Перейти на главную страницу
Қор туралы толық ақпаратты қор сайтынан ала аласыздар: www.bota.kz
Гранттың аталмыш түрі КАЖБ және ӘҚҚБ бірлескен қызметтері аясында ұсынылады және Әлеуметтік интеграция (ӘИ) бойынша Бағдарлама деп аталады. Бұл бағдарлама ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың жергілікті қоғамдастықтың өміріне әлеуметтік интеграциялануына ықпал жасауға және оларға әлеуметтік қызметтер көрсетілмейтін аудандарда көмек көрсетуге бағытталған. КАЖ бағдарламасының қосымша көмекке зәру мыңдаған бенефициарлары, ал ӘҚҚБ-ның болса ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға қолдау көрсететін КЕҰ-ды қолдау мен қаржыландырудың тиімді жүйесі бар болғандықтан, бұл грант түрін Қызылорда мен Ақмола облыстарында берілу керек деп шешілді.
КАЖ бағдарламасы жұмыс істейтін облыстарда тұратын 16 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар КАЖ бағдарламасы талаптарын орындап, ерекше қажеттіліктері бар балаларға үй жағдайында күтім көрсету (ҮжКК) бойынша тренингтерге келетін ата-аналарға немесе қамқоршыларға жәрдемақы беретін КАЖ бағдарламасының қатысушылары бола алады. КАЖ бағдарламасының еріктілері қолдау көрсету және тренинг өткізу үшін бенефициарлар мен ерекше балаларға қарайтын тұлғалардың үйіне барады. Себебі бұл тұлғаларға балаларын қысқа уақытқа болса да тастап кету қиын. 1-кестеде КАЖ бағдарламасы қамтыған барлық аудандар мен ондағы бенефициарлардың саны туралы ағымдағы статистикалық мәліметтер көрсетілген.
КАЖ бағдарламасы ҮжКК санатындағы 16 жасқа дейінгі бенефициарларға қолдау көрсететін болса, ӘИ бағдарламасы өз гранттары арқылы КАЖ бағдарламасы болып табылатын және болып табылмайтын әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы мүмкіндігі шектеулі 24 жасқа дейінгі балалар мен жастарға қолдау көрсетеді.
Осы облыстарда КАЖ бағдарламасы бенефициарларына қызметтерді кеңейту, КАЖ бағдарламаларының әлеуетті бенефициарлардың қамтылуын көтеру және 24 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарды қамту үшін ӘҚҚБ және КАЖБ бірлесе отырып қоғамға ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың әлеуметтік интеграциясы бойынша осы грант түрін жергілікті КЕҰ-дың жобаларын қаржыландыру үшін ұсынады.
ӘИ жобасының мақсаты. Жобаның мақсаты – КАЖ бағдарламасының бенефициарларына және КАЖ бағдарламасының бенефициарлары болып табылмайтын 24 жасқа дейінгі ерекше қажеттілігі бар балаларға тікелей әлеуметтік қызметтерді көрсету және ата-аналар мен қамқоршыларға ерекше қажеттілігі бар балаларының қоғамға әлеуметтік интеграциясын жақсартуға көмек көрсету.
Осындай жобалардың мақсаттары ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың қоғамдастыққа әлеуметтік интеграциялануы бойынша шараларды өткізуге ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға, олардың ата-аналары мен қамқоршыларына әлеуметтік қызметтерді көрсетуге бағытталулары мүмкін. ӘИ бойынша екі грант түрі бар: ӘИ бойынша әрекет жоспарын дайындау және ӘИ бойынша әлеуметтік қызметтер. «БОТА» қорының қолдауымен ӘИ бойынша гранттарды жүзеге асырған КЕҰ-дар ӘИ бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша грантқа сұраным бере алады. Өзге КЕҰ-дар сұранымды алдымен ӘИ бойынша әрекет жоспарын дайындау грант түріне беріп, нәтижесінде дайындаған әрекет жоспарына байланысты сұранымды ӘИ бойынша әлеуметтік қызметтер грант түріне бере алады. Толығырақ төменде оқып, біле аласыздар:
а. Грант сомасы: 290 000 теңгеге дейін ($2,000)
b. Әрекет ету мерзімі: 2-3 ай
c. Бенефициарлардың мақсатты тобы:
i. КАЖ бағдарламасының бенефициарлары болып табылатын 16 жасқа дейінгі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар;
ii. қазіргі уақытта КАЖ бенефициарлары болып табылмайтын (бірақ КАЖ бағдарламасы талаптарына жауап беретін болса бола алатын) 24 жасқа дейінгі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастар.
