Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2
ӘОЖ 373.3:330.34 (574 ) «1991/2007» Қолжазба құқығында


Қыяқбаева Ұлбосын Қозыбаевна

Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру

мазмұнының қалыптасуы мен дамуы

(1991-2007 жж)

13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,

этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды



Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты,

Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің профессоры


Р.М.Қоянбаев


Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы

Әлсатов Т.М


педагогика ғылымдарының кандидаты

Әлқожаева Н.С


Жетекші ұйым: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Диссертация 2008 жылдың 8 қазанда сағат 10 де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 30,3-қабат

Автореферат 2008 жылдың 8 қыркүйегінде таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Көшербаева Ә.Н.


Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Бүкіл адамзат капиталын максималды пайдалану қажеттілігі еш қашанда бүгінгі күндегідей өте өткір тұрған емес. Себебі қоғамның үдемелі дамуы үшін бүкіл халықтың білімді болуының рөлі маңызды болып отыр. Бүгінгі күні бастауыш, орта, тіпті жоғары білімнің өзі жеткіліксіз болып қалды. Дегенменде кең мағынадағы тәрбиенің бастауы мектептің алғашқы сатысынан басталатыны айқын. Осыған байланысты «2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында», «Білімді дамыту Тұжырымдамасында», Қазақстан Республикасының «Білім беру Заңында» приоритеттік міндеттер қатарында ең алдымен бастауыш мектеп және оның білім беру мазмұнын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Осыған орай біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне ену үшін жалпы білім беретін мектептерге арналған білім беру мазмұнын реформалау қажеттігінен туындады. Бұған қоса демократиялық, құқықтық, мемлекеттік қоғам құрып жатқан Қазақстан Республикасына терең білімді, жауапкершілікті мойындайтын, лайықты шешім қабылдай алатын тұлға тәрбиелеу қажет болып отыр. Алға қойған міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызатын жолдардың және механизмдердің бірі мемлекеттің сұранысына сай келетін білім беру жүйесінің және мазмұнының жаңа моделін жасау болып табылады. Осы алға қойылған көкейтесті мәселелерді шешу жолдарының бірі өткен уақыттағы бай теориялық мұраны және тәжірибені ұғынып түсіну және қолдану болып табылады.

Біздің зерттеуге алған кезең тарих шеңберінен алып қарағанда алыс емес, қол созарлықтай жердегі уақыт. Бірақ бұл уақыт жіберілген қателерді жою, сынау, мәселені шешудегі жаңа жолдарды іздестіруге т.б. оқиғаларға толы уақыт болды. Солардың ішінде өз шешімін күтіп тұрған мәселелер қатарында білім беру мазмұнына қатысты проблемалар да бар.

Бастауыш мектеп және оның білім беру мазмұнына қатысты мәселелер-педагогика ғылымы мен теориясының өте көкейтесті проблемаларының бірі. Оның дәлелі ретінде педагогика ғылымында осы мәселеге байланысты жүргізілген көптеген зерттеу жұмыстарын атауға болады.

Аталған феноменге қатысты проблемаларды зерттеудің түп тамыры, бастауы тереңге кетеді. Бұл мәселе әлемдік педагогика классиктері Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Гербарт, К.Д.Ушинский т.б. ұлы педагогтардың есімдерімен тығыз байланысты және олардың еңбектерінде терең қарастырылады.

Қазақстан педагогика ғылымында біздер зерттеуге алған мәселе жалпы -лама түрінде бір қатар ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.

Негізінен ол бастауыш мектептің, кәсіптік білімнің және педагогика ғылымы мен теориясының даму тарихы мәселесімен байланысты болды:



  • ХІХ ғ. екінші жартысында халық ағарту ісі мен мектеп тарихын

(Т.Тажибаев, Г.М.Храпченков т.б.);

- қазақ кеңес мектебінің тарихын (А.И.Сембаев т.б.);

- халық ағарту саласындағы орыс-қазақ достастығын (К.Б.Бержанов);

- кәсіптік білім беру тарихын (Г.А.Уманов т.б.);

-бастауыш мектептегі білім беру мазмұнының дамуы Қазақстан

педагогика ғылымы мен теориясының даму контекстінде (А.Н. Ильясова) қарастырды.

Бастауыш мектептегі білім беру мазмұнымен байланысты мәселелер-

ді теориялық тұрғыдан Ресей және қазақстандық ғалым-педагогтар И.П.Подласый, Т.С.Сабыров, Р.М.Қоянбаев зерттеді. Оның ішінде оқулықтарды құру мәселесімен Ю.К.Бабанский, Т.А.Ильина, И.О.Харламов, Н.А.Сорокин. В.В.Краевский, М.Н.Скаткин, Д.Д.Зуев, И.Я.Лернер, В.П.Беспалько, А.Е.Абылкасымова, Ж.А.Караев, К.А.Аймағамбетова т.б. шұғылданды.

Соңғы жылдары біздер зерттеуге алған мәселені тарихи-педагогикалық аспектіден бірқатар қазақстандық ізденушілер зерттеді:

- бастауыш мектепке мұғалім кадрларын даярлайтын оқу

орындарының даму тарихын (Р.К.Бекмагамбетова);

- Қазақстандағы білім беру жүйесінің генезисі мен даму тенденцияларын (Игибаева А.К);

- бастауыш мектептің даму тарихын (Қ.Т.Ыбраимжанов);

- инновациялық бастауыш мектептің дамуын (И.Н.Шевченко);

- бастауыш білімнің дамуының ғылыми педагогикалық негіздерін

(Ш.Майғаранова),

- бастауыш мектепте математиканы оқыту жөніндегі әдістемелік ой-

пікірдің қалыптасуын (Б.М.Қосанов);

теориялық аспектіден:


  • кіші жастағы оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін (А.Х.Аренова);

  • музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының гумандық

қасиеттерін қалыптастыруды (Ж.Таубалдиева);

  • бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық

технология арқылы дамытуды (А.Б.Медешева);

  • жалпы білім беретін ауыл мектептеріндегі бастауыш сынып

оқушыларына экономикалық тәрбие беруді (Ж.А.Жүнісбекова);

  • педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш сынып

мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін қалыптастыруды (К.І.Аманқұлов);

- бастауыш мектепте математиканы оқытудың мазмұны мен оның құрылымының ерекшеліктерін (Ж.Т.Қайынбаев).

Аталған еңбектерге жасалған талдау олардың бастауыш мектепке катысты болып, оның білім беру мазмұны туралы кейбір ерекше аспектілерін қарастырғанмен тікелей кешенді мәселе ретінде қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының даму тарихын дербес, өз алдына проблема етіп зерттелмегенін көрсетті.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттердің, докторлық және кандидаттық диссертациялардың мазмұндарымен танысып оларға жасалған, талдау біздің зерттеуге алған проблемамыз бойынша арнайы жұмыстың жоқтығын көрсетті. Сонымен бірге «Педагогика тарихы» оқулықтарында бастауыш мектептегі білім беру мазмұнының даму тарихына өз дәрежесінде көңіл бөлінбеген.

Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде Қазақстан Республикасы өз егемендігін алған кезеңнен бергі жаңа позициядан педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосатын мәселелердің бірі бастауыш мектептің білім беру мазмұнының тарихын педагогикалық аспектіден зерттейтін, тұжырымдалған жұмысты жасау қажеттігі ғана емес, сонымен қатар оны жүзеге асыратын қолайлы жағдай да туындады.

Ал біз зерттеуге алған кезеңдегі қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму тарихына байланысты материалдар мен шынайы мәліметтердің толық болмауы, оның дамуы туралы тұтас түсініктің қалыптаспауы бұл мәселені теория және тәжірибе жүзінде деңгейін көтеріп, одан әрі жетілдіруіне мүмкіндік бермей отыр

Бұл жерде бүгінгі таңда біздің республикамыздың жүргізіп отырған білім беру саясатына орай бастауыш мектептегі білім беру мазмұнын жаңартып жетілдіру қажеттігі, теория және тәжірибенің сұранысы мен тарихта жинақталған болашақта қолдануға болатын бай мұраның өз дәрежесінде зерттелмеуі, тәжірибеде жеткілікті пайдаланбауы арасында қарама-қайшылықтың бар екенін байқалады.

