Перейти на главную страницу
3
Тақырыптың маңыздылығы. Қазақстанның егеменді ел болуы жағдайында, демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолында, Республиканың басынан кешірген тарихи жолдарын ғылыми тұрғыдан қайта қарап, әділ бағасын беру ісі едәуір нәтижедерге жетті. Тарихшылар жаңа әдістемелік көзқарастар, жаңаша ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса, сол күйде - өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі түрінде көруге ұмтылып, жаңа айқындамалар тұрғысынан жазылған еңбектер жарық көруде. Әсіресе, соңғы жылдары Республикамызда тарих ғылымына деген қызығу арта түсті. Оның бірнеше себептері бар. Олар: жоғарыда айтылғандай Қазақстанның егемендік алуы, ұлттық сана сезімнің өсуі, тарих ғылымының идеологиялық қыспақтан арылуы, қазақ халқы тарихының күрделі тұстарын қайта қарау және жаңаша түсіндірудің қажеттілігі. Мұндай күрделі жұмыстың сәтті болуы үшін Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша қалам тартып, зерттеулер жүргізген ғалымдардың мұрасын дұрыс, жан-жақты талдап, игере білудің де өзектілігі және маңызы зор. 4
1.1.“Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми ұйымдастырушылық, педагогикалық және қоғамдық қызметі.” 14
1.2. «Б.Сүлейменов – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы азаттық қозғалыс және аграрлық мәселенің ірі зерттеушісі». 23
Егеменді даму жағдайында республикада ұлттық психологияның қалыптасуы, даму және өзгеру тарихының мәселелерін танып білуге қызығушылықтық артуы түсінікті. Осы тұста Б. Сүлейменовтің тоталитарлық режимнің күшіне еніп, қуғын-сүргін саясаты жүріп жатқан кезінде, азаматтық бағыты күшті ғылым ретінде өзінің көзқарастарымен ресми идеологияның негіздеріне сыйыспай, жүргізіліп отырған саясатқа белгілі дәрежеде қарсы шыққанына оның тұлғасына ерекше назар аудартады.
Ғалымның өмірін және тарихи көзқарастарын зерттеу арнайы зерттеу нысаны болуға тұрарлық еңбек. Б. Сүлейменовтің ғылыми мұрасын тарихилық, жан-жақтылық, объективтілік ұстанымдарына сәйкес талдап, әділ баға беріп, дұрыс пайдалана білуіміз қажет.
Мәселенің тарихнамасы. Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми-шығармашылық қызметі жөнінде жарық көрген еңбектерді екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бұл орайда бірінші топтағы әдебиеттер қатарына Б. Сүлейменовтің ғылымға келу жолы мен ғылыми қызметі туралы шағын мақалаларды, ал екінші топқа ғалымның еңбектеріне берілген пікірлерді жатқызамыз. Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми-шығармашылық қызметі жайлы алғашқы мақалалар ғалымның 1964 ж. ғылым докторы дәрежесін алуына байланысты сол кезде “Социалистік Қазақстан” және “Лениншіл жас”газеттерінде жарық көрді.2 Бұдан кейінгі кезеңде ғалымның 60 жасқа және 70 жасқа толуына байланысты республикалық ғылыми басылымдарда бірқатар мақалалар жарық көрді. “Қазақ Совет энциклопедиясында” да Б. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметіне көңіл бөлінді.3
1980 ж. Б. Сүлейменовтің өз өмірінің түрлі кезеңдерінен мәлімет беретін мақаласында студенттік кезеңінен бастап, өз өмірін халқының қаһармандық тарихын зерттеуге арнағандығы, айналысқан негізгі мәселелері, оның нәтижелері жайлы айтады. Осы мақаланың соңын ала, араға көп уақыт салмай ғалымның әріптестері мен шәкірттері болып табылатын М. Асылбеков, В. Басин, К. Қобыландиннің мақалалары жарияланды. М. Х. Асылбеков “Тарихшы – ғалым ұстаз” атты мақаласында Б. Сүлейменовтің тарих ғылымына қосқан үлесіне, еңбектерінің құндылығына былай деп көңіл бөледі: “Бекежан Сүлейменұлының ғылыми және қоғамдық қызметі республикаға да, Одаққа да белгілі. Қазақ СССР Ғылым академиясының байырғы қызметкері тарих ғылымының дамуына, ғылыми мамандар даярлауға көп үлес қосты. Оның қаламынан 130 ғылыми еңбек туды, оның бесеуі күрделі монографиялық еңбек. Бұлар аграрлық қатынастардың тарихын, революциялық және ұлт-азаттық қозғалысты, мәдениет пен қоғамдық ой-пікір тарихын зерттеп түйіндеген еңбектер Ғылым Қазақстанның революцияға дейінгі тарихи кезеңнің тарихи деректер базасын жасауға да тікелей ат салысты. Ол 5 томдық Қазақ СССР тарихының бас редакциясының мүшесі және белгілі авторы. Оның басшылығымен Ы.Алтынсариннің үш томдық еңбегі баспадан шықты. Б.Сүлейменовтың тарих ғылымының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз, сонымен қатар ғалымды біз жаңашыл деп білеміз.”5 Б.Сүлейменовтың ғылыми өмірі жолындағы жетістіктері В.Басин мен М.Қобыландиннің мақаласында да жоғары бағаға ие болды.6 Ғалымның өмірбаяны мен ғылыми еңбектері туралы мақала 1986 жылы “Библиография общества ведов Казахстана” атты жинақта да жарық көрді.
