Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сабақтың тақырыбы: § 18. Химиялық реакциялардың типтері

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: химиялық реакциялардың типтері туралы түсіндіре отырып, реакция теңдеуін жаза білуге үйрету;

б) дамытушылық: оқушылардың өздігінен ойлау, бақылау, тұжырым жасай алу қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру;

в) тәрбиелік: белсенді іс-әрекетке, ұқыптылыққа, тәрбиелей отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету.



Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: репродуктивті, түсіндірме-көрнекілік, ішінара іздену, тәжірибе көрсету әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық тақта, таратпа қағаздар, тәжірибеге қажетті реактивтер: темір шеге, мыс(ІІ) хлориді, КМnО4, мырыш түйірі, НСl, СuО, Н2SO4, пробиркалар, спирт шам, металдардың кернеу қатары кестесі.

Пәнаралық байланыс: математика, биология, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Өткен сабақты қорыту

ІV. Жаңа сабақ

V. Жаңа сабақты бекіту

VІ. Жаңа сабақты қорыту

VІІ. Үйге тапсырма

VІІІ. Оқушылар білімін бағалау


І. Ұйымдастыру кезеңі ( Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. § 17. Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молярлық масса.

  2. 6- жаттығуды орындап келу. 49-бет

1) Зат мөлшері қалай өрнектеледі және формуласы қандай?

2) Моль дегеніміз не?

3) Авогадро санын қалай табады?

4) Авогадро саны нені көрсетеді және неге олай аталған?

5) Молярлық масса дегеніміз не?

6) Молярлық массаның өлшем бірлігі және формуласы қандай?



ІІІ. Өткен сабақты қорыту

Физикалық шамаларды бекітуге арналған кесте-тапсырма






Зат

М г

М

m

v

N

1

H2O(г)

 

 

 

0,5 моль

 

2

H2 (г)

 

2 г/моль

 

 

 

3

O2(г)

 

 

 

 

3,01∙1023


ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

«Химиялық реакциялардың типтері»

Жаңа сабақтың мақсаты: химиялық реакция теңдеулері бойынша олардың қай типке жататындығын анықтау.

- Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз не?

- Атом –молекулалық ілім тұрғысынан химиялық реакция дегеніміз не?



  • Реагент дегеніміз не?

  • Өнім дегеніміз не?

Сол сан алуан химиялық реакциялардағы реагенттер мен өнімдерге, олардың

құрамындағы өзгерістерге қарап, химиялық реакцияны 4 типке бөледі:

1. Қосылу реакциясы

2. Айырылу реакциясы

3. Орын басу реакциясы

4. Алмасу реакциясы



Қосылу реакциясына бірнеше жай немесе күрделі заттар қатысады да, нәтижесінде бір күрделі зат түзіледі. Мысалы, темір мен күкірт атомдарының қосылып, күрделі зат түзу реациясын қарастырайық: темір мен күкіртті қыздырамыз. ( тәжірибе көрсету, қауіпсіздік ережесін ескерту)

to

Ғе + S → ҒеS
Сөндірілмеген әкті сумен қосып, сөндіру реакциясында 2 күрделі заттың бірігуінен одан да күрделірек зат - кальций гидроксиді шығады:

СаО + Н2О = Са(ОН)2 + Q (көрсетілім болады)

Cа(ОН)2 судағы ерітіндісі әк суы, оның қою ерітіндісі әк сүті деп аталады. Са(ОН)2 – құрылыста, күнделікті тұрмыста жиі қолданылады. Мысалы, үйді әктеуге даладағы талдарды зиянкестерден қорғау үшін түбін әктеуге қолданады.

СаО + Н2О + 2СО2 = Са( НСО3 )2

Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын қосылу реакциясы деп атайды.

Айырылу реакциясы типіне күрделі заттардың ыдырап, қарапайым заттарға айналу реакциялары жатады. Оған су молекуласының тұрақты токтың әсерінен ыдырауының химиялық теңдеуін мысалға алайық:

Эл. т.