Аталған қарама-қайшылық зерттеу проблемасын айқындайды: қандай жағдайда қазақ бастауыш мектебіндегі білім беру мазмұны жетіліп, жаңарып дамитынын анықтаудың қажеттігін көрсетеді.

Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде біздер зерттеуге алған проблеманың өз дәрежесінде зерттелмеуі, бастауыш мектептің білім беру мазмұнының дамуын баяндайтын жұмыстың жоқтығы оның көкейтестілігін көрсетіп, тақырыпты «Қазақ бастауыш мектебіндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы және дамуы (1991–2007 жж.)» деп алуға мүмкіндік берді.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасы қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасу және даму процесі.

Зерттеу пәні: 1991-2007 жылдар аралығындағы қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнын құрайтын нормативтік құжаттар.

Зерттеу мақсаты: бүгінгі таңдағы қоғамдағы болып жатқан демокртиялық өзгерістер позициясынан зерттеуге алынған кезеңдегі қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасып дамуындағы жағымды тәжірибені айқындау; қорыту, жүйелеу және әрі қарай даму тенденцияларын белгілеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер қазақ бастауыш мектебінің білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуын зерттеу бай жағымды тәжірибені айқындауға мүмкіндік берсе, онда ол білім беру мазмұнын жетілдіруде жаңа идеяларды ұсынуға мүмкіндік туындатады, себебі олар әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында жаңартылған білім беру мазмұнының болжамдық моделін жасауға көмектеседі.

Баяндалған ғылыми болжамды дәлелдеу негізіне қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұны жинақталған жағымды және жағымсыз тәжірибені есепке алу, қорыту және бағалау, қолдану негізінде нәтижелі дамиды деген ойдан тұратын жетекші идея алынды.

Проблема, мақсат, объект, пән және ғылыми болжам төмендегідей міндеттерді анықтады:


  • мемлекеттік жүйе өзгергенге дейінгі қазақ бастауыш мектептерінің

білім беру мазмұнының дамуына салыстырмалы талдау жасау;

- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму генезисін айқындау;



  • жаңа тарихи-педагогикалық тұрғыдан қазақ бастауыш

мектептеріндегі білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;

  • қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуының

жағымды және жағымсыз тәжірибесін айқындау және жинақтап қорыту;

- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының әрі қарай

даму тенденцияларын анықтау.

Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде тарихшылардың, педагогтардың халық ағарту мен мектептер тарихы, оның ішінде білім беру мазмұны туралы идеялары, тарихи байланыс және детерминация тұрғысынан қоғамдық құбылыстарды талдау туралы ережелер, қоғаммен құбылыстардың дамуы туралы философиялық ілім, тарихи-педагогикалық құбылыстар мен процестерді талдауда хронологиялық, аксиологиялық, жүйелілік келістер, бүгінгі таңдағы бастауыш мектептердегі білім беру мазмұнының дамуы туралы теориялар алынды.

Зерттеу көздері:

оқу мекемелері және білім беру мазмұнының даму мәселелеріне арналған философтардың, тарихшылардың, педагогтардың еңбектері;

мұрағат материалдары: Қазақстан Респуликасы Орталық мемлекеттік мұрағат, Қазақстан Республикасы Ұлттық білім беру Академиясының мұрағаты;

ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасындағы мектеп-лицей туралы Үлгі Ережесі (1991 ж.), Қазақстан Республикасындағы гимназия туралы Үлгі Ережесі, Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәдени дамуының Тұжырымдамасы (1993 ж.), «Жалпы орта білім беру мазмұнының Тұжырымдамасы» (1995 ж.), Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының Тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы (2007 ж), «2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра бағдарламасы»;

нормативтік құжаттар: Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (жалпы бастауыш білім), қазақ бастауыш мектептерінің оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен танысып оларға талдау жасау, жүйелі-құрылымдық, талдау және синтез, салыстырмалы-тарихи, тарихи-генетикалық, алған нәтижелерді талдап қорыту, ретроспективтік талдау.

Зерттеу кезеңдері.

Бірінші кезеңде (1991-1994 жж.) зерттеуге алынған мәселе бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен танысып, мұрағат, ресми және баспасөз материалдары жинақталып оларға талдау жасалды, ғылыми және ұғымдық аппарат анықталды, қазақ бастауыш мектептерінің және білім беру мазмұнының туындау негіздері мен қалыптасу тарихы туралы шынайы деректік материалдар жинақталды.

Екінші кезеңде (1995-2003 жж.) шынайы деректік материалдарға теориялық талдау жасалды, қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму кезеңдеріне сипаттама берілді, жағымды ғылыми-педагогикалық тәжірибе жинақталып қорытындыланды. Зерттеу тақырыбы бойынша ізденіс нәтижелері түрлі мәжілістерде талданып, баспасөз беттерінде жариялану арқылы сынақтан өткізілді.

Үшінші кезеңде (2004-2007 жж.) зерттеу барысындағы қол жеткізген нәтижелер талданып қорытындыланды, тұжырым жасалды, зерттеу материалдары әдеби және редакциялық тұрғыдан рәсімделіп, диссертация мәтіні жазылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:


  • бүгінгі күн позициясынан қазақ бастауыш мектептеріндегі білім

беру мазмұнының даму процесі сыни тұрғыдан тиянақталды және оның тарихи жағдайларға тәуелділігі көрсетілді;

  • қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының мемлекет-

тік жүйе өзгергенге дейінгі және өзгергеннен кейінгі дамуы салыстырмалы сипатталды;

  • қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму

кезеңдері анықталып, оларға сипаттама берілді;

- Қазақстан ғалым-педагогтарының қазақ бастауыш мектептерінің

білім беру мазмұны туралы құнды пікірлері мен жасаған тұжырымдары жүйеге келтірілді, оларға теориялық талдау жасалды;


  • қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму

тенденциялары анықталды.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • мемлекеттік жүйе өзгергенге дейінгі қазақ бастауыш

мектептеріндегі білім беру мазмұны дамуының салыстырмалы сипаттамасы;

  • қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының тарихи

жағдайға тәуелділігі;

  • қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму

кезеңдері және олардың мазмұнының сипаттамасы;

  • қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұны туралы

республиканың ғалым-педагогтарының құнды пікірлері;

  • қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуында

жаңа жолдарды болжауға мүмкіндік беретін жағымды тәжірибені зерттеу қажеттігінің дәлелдемесі;

- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму тенденциялары.



Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:

  • диссертацияда талданып қорытындыланған қазақ бастауыш

мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуындағы жағымды тәжірибесі болашақта оны әрі қарай жетілдіруге ықпалын тигізеді;

  • зерттеу жұмысындағы жинақталған материалдар, теориялық

тұжырымдар мен ұсыныстарды «Педагогика тарихы», «Педагогика» курсының дидактика бөлімі бойынша оқылатын лекциялар мен семинар сабақтарында қолдануға болады;

  • зерттеу материалдары негізінде жасалған «Қазақ бастауыш

мектептеріндегі білім беру мазмұнының тарихы» атты арнайы курс бағдарламасы мен «Бастауыш мектеп дидактикасы» атты әдістемелік құралын жоғары педагогикалық оқу орындарында пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі басты позициясының әдіснамалақ тұрғыдан дәлелденуімен, қойылған міндеттерді шешуге сай келетін кешенді әдістерді қолдануымен, ғылыми аппараттың баяндалу логикасымен, алынған нәтижелерді дұрыс талдап бағалауға мүмкіндік беретін зерттеу жұмысының жоспарлы түрде жүргізілуімен қамтамасыз етілді.

Зерттеу базасы: ҚР Ұлттық Білім Академиясы мұрағаты, ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағат (Алматы қ.), ҚР ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық білім Академиясының кітапханасы, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы кітапханасы, Абай атындағы ҚазҰПУ -нің кітапханасы.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу.

