Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4




АО «Медицинский университет Астана»

СӘӨ 07.1.19-2012



Шығарылған күні:



Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы

Тексеріс күні


Тексеріс #:


бет -





1.Тақырыбы «Құқық негіздері оқу курсының жүйесі»
2. Мақсаты

Осы тақырып бойынша құқық негіздері пәнінің оқыту

әдісімен таныстырып, қоғамдағы құқықтың ерекше

атқаратын рөліне толық сипаттама көрсетіп, студенттерді

құқықтың белгілері мен құрылымын анықтауына,

құқықтық терминдерді нақты қолдануына және құқықтық

мәдениеті мен құқықтық сана сезімдерін ояата отырып

құқықтық тәртіпті қалыптастырып дамыту.


3. Оқыту мақсаты
- тақырып бойынша презентация дайындау және оны қорғау;

  • ҚР Конституциясына және оның негізгі бөлімдеріне талдау жасауға дағдылану;

  • қолданыстағы заңдылыққа бейімделу;

  • студенттердің құқықтық санасын қалыптастыру.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Құқық негіздері курсының негізгі мақсаттары.

2. Құқық негіздері оқу курсының түсінігі, пәні және құрылымы.

3. Құқықтық мәдениеттің түсінігі мен мақсаттары.

4. Құқықтық тәрбиелеудің түсінігі мен қызметі.

5. Құқықтық сана және тәртіптің түсінігі, маңызы.

6. Құқықтық норма түсінігі, оның құрылымы және қолданылуы.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері Презентация.
Тәжірибелік сабаққа «Құқық негіздері оқу курсының жүйесі» тақырыбы бойынша презентация дайындау. Студенттерге презентацияның жоспарға және қолданылатын әдебиеттерге сәйкес жасалуын үйретіп, слайдты қолдана отырып тақырыптың мазмұнын ашып оны қорғау.

Презентацияға берілген сұрақтар:



  1. «Құқық негіздері оқу курсы жүйесін» зерделеу мақсаттары.

  2. Құқық негіздерінің басқа ғылымдармен қарым- қатынасы.

  3. Құқықтық қатынастың қоғамдағы маңызы.

  4. Құқық бұзушылық туралы ұғым және оның түрлері.

5. Заңды жауапкершіліктің түрлері.

леметтері.қатынастар құрамының



6. Әдебиет

Негізгі
1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.- 304 бет. I бөлім. 5-43 беттер.

3. ҚР Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер. Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.


Қосымша
1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР-ның Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.


7. Бақылау
- «Құқық негіздері оқу курсының жүйесі» тақырыбы бойынша тестілік бақылау жұмысының сұрақтары.

1. Құқық негіздері оқу курсының мақсаты.

2. Құқық негіздері курсының пәні.

3. Құқық негіздері курсы нені қарастырады.

4.Құқық негіздері оқу пәні ретінде нені қамтиды.

5. Құқық негіздері пәнінің функциясы.

6. Құқық негіздері пәнінің негізгі мақсаты.

7. Құқық негіздерінің қосымша мақсаты.

8. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі.

9. Құқықтық тәрбие дегеніміз не.

10. Құқықтық мәдениет дегеніміз не.
-төмендегі аталған құқықтық терминдерге түсініктеме беру тапсырмасы бойынша құқықтық диктант: заң, құқықтық қатынас, құқық бұзушылық, Президент, Парламент, Үкімет, Конституция, азаматтық құқық, отбасы құқығы, азаматтық әрекет қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі.

1.Тақырыбы: «Мемлекет пен құқық, мемлекеттік құқықтық

құбылыстар туралы негізгі ұғымдар».


2. Мақсаты: Қазақстанда қандай мемлекет құрылатындығын зерделеп, мемлекеттің тарихи типтері мен нысандарын талдау. ҚР аумағында құқықтың дамуын, құқықтың маңыздылығын, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды талдау, азаматтардың қандай құқықтары мен бостандықтары бар және адамдардың заңдық мүдделері лауазымды тұлғалармен бұзылған кезде кіммен қорғалатындығын мзерделеу.

