Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Тарих және Пайымдау

Қысқаша құрылу тарихы

2006 ж.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». Атап айтқанда, Елбасы Н. Назарбаев «біздің елордада бірегей академиялық ортаны қалыптастыру үшін халықаралық деңгейдегі беделді университет құру қажет» деп ұсыныс жасады.


2007-2009 жж.

Назарбаев Университеттің құрылысының басталуы.


2009 ж.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы № 957 Қаулысымен «Астананың жаңа университеті» бейкоммерциялық акционерлік қоғамы құрылып, оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысады.

2009 ж.

4 қыркүйек

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысқан жұмыс бабындағы мәжіліс болып өтті, онда Астананың халықаралық жаңа университетін құру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

2010 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның халқына жыл сайынғы жолдауы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»: «Астанадағы Жаңа Университеттің аясында үш жаңа ғылыми орталық құрылады. Өмір туралы ғылым орталығы әлемдік ғылыми орталықтармен бірлесіп, органдарды, жасанды жүрек пен өкпені, діңгекті жасушаларды трансплантациялау және медициналық ұзақ ғұмыр саласында зерттеу жүргізетін болады. Энергетикалық зерттеулер орталығы қалпына келтірілетін энергетика, физика мен жоғары қуат техникасы мәселелерімен айналысады. Пәнаралық құрал-сайман орталығы инженерлік орталық, зертханалық база және конструкторлық бюро қызметін атқаратын болады».


2010 ж.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 532 қаулысымен «Астананың Жаңа Университеті» АҚ «Назарбаев Университеті» АҚ болып қайта аталды.

2010 ж.

28 маусым

Елбасының қатысуымен Назарбаев Университетінің ашылу рәсімі болып өтті.


2010 ж.

Foundation бағдарламасы бойынша сабақ басталды.

2010 ж.

7 желтоқсан

Назарбаев Университетінің студенттеріне арналған Елбасының бірінші лекциясы.

2011 ж.


Елбасы ««Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Санаткерлік мектептерінің» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы» Заңға қол қойды.

2011 ж.

16 маусым

Қазақстан Республикасының Президенті төрағалық еткен Жоғары қорғаншылық кеңестің алғашқы отырысы.

Көкейдегі көрінісі

Ғылымды, білім беру ісі мен ұлттық экономиканы дамыта алатын, бәсекеге қабілетті кәсіпқойларды дайындау.

Мұраты

Қазақстан Республикасының білім беру ісі мен ғылымының басқалардан оза дамуын жне халықаралық деңгейге шығуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Астананың Еуразияның ғылыми-білім беру орталығы ретінде қалыптасуына ықпалдасу.

Қызметінің қағидаттары:

көшбасылық

білім беру ісінде, ғылыми зерттеулер мен медицинада, сондай-ақ қызметтің барлық салаларында көшбасылыққа ұмтылу;


отансүйгіштік

қазіргі заманға сай өркендеген мемлекетті құру мақсатында студенттердің, оқытушылардың және ғалымдардың қазақстандық қоғамның игілігіне қызмет жасауы;


дербестік

және академиялық бостандық

демократиялық қағидаттар мен әр адамның жеке жауапкершілігінің негізінде басқарудағы және шешім қабылдаудағы дербестік пен алқалылық, оқытушылар мен ғалымдардың ғылыми, білім беру мен клиникалық жұмыстағы академиялық бостандығына кепілдік берілуі;


адалдық

студенттердің, оқытушылар мен ғалымдардың бүкіл жұмысында биік адамгершілік, этикалық және кәсіпқойлық қағидаттарын ұстануы;


айқындық

және ашықтық

университет жұмысының түгелдей айқын болуын және оған қоғамның қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;


жаңашылдық

ең жаңа әдістер мен технологияларды пайдалануға деген ұдайы ұмтылыс, жаңа білім мен ақпаратты қолдануға әзірлік;


төзімділік

адамның этникалық тегіне және діни ұстанымына, жынысына, азаматтығына, әлеуметтік мәртебесі мен физикалық күйіне қарамастан, баршаға бірдей тең мүмкіндіктер жасау және ашық болу.

Басты стратегиялық мақсаттары:

  1. Әлемдік университеттердің жаһандық танымал рейтингілеріне кіретін зерттеу университетін құру

  2. Ұлттық экономика мен ғылымды дамытуға үлес қоса алатын біліктілігі жоғары кадрларды дайындау

  3. Университеттің ғылыми-білім беру және жаңартпалық қызметінің жаңа пішіндерін әзірлеу және дамыту

  4. Назарбаев Университетінің денсаулық бойынша біртұтас академиялық жүйесін құру («Болашақтың ауруханасы» атты жоба)

  5. Астананың халықаралық жаңартпалық білім орталығы ретінде қалыптасуына ықпалдасу

  6. Университеттік көп мәдениетті әрі көп ұлтты ортаны қалыптастыру

Қысқаша құрылу тарихы
32kb.

25 12 2014
1 стр.


«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қысқаша тарихы

Басқарманың негізгі қызмет бағыттары: өңірде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелерін үйлестіруді жүзеге асыру

11.58kb.

25 12 2014
1 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі сыртқы саясатының тарихы

223.83kb.

25 12 2014
1 стр.


Күки авылы тарихы: документларда һәм истәлекләрдә чагылышы

Күки урта мәктәбендә соңгы ун ел эчендә өлкән класс укучылары тарафыннан авыл тарихы өйрәнелде

400.69kb.

10 10 2014
3 стр.


Тақырыбы: дк-дің магистральді-модульді құрылу әдісі. Сабақ мақсаты: Білімділік

Білімділік: Оқушыларды дк құрылымымен және программалық басқару принципімен таныстыру

50.38kb.

14 12 2014
1 стр.


Камалия Әбләзова Туган авылым

Күмәк көләч йөзле, саф күңелле, тәвәккәл, эшкә уңган кешеләре белән бай. Әнә шундый кечкенә генә авыл да тарих битләрендә үз эзен калдырырга лаек. Авыл тарихы — халык тарихы

893kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы 2012-2013 оқу жылына 2 семестрдің 1 курс студенттері үшін дәрістердің күнтізбелік-тақырып жоспары

Саяси ғылымдардың негізгі кезендері мен қалыптасуы. Казақстан саяси ойларының тарихы

165.95kb.

25 12 2014
1 стр.


Мекенжайы: Алматы қаласы телефоны: 377 3339(13 36) еmail

Республикасының сыртқы саясаты, Жапон елінің тарихы, сыртқы саясаты, саяси жүйесі, мәдениеті, білімі және ғылымы, Әлемдік интеграциялық үрдістер, тмд елдерінің тарихы пәндері бойын

21.98kb.

07 10 2014
1 стр.