  1. Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары халықаралық (Алматы 1998,2000,2001,2006,2008), республикалық (Алматы, 2005), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің профессорлары мен оқытушыларының ғылыми теориялық және әдістемелік конференцияларында, «Хабаршы» (2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007 ), «Бастауыш мектеп» (2007, 2008) журнал беттеріндегі мақалаларда жарияланса, «Бастауыш мектеп дидактикасы» атты әдістемелік құрал жарық көрді және Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика-психология факультетінің оқу процесіне «Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының тарихы» атты арнайы курс енгізілді. Барлығы 18 мақала, 1 әдістемелік құрал дайындалды.



Диссертация құрылымы.

Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеуге алынған мәселенің көкейтестілігі дәлелденіп, қарама-қайшылығы, проблемасы, мақсаты, объектісі, пәні ғылыми болжамы, міндеттері, әдістері анықталды, әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы анықталды.

« Қазақстан Республикасындағы қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуының тарихи алғы шарттары » атты бірінші бөлімде салыстырмалы талдау жасау мақсатында кеңес дәуірінің соңғы жылдарында қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнына ықпалын тигізген саяси - әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы және Қазақстан өз алдына егеменді ел болғаннан кейін зерттеуге алынған феноменнің қалыптасуы ашылып көрсетіледі.

«Қазақстан Республикасындағы қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының әрі қарай дамуы (1995-2007 жж)» атты екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы түрлі типтегі инновациялық бастауыш мектептердің ұйымдастырылуы, оларға қажетті білім беру мазмұнының құрылуы қарастырылады және оған байланысты проблемалары сипатталады, қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының жаңа сапалы деңгейге өту жағдайындағы даму тенденциялары баяндалады.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері талданып қорытындыланды, негізгі тұжырымдар баяндалды, ұсыныстар жасалып мәселенің болашақта әрі қарай зерттелу перспективасы белгіленді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мұрағат материалдарын, құжаттар мен әдебиеттерді зерттеп талдау және зерттеу барысындағы қол жеткізген нәтижелер, зерттеуге алынған кезеңдер қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуына республикадағы саяси- әлеуметтік және экономикалық өзгерістер ықпал еткенін екенін байқатты.

Қазақстан Республикасында қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасып дамуының негізіне әлем халықтары, Ресей және Қазақстан педагогика классиктерінің жасаған теориялық ережелері алынды. Аталған мәселенің шешілу жолдары, қайнар көзі Я.А.Коменскийдің, И.Г.Песталоццидің, И.Гербарттың, К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың, М.Н.Скаткиннің т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалады.

Қазақстан Республикасы өз егемендігіне қол жеткізгеннен кейін жаңа қоғам сұранысына сай келетін жаңа білім беру мазмұнын құру қажеттігі туындады.

Республикадағы қазақ бастауыш мектебі мен білім беру мазмұнының дамуына қатысты мәселелер ең алдымен нақтылы–тарихи келістер позициясынан мәселенің шынайы жағдайына толыққанды талдау жасауды, осы саладағы жинақталған жағымды тәжірибені сақтап қалуды және әрі қарай даму жолдарын анықтауды талап етеді.

Мәселенің бұлай қойылуының себебі қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының бүгінгі жағдайы мен оны әрі қарай жетілдіру қажеттігінен туындады.

Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу барысында біз саяси жүйе өзгергенге дейін және өзгергеннен кейінгі уақыттағы қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуына салыстырмалы талдау жасадық.

Бұл міндетті шешу үшін біз Қазақстан Республикасы өз тәуелділігіне қол жеткізер алдындағы кеңес дәуірінің соңғы жылдарындағы біздің еліміздегі саяси - әлеуметтік, экономикалық жағдайларға тоқталып талдау жасауды жөн көрдік. Біздің пікірімізше, жоғарыда аталған жағдайдың сипаты белгілі ғалым-тарихшы, академик М.К.Қозыбаевтың басшылығымен орындалған бір топ авторлардың «Учебное пособие по истории Казахстана с древнейших времен до наших дней» атты еңбектерінде өте жақсы бейнеленген.

Аталған еңбекте XX ғ 80 – жылдарының ортасында Кеңес одағын басқарған М.С.Горбачевтың қоғамды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өзгертуге бағытталған саясаты одан бұрынғы мемлекет басына келгендер сияқты өзін белсенді, демократияшыл реформатор ретінде көрсеткісі келгендігі туралы айтылады. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси акциялар тарихқа «қайта құру» атауымен енді.

Ғалым - тарихшылар сол жылдардағы қоғам дамуын 3 кезеңге бөліп көрсетеді:

«Бірінші кезең - 1985 ж (СО КП ОК апрель пленумы) – 1987 ж.

«Екінші кезең - 1987 ж. жазы мен – 1989 ж мамыры»

«Үшінші кезең - 1989 ж. мамыры мен 1991 ж тамызы»

Бірінші кезеңнің мазмұнын жеделдету концепциясын жүзеге асыру мен тоқыраудан шығу жолдарының бірі маскүнемдікпен, бетімен кеткендікпен күресу, тәртіпті күшейту, республика басшыларының өзгеруі, соның нәтижесінде болған 1986ж. 17 желтоқсан оқиғасындағы әлеуметтік конфликт;


  • популистік әдіс арқылы көзбояушылық өзгерістер жасау;

  • тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге

асырылмауы;

  • партия жұмысында «қазақ басшы орыстар мәселесімен, орыс басшы

қазақтар мәселесімен шұғылдану» қағидасының ұрандатылуы құрайды;

Екінші кезеңде:



  • жеңілдетілген келіс арқылы экономиканы реформалау талпыныс -

тары;

- қоғамдағы өтіп жатқан процестерді «тоқырау» ретінде емес, «кризис»

ретінде сипаттала бастауы;


  • жекеменшік және нарық арқылы мемлекеттің жолы туралы

аксиоманың кең өріс ала бастауы;

  • социалистік нарық моделін құруға талпыныстың (жоспарлау мен

нарықты ұйымдастыруға талпыныс) жүзеге асырылмауы;

  • мемлекеттік кәсіпорындар және кооперациялар туралы шала,

жетілмеген заңдардың шығуы.

Үшінші кезеңде:



  • 1989 жылдың көктемінде өтілген халықтық парламенттің

сайлануы;

  • азаматтық құқықтық қоғамды құрудың шарты ретінде нарықпен

жекеменшікке көшу туралы күрес;

  • демократиялық процестердің дамуы;

  • Қазақстан компартиясының ОК 1989 жылы маусым айындағы

Пленум республикалық партия ұйымының басшысы ретінде Н.А.Назарбаевты ұсынуы;

  • оқиғалардың әрі қарай дамуы негізінде Жоғарғы Кеңес

Н.А.Назарбаевты Қазақ ССР Президенті етіп сайлауы;

  • 1991 жылы 8 желтоқсанында ТМД құрылуы туралы Келісімге және

1991 жылы 21 желтоқсанында келісімнің хаттамасында қол қойылумен КСРО мемлекеттік құрылым ретінде жойылуы;

  • 1990 жылы мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация және 1991

жылы «Қазақстан Республикасының мемлекттік тәуелсіздігі туралы Жоғарғы Кеңестің қабылдаған конституциялық Заңы. Бұл Заңда Қазақстанның тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орны мен рөлі анықталды.

Жоғарыда баяндалған тарихи кезеңдерге тоқталу себебіміз республикадағы біз зерттеуге алған уақыттағы әлеуметтік және саяси жағдайларды анықтап олардың білім беру мазмұнының дамуына жасаған ықпалын көрсету мақсатынан туындаған болатын.

Осы кезде Қазақстан педагогика ғылымында маңызды проблемалардың бірі болған жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі өз шешімін күтті.

