С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ӨКІЛДЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКІЗІЛЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМІНІҢ БОЛОН ҮДЕРІСІНЕ КІРІГУІ»
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Халықаралық деңгейдегі өкілдердің қатысуымен өткізілетін
республикалық ғылыми-практикалық
«Қазақстанның медициналық білімінің Болон үдерісіне кірігуі» конференциясы туралы
Ақпараттық хат
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2013 жылы, 25 мамырда С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ұйымдастыруымен және халықаралық деңгейдегі өкілдердің қатысуымен өткізілетін республикалық «
Қазақстанның медициналық білімінің Болон үдерісіне кірігуі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылы өткізілуі тиіс ғылыми-практикалық конференциялар тізіміне енгізілген.
Конференция бағдарламасы келесідей бағыттардан құралады:
-
Қазақстан-2050 Стратегиясы: Қазақстан жоғары оқу орындарының халықаралық танылуы (мойындалуы) мәселелері және болашағы;
-
ҚазҰМУ медициналық білім беру моделін жүзеге асыру арқылы Болон үдерісінің талаптарын орындау;
-
Медициналық білім берудің интернациялануы;
-
Білім беру үдерісін басқару және ұйымдастыру құрылымын жаңғырту (модернизациялау);
-
Білім алушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы мен дамуы барысындағы тәрбие үдерісінің мән-маңызы;
-
Білім берудің, ғылым мен практиканың кірігуі;
-
Медицина және фармация саласындағы мамандар даярлаудың инновациялық технологиялары
-
Үштілдік білім беруді дамыту
Конференция аясында келесідей іс-шаралар өткізіледі:
-
ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақ білім академиясының корреспондент-мүшесі, м.ғ.д., профессор М.И.Дәулетбақованың педагогикалық қызметіне 60 жыл толуына арналған «Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері» атты конференция
-
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адам ресурстары департаментінің қатысуымен өткізілетін «Медициналық білім берудегі кредиттік оқыту жүйесі: тәжірибесі, мәселелері, болашағы» семинары
-
«Жоғары оқу орнындағы көптілдік білім беру болашағы» стендтік баяндамалар көрмесі
Конференция жұмысына қатысуға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, ҚР жоғары оқу орындарының ректорлары, ҚазҰМУ-дың серіктес ұйымдары мен жоғары оқу орындарының өкілдері, практикалық денсаулық сақтау өкілдері: қалалық және облыстық денсаулық сақтау департаменттерінің директорлары, бас дәрігерлер; ҚазҰМУ қызметкерлері, ҚР жоғары оқу орындарының оқытушылары және ұсынылған тақырып бойынша қызығушылық танытқан барлық тұлғалар шақырылады.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ҚазҰМУ Хабаршысы журналында мақалаларды жариялау жоспарланып отыр. Мақалаларды рәсімдеу талаптары (тезистер қабылданбайды) www.kaznmu.kz сайтының «ҚазҰМУ Хабаршысы» бөлімінде ұсынылған. Талаптарға сәйкес келмейтін, стилистикалық және орфографиялық қателары бар және басқа басылымдарда жарияланған мақалалар жарияланбайды.
Стендтік мақалаларды рәсімдеу талаптары www.kaznmu.kz сайтының «Оқу-әдістемелік жұмыстар» департаменті бөлімінде жарияланған. Баяндамалар конференция жұмысының бағытына сәйкес қабылданады. Стендтік баяндамаларды конференцияның ұйымдастыру алқасы 2013 жылдың 20 мамырына дейін қабылдайды.
Конференцияның өткізілетін орны: Алматы қ., С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,
«Concordia» театры (Бөгенбай батыр көшесі 149, Масанчи көшесінің қиылысы).
Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Қатысушыларды тіркеу: 25 мамыр 2013 ж., сағ.: 8.30 - 9.30.
Конференция жұмысының басталуы: 25 мамыр 2013 ж., сағ.: 09.30.
Конференцияға қатысу туралы өтінім және жариялауға арналған мақалалар 2013 жылдың 10 мамырына дейін [email protected] электрондық мекен-жайына жіберілуі тиіс.
Іс-сапар шығындары жіберуші тарапынан төленеді.
Өтінім үлгісі:
«Қазақстанның медициналық білімінің Болон үдерісіне кірігуі»
атты ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға өтінім
|
1
|
Қатысушының аты-жөні
|
|
2
|
Мекеменің, ұйымның толық атауы
(толық жазылады)
|
|
3
|
Лауазымы, ғылыми атағы, дәрежесі
|
|
4
|
Қатысу түрі:
-
Баяндама жасау
-
Стендтік баяндама
-
Мақала жариялау
-
Тыңдаушы
|
|
5
|
Баяндама немесе стендтік баяндама тақырыбы
|
|
6
|
Байланыс телефондары:
e-mail:
|
|
7
|
Қонақүйден орын алу қажеттігі
|
ия /жоқ
|
Конференцияға қатысу туралы сұрақтар бойынша хабаласуға болады:
Славко Елена Алексеевна – Оқу-әдістемелік жұмыс бөлімінің бастығы
Байланыс тел.: 8 (727) 292-69-69 (146)
8 (727) 338-70-37
e-mail:
[email protected]
беттің беті