3. Оқыту мақсаты:
- Жұптасып жұмыс жасауды үйрету және бір бірін толықтыра білу;

- ҚР мемлекеттік құрылымын талдауға дағыландыру;

- Конституция баптарымен жұмыс жасау барысында адам мен азаматтың конституциямен бекітілген негізгі құқықтарын ажырата білуге үйрету;

- Негізгі құқықтық нормаларды құқық салаларында қолдана білуді үйрету;

- ҚР да құқықтық мемлекеттің құрылу процестерімен және ҚР территориясында құқықтың қолданылу ерекшеліктерімен таныстыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.
1. Мемлекеттің түсінігі, нысандары, типтері және белгілері.

2. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары.

3. Құқықтың түсінігі, нысандары, типтері және белгілері.

4. Әлеуметтік нормалардың басқа түрлерімен құқықтың қарым қатынасы.

5. Құқықтық нормалардың түсінігі және құрылымы.

6. Қазақстан құқығының негізгі салалары.

7. Құқықтың негізгі және қосымша функциялары.

8. Құқық пен мемлекеттің пайда болуы.

9. Кодификациялық құқықтың 1-ші заңдылық қайнар көзіне жалпы сипаттама.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері жұптасып жұмыс жасау.
1 жұп.

1. Мемлекет түсінігі.

2. Құқық түсінігі.

2 жұп.


1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар түсінігі.

2.ҚР территориясында мемлекеттің дамуы.

3 жұп.

1. ҚР территориясында құқықтың дамуы.



2. Мемлекеттің тарихи типтері.

4 жұп.


1.Құқықтың түрлері мен нысандары.

2.Құқықтың функциялары.

5 жұп.

1.Әдеттік құқық түсінігі.



2.Прецеденттік құқық түсінігі.

6 жұп.


1.Кодифициялық құқық түсінігі.

2.ҚР территориясындағы құқықтың нысаны.

7 жұп.

1. Мемлекеттік мәселелерді шешудегі құқықтың маңызы.



2.ҚР территорясындағы мемлекеттік құқықтық құбылыстарға жалпы сипаттама.
6. Әдебиет

Негізгі

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық, 2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И «Құқық негіздері» 2-бас., толықтырылған.- Алматы:Жеті

жарғы,2007. - 304 бет I бөлім. 5-43 беттер.

3. ҚР Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

Қосымша

1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР-ның Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР-ның Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.
7. Бақылау

- «Мемлекет пен құқық туралы, мемлекеттік құбылыстар туралы негізгі ұғымдар» тақырыбы бойынша тестілік бақылау жұмысы, жағдайлық есептер.


1. Мемлекет және құқық теориясы.

2. Мемлекет және құқық теориясының пәніне қандай қатынастар

жатады.

3. Мемлекет құқық теориясы келесі қоғамдық қатынастарды



қарастырады.

4. Мемлекет және құқық теориясы.

5. Алғашқы уақытында құқық келесі түрлерінде қолданады.

6. Жалпы әдеттік құқығының бірінші қайнар көзі.

7. Жалпы кодифициялық құқығының бірінші қайнар көзі.

8. Қазақстан мемлекетінде алғашқы мерзімдерде келесі құқығын

қолданады.

9. Қазақтардың белгілі кодифициялық құқығының қайнар көзі (түп

нұсқасы).

10. Жалпы мемлекет және құқық теория бойынша ҚҰҚЫҚ ұғымы келесі

мәніне жатады.

11. Қазіргі Қазақстан Республикасында құқық бір түрінде қолданады.

12. Прецеденттік құқығының ережелері әртүрлі мемлекеттерде

қалыптасқан.

13. Кодификациялық құқығының қайнар көзі немесе түп нұсқасы.

14. Заңдар жиынтығының ең жоғарғы заңдық күші бар нормативтік акт

табылатын.

15. Жалпы құқығының негізгі мақсаты.

16. Әкімшілік, азаматтық, қылмыстың жауаптылықтар келесі негіздерден

қабылданған.

17. Азаматтық жауаптылық әр түрлі негіздермен байланысты.

18. Қылмыстық жауаптылық жалпы ережелер бойынша белгілі бір

жастан тартылады.

19. Қылмыстық Кодекстің 15-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылық белгіленген бір жастан қолданады.

