Сабақтың тақырыбы: § 14. Химиялық реакция теңдеулері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: химиялық құбылыстарды айта отырып, химиялық реакция теңдеуін құру, теңестіру әдісін үйрету;
б) дамытушылық: оқушылардың өздігінен ойлау, бақылау, тұжырым жасай алу қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру;
в) тәрбиелік: экологиялық, эстетикалық тәрбие беру, еңбекке, адамгершілікке баулу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: сөздік әдіс, баяндау, түсіндірме-көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба кестесі, элемент таңбалары, формулалар жазбасы.
Техникалық құрал-жабдықтар: теледидар, графопроектор
Пәнаралық байланыс: математика, биология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Өткен сабақты қорыту
ІV. Жаңа сабақ
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Жаңа сабақты қорыту
VІІ. Үйге тапсырма
VІІІ. Оқушылар білімін бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі ( Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
-
§ 13. Зат құрамының тұрақтылық заңы.
-
6- жаттығуды орындап келу.
ІІІ. Өткен сабақты қорыту
-
Валенттік дегеніміз не?
-
Берілген кестедегі формуланы оқытып, валенттілігін таптыру.
ІІ І I II III II III II
BaCl2 Сu2O Al2O3 Fe2O3
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
-
Формула дегеніміз не?
-
Заттың құрамын, химиялық элемент таңбалы және индекстер көмегімен шартты түрде белгілеу.
Олай болса, бүгінгі сабақта формулалар арқылы теңдеу құрамыз. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Химиялық реакция теңдеулері». Мақсаты – химиялық реакция теңдеулерін құруды, теңестіре білу әдісін үйренеміз.
Химиялық теңдеу құру үшін, сол жағына әрекеттесуші заттардың формуласын және таңбасын, ал оң жағына жаңадан түзілген заттардың формуласын жазады. Реакцияға кіріскен әрекеттесуші заттар реагенттер деп, ал түзілген заттар реакциядан шыққан заттар немесе өнімдер деп аталады.
Химиялық реакция теңдеуін жазудың өзіндік ережесі бар. Оны түсініп үйрену үшін магнийдің ауада жану реакциясын қарастырамыз.
1. Теңдеудің сол жағына реагенттердің формулаларын жазып, олардың өзара әрекеттесетінін көрсететін (+) таңбасын және жаңа өнімге айналу бағытын сілтейтін бағдарша (→) қояды:
Mg + O2 →
2. Теңдеудің оң жағына реакция нәтижесінде түзілетін өнімдердің формуласы жазылады:
Mg + O2 → MgO
3. Бастапқы магний мен оттек атомдарының саны соңындағы магний оксидінің құрамындағы магний мен оттек атомдарының санына тең болуы шарт. Сондықтан формулалар алдына коэффициенттер қойып, теңдеуді теңестіру қажет.
Коэффициенттердің мәнін анықтау тәсілдері:
Реакцияға сол жақтағы оттек атомының саны оң жақтағы магний оксидінің құрамындағы оттегі атомынан екі есе көп. Теңестіру үшін, магний оксиді формуласының алдына 2 коэффициентін қоямыз:
Mg + O2 → 2MgO
Енді оң жақтағы магний екі атом болды, ал сол жақтағы магний бір атом. Теңестіру үшін магнийдің алдына 2 коэффициентін қоямыз:
2Mg + O2 → 2MgO
Теңескеннен кейін реагенттер мен өнімді бөліп тұрған бағдаршаны теңдік (=) белгісіне ауыстырамыз:
2Mg + O2 = 2MgO
Теңдеу былай оқылады: «Екі-магний + О – екі = екі-магний – О»
Химиялық теңдеу дегеніміз – химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.
Екінші мысал:
Енді алюминий мен оттек қосылып, алюминий оксидін Al2O3 түзетін реакцияның теңдеуін жазып жаттығайық.