е. Сұраным бойынша ақпарат:
i. осы грант түрі бойынша өтетін байқауға ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға әлеуметтік қызметтер көрсету саласында кем дегенде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар ұйымдар ғана қатыса алады.
ii. «БОТА» қорының Ішкі іріктеу комитеті сұраным берушілердің сұранымын қарастырып, ӘИ бойынша әрекет жоспарын дайындауға грантты қаржыландыру мүмкіндіктері туралы шешім қабылдайды.
iii. егер ұйым ӘИ бойынша әрекет жоспарын дайындау бойынша грант алатын болса, онда болашақта әрекет жоспары негізінде жобаны жүзеге асыру үшін одан да ірі қаржыландыруға сұраным жібере алады. Осы грант түрі бойынша ақырғы есеп дайындалған жобаны жүзеге асыру үшін бюджет көлемі 3 335 000 ($23,000) теңгеге дейін соманы құрайтын және жүзеге асыру уақыты 10 айдан 12 айға дейінгі кезеңді қамтитын Әрекет жоспары мен бюджеттен тұруы тиіс. Сыртқы іріктеу комитет қаржыландыру бойынша шешімді қабылдау үшін негізделген әрекет жоспары көрсетілген сұранымдарды қарастырады. Іріктеу комитеті жобаны мақұлдаған жағдайда, гранттық келісім ұзартылып, әрекет жоспары негізінде жаңа бюджет пен жұмыс жоспарымен толықтырылатын болады.
iv. жоба іріктеу комитетімен мақұлданбаған жағдайда, әрекет жоспары бойынша жүзеге асырылған грант жабылатын болады.
Төменде ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік интеграциясын жақсарту бойынша грант бөлінетін КЕҰ-дар үшін КАЖ бағдарламасының әлеуетті аудандары мен ағымдағы бенефициарларының тізімі көрсетілген.
|
ОБЛЫС |
АУДАН |
КАЖ бенефициарларының саны |
1 |
Ақмола |
Ақкөл ауданы |
37 |
2 |
Ақмола |
Аршалы ауданы |
16 |
3 |
Ақмола |
Астрахан ауданы |
21 |
4 |
Ақмола |
Атбасар ауданы |
116 |
5 |
Ақмола |
Бұланды ауданы |
100 |
6 |
Ақмола |
Бурабай ауданы |
148 |
7 |
Ақмола |
Егіндікөл ауданы |
17 |
8 |
Ақмола |
Еңбекшілдер ауданы |
54 |
9 |
Ақмола |
Ерейментау ауданы |
24 |
10 |
Ақмола |
Есіл ауданы |
24 |
11 |
Ақмола |
Жақсын ауданы |
65 |
12 |
Ақмола |
Жарқайын ауданы |
37 |
13 |
Ақмола |
Зеренді ауданы |
152 |
14 |
Ақмола |
Көкшетау қаласы |
35 |
15 |
Ақмола |
Қорғалжын ауданы |
14 |
16 |
Ақмола |
Сандықтау ауданы |
50 |
17 |
Ақмола |
Целиноград ауданы |
32 |
18 |
Ақмола |
Шортанды ауданы |
39 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
981 |
19 |
Алматы |
Ақсу ауданы |
64 |
20 |
Алматы |
Алакөл ауданы |
102 |
21 |
Алматы |
Балхаш ауданы |
66 |
22 |
Алматы |
Еңбекшіқазақ ауданы |
176 |
23 |
Алматы |
Ескелді ауданы |
92 |
24 |
Алматы |
Жамбыл ауданы |
27 |
25 |
Алматы |
Іле ауданы |
32 |
26 |
Алматы |
Қарасай ауданы |
52 |
27 |
Алматы |
Қаратал ауданы |
54 |
28 |
Алматы |
Кербұлақ ауданы |
80 |
29 |
Алматы |
Көксу ауданы |
74 |
30 |
Алматы |
Панфилов ауданы |
88 |
31 |
Алматы |
Райымбек ауданы |
43 |
32 |
Алматы |
Сарқанд ауданы |
22 |
33 |
Алматы |
Талғар ауданы |
57 |
34 |
Алматы |
Ұйғыр ауданы |
47 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
1076 |
35 |
Қызылорда |
Арал ауданы |
125 |
36 |
Қызылорда |
Жалағаш ауданы |
104 |
37 |
Қызылорда |
Жаңакорған ауданы |
174 |
38 |
Қызылорда |
Қазалы ауданы |
186 |
39 |
Қызылорда |
Қармақшы ауданы |
145 |
40 |
Қызылорда |
Кызылорда Г.А. |
83 |
41 |
Қызылорда |
Сырдария ауданы |
128 |
42 |
Қызылорда |
Шиелі ауданы |
175 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
1120 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
3177 |
Кестеде 2011 жылдың желтоқсан айының соңына бағдарламаға тартылған КАЖ бенефициарларының (0-16 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар балалар) саны көрсетілген. Бағдарламаға тарту процесі үнемі жүріп жатқандықтан, кестедегі бенефициарларлың саны КАЖ бағдарламасымен қамтылған қауымдастықтар мен кенттерге қатысты көбейеді.