Кеңес Одағы Коммунистік партиясының ХХҮІ съезінде алты жасар балаларды жалпы білім беретін мектептердің даярлық кластарында оқытуға біртіндеп көшу жөнінде мәселе қойылды. Соған сәйкес 1981-1985 жылдар аралығында осы бағытта қазақ, ұйғыр, орыс тілдерінде оқытылатын мектептерде тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Балаларды 6 жастан оқытуға болатыны, оған көп мүмкіндік бар екені анықталды. Оның негізінде 1984 жылы мектеп реформасын жүзеге асыру барысында 1986-1987 оқу жылынан бастап алты жасарлар мектепте оқи бастады. Балаларды 6 жастан оқытуға көшуге тиісті жағдай жасала бастайды: мұғалімдер кадрлары даярлана бастайды, балалардың даму дәрежесін ескеру міндеті қойылады. Жалпы білім беретін орта мектеп біртіндеп он бір жылдық оқу мерзіміне, бастауыш білім жүйесіндегі оқу мерзімі – үш жылдан төрт жылға көшірілді. Сол кездегі үш және төрт жылдық бастауыш мектептің программасымен жұмыс істейтін бірінші класта 6-7 жасарларға оқу қатар жүргізілді.

Дегенмен де, алты жасарлар оқуы қолға алынған алғашқы жылы бірқатар кемшіліктер де айқын байқалды. Олар мынадай еді:


  • барлық жерде бірдей жоғары жауапкершілік көрсетілмеді;

  • кейбір мектептер 6 жасарларды оқытуға даяр болмады;

  • жаңаша сабақ жүргізу тәсілдерін меңгермеген, оқытуда және тәрбиелеуде методикалық қателіктер жіберетін мұғалімдер жұмыс

істеді;

  • алты жасар балаларды оқуға қабылдау алдында медициналық

байқаудан өткізу, оларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, күн режимі барлық жерде бірдей дұрыс жолға қойылмады. Осындай кемшіліктердің себебінен біраз оқушылар оқу бағдарламасын өз дәрежесінде меңгере алмады.

КПСС Орталық Комитетінің 1983 жылғы июнь Пленумының нұсқауларына сәйкес «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарының» мақсаты мектептің жұмысын сол уақыттағы кемелденген социализм қоғамының жағдайлары мен қажеттеріне сай келетін сапалық жаңа дәрежеге көтеру болды.

Мектеп реформасының негізгі бағыттары жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп жұмыстарын сапалық жаңа деңгейге көтеру, оқушылардың ғылым негіздерін жан-жақты меңгеруін, жеткіншек жастардың бойында берік коммунистік сенім, еңбексүйгіштік қасиет қалыптасуын, Отанымызға шексіз сүйіспеншілік, оны қорғауға әзір тұруын, пролетарлық интернационализм рухында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге бағытталған. Реформаны жүзеге асыру мектептер жұмысында орын алған кемшіліктерді жойып, оқытуды өнімді еңбекпен байланыстыру негізінде жастарға еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдар беруді түбегейлі жақсартуға, жастардың жалпыға бірдей орта білімін толықтыруға мүмкіндік береді деп есептелді. Бұл мектеп реформасы бойынша жалпы орта және кәсіптік білім беру құрылымы бекітілді (кесте 1).

Кесте 1 – Жалпы орта және кәсіптік білім беру құрылымы.




1

Бастауыш мектеп

1-4 кластар

2.

Орталау мектеп

5-9 кластар

3.

Жалпы білім беретін және кәсіптік орта мектеп

жалпы білім беретін мектептің 10-11 кластары;

орта кәсіптік-техникалық училищелер;

арнаулы орта оқу орындары


Сөйтіп, жалпы білім беретін орта мектеп он бір жылдық болды. Балаларды мектепте оқытуды бір жыл ерте - 6 жастан бастау ұсынылды. Мұның өзі қазіргі кезде балалардың басым көпшілігін қамтып отырған мектеп жасына дейінгі тәрбие беру жүйесінің дамытылуымен, оларды балалар бақшалары мен мектептерде оқыту тәжірибесімен әзірленді. Балаларды мектепте 6 жастан бастап оқытуға көшу 1986 жылдан бастап, бірнеше жыл ішінде іске асырылуы қажет еді.

Осыған орай, жалпы білім беретін бастауыш мектепте оқыту мен тәрбиелеудің мынадай мақсаттары мен міндеттері белгіленді:


  • бастауыш мектеп (1-4 кластар) балаларды жан-жақты дамытудың негізін қалауға, түсініп, мәнерлі оқудың, есептей білудің, сауатты жазудың, жақсы сөйлеудің, мәдениетті мінез-құлықтың берік дағдыларының қалыптастырылуын қамтамасыз етуге тиіс;

  • ол оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке адал көзқарасты, Отанға сүйіспеншілікті тәрбиелеуге тиіс;

  • бастауыш мектепте оқу мерзімінің бір жылға ұзартылуын, сондай-ақ балаларға дене тәрбиесін беруді жақсарту, музыка және бейнелеу өнерімен айналысу және айналадағы табиғатты танып-білу үшін пайдалану керек. (Кесте 2)

Кесте 2 – 1984-1985 оқу жылында пайдаланылған оқулықтар




Авторлар

Пән аттары

1-класс

1.

Р.Әмірова, А.Бәкірова

Қазақ тілі

2.

Т.Қордабаев

Ана тілі

3.

Р.Д.Есенжолова

Қазақ мектептеріне арналған орысша әліппе

4.

М.И.Моро.

Математика

2-класс

1.

М.Балақаев

Қазақ тілі

2.

Қ.Арғынов, Г.Сүлейменов

Ана тілі


3.

М.И.Моро.

Математика

4.

З.А.Клепнина

Табиғаттану (шағын комплексті мектептердің 2-3 кластарына арналған)

5.

А.Ф.Нармухамедова, Г.А.Бадамбаева

Орыс тілі



3-класс

1.

М.Балақаев, М.Әміров

Қазақ тілі

2.

Т.Әбдірахманов, С.Рахметова

Ана тілі


3.

С.А.Пчелко

Математика

4.

Д.Тұрсынов, С.Масғұтова

Орыс тілі



5.

А.Мельчанов

Табиғаттану (3-4 класс)

Көптеген жағымды жақтарына қарамастан реформада көзделген шараларды жүзеге асырудың қарқыны мен тереңдігі бірқатар білім саласында қызмет істейтін ғалымдарды, тәжірибелі педагогтарды қанағаттандырмады. Себебі олар реформаның негізгі бағыттарының рухы мен мәнін әлі де жете түсініп, ірі өзгерістерге бетбұрысын пайымдай алмады. Осы аталған себептерге байланысты мектеп реформасы өз дәрежесінде жүзеге асырылмай қалды. Оған қоғамдағы тоқырау және әлеуметтік–экономикалық сферадағы дағдарыс негізгі себептердің бірі болды.

Білім беру жүйесінің дамуына ықпалын тигізген әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайларына, қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнына қатысты мәселелерді зерттеуге арналған жұмыстар мен мұрағат материалдарына жасалған талдау инновациялық процестерді қорытындылап зерттеуге алынған феноменнің қалыптасып дамуын шартты түрде екі кезеңге бөліп көрсетуге мүмкүндік берді:

1 кезең - 1991-1994 жылдар. Бірінші кезеңді біз «Егеменді Қазақстан және қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы» деп атадық.

2 кезең - 1995-2007 жылдар. Бұл кезеңді «Қазақстан Республикасындағы қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының әрі қарай дамуы» деп тұжырымдадық .

Әрбір кезеңнің қоғамның саяси- әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуына, мектепке қойылатын талаптарға байланысты өзіндік ерекшеліктері бар.

Бірінші кезеңге ( 1991- 1994 жж.)