20. Диспозиция, санкция, гипотеза түрлі әлеументтік нормаларына жатады.
- Жағдайлық есептер
№ 1 тапсырма

Шарт: Құқықтық нысандардың біреуіне анықтама берген студент Жаров былай дейді:

«Құқықтық әдет ғұрып» - бұл бір-біріне ұқсайтын істерге ереже болып қалатын, нақты іс бойынша сот шешімі. Ал, оған студент Аверин қарсы былай дейді: «Құқықтық әдет ғұрып» - бұл тәртіп ережесі ұзақ уақыт бойы қайталана беретін мемлекетпен санкцияланған жалпыға міндетті тарихи ереже.

Сұрақ: Олардың қайсынікі дұрыс? Прецеденттік құқықтың белгілерін және оның қолданылу аумағын атаңыз.


№ 2 тапсырма

Шарт: Студент Алхимовтың ойынша, нормативтік акт ол құқық нормалары жүйеленетін, құзіретті органдардан берілген жазбаша құжаты деп санайды. Студент Ефремов келіспеді. Оның ойынша нормативтік акт кейіннен ұқсас заңды істердің шешілуінің міндетті ережелері болатын нақты іс бойынша соттың шешімі.

Сұрақ: Бұл таласта кімнің тұжырымы дұрыс? Нормативтік актілердің маңыздылығын анықтаңыз? Қандай мемлекеттік органдар заңды актілерді шығарады? Заңды актілерге мысал келтіріңіз.
№ 3 тапсырма

Шарт: Акимов құқықтық мемлекеттің белгілерін былай деп атайды:

Заңның үстемділігі.

Басқару элитасын тотальді бақылау.

Билікті бөлу қағидаттары.

Жеке тұлғаның құқығы мен бостандығына кепіл.

Соттың тәуелсіздігі.
№ 4 тапсырма

Шарт: Студент Мартюшов қоғамдағы құқықтық функцияны қарастыра отырып, ол ең бастысы тәрбие, сонымен бірге жалпы және арнайы құқық бұзушылыққа ескерту жасау, ал қосымшасына қоғамдағы қатынастарды реттеу деп өз ойын айтты.

Сұрақ: Құқықтың функциясы мен нысандарын атаңыз?.

№ 5 тапсырма

Шарт: Студент Симкина құқықтық актілерді жалпы сипаттау барысында Конституцияны Азаматтық туралы заң, азаматтық кодекс және еңбек туралы заң жоғарғы заңдық күші бар нормативтік актілер деп сипаттайды. Сұрақ: Конституция дегеніміз не? Құқықтық актілердің жалпы жүйесіндегі Конституцияның маңызы қандай? Оның жоғарғы заңдық күші немен анықталады?

1.Тақырыбы «Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері»
2. Мақсаты:
Тақырып бойынша Конституцияның ұғымы мен мәнін және ерекше белгілерін айқындай отырып, қоғам мен мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар, адам азаматының құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін,

мемлекеттік құрылысын, ел басының өкілеттілігін, өкіметтің заң шығарушы, атқарушы және сот органдарын, сондай – ақ жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарын және олардың қызметін бекітуші әрі реттеуші негізгі заңына сипаттама бере отыра студенттер Ата Заңның мазмұнын білуге міндетті.



3. Оқыту мақсаты:
- ҚР Конституциясының негізгі ережелерімен таныстыру;

- Жағдайлық есептерді құру және шешуге дағдыландыру;

- Конституция баптарымен жұмыс істеу барысында құқықтық терминдерге, сондай- ақ Конституцияның баптарына сипаттама беруге үйрету;

- Конституциялық – құқықтық қатынастардың айрықша белгілерін анықтауға үйрету;


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Конституция құқығының ұғымы, пәні, ролі және қайнар көзі.

2. Конституциялық - құқықтық қатынастардың ұғымы, олардың объектілері мен субъектілері.

3. Конституция ұғымы және құқықтық актілер жүйесіндегі оның ролі.

4. Конституциялық заңдылық ұғымы және оның ерекшеліктері.


5.Білім берудің және оқытудың әдістері жағдайлық есептер.
Есеп №1.