2 О = 2Н2 ↑ + О2

Қазақстан жерінде көп кездесетін табиғи байлық - әктас қызуының әсерінен айырылуын қарастырайық:

to

Са СО3 = СаО + СО2

Бұл реакцияда күрделі зат кальций карбонатының 1 молекуласы ыдырағанда екі күрделі заттың түзілетінін байқаймыз.

Айырылу реакциясына реагент ретінде бір ғана күрделі зат қатысып, нәтижесінде өнімдер ретінде бірнеше жай және күрделі зат түзілетін реакция теңдеуін қарастырайық:

Бұл реакция үшін күнделікті тұрмыста қолданылатын «марганцовка» деп аталатын кальий перманганатының айрылу реакциясын аламыз.

- Марганцовканы не үшін пайдаланамыз?

- Бұрынғы көрген тәжірибеде реакцияның жүргенін қандай белгілеріне қарап байқадыңдар?

to

2КМnО4 = К2 МnО4 + МnО2 + О2
Әдемі жасыл түсті малахит минералының ұнтағын сынауыққа салып қыздырғанда, оның ыдырау нәтижесінде газ күйінде су бөлініп, суыған кезде сұйық тамшыға айналады. Сонымен бірге, көмір қышқыл газы бөлінеді және қара түсті ұнтақ мыс( ІІ ) оксиді түзіледі.

Сu(ОН)2 ∙ СuСО3 = 2СuО + СО2 ↑ + Н2 О

Күрделі зат малахиттің ыдырауынан үш түрлі жаңа күрделі заттар түзіледі

Бір заттың бірнеше затқа айналып, ыдырауын айырылу реакциясы деп атайды.



Малахит ерте кездерден бері жоғары бағаланған минерал. Малахиттің түсі ашық жасылдан атлас тәрізді қоңыр жасылға түрленіп отырады. Ежелгі гректер «мальва» деген өсімдік жапырағының жасыл түсіне ұқсағандықтан, бұл минералды малахит деп атаған.

Бұл минерал Оралда, Алтайда, Қазақстан жерлерінде кездеседі. Малахиттан вазалар, сағаттар, зергерлік бұйымдар жасайды. Санкт-Петербургтағы Эрмитажда малахиттан жасалған үлкен вазаны көруге болады.

Орын басу реакциясы типіне жай заттар мен күрделі заттардың әрекеттесіп, жаңа жай және күрделі заттар түзуі жатады. Оған темір шегені мыс (ІІ) хлоридінің СиСl2 ерітіндісіне батырғанда жүретін химиялық реакция мысал бола алады. (тәжірибе, қауіпсіздік ережесін ескерту)

Көкшіл ерітіндідегі мыс атомы темірдің әсерінен ығысып, шегенің бетіне қонады. Ал ерітіндінің бастапқы көкшіл түсі жасылдау түске айнала бастайды, өйткені түзілетін өнім – темір (ІІ) хлоридінің ҒеСl2 түсі жасылдау.

Ғе + СuСl2 = Сu + ҒеСl2

Бұл әрекеттесу кезінде темірдің атомдары мыс атомдарының орнын басып, мысты бос күйінде ығыстырып шығарғанын көреміз.

Металдар сутекті қосылыстармен, әсіресе қышқылдармен әрекеттескенде металл атомы сутектің орнын басады. Мысалы:

Zn + 2НСl = ZnСl2 + Н2

2Ғе + 3Н2 О = Ғе2 О3 + 3Н2

Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомынң орнын жай заттың атомы басатын күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция орын басу реакциясы деп аталады.



Алмасу реакциясы типіне тек екі күрделі заттың әрекеттесуі мысал бола алады. Олар өзара құрам бөліктерімен алмасып, жаңа екі зат түзеді. (тәжірибе, қауіпсіздік ережесін ескерту)

Сынауыққа күкірт қышқылын қышқылын құйып, аздап қыздырамын. Оның үстіне аздаған мыс (ІІ) оксидінің ұнтағын саламын. Екеуі әрекеттесіп, біртекті әдемі көкшіл түсті тотияйынның ерітіндісіне айналады.

to

СuО + Н2 4 = СuSО4 + Н2 О


Реагенттер мен өнімдердің атомдар саны өзара тең екенін байқаймыз. Бастапқы екі күрделі зат өзінің құрамындағы атомдарды не атомдар тобын өзара алмастырып, жаңа заттар түзгенін көреміз. Мұнда мыс атомы сутегі атомына, ал оттегі атомы SО4 тобына өзара алмасып тұр.

