8-сынып
I. Сабақтың тақырыбы: §41. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
II. Сабақтың мақстаты:
-
Білімділік. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру.
-
Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік. Оқушыларды батылдыққа, көрегендікке тәрбиелеу.
III. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
IV. Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалармен, формулалармен, құрал-жабдықтармен жұмыс.
V. Көрнекіліктер: Тірек-сызбалар, флипчарт, PASPORT Xplorer GLX PS-2002
1 Кернеу мен тоқ күші сенсоры PASPORT PS-2115
1 CASTLE жиыны EM-8624A.
VI. Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру. (тірек-сызбалар бойынша жауап беріңдер).
1- тірек-сызба
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады

;
;


Электр тогының өлшем бірлігі-Ампер (А)
Электр кернеуінің өлшем бірлігі-вольт (В)

Электр тогын өлшейтін құрал-Ампарметр
Электр кернеуін өлшейтін құрал-Волтьметр
2- тірек-сызба
Ом заңы: Тізбек бөлігіндегі ток күші-осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өтеізгіштің кедергісіне кері пропорционал
3. Жаңа сабақ:
Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б электр құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастрайық:
1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды (1-сурет).
-
сурет 2-сурет
2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды (2-сурет).
3-тірек-сызба
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбекиегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.
Өткізгіштерді параллаль жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.



VII. Сабақты қорыту.
Практикалық тапсырма: Оқушыларды 4 топқа бөлу.
І-топ: Тізбектей жалғанған тізбектегі кернеуді анықтау.
Қосымша 2006
PASCO; 189-192 бет
ІІ-топ: Параллель жалғанған тізбектегі кернеуді анықтау.
Қосымша 2006
PASCО; 195-198 бет
ІІІ-топ: Тізбектей жалғанған тізбектегі ток күшін анықтау.
Қосымша 2006
PASCO; 201-203 -бет
ІҮ-топ: Параллель жалғанған тізбектегі ток күшін анықтау.
Қосымша 2006
PASCO; 207-209 бет
VIII. Бағалау.
IX. Үйге тапсырма. 20-жаттығу №1, 2 (Қосымша- Бота, Еркебұлан, Алуа, Азамат, Зарина, Тоғжан, Олжас №3, 4, 6).