Шарт: ҚР институтында оқитын студент Ли Чан, өзімен бірге оқитын группалас қызына, яғни, Павловаға некелесу туралы және де некелескеннен кейін Қытай халық Республикасының азаматтығын алуға ұсыныс жасады. Павлова ұсынысты қабылдады, бірақ оған ең алдымен, ҚР азаматтығынан шығу керектігін айтты. Қандай жағдайда ҚР азаматтығынан шығуға болды?

Есеп №2.

Шарт: Алматы медицина академиясының аспирантурасында оқитын шетел азаматы Пауль Зинчер Қазақстанның азаматтығын алғысы келді, өйткені асперантураны бітірген соң, оған Астанада жұмыс ұсынды. Қандай негіздермен және қандай жолмен Қазақстанның азаматтығын алуға болды?

Есеп №3.

Шарт: Томас Гоппинс, оның әйелі Кейс және олардың 12,15,19 жасар балалары АҚШ азаматтары бола тұра, өз отандарын тастап Қазақстанға келіп, Қазақстанның азаматтығын алғысы келді. Сұрақ : Гоппинс отбасы қандай органға жүгінуі тиіс? Олар қандай жолмен Қазақстан азаматтығын ала алады және олардың үш баласының азаматтықтары мәселесі қалай шешіледі?

Есеп № 4

Шарт: Ұлыбритания азаматы Чарлз Блейер Астана қаласында тұрып мехникалық зауытта бас инженер қызметін атқарады. М.Синицкая есімді азматшаға үйленген соң ҚР азаматтығын қабылдауды ұйғарады . Сұрақ: ол үшін қай органға және қандай құжатпен жүгінуі тиіс?


Есеп № 5

Шарт: Тілші Нестерова шетел азматына тұрмысқа шығып, онымен бірге Бразилияға кетіп қалады. Бірақ, жүкітілік кезінде Қазақстандағы үйіне келіп қызын дүниеге әкеледі. Сұрақ: Нестерованың қызының азаматығын анықтаңыз?



6. Әдебиет

Негізгі

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері».Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004.-

248 бет. II- бөлімі.28-44 беттер.

2. Оспанов Қ.И «Құқық негіздері».2- бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.-304 бет. II- бөлімі.

3. ҚР Конституциясы. Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.
7. Бақылау
- «ҚР Конституциялық құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тестік бақылау жұмысының сұрақтары

- Тақырып бойынша жазбаша жауап беріп, берілген сұрақтарды нақты қарастырып, құқықтық терминдерді қолдана отырып өз ойларын толық жеткізе білу.

1. Жалпы құқық жүйесіндегі конституциялық құқық.

2. Конституциялық құқықтың пәні.

3. Конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі.

4. Конституциялық құқығының мақсаты.

5. Конституцияның сипаты.

6. Конституцияның түрлері.

7. Конституцияның заң ретіндегі ерекшеліктері.

8. Конституцияның қабылдануы.

9. Конституциялық құқығының қосымша ролі.

10. Конституция негізгі Заң, оның мақсаты.

11. Конституцияның құрылымы.

12. Конституцияның қабылданған мерзімі.

13. Конституция - негізгі заң ұғымы ай уақыттан басталды.

14. Конституциялық – құқықтық қатынастардың объектілері.

15. Конституциялық – құқықтық қатынастардың субъектілері.

16. Конституциялық – құқықтық қатынастардың мақсаттары.

17. Конституциялық құқықтық нормалар.

18. Конституция бойынша азаматтық ұғымы.

19. Конституция бойынша саяси бостандықтар мен құқықтар.

20. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.


1. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот».
2. Мақсаты: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, Сот жүйелері туралы ұғымды және міндеттері мен мақсаттарын қарастыру, құқық қорғау жүйесіндегі түрлі органдардың айырмашылықтарымен олардың қызметтерінің негізгі қағидаларын зерделеу.
3. Оқыту мақсаты:
- құқыққорғау органдары жүйесінің ұғымын және міндеттерін зерделеу.

- жұптасып жұмыс жасау барысында сұрақтарды бірлесіп талқылауға дағдыландыру.