-тәжірибелік сипаттағы инновациялық ізденістер тән болды;

-жаңадан ұйымдастырылған лицей мен гимназиялар негізінен қабілеттері жоғары оқушыларға бағытталған жұмыстың жаңа ұйымдастыру формалары іздестірілді;

- көптеген мектептер профильдік іріктеуге бағытталды;

-профильдік оқыту кейбір пәндерді тереңде оқытуға негізделді;

-басым көпшілігінде білім беру мазмұнын өзгертуге бағытталмай оқу процесін ұйымдастыру мен байланысты жаңалықтар кеңінен таратылды;

-білім мөлшерінің өсуі және күрделенуі оқушылардың шамасынан тыс болып денсаулықтарына кері әсерін тигізді;

-заңнамалық база қалыптаса бастайды. Қабылданған білім беру іс-әрекетін реттейтін негізгі заң актілерінің бірі ол «Білім туралы» Заң (1992) болды;

-осы жылдары бірқатар тұжырымдамалар мен мемлекеттік бағдармалар қабылданып бекітілді. Олардың қатарында «Білім беруді мемлекет тарапынан қолдайтын Ұлттық бағдарлама», «Жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік комплекстерді даярлау және шығарудың мақсатты бағдарламасы» болды. 1991 жылы Казақстан Республикасындағы гимназия және мектеп-лицей туралы Үлгі Ережелер жарияланды.

Екінші кезең (1995-2007жж.)

-мемлекеттік базистік оқу жоспарының, бастауыш білімнің тұңғыш мемлекеттік стандартының қабылдануымен, (1998 ж.), кейіннен ( 2003 ж.) өзгертілген жаңа нұсқасының ұсынылуымен,

-«Гимназия туралы Ереже», «Лицей туралы Ереже» ( 1996 ж.) жариялануымен сипатталады.

Білім беру мазмұны – дидактикалық категория. Табиғаты жағынан өте күрделі және көп қырлы. Сондықтан білім беру түсінігіне оқытудың нәтижесі ретінде білім, білік, дағдыларды ғана емес, оқушының іс-әрекет пен қарым-қатынасының үздіксіз барысында мінез-құлықтық ұстамдарында сындарлы ойлау жасау, бағалау біліктеріне де назар аудару керек.

Ал бұл мәселенің өзінің ғылыми негізі бар.



  • білім ретінде белгіленген танымдық іс-тәжірибесі;

  • біліктер түріндегі белгілі іс-әрекет тәсілдерін жүзеге

асыру тәжірибесі үлгісімен жұмыс істеу;

  • шешімі табылуға тиісті түрлі мәселелердің нәтижесіне

жету біліктері түріндегі шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;

  • тұлғаға бағдарлануы түріндегі сезімталдық – құндылық

қатынастарды жүзеге асыру тәжірибесі.

Дидактикалық қөзқарас тұрғысынан бұлар оқытудың технологиясымен тығыз бірліктегі оның мазмұндық жағын ашып береді. Осыған байланысты жалпы бастауыш білім беру мазмұнын іріктеудің негізі талаптарын, бастауларын анықтауға болады. Олар:



  • жалпы бастауыш білім беру мазмұнының дамып отырған гуманистік демократиялық қоғамның негізгі талаптарына сәйкес келу принципі;

  • оқу материалын құру және жобалауда оқытудың мазмұндық және технологиялық жақтарының бірлігін есепке алу принципі;

  • жалпы бастауыш білім беру мазмұнының оқушының тұлғалық дамуы мен қалыптасуын есепке алудың құрылымдық бірлігі принципі. Міне, осы принциптер білім беру мазмұнына нені ендірудегі басты бағдарлар болып табылады.

Осы принциптерге сәйкес жалпы бастауыш білім беру мазмұнын таңдап алу шарттары бар:

- білім беруді дамыту бағдарламасындағы жалпы бастауыш білім беру міндеттерінің тұтас бейнеленуі;

- оқу бағдарламаларындағы білім беру материалдарының жоғарғы ғылыми тәжірибелік мәнінің болуы;

- бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне білім беру материалдарының сәйкес болуы;

- білім беру мазмұнының оны оқуға бөлінген уақытқа сәйкестігі;

- білім беру мазмұнын белгілеудің халықаралық тәжірибесін есепке алу;

- қазіргі мектептің оқу - әдістемелік және оқу материалдық базасына сәйкестігі. Міне, бұл жалпы бастауыш білім берудің жалпы дидактикалық шарттары.

Қазіргі кезде жалпы бастауыш білім берудің принциптері мен шарттарын таңдап алдың, оның бағдарын анықтаудың құралы - мемлекеттік білім беру стандарты болып отыр. Білім беруді стандарттау - ұлттық модель негізінде әлемдік білім беру кеңістігіне ену, жалпы бастауыш білім берудін мемлекеттік және жеке оқу орындарына біртұтас білім деңгейін қамтамасыз ету. Білім беру стандартын қазіргі педагогика ғылымының дамуының жаңа деңгейі деп қарау керек

Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында:

-қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу өнері, музыка, сауат ашу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлеміне өзгерістер енгізілді;

- оқушылар дайындығының деңгейін анықтау өлшеуіштері айқындалды;

-оқушылардың дайындық деңгейін бақылайтын көрсеткіш ретінде тест тапсырмаларының үлгісі жасалды т.б.

Осы тұста білім беру мазмұнының қалыптасып дамуына Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің алғашқы мемлекеттік стандартының авторлары сол кездегі Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемалары институтының бастауыш білім беру лабораториясының меңгерушісі К.Ж.Жүнісова, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ғалымдары С.Рахметова, Т.Оспанов, Г.Уайсова, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының ғылыми қызметкерлері П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова, Г.Бадамбаева, З.Айдарова, Ш.Құлманова, Т.Оралбекова, М.Тұрыскелдиева елеулі үлесті қосты.

Олар стандарт жасау барысында мына мәселелерді басты назарда ұстады:

1) шешуді қажет ететін келелі мәселелер;

2) өткен тәжірибедегі жетістіктер;

3) сол саланың әлемдік деңгейдегі даму тенденциясы.

Бастауыш білімнің алғашқы мемлекеттік стандарты біздің республика

мызда 1998 жылы қабылданды. Оның құрылымы төмендегідей түзілген еді:

1. Жалпы сипаттама.

1.1 Бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері. Білім мазмұнының құрамы.

1.2 Стандарттың құрылымы. Білім беру салалары.

2. Базалық (инварианттық) білім мазмұны.

3. Бастауыш сыныпты бітіретін оқушы дайындығы деңгейін тексеруге арналған тапсырмалар.

Бірақ бұл стандарттың құрылымы мемлекеттік стандарт талабына сәйкес жасалмағандықтан, мемлекеттік стандарттау ұлттық орталығында тіркеуден өтпеді. Сондықтан 2002 жылғы Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының құрылымын білім мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы дайындаған болатын.

Жалпы бастауыш білім стандарты Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым Министірінің бұйрығымен 2002 жылы бекітіліп 2003 жылы жарық көрген болатын.

Аталған мемлекеттік стандарттың жаңа құрылымы мынадай мазмұнда ұсынылды:

1. Қолдану аймағы.

2. Нормативтік сілтемелер.

3. Анықтамалар және қысқарған сөздер.

4. Жалпы ережелер.

5. Пәннің жалпы сипаттамасы.

6. Оқу бағдарламаларының түрлері және олардың мазмұны.

7. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі.

8. Пән бойынша оқу бағдарламаларының базалық мазмұны.

9. Оқушылардың пән бойынша дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

10. Пән бойынша бастауыш жалпы білім мазмұнын құруға және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар (Кесте 3 ).
Кесте 3 - Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттарының салыстырмалы құрылымы.

1998 жылғы Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының құрылымы


2003 жылғы Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының құрылымы


1. Жалпы сипаттама.

1.1. Бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері. Білім мазмұнының құрамы.

1.2 Стандарттың құрылымы. Білім беру салалары.

2. Базалық (инварианттық) білім мазмұны.

3. Бастауыш сыныпты бітіретін оқушы дайындығы деңгейін тексеруге арналған тапсырмалар.



1. Қолдану аймағы.

2. Нормативтік сілтемелер.

3. Анықтамалар және қысқарған сөздер.

4. Жалпы ережелер.

5. Пәннің жалпы сипаттамасы.

