хандығының картасы Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгелдеу, сабаққа наза

38.94kb.

25 12 2014
1 стр.


Пән: Дүниежүзі тарихы 8 -сынып Күні: 12. 12 Сабақтың тақырыбы

Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: : Дүние жүзі саяси картасы, тірек сызбалар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты тү

27.73kb.

25 12 2014
1 стр.


Қиын балалармен жұмыс. Бекибаева Сәнгүл Ғосманқызы

Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады

69.82kb.

02 09 2014
1 стр.


Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері мазмұНЫ

Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге ас

674.43kb.

25 12 2014
4 стр.


Мен және менің отбасым төменгі сынып оқушыларына арналған әдеби-музыкалық кеш. Дайындық кезеңі

Дайындық кезеңі: Балаларға алдын-ала отбасы мүшелеріне арнап өлең шумақтарын, ән жаттап келуге тапсырма беріледі

347.33kb.

17 12 2014
1 стр.