Осы жоғарыда аталған еңбектерде Б.Сүлейменовтің өмір жолы мен ғылыми қызметіне жоғары бағалар берілгенмен, оның өмір жолындағы қиын сәттері, кеңестік жүйе тарапынан көрген қысымшылықтары сол тарихи кезеңнің идеологиялық талаптарына сай айтылмады.
80-жылдардың соңына қарай және еліміздің егемендік алғаннан кейінгі кезеңде Б.Сүлейменовтің өмірінің “ақтаңдақ” беттерінен мәліметтер беретін еңбектер жарық көре бастады.8 “Мысль” журналының 1996 ж. №2 санында сөз қозғаған М.Қ.Қозыбаев “40-50 жылдардың басында ғылым мен мәдениеттің идеологияландырылуы аса күшті жүріп жатты. Атап айтатын болсақ “Правда” газетінің беттерінде қоғамға қарсы әрекет жасады деген айыппен институттың ғылыми қызметкері Б.Сүлейменов әшкерленді. Ол да Б.Бекмаханов сияқты қуғын-сүргінге ұшырады”,- деп аталмыш мәселенің өзектілігіне ерекше мән береді.9
Л.Ахметованың еңбегінде Б.Сүлейменов кеңестік жүйе кезінде қазақ патриотизмін насихаттаған ғалымдар қатарында аталады. Р.Нұржановтың мақаласында Б.Сүлейменовтің саяси қысым көріп, жазықсыз жазаланғанына көңіл бөлінген.10 Б.Сүлейменовтің өміріне қатысты тың мәліметтер Т.Төрехановтың “Қанмен жазылған тағдырлар” атты тарихи – эссесінде, М.Мырзағұлдың “Арғы атасы би еді” атты еңбегінде келтірілген.11
Ғалымның еңбектеріне берілген пікірлер де мәселенің тарихнамасы жүйесінде ерекше орынға ие. Б. Сүлейменовтің 1949 жылы жарық көрген “1905-1907 жылдардағы Қазақстан” атты еңбегіне алғаш Т.Елеуов, А.Якунин сияқты ғалымдар тарапынан сол заманның талабына сай пікірлер білдірілген еді. Оның бұл еңбегі сол кезеңде “Вопросы историй” журналында сынға да ұшыраған болатын. Б. Сүлейменовтің 1963 жылғы “ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе” деген еңбегі жарық көрісімен аталмыш еңбек В.Басин, А.Еренов, Т.Айтиев сынды ғалымдардың жоғарғы бағалауына ие болды. Олар оның революцияға дейінгі Қазақстанның аграрлық мәселесін зерттеуге қосылған еңбек болып табылатындығын ерекше атап көрсетті. Ғалымның жоғарыда аталған еңбектері жайлы зерттеуші Ө.Озғанбай өз пікірін былайша орынды білдіреді: “Мемлекеттік дума туралы Қазақстан тарихындағы мәселеге алғаш көңіл бөлген Б. Сүлейменов болды. Ол еңбегінің бір тарауын толығымен Қазақстан депутаттарының қызметіне арналған. Автор Ресейдің аграрлық саясатын мемлекеттік думадағы партиялық күреспен байланыстырып сипаттайды.”12
1977 ж. Б. Сүлейменовтің “1905-1907 жылдарындағы Қазақстандағы революциялық қозғалыстар” атты монографиясына пікір жазған Ж.Қасымбаев еңбекте қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді басылымдар және архив деректері кең қолданғандығын көрсете келе, онда сол тарихи кезеңдегі қазақ өлкесінің қоғамдық-саяси және экономикалық дамуына тән кейбір ерекшеліктер нақты мағлұматтар негізінде егжей-тегжейлі тиянақты зерттелген дейді. Пікір білдіруші еңбекті қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихын зерттеуге қосылған маңызды үлес деп санайды. Осы жылы ғалымның В.Я.Басинмен бірігіп шығарған “Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс” атты еңбегі де жоғары ғылыми бағаға ие болды. Мұны 1916 ж. көтеріліс мәселесін зерттеген ғылым Х.Тұрсыновтың еңбегіндегі тұжырымдардан да аңғаруға болады. Ж.Қасымбаев пен Н.Кенжебаевтың зерттеулерінде 1916 ж. көтеріліс мәселелері бұл еңбекте кеңінен қамтылғанын ерекше атап көрсетеді.