6. Оқу бағдарламаларының түрлері және олардың мазмұны.

7. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі.

8. Пән бойынша оқу бағдарламаларының базалық мазмұны.

9. Оқушылардың пән бойынша дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

10. Пән бойынша бастауыш жалпы білім мазмұнын құруға және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар.

Жаңадан қабылданған бастауыш білім стандартында пәннің мақсаты, міндеттері белгіленді. Стандарт құрылымы негізгі ғылыми талаптарға сәйкес жүйеленді, базалық білім мазмұны нақтыланды, оқушылар біліміне қойылатын талаптар айқындалды, «білім», «білік» ұғымдары жүйеленіп, ғылыми тұрғыдан негізделді. Онда берілген пәндер бойынша берілетін білімнің басқа пәндермен сабақтастығын айқындау, дамыта оқытудың мүмкіндіктерін қарастыруға қатысты негізгі көрсеткіштерге баса көңіл бөлінді. Оқушылар білімін бағалау тәсілдері жасалды. Білім стандартының компоненттеріне оқушы білімін бағалау және тексеру жүйесі енгізілді. Бұл жүйеде білімді бағалау талаптары мен ережелері ескеріліп, оның жаңа білім мазмұны мен оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейінен шығу жағына баса назар аударылды.

Бұндай негізгі мақсаттарға жету үшін 2003 жылы қабылданған білім стандартында төмендегідей міндеттерге көңіл бөлінген болатын:

- мектепке дейінгі тәрбие үрдісін ескеріп, сабақтастыру;

- оқушының қоршаған дүние мен әлеуметтік ортаға бейімделуі;

- оқу әрекеттерінің икемділігін, оқуды негізгі сатыда одан әрі жалғастыруға қажетті жалпы білімділіктің бір деңгейін меңгеру;

- өзінің өзгелермен қатынас мәдениетін, эстетикалық және экологиялық нормаларды қалыптастыру;

- дүние туралы ең қажетті түсінік алу (көркем және ғылыми-бұқаралық әдебиет материалдары бойынша дүниенің ғылыми бейнесі туралы білім элементтерін);

- мемлекеттік стандартта белгіленген бастауыш білімнің ең қажетті минимум мазмұнын, әрбір пән бойынша оқушыларға қойылатын талаптарды айқындау;

- әрбір пәнге жалпы сипаттама беріліп, оқу жүктемесінің жалпы көлемі, оқу бағдарламаларының базалық мазмұны белгілеу.

Жетілдірілген білім стандартында оқушылардың әл-қуатына, қызығушылығы мен икемділігіне қарай, оның шығармашылық мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамытуына жағдай жасай отырып, міндетті (минималдық) деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді.

Өз елінің, Отанының, ұлтының тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, табиғаты, табиғи байлығы тұрғысынан білім беру негізінде оқушының оқу әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаны дамытуға, қарым-қатынас мүмкіндіктерін тәрбиелеуді жүзеге асыруға білім мазмұнын бағыттау міндетін бағдарға алды.

Бастауыш буын үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы бола отырып, оқушының жеке тұлғасының психологиялық дамуына негіз салады. Айналадағы дүние, адаммен қарым-қатынас арқылы эмоционалдық, интеллектуалдық, коммуникативтік, іскерлік жақтары жетіледі. Өзін-өзі басқару, өз пікірін дәлелдеу, керекті жерінде өз білімін қолдану икемдігі қалыптасады.

Білім берудің мемлекеттік стандартында мектеп алдында, мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы тәрбиесінде қалыптасқан әр бала бойындағы табиғи бейімділік нышандарын одан әрі дамытып жетілдіру мәселесі де ескерілген.

Ал бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартын жетілдірудегі маңызды мәселелердің бірі – бастауыш білім мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтау болды. Адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің жас ұрпаққа беретін үлгісі ретінде заман талабына сай жетілдірілген білім мазмұнын жүзеге асырушы құрал – базистік оқу жоспары. Бұл нормативтік құжат оқушылардың өз болмысын тануын, біртіндеп туындап отыратын талап-тілегін сезініп, өзін-өзі басқаруын, ынта-ықыласына сай білім алуын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Білім мазмұнының тұрақты жүктемесі сияқты бағдарлы пәндер, қолданбалы және таңдау курстарынан тұратын жылжымалы оқу жүктемеде тұтас қаржыландырылуы қажет. Егер бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтар тұрғысынан оқу жүктемесінің жылжымалы бөлігі қаржыландырылмаса, мектептің жаңа моделінің басты идеясы жайына қалып, әлемдік білім кеңістігіне кіруі мүмкін болмайды. Сөйтіп, еліміздің болашағының, әлеуметтік, рухани, мәдени серпілісінің қозғаушы күші – білім беру жүйесінің міндеті толық мағынасында орындалуы оның мазмұндық және процессуалдық аспектілерін демократияландыру құралдарына да байланысты. Әр мектептің жеке оқу жоспарын құруға негіз болатын, олардың әрқайсысының өзіндік бет-бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін типтік оқу жоспары – білім беруді демократияландыруды бір құралы.

Базистік оқу жоспары жаңа нормативтік құжат ретінде жалпы орта білім негізін анықтады, мемлекеттің, жеке тұлғаның, жергілікті жердің мүддесін үйлестірді. Онда мектеп құрылымын өзгертудегі заман талабына сай ұсынылып отырған білім мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтаудағы және соған сай оқу жүктемесінің жіктелуіндегі ұстанымдар сипатталды. Басқаша айтқанда, базистік оқу жоспары жалпы білім беретін мектеп дамуының және онда берілетін білім мазмұнының тұжырымдалған бейнесі болды. Базистік оқу жоспарында білім мазмұнында алты компонент міндетті түрде болуы керек: ақыл-ой, адамгершілік, тіл-қатынас, эстетикалық, еңбек ету, дене шынықтыру әрекеттері. Білім мазмұнында осы алты компоненттің міндетті түрде болуы керектігін В.С.Леднев ғылыми түрде жеке тұлға, әрекет теориялары тұрғысынан дәлелдеген. .

Мектептегі оқу пәндері, оның ішінде бастауыш мектеп пәндерінің жиынтығы, олардың әрқайсысының аталуын және мазмұнын анықтауға ғылыми негіз болмаса әр түрлі көзқарастар ағымында кетіп қалған болар еді. Оқу пәндерін нақтылау мәселесінің астарында қазіргі заман сипатының негізгі көріністерінің бірі – ғылым салаларының қауырт дамуына байланысты туындаған ғылыми білім жіктемесі жатыр. Осыған орай, базистік оқу жоспарын құруда авторлар В.С.Ледневтің ұсынған білім мазмұнының құрамын анықтау заңдылықтарына сүйенген болатын.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы жалпы бастауыш білім берудің негізгі оқу бағдарламаларын іске асыратын буын болып табылады. Әр пән бағдарламасының мазмұны өзіне тән түсініктер мен ұғымдар жүйесін біріктіретін, құрылымдық-генетикалық жағынан өзара тығыз байланысты, ғылыми түрғыдан негіздемесі бар.

Оқу бағдарламаларының негізіне алынған басты ұстанымы - білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеру мен оқу әрекетін калыптастыруды оқушы дамуының басты шарты ретінде қарастыратын дамыта оқыту идеясы.

Осы ұстанымдарға сай оқу бағдарламаларында:

- оқушы меңгеруі тиіс мазмұн ретінде онда әртүрлі ситуацияларға еркін араласуы арқылы қалыптасып, дамитын қабілет немесе қолданылуына сәйкес жүйеленген білім түріндегі ойлау, коммуникативтік және ізденіс әрекеттерінің үлгілері мен тәсілдері карастырылады;

- әр пән ойлау мен іс-әрекет тәсілдерінде өрбіп даму мүмкіндігі бар түсініктер мен үғымдар жүйесі түрінде кұрылады.