Байқаудан сәтті өткен ұйымдарға ӘҚҚБ қаржылық және бағдарламалық есептеме бойынша семинар мен жергілікті қоғамдастықты жұмылдыру және әрекет жоспарын дайындау бойынша тренинг өткізетініне назар аударыңыз.
Сұраным мақұлданған жағдайда келесі құжаттарды ұсыну керек:
Бағалау салалары |
Үлес салмағы, % |
Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастармен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы |
20% |
Жергілікті деңгейде қауымдастықпен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы |
20% |
Жобаның бенефициарлары мен қызығушылық білдірген тараптарды нақты сипаттау |
20% |
ӘИ бойынша әрекет жоспарын дайындау бойынша нақты анықталған жұмыс жоспары |
20% |
Жобаның негізделген және расталған бюджеті |
20% |
«БОТА» қорының барлық қаражаты қабылданған жобалық сұранымда көрсетілген мақсатта пайдалануы және қабылданған бюджетке сәйкес болуы керек. Транштардың кестесін қоса, грантты берудің барлық шарттары «БОТА» қорымен қол қойылатын Грант Шартында келісілетін болады.
«БОТА» қоры келесі жалпы шығыстарға шек қояды:
• Әкімшілік шығыстар (жалға алу, комуналды шығыстар және т.б.) жоба бюджетінің жалпы сомасынан 15% аспауы керек.
Назар аударыңыз: «БОТА» қорының қаражаты жеке және саяси мақсаттар үшін пайдаланбауы тиіс.
«БОТА» қоры негізінен мекемелер мен инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселесіне, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарды қажет жабдықтар мен саймандарымен қамтамасыз етуге мүдделі тараптар мен қоғамдастықты тартатын жобаларды қаржыландыруға мүдделі.
Грантқа сұранымдарды қабылдау жыл бойы жүргізіледі.
Сыртқы іріктеу комитетінің отырысы сұранымдардың келіп түсуіне сәйкес жүргізіледі. Байқауға сұраным берген ұйымдар Іріктеу комитетінің шешімі туралы Іріктеу комитетінің отырысы өткеннен кейін бір апта ішінде хабарланатын болады.
Жобалық сұранымдар «БОТА» қорына басып шығарылған немесе электронды түрде жіберілуі керек. Сұранымның электрондық нұсқасын CD дискке көшіріп, басып шығарылған үлгісімен бірге жіберу керек. Электрондық нұсқасын келесі электрондық мекенжайға жіберсе болады: [email protected]
Басып шығарылған көшірмені келесі мекенжайға жіберу керек:
"БОТА" Қоғамдық қоры
Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы (ӘҚҚБ)
Достық даңғ. 160, 3-қаб, 309а-каб.,
Грант атауы: «ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың Қоғамға Әлеуметтік интеграциясы»
13 10 2014
1 стр.
Грант атауы «ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың ҚауымдастықҚА Әлеуметтік интеграциясы»
09 10 2014
1 стр.
«бота» Қоғамдық қорының негізгі миссиясы – Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік қор
25 12 2014
1 стр.
Жергілікті қауымдастықты жұмылдыру мен әрекет жоспарын дайындау грантының сипаттамасы
25 12 2014
1 стр.
Бгб 2013 түлегінің аты-жөні) 2009 жылдан 2013 жылға дейін «бота» қоғамдық қорының Білім гранттары бағдарламасының (бгб) стипендиаты болды
25 12 2014
1 стр.
«бота» ҚҚ бгб-ға сауалнамамен бірге Сіз ерікті ретінде қызмет атқарған ұйымнан берілген анықтаманы да бірге тапсыруыңызды өтінеміз
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
25 12 2014
1 стр.
М а з м ұ н ы кіріспе
16 12 2014
4 стр.