- жауап беру кезінде кесте, слайд т.б. дидактикалық материалдарды сауатты қолдана білуге үйрету

- басқа да студенттердің жауаптарын тыңдап, оларды толықтыра білуге үйрету.

-Конституцияның баптарына түсініктеме беру барысында құқықтық терминдерді дұрыс қолдана білуге үйрету.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Құқыққорғау органдары жүйесінің түсінігі және міндеттері.

2. Соттар түсінігі және олардың қызметтері.

2. Прокуратура ұғымы және қызметі.

3. Анықтау және алдын ала тергеу органдарының ұғымы және қызметтері.

4.Қорғаушының және нотариаттың түсінігі, қызметтері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері шағын топтар.
1 – ші топ.

1. Құқыққорғау қызметіне түсінік беру.

2. Құқыққорғау органдарының жүйесі.

3. Заңдылық және құқықтық тәртіп ұғымы.

4. ҚР аумағында тәуелсіз соттың жүзеге асырылуы.
2 – ші топ.

1. ҚР Конституциясындағы соттар қызметі туралы.

2. Сот төрелігінің қағидаларына түсінік, ролі.

3. Сот төрелігінің 1-ші қағидасының мазмұны және оның маңызы.

4. Сот талқылауына қатысушылардың негізгі құқықтары.
3 – ші топ.

1. Сот төрелігінің 2-ші қағидасының мазмұны және оның маңызы.

2. Сот талқылауына қатысушылардың негізгі міндеттері.

3. ҚР сотта іс жүргізу түсінігі.

4. Соттардың Конституциялық ережелері.
4-ші топ.

1. ҚР Сот билігін ұйымдастыру.

2. Конституцияның 77 бабын талдау.

3. Сот төрелігін іске асыру кезінде судьяның тәуелсіздігі.

4. ҚР Жоғары Соты мәртебесі.
6. Әдебиет

Негізгі
1.Баққұлов С. Д.«Құқық негіздері».Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004 .-

248 бет. VII бөлім.118-125 беттер..

2.Оспанов И.Қ .«Құқық негіздері»2- бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы , 2007. - 304 бет. VII бөлім 192-224 беттер.

3.ҚР Конституциясы. VII бөлім Соттар және сот төрелігі Алматы 2008 ж.

4.Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.


Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003ж.


7. Бақылау:
«ҚР құқық қорғау органдары және сот» тақырыбы бойынша тестік бақылау жұмысының сұрақтары.


  1. Құқық қорғау ұйымдардың жүйесіне қандай бөлімдер кіреді?

  2. Құқық қорғау ұйымдардың мақсаттары?

  3. Құқық қорғау ұйымдардың міндеттері.

  4. Құқық қорғау ұйымдар қандай тәсілдерге негізделеді?

  5. Құқық қорғау ұйымдарының қосымша тәсілдері?

  6. Тәуелсіз сот қандай қоғамның сипатына жатады?

  7. Тәуелсіз соттың қызметі.

  8. Құқық қорғау ұйымдарының құқықтық негіздері.

  9. Құқық қорғау ұйымдарды реттейтін заңдардың негізгі қайнар көзі.

  10. Құқық қорғау ұйымдарды реттейтін заңдардың қосымша бастаулары.

  11. Соттың міндеттері.

  12. Соттың сипаты.

  13. Прокуратура міндеттері.

  14. Оның сипаты.

  15. Ішкі істер ұйымдарының мақсаттары.

  16. Олардың сипаттары.

  17. Ұлттық қауіпсіздік ұйымдарының функциялары.

  18. Олардың сипаты.

  19. Әділет ұйымдарының міндеттері.

  20. Олардың сипаты.



1. Тақырыбы : «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері».
2. Мақсаты:
Студенттерді осы саланың реттелу пәнімен, қайнар көзімен және жүйесімен, әкімшілік құқықбұзушылықтың түрлерімен және әкімшілік құқықтық жауапкершіліктің қолданылу шарттарымен таныстыру

3. Оқыту мақсаты:

- ҚР Конституциясының негізгі ережелерімен таныстыру.

- Жағдайлық есептерді құру және шешу дағдыларына машықтандыру.

- Жағдайлық есептерді шешу студенттердің ойлау қабылеттерін дамытып, түзетуге және білім деңгейін жеке тексеруге мүмкіндік береді.