Жоғарыда ұсынылған идеяларды басшылыққа ала отырып базистік оқу жоспарының мазмұнына мынандай оқу пәндері енгізілген болатын. Олар қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану,бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Білім беру мазмұнын құрайтын компоненттерінің бірі - оқулықтар. Жаңа буын оқулықтарының бұрынғы оқулықтардан негізгі ерекшеліктері: оқулықтарды қазақстандық авторлар құрамының жазуы және осы оқулықтарда қазақстандық ақын-жазушылардың, суретшілер мен сазгерлердің шығармалары мен ғалымдар еңбектерінің берілуі;


  • мәтіндер Кеңес идеологиясы (коммунист – капиталист, бай – кедей) тақырыбының ықпалынан арылғандығы;

  • материалдарда тарих, әдет-ғұрып, батырлар жырлары, ұлағатты ақыл-ойшылдардың нақыл сөздері, бір сөзбен айтқанда азаматтық-елжандылық сезімдерін оятатын этномәдени белгілерді қамтуы.

Алайда төл оқулықтардың бәрі бірдей мінсіз деуге болмайды. Кейбір оқулықтардың сапасы ойдағыдай болмағанын да айта кеткен жөн. Сөйтсе де, біз кемшіліктерді әр пән бойынша сараламай жалпы олқылықтарға тоқталдық. Олар төмендегідей:

  • білім мазмұнында шығармашылық міндеттердің шешілуі, қабілетті дамыту кең түрде қарастырылмаған;

  • оқулықтарда дамыта оқытудың мүмкін үлгілері толық қамтылмаған;

  • оқулық мазмұнында міндетті және мүмкіндік деңгейлері, саралап оқыту жүйесі дұрыс жолға қойылмаған;

  • көптеген оқулықтар мәтін, сұрақ, тапсырмамен шектелген.

Жоғарыда көрсетілген және тағы басқа аталмаған кемшіліктерді ескеріп, жаңа буын оқулықтарын шығару барысында жинақталған тәжірибелерді, педагогикадағы озық идеялар мен жаңа технология, жаңа үрдістермен қаруланып болашақтың жаңа типті оқулықтарын дайындау сияқты жауапты да маңызды жұмыс алдымызда тұр. Ол оқулықтар бұрыннан келе жатқан сапалы, ғылыми түсінікті, қысқа, дәл, тілі жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен педагогика талаптарына сай келуімен бірге, оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне ықпал ететін, сұхбаттасып, кеңес беретіндей деңгейде жазылуы қажет. Оқулықта ізгілендіру, дифференциялау (саралап), интеграциялау, гуманитарландыру, экологияландыру принциптері жүзеге асырылуы тиіс.

Қазақстан педагогика ғылымындағы бастауыш білім беру сатысының білім беру мазмұнының даму проблемасы, оның қалыптасу тарихы біршама уақыттан бері ғалымдар назарынан тыс қалып жүрді. Тіпті арнайы зерттеу обьектісі болған жоқ десек те қателеспейміз.

Бірқатар педагогикалық еңбектер жарық көргенмен (Т.С.Сабыров, Р.М.Қоянбаев, С.Р.Рахметова, Қ.А.Аймағамбетова, А.Е.Абылқасымова,

Б.М.Қосанов және т.б) олар негізінен бастауыш мектептегі білім беру мазмұнын теориялық және әдістемелік аспектісін зерттеуге бағытталған. Бұл жерде тек И.Н.Шевченконың диссертациялық еңбегін ғана ерекше атап өтуге болады. Бірақ бұл диссертациялық еңбекте білім беру мазмұны инновациялық бастауыш мектептердің даму тарихы контекстінде қарастырылады. Сөйтіп аталған еңбектерде Қазақстан Республикасы өз алдына егеменді ел болғаннан кейінгі уақытта оның бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен даму тарихы тұтас бейнеленбейді. Ал бұл жағдай қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуындағы өткен тарихи жолдарын, жағымды нәтижелерін, кеткен олқылықтарын, кемшіліктерін ғылыми тұрғыдан терең тұжырымдау қажеттігін айқын көрсетті

Ал біздің зерттеуіміз де Қазақстандық ғалым-педагогтардың жинақтаған жеткілікті дәрежедегі бай мұрасына толығынан талдау жасап оған сипаттама беруді міндет етіп қойған жоқ. Себебі ол - бір емес бірнеше зерттеу жұмысына обьект боларлықтай көлемді мәселе. Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыз Қазақстан егемендікке қол жеткізген жылдардағы бастауыш білім беру мазмұнының дамуындағы қол жеткізген жетістіктерді айқындап, жүйелеуге және одан әрі даму бағыттарын көрсетуге бағытталды.

Ғылыми – педагогикалық әдебиеттер мен мұрағат материалдарын зерттеу негізінде және алға қойған міндеттерге сай біздер қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасып дамуындағы үш кезеңді бөліп, қисындап мазмұндадық.

Келтірілген қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен даму кезеңдері, біздің пікірімізше, зерттеуге алынған феноменнің даму динамикасын көрсетеді. Сонымен қатар бұл бөлініс Қазақстан Республикасы қазақ бастауыш мектебіндегі білім беру мазмұнының маңызды құрылымдық компоненттерін құрайтын білім беру стандартының, оқу бағдарламаларының, оқу құралдарының, оқу жоспарларының, оқу - әдістемелік кешенді құрайтын нормативтік құжаттардың туындап әрі қарай дамуын байқауға мүмкіндік берді.

Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму кезеңдерінің республиканың әлеуметтік – экономикалық, саяси және мәдени дамуына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар. Біз әрбір кезеңнің мазмұнын біздер білім беру мазмұнын құрайтын негізгі компонентерінің зерттелу дәрежесі позициясынан талдадық. Біз зерттеу жұмысының нәтижесінде бастауыш мектептердегі білім беру мазмұнының басты құрамды бөлімдерінің негізі ХХ ғ. 90 жылдарында қаланғанына көз жеткіздік. Диссертациялық жұмысымызда біз негізінен білім беру стандарты, оқу бағдарламалары және жаңа буын оқулықтарына көңіл бөлдік.

Қазақстан Республикасының қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасу тарихына кірісерде біз кеңес дәуірінің соңғы жылдарындағы қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму тарихына қысқаша салыстырмалы шолу жасауды жөн көрдік. Бұндай шолу негізінен Қазақстандағы саяси жүйе өзгергенге дейінгі білім беру мазмұнын құрудағы жағымды тәжірибені айқындап, оны бүгінгі күн тәжірибесінде қолдану мүмкіндігін белгілеу үшін қажет еді.

Қазақстан педагогикасындағы теориялық, тарихи-педагогикалық еңбектерге жасалған талдау, мұрағат материалдарын зерттеу және зерттеуге алынған феноменнің даму кезеңдерінің мазмұны бізге төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

- біз зерттеуге алған жылдардағы қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасып дамуы қоғамның түбегейлі өзгеріске ұшырап, жаңа бастаулары қабылданған жағдайда өтті. Оларды біз бірнеше кезеңге бөлдік. Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшелігі айқындадылды. Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының маңызды құрылымдық компоненттері (жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты, оқу бағдарламалары, оқу жоспары, оқулықтар т.б.) туындап дамыды;

- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуында хронологиялық, жүйелілік, құндылық, салыстырмалы келістерден жасалған талдау қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнын құрайтын құрылымдық компонентерінің арасындағы өзара байланысын көрсетті;

- мемлекеттік жүйе өзгергенге дейінгі еліміздегі білім беру жүйесін құрайтын нормативтік құжаттар одақтың орталығынан жіберіліп отырды. Бұл жағдай ұлттық-мемлекеттік ерекшелікті ескеруге мүмкіндік бермеді, ұлттық сананың қалыптасуына нұқсан келтіріп, халық дәстүрлерін жоюға алып келді. Білім беру мазмұнын құрайтын компонентінің бірі «Қазақ тілі», «Ана тілі» оқулықтары мен оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын ғана жергілікті ғалымдар жасады. Ал ол қазақ бастауыш мектептері үшін жеткіліксіз еді;

- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденциялары зерттеуге алынған жылдардағы жинақталған жағымды және жағымсыз тәжірибені айқындап және 2006 жылы ұйымдастырылған республикалық «Оқулық» орталығының іс-әрекетін талдау, қорыту негізінде ғана мүмкін;

- адамзаттың тарихи даму кезеңдерінің қайсысын алсақ та жас ұрпаққа білім беру мәселесі белгілі бір педагогикалық деңгейде қаралып келгенін өткен тәжірибеге ғылыми – теориялық шолу дәлелдеді;

- диссертациялық еңбекте 1998 жылдан бастап өмірге келген бастауыш білім берудің жалпыға міндетті білім стандарттары жаңа деңгейдегі педагогикалық құбылыс ретінде танылуы заңды. Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптары, ол талаптарға сәйкес жасалған оқу - әдістемелік кешендер, олардың тәжірибелік эксперименттік алаңдарда сынақтардан өткізіліп, жаппай педагогикалық тәжірибеге ендірілуі тарихи деректердің негізінде жан-жақты дәлелденді.