Al + O2 → Al2O3
Оттектің коэффициентін табу үшін, олардың ең кіші ортақ еселігін пайдаланайық. Теңдеудің сол және оң жағындағы оттек атомдарына ортақ ең кіші еселік алты екенін біле отырып, реагенттің және өнімнің құрамындағы оттек атомдарының санын теңестіру үшін біріншісіне үш, екіншісіне екі коэффициенттерін қоямыз. Алюминий атомдарының саны төрт болатыны өнімнің алдындағы коэффициентінен көрініп тұр. Олай болса, химиялық теңдеу былай құрылады:
а) Al + O2 Al2O3
6
6 : 2 = 3 6 : 3 = 2
б
) 4Al + 3O
2 2Al
2O
3
2 х 2 = 4
в) 4Al + 3O2 == 2Al2O3
Қоршаған ортада тірі организмдерде химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Олардың бірі - өсімдіктер ағзасында жүретін фотосинтез процесі.
- Фотосинтез дегеніміз не?
хлорофилл
6СО2 + 6Н2О С6Н12О6 + 6О2
жарық
Бөлінген О
2 газы ауаны тазартады. Жылына өсімдіктер әлемі атмосфераға 400 миллиард тонна оттегі бөліп шығарады. Сондықтан өсімдіктер әлемін қорғау – адамзаттың парызы болып саналады.
Сонымен, химиялық реакция теңдеулері арқылы химиялық құбылыстар болатыны түсіндік. Химиялық реакция – химиялық құбылыс.
-
Химиялық және физикалық құбылыстар деген не? Мысал келтіріңдер.
Химиялық теңдеулердің математикалық теңдеулерден айырмашылығы – теңдеудің оң жағы мен сол жағының орнын алмастырса, онда оның мәні мүлде өзгеріп кетеді. Мысалы:
2Н2 + О2 = 2Н2О (қосылу реакциясы)
2Н2О = 2Н2 + О2 (айрылу реакциясы)
Химиялық реакция теңдеуін жазу арқылы біз химиялық реакцияның жүретіндігін байқап отырмыз.
Орыс химигі М.В Ломоносов былай деген: «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те, көретініміз – химия ғажайыптары». Өйткені, бізді қоршаған әлемдегі барлық заттар химиялық реакцияға түсіп, жаңа заттар пайда болады. Адамзат қазіргі таңда күнделікті өмірде, шаруашалықта, өндірісте пайдаланылатын сан алуан заттарды химиялық реакция арқылы өндіруді үйренді. Мысалы: пластмассалар, дәрілік препараттар, тыңайтқыштар, синтетикалық киімдер, мұнай өнімдері, т.б. Біздің негізгі міндетіміз – осы заттарды пайдалана отырып, қоршаған ортаға зиян келтірмеу, оны қорғау.
V. Жаңа сабақты бекіту
1. 5, 6-жаттығуларды орындату.
№ 5 Берілген жұп заттар әрекеттескенде жүретін химиялық реакция теңдеуін аяқтаңдар:
а) Na + S → ; б) K + P → ; в) Mg + N2 → .
№ 6 Химиялық теңдеулерді теңестіріңдер:
К + Сl2 → KCl
Ba + O2 → BaO
Ag + S → Ag2S
Al + Cl2 → AlCl3
P + O2 → P2 O5
-
«Химиялық лото» ойыны
|
+
+
+
|
|
=
=
=
|
2Fe2O3
|
|
|
|
2Ca
|
O2
|
|
|
|
|
2H2
|
|
2AlCl3
|
VІ. Жаңа сабақты қорыту
Графикалық диктант.
-
Реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар реагенттер деп аталады.
-
Индекс молекула санын білдіреді.
-
Темір сульфиді түзілу үшін темір мен күкірт 10:4 массалық қатынаста қалдықсыз түгелдей әрекеттеседі.
-
АВ3 – типті затта А элементі ІІІ валентті.
-
Коэффициент формуланың алдына қойылады.
-
2Н2 + О2 = 2Н2О теңдеуде түзілген су өнім болып табылады.
Жауабы:
1 2 3 4 5 6
VІІ. Үйге тапсырма
-
§ 14. Химиялық реакция теңдеулері.
-
7, 8-жаттығуларды орындау.
VІІІ. Оқушылар білімін бағалау