- Студенттердің білімін күнделікті жағдайға бейімдеу.

- Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылу шарттарын түсіндіру.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Әкімшілік құқықтың ұғымы және пәні.

2. Әкімшілік құқықтың рөлі және қайнар көзі.

3. Әкімшілік құқықтық қатынастардың ұғымы және түрлері.

4. Әкімшілік құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері.

5. Мемлекеттік қызметтің түсінігі және функциялары.

6. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары.

7. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы.

8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері.

9. Әкімшілік жауапкершілікті қолданудың ұғымы мен шарттары

10. Әкімшілік жазалардың қолданылу тәртібі.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері - жағдайлық есептер.

- ҚР Конституциясының негізгі ережелерімен таныстыру.

-Жағдайлық есептерді құру және шешу дағдыларына машықтандыру

-Жағдайлық есептерді шешу студенттердің ойлау қабылеттерін дамытып, түзетуге және білім деңгейін жеке тексеруге мүмкіндік береді

-Студенттердің білімін күнделікті жағдайға бейімдеу.

-Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылу шарттарын түсіндіру.


№1 есеп.


Б. Есімді азаматша жұмыс орнына бірнеше рет кешігіп келеді және оған әкімшілік тарапынан әкімшілік айыппұл салынады, алайда Б. есімді азаматша құзырлы ұйымдарға шағымданады.

Сұрақ: Әкімшілік айыппұл салыну заңды ма?


№2 есеп.

Мас күйінде автакөлікке отырғаны үшін азамат Баймағамбетовты жол полиция қызметкері 6 айға жүргізуші құқығынан айырды. Оған наразы болған Баймағамбетов құзырлы органдарға шағымданатынын жеткізді.

Сұрақ: Жол полиция кызметкері азамат Баймағамбетовтың жүргізуші құқығын айырғандығы заңды ма?
№3 есеп.

Саяжайда демалған Орынбасаровтар әулеті өздерімен бірге туысы Олжасты да алып барады оның жасы 16 жаста болатын, өздерінің керек жарақтары үшін дүкенге автокөлікпен Олжасты жұмсайды оның жүргізуші куәлігі болмайтын, жолда Олжас автакөлікпен бағанаға соғады.

Сұрақ: Кім және әкімшілік заң бұзылушылықтарға тартылуы мүмкін?
№4 есеп.

Марат пен Жандос жексенбі күні орманда болып, өздері кеткеннен кейін отты өшірмей кетеді бұны байқаған орман басшылығы «өртке қарсы ережені бұзғандары» үшін олардың әр-қайсысына айыппұл салады, сонымен қатар Марат пен Жандостың жұмыс орнына шағымданды. Мекеме басшылығы тарапынан Маарат пен Жандосқа сөгіс жарияланды.

Сұрақ: Бұл жазалар заңды ма?
№5 есеп.

«Триумф» кәсіпорыны өндірістік қалдықтарын қаланың сыртына тастап жүргенін байқаған саяжай тұрғыны Ануар қалалық әкімшілікке шағымданады.

Сұрақ: Қалалық әкімшілік «Триумф» кәсіпорынын әкімшілік жауапкершілікке тарта алады ма?
№6 есеп.

5-ші курс студенті Айбек сабаққа алкоголдік ішімдік ішіп келеді. Топ басшысы жасаған ескертулерге балағатпен жауап береді. Аудиториядағы мүлікке зиян келтіріп, сонымен қатар мұғәлімге дәріс оқуға кедергі жасайды.

Сұрақ: Қандай заң бұзылушылықтары үшін азамат Айбекті әкімшілік жауапқа тартуға болады?
№7 есеп.

Жұмысшы Санжар өзінің жұмыстасы Болат мекеме автакөлігін ашық күйде тастап кеткенін көріп, ол автаколікке отырады. Санжардың жүргізуші куәлігі болмаған және ол мас күйінде болатын.

Сұрақ: Санжар мен Болатты әкімшілік жауапқа тартуға болады ма?
№8 есеп.