Б. Сүлейменовтің В.Басинмен бірлесіп шығарған “Қазақстан Ресейдің құрамында” (1981 ж.) атты еңбегі де ғылыми ортада көптеген сын-пікрлермен аталып өтті.
Ы.Алтынсариннің шығармалары тікелей Б. Сүлейменовтің атсалысуымен 1955 ж. қазақ тілінде, 1957 ж. орыс тілінде бір томдық болып, кейіннен 1975-1978 жылдары “Толық шығармалар жинағы” болып басылып шықты. Осыған орай баспасөз беттерінде, Б. Сүлейменовтің ағартушының шығармаларын шығарудағы еңбегіне жоғары бағалар берілді.
Тарихнамалық тақырыптағы зерттеулерден белгілі тарихшы Д.И.Дулатова “Историография дореволюционного Казахстана” 13 атты еңбегінде Б. Сүлейменовтің айналысқан негізгі мәселелерін шолып, талдап өтеді; оның 1867-1868 жылдары Қазақстанда өткізілген реформалар тақырыбына жазған алғашқы мақалаларын және кандидаттық диссертациясына оңды баға береді.
П.Г.Галузо өзінің тарихнамалық еңбегінде аграрлық мәселе бойынша Б. Сүлейменовтің кейбір пікірлерімен келісе бермейтіндігін білдіріп, балама тұжырым айтады. Қоныс аудару саясатының тарихнамасы мәселесін қарастырған Р.Таштемханова Б. Сүлейменовтің қоныс аудару саясатын зерттеуге қомақты үлес қосқандығына тоқталған.14 С.Әсіп “Қазақ қасіреті” еңбегінде Б. Сүлейменовті патша өкіметінің отарлық саясатының бетпердесін ашып талдайды деп атап көрсетеді.14 О.Мұхатова “Қазақстандағы ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы аграрлық реформалар тарихнамасы” атты еңбегінде 15 Б. Сүлейменовтің бұл селодағы зерттеулеріне жеткілікті назар аударып талдамайды.
Г.Ф.Дахмлейгер, В.Шахматов, А.Нүсіпбеков, М.Ахынжанов, Е.Бекмаханов, Д.И.Дулатова, К.Жұмағұлов, Ж.Мақашева, С.Сүндетов сияқты белгілі зерттеушілерінің тарихнамалық сипатта жазған еңбектерінде тарихшы-ғалымның есімі аталып, Қазақстан тарихының әртүрлі өзекті мәселелерін зерттеуге қатысқаны, кейбіреулерінде қол жеткен жетістіктері туралы айтылады.
Жарық көрген әдебиеттерді талдау тарихшы Б. Сүлейменовтің ғылыми-шығармашылық, қоғамдық қызметінің, жалпы оның ғылыми өмірбаянының жеткіліксіз зерттелгендігін көрсетеді. Соның ішінде, әсіресе, ғалым өміріндегі қуғын-сүргінге ұшырау фактісі атап өтілгенмен, оның себептері ашылып көрсетілмеген. Сонымен қатар, тарихшының қалдырған ғылыми мұрасын толық, жан-жақты талдау жасап, баға берген арнаулы зерттеулер шықпаған. Сондықтан да тарихнамалық шолудан көрініп тұрғандай, тарихшы-ғалым Б. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасына жүйелі, жан-жақты талдау жүргізе отыра зерттеу қажеттілігі өз кезегін күтіп тұрған тың мәселе болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – белгілі тарихшы, ғалым Б. Сүлейменовтің өмірін, отандық тарих ғылымын дамытудағы қызметін, одан қалған мол мұраны тарих ғылымының қазіргі көтерілген денгейі тұрғысынан талдап, салалап, шынайы баға беру. Соған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
Ғалымға қатысты мағлұматтар бірнеше архивтерде орналасқан, сондықтан аталған қорлардағы деректерді былай топтастырғанды жөн көрдік:
Зерттеудің осы негізігі ғылыми жаңалығының нәтижелері:
Мұндай күрделі жұмыстың сәтті болуы үшін Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша қалам тартып, зерттеулер жүргізген ғалымдардың мұрасын дұрыс, жан-жақты талдап, игере білудің
14 12 2014
4 стр.
Хvіі ғасырдың аяғы ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ халқының қоғамдық жағдайы
17 12 2014
3 стр.
Хх ғасырдың басындағы Түркістанды мекендеген халықтардың ұлм-азаттық көтерілістері
14 12 2014
4 стр.
25 12 2014
3 стр.
Тарау-іі. Омбы қаласының қазақ қоғамының экономикалық өмiрiне әсер етуi және Сiбiр темiр жолының ролi
25 12 2014
4 стр.
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде
25 12 2014
5 стр.
Тарау серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері
16 12 2014
3 стр.
Тарау. АйыпталушыНЫњ Т‡сінігі және казаќстан Республикасыныњ ќылмыстыќ іс ЖҮргізу Кодексі
14 12 2014
5 стр.