Егер алмасу реакциялары әр түрлі құрам бөліктері бар заттардың арасында жүретін болса, онда химиялық реакция теңдеуін құрудың ережесін сақтай отырып, реагенттер мен өнімдердегі атомдар санын теңестіреміз. Мысалы, темір оксиді (ІІІ) Ғе2О3-пен азот қышқылы НNО3 арасында алмасу реакциясының теңдеуін жазайық:

Ғе2 О3 + 6НNО3 = 2Ғе(NО3 )3 + 3Н2 О

Бұдан темірдің ІІІ валентті екі атомы І валентті сутектің алты атомының орнын алмастыратыны, сол сияқты ІІ валентті оттектің үш атомы өз кезегінде І валентті NО3 тобының алтауының орнын басатыны көрініп тұр.

Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар (атомдар тобы) бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция - алмасу реакциясы деп аталады.

V. Жаңа сабақты бекіту

6 Мына реакция теңдеулерін теңестіріңдер, коэффициенттерін қойыңдар типтерін анықтап,теңдеуден соң жанына жазып қойыңдар:

1. С + Н2 → СН4

2. HgO → Hg+O2

3. FeO+ H2 → Fe + Н2 О

4. KOH+ H2 SO4 → K 2SO4+ H 2O

7 Мынадай реакция теңдеулеріндегі сұрау белгісінің орнына тиісті заттың формуласын жазып, теңестіріңдер әрі реакция типтерін анықтаңдар:

1. Mg+? → MgO

2. Fe(ОH) 3 → Fe 2О 3+?

3. Zn+ ?Сu+ ZnCl2

4. ? + HCl → ZnCl2+?

Егер айырылу, қосылу реакцияларына анықтаманы дұрыс берсеңіздер, жауаптарыңыздың қосындысы судың молекулалық массасына тең болады.




Реакцияның сипаттамасы

Айырылу реакциясы

Қосылу реакциясы

Бір жаңа зат түзіледі

Бір реагент

Бірнеше жаңа зат түзіледі

Бірнеше реагент



1

3

5

7

2

4

6

8



Мr(Н2О) =
VІ. Жаңа сабақты қорыту




Қосылу



 

Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар (атомдар тобы) бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция.



Айырылу

Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуы

Орын басу

Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауы.



Алмасу

Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция.



VІІ. Үйге тапсырма

1. § 18. Химиялық реакциялардың типтері



2. № 8,9- жаттығулар, 54-бет

VІІІ. Оқушылар білімін бағалау

Сабақтың тақырыбы: § 18. Химиялық реакциялардың типтері Сабақтың мақсаты

Сабақта қолданылатын әдістер: репродуктивті, түсіндірме-көрнекілік, ішінара іздену, тәжірибе көрсету әдісі

79.12kb.

15 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: § 14. Химиялық реакция теңдеулері Сабақтың мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба кестесі, элемент таңбалары, формулалар жазбасы

59.41kb.

15 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар

70.18kb.

10 10 2014
1 стр.


Му «Организация методической работы в соответсвии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007г

Сабақтың тақырыбы: Термохимия. Термохимиялық есептеулер. Химиялық реакциялардың кинетикасы. Химиялық байланыстың табиғаты. Биокомплекстер. Биогенді элементтердің химиясы

32.46kb.

06 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау; әртүрлі есептерді шешу қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру

971.58kb.

25 12 2014
6 стр.


Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты : а қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету

40.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы Буын түрлері Сабақтың мақсаты: 1 білімділік

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, биология. Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта

63.69kb.

16 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар Сабақтың мақсаты

Мұғалiм : Кадет мырзалар мен бүгiнгi сабақтың қонақтары сабақты «Табиғат» туралы өлеңнен бастағым келiп отыр

70.91kb.

17 12 2014
1 стр.