Зерттеу проблемасына байланысты төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:


  • Қазақстан Республикасының бастауыш мектебі, ондағы білім мазмұны ғасырлар бойы қалыптасқан бай педагогикалық тәжірибенің мұқият сараланған жалғасы, әлемдік білім ауқымындағы өз орны бар құбылыс деп қарауымыз керек;

  • қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму тарихына қатысты проблемаларды зерттеуде нақтылы-тарихи жағдайларды, ұлттық мемлекеттік ерекшеліктерді, құндылық бағдарларды ескеріп, зерттеуге алынған феноменге обьективті түрде баға беру керек;

  • бастауыш білім беретін мұғалімдер құзіретінде қалатын пәндер айқындалып, шығармашылықпен қалыптасқан тәжірибе және ғылыми ұсыныстар негізінде жалпыға міндетті бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарттары деңгейінде шешілуі қажет;

  • қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму тарихын педагогикалық оқу орындарында оқытылатын «Педагогика» және «Педагогика тарихы» курстарының мазмұнына енгізу қажет.

Жүргізілген зерттеу жұмысы ғылыми болжамның дұрыстығын дәлелдеді. Сонымен бірге зерттеуге алынған мәселенің көп аспектілі болуына байланысты біз бір жұмыстың аясында мәселені толығынан қарастырдық деп есептемейміз. Зерттеу жұмысымыздың шеңберінен тыс қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының әрі қарай дамуына маңызды әсерін тигізетін әлі де бірқатар мәселелер қалды.

Қорыта келе айтарымыз зертеу тақырыбына байланысты жұмысты әрі қарай әдістемелік құралдар, нұсқаулар, арнайы курстар даярлау мен жалғастырамыз деп ойлаймыз.


Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды

1 Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің педагогикалық шеберлігі мазмұнының бағыттары. «Үздіксіз педагогикалық білім берудің үрдісі мен стратегиясы» // Халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Алматы, 1998.-235-239 б.

2 Жаңа мазмұнды бастауыш білім берудің педагогикалық негіздері // Материалы Межвузовского сборника научных трудов «Теория и практика реализации госстандарта при подготовке будущих учителей начальных классов».- Алматы, 2000. - 81 – 84 б.

3 Бастауыш мектептің оқу-әдістемелік кешенінің ғылыми- педагогикалық негіздері // Вестник АГУ им.Абая. Серия «Педагогические науки».- Алматы, 2001.-№ 3.-28-30 б.

4 Бастауыш мектеп - білім берудің қайнар көзі // Материалы Международной научно-практической конференции «Духовное наследие народов Казахстана и школьное образование».- Алматы, 2001.-218-220 б.

5 Бастауыш мектептегі білімнің жаңа мазмұнының негізгі бағыттары // Вестник АГУ им.Абая. Серия «Педагогические науки».- Алматы, 2002.-№3.-32-35 б.

6 Бастауыш білім беру мазмұнының кейбір мәселелері // Вестник АГУ им.Абая. Хабаршы. «Психология – педагогика сериясы». - Алматы, 2002. - № 2 (7). - 33-35 б.

7 Бастауыш мектеп дидактикасы. Әдістемелік құрал.- Алматы, 2002.- 38 б.

8 Бастауыш мектептегі білімнің жаңа мазмұнының негізгі бағыттары // Вестник АГУ им.Абая. Хабаршы. «Психология – педагогика сериясы». - Алматы, 2002. - № 2 (7). - 67-69 б.

9 Қазақстан Республикасының қазіргі бастауыш мектептеріндегі білім мазмұны // Вестник АГУ им.Абая. Хабаршы. Серия «Педагогические науки».- Алматы, 2003.-53-56 б.

10 Бастауыш білім берудің дамуының тарихи кезеңдері мен қалыптасуы // Вестник АГУ им.Абая. Хабаршы. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы.- Алматы, 2004.- № 1 (5).- 46-48 б.

11 Оқу - әдістемелік кешенінің дидактикалық маңызы // Вестник АГУ им.Абая. Серия «Педагогические науки».- Алматы, 2004.- 25-27 б.

12 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін дамыту мен жетілдірудің жолдары // Вестник.Хабаршы. КазНПУ им.Абая. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы.- Алматы,2004.-33-35 б.

13 Бастауыш мектепте білім беру мазмұнын жаңартудағы кейбір мәселелері // «Жаңашыл мұғалім» атты Республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары.- Алматы, 2005. -№ 3.-89-91 б.

14 12 жылдық мектеп жалпы білім беру саласындағы педагогикалық процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері // «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары.- Алматы, 2006.-37-39 б.

15 Бастауыш мектепке арналған төл оқулықтардың ұлттық ерекшеліктері // Мектепке дейінгі және бастауыш білім: қазіргі жағдайы, даму тенденциялары және мәселелері. Халықаралық ғылыми – практикалық конференция. -Алматы, 2007.- 520-524 б.

16 Тарихи кезеңдердегі ғылыми-тәжірибелік білімдер Қазақстан Республикасындағы бастауыш мектептің және білім берудің дамуының алғы шарттары // Вестник. Хабаршы. Каз НПУ им.Абая. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы.- Алматы, 2007.-№ 4 (15).-45-49 б.

17 Қазақстан Республикасындағы бастауыш мектептің және білім берудің дамуының алғышарттары // Бастауыш мектеп. Алматы, 2007.-№12.- 26-28 б.

18 Бастауыш мектепте білім мазмұнын жетілдіру. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (2008 ж.6 ақпан) Қазақстан халқының әл-ауқатын көтерудің негізгі бағыттарын жүзеге асыру // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Алматы, 2008.-94-96 б.

19 Бастауыш мектепке арналған төл оқулықтардың ұлттық ерекшеліктері // Бастауыш мектеп. Алматы,2008.-№ 1.-5-7 б.



следующая страница>


Қыяқбаева Ұлбосын Қозыбаевна Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуы
458.79kb.

01 10 2014
2 стр.


Ақпараттық хат Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, психология және педагогика факультеті мен мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға бағытталған «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы»

53.4kb.

25 12 2014
1 стр.


ШӘріпжанова ғалия ғабдоллақызы қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

486.57kb.

14 12 2014
3 стр.


І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім және тәрбие беру мазмұн

Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары

580.9kb.

17 12 2014
4 стр.


Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен

765.08kb.

13 10 2014
6 стр.


Негізгі жұмыс орны ұйымның, министрліктің, ведомствоның атын көрсетумен, қаласы, қызметі

Оқыту мен тәрбие теориясы мен әдістемесі бастауыш, орта және жоғары білім беру саласындағы бейнелеу өнері, 13. 00. 08 – Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі мамандықтар

255.93kb.

25 12 2014
1 стр.


Бастауыш, негізгі орта білім беру қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін
60.02kb.

16 12 2014
1 стр.


«управление образования акимата костанайской области»

Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынастар деңгейін бағалау үшін білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ақпаратқа ата-аналар мен оқушылардың сұранысын белгілеу және қана

575.69kb.

05 09 2014
4 стр.