Қалалық автопарк «Транс» кәсіпорынына қалааралық жолаушы тасымалы үшін лицензия береді бірақ, бұл кәсіпорын өзіне берілген міндеттерді орындамағаны үшін ол кәсіпорынның лицензиясын алып қояды.

Сұрақ: Бұл жерде қандай заң бұзушылық болды және әкімшілік жауапқа тартуға болады ма?
№9 есеп.

Қала сыртындағы аудандардың бірінде Жамбыловтар отбасы заңсыз тұрғын үй салады, біраз уақыттан соң бұл отбасының заңсыз тұрғын үй салғандығы және ол үйді бұзуын немесе мәжбүрлеу шараларын қолданатындығын мәлімдейтін хат қала әкімшілігінен келеді.

Сұрақ:Мәжбүрлеу шараларына және әкімшілік жауапқа тартуға болады ма?
№10 есеп.

Сауда-сату құқығына рұқсаты жоқ және сауда-саттыққа көрсетілмеген жерде гүл сатқаны үшін С. есімді азаматты құқық қорғау ұйымдары әкімшілік жауапқа тартатындығын мәлімдеді, ал С. есімді азамат бұл кәсіппен жұмыссыз болғандықтан айналысқанын айтты.

Сұрақ: С. есімді азаматтың осындай кәсіппен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға болады ма?
№11 есеп.

А есімді азаматша Астана қаласындағы орталық көшелерден асығыс тыйым салынған қиылыстан өтеді, оны байқаған жол полициясы қызметкері оған айыппұл төлеу үшін азаматша А-ның төл құжатын талап етеді, бірақ азаматша А төлқұжатын беруден бас тартады.

Сұрақ: Жол полиция қызметкерінің іс - әрекеті құқықты ма? Әкімшілік құқыққа тартуға кімнің құқығы бар?
№12 есеп.

Сәуле күнде отырған автобусына 100 тенге береді,оған қайтаруға ақшасы жоқ деген сылтаумен кондуктор қалған ақшасын қайтармайды және бұл бірнеше рет қайталанады.

Сұрақ: Кім жағынан құқық бұзушылығы болады?

Сәуле қалай шағымдана алады?


№13 есеп.

Он төрт жастағы Сергей мектепке асығыс кезінде тыйым салынған қиылыстан өтті.

Сұрақ: Бұл Сергейдің іс-әрекеті заң бұзушылыққа жатады ма?

Оны әкімшілік жауапкершілікке тартуға болады ма?


следующая страница>


Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа «Құқық негіздері оқу курсының жүйесі» тақырыбы бойынша презентация дайындау. Студенттерге презентацияның жоспарға және қолданылатын әдебиеттерге сәйкес жасалуын

896.45kb.

25 12 2014
5 стр.


Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа «Құқық негіздері оқу курсының жүйесі» тақырыбы бойынша презентация дайындау. Студенттерге презентацияның жоспарға және қолданылатын әдебиеттерге сәйкес жасалуын

707.12kb.

25 12 2014
4 стр.


Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы Гистология курсымен сот медицинасы, патологиялыќ анатомия кафедрасы

Му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г

77.94kb.

17 12 2014
1 стр.


Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы Патологиялыќ анатомия, сот медицинасы жєне гистология курсы кафедрасы

Му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г

59.12kb.

12 10 2014
1 стр.


Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы Патологиялыќ анатомия, сот медицинасы жєне гистология курсы кафедрасы

Му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г

67.11kb.

10 09 2014
1 стр.


Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы Патологиялыќ анатомия, сот медицинасы жєне гистология курсы кафедрасы

Му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г

99.14kb.

01 09 2014
1 стр.


Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібін түсіндіреді

Жасау туралы хаттама жазылған сәттен немесе прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау қаулысын шығару, сондай-ақ сот тәртібімен қарау барысында сот ісіне қатысушы тұлғ

45.54kb.

08 10 2014
1 стр.


«Азаматтық және еңбек құқығы» кафедрасы

«мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Қылмыстық құқық», «Қр азаматтық құқық», «ҚР қылмыстық іс жүргізу», «ҚР азаматтық іс жүргізу» пәндерінен 050301- заңтану мамандығы бойынша типтік

534.29kb.

11 10 2014
2 стр.