Перейти на главную страницу
Жаңаарқа 2012
№ |
Бөлім атауы |
беті |
1
|
БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
|
3 |
2
|
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
|
9 |
3
|
АЙМАҚТЫ ДАМУЫНДАҒЫ КӨЗҚАРАС
|
40 |
4
|
БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ, БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
|
43 |
5
|
ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР
|
62 |
6
|
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
|
63 |
Атауы |
Жаңаарқа ауданының 2011 - 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіз |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы. |
Аймақтың негізгі сипаттамалары |
Жаңаарқа ауданының аумағы 5088347 га жерді құрайды. Аудан бойынша 600 шаруа қожалықтары, 3 АТК, 1 ЖШС және 1АҚ тіркелген. Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 710529 га, оның ішінде егістік жер - 38502 га, шабындық жер - 14550 га, тыңайған жер -4403 га, өріс алқабы - 63298 га. Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 710529 га, оның ішінде егістік жер - 38502 га, шабындық жер - 14550 га, тыңайған жер -4403 га, өріс алқабы - 63298 га. 2012 жылдың желтоқсан айына ауданның халық саны 32296 адамды құрады, экономикалық белсенді халық саны - 17100 адам, жұмысшылар саны - 15710, жұмыссыздық деңгейі – 5,4%. Ауданда 1 мәдени-сауық орталығы, 14 клуб, 24 кітапхана, 2 «Зерде» аудиомобилі, 1 мұражай, 1 мәдениет және демалыс саябағы бар. Пайдалы қазбалардың ірі орындарының болуы таукен өнеркәсібін дамытумен байланысты болып табылады. Аудан өңірінде соңғы жылдары тас көмір, темір-марганец рудасын өндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ауданда бірнеше өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді. Ет және қымызды өндеу, нан және нан өнімдерін пісіру цехтары жұмыс істейді. |
Бағыттары |
- Экономика - Әлеуметтік сала - Инфрақұрылым - Ауылдық аймақтарды дамыту, экология - Мемлекеттік қызмет көрсету |
Бағдарламаның мақсаттары |
Экономика
Әлеуметтік сала
Инфрақұрылым
Ауылдық аймақтарды дамыту, экология
Мемлекеттік қызмет көрсету
|
Міндеттері |
Экономика
Әлеуметтік сала
Инфрақұрылым
Ауылдық аймақтарды дамыту, экология
Мемлекеттік қызмет көрсету
|
Іске асыру кезеңдері |
I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдары – бірінші кезекті іс-шараларды іске асыру. II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдары – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру. |
Мақсатты индикаторлар |
Экономика
Әлеуметтік сала
Инфрақұрылым
Ауылдық елді мекендерді дамыту, экология
Мемлекеттік қызмет көрсету
|
Қаржыландыру көздері және көлемі* |
Қаржыландыру көздері: республикалық, жергілікті бюджет және инвесторлардың өз қаражаттары: Қаржыландыру көлемі: - 2011 жыл – 820,7 млн.теңге республикалық бюджет - 566,6 млн.теңге облыстық бюджет - 43,2 млн.теңге аудан бюджеті - 210,8 млн.теңге басқа көздерден - 0,1 млн.теңге
республикалық бюджет - 1076,6 млн.тенге облыстық бюджет - 270,4 млн.тенге аудан бюджеті - 249,9 млн.тенге басқа көздерден - 0,1 млн.тенге
республикалық бюджет - 1116,1 млн.тенге облыстық бюджет - 103,9 млн.тенге аудан бюджеті - 198,9 млн.тенге басқа көздерден - 0,2 млн.тенге
республикалық бюджет - 1029,9 млн.теңге облыстық бюджет - 33,3 млн.теңге аудан бюджеті - 221,3 млн.теңге басқа көздерден - 3040,2 млн.теңге
республикалық бюджет - 1203,5 млн.тенге облыстық бюджет - 35,4 млн.тенге аудан бюджеті - 216,2 млн.тенге басқа көздерден - 1260,3 млн.тенге БАРЛЫҒЫ: 10876,8 млн.теңге |
* Қаржыландыру көздері мен көлемі 2011-2015 жылдарға қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі, нақтылануы мүмкін.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау нақты сектордың дамуымен, денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы оңтайлы динамикасымен сипатталады.
2009 жылы ауданның өнім өндірісінің көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 2,1 еседен артық өсті және 3529,1 млн. теңгені құрады, облыстың ЖӨӨ көлемінен ауданның үлесі 0,2%.
Өнеркәсіптің базалық салаларының негізі таукен және өндеуші өнеркәсіп болып табылады. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен базалық салалардың үлесі 9,6% және 97,2% құрайды.
Аймақтың позитивті тұстары: ауданда әр түрлі минералдық ресурстарының үлкен қорының барлығы және соған сәйкес тау-кен өнеркәсібінің дамуы, ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлардың барлығы.
Өнеркәсіптің әрі қарай дамуы үшін жақсы келешек бар. Сонымен қатар өнеркәсіп саласында ауданның негізгі мамандығы анықталды, ол – тас көмір және марганец рудасын өндіру және өңдеу.
Ауыл шаруашылығының ауданның азық-түлігін қамтамасыз етуге және сыртқы нарыққа экологиялық таза өнім шығаруға мүмкіндігі бар.
Ауыл шаруашылығында шаруашылықтардың ұсақ тауарлылығымен, жер телімдерінің аздығынан селекциялық-асылдандыру шараларын кең көлемде жүргізуге және ғылыми негізделген егістік жер айналымының сақталуына, кең көлемде заманауи жаңа технологияларды пайдалануға, өндірістік процестерді механикаландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.
Ауыл шаруашылығы техникаларының тозуы 90% , ол еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өнімнің өзіндік құнының көтерілуіне және бәсекеге қабілеттілік деңгейінің түсуіне әкеледі.
Ауданның аумағында 39 білім беру нысаны, 28 халыққа медициналық қызмет көрсету нысаны, 43 нысан жұмыс істейді.
Ауданның әлеуметтік саласының жағдайы халықтың табиғи өсімінің қарқынымен, қолайлы демографиялық жағдайымен, «Көші-қон» бағдарламасы бойынша облыс қалаларынан халықтың қоныстануымен, сондай-ақ білім берудің сапалы қызметтерін ұсынуды жақсартумен сипатталады.
Білім беру саласындағы келеңсіз тұстар: ауылдық елді мекендерде 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылуының төмендігі, педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі, білім ғимараттарының физикалық және моральдық тұрғыда ескіруі, мектепке дейінгі, орта білім беру нысандарының қажетті құрал-жабдықтармен жеткіліксіздік деңгейде қамтамасыз етілуі.
Жаңаарқа ауданы өнеркәсібіне экономиканың өңдеу және өндіру өнеркәсіптері кіреді. Сондай-ақ негізгі үлесін тас көмір және темір-марганец рудасын өндіретін тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары құрайды, олар: «Сарыарқа Energy» ЖШС, «Казмарганец» АҚ филиалының «Шығыс Қамыс» кеніші және «Арман 100» ЖШС. Өңдеу өнеркәсібіне «Зергер СБ» ЖШС кіреді, кәсіпорын темір жолдың жылжымалы құрамына жөндеу жұмыстарын жүргізеді. «Жаңаарқа Жылу» КМК жылу және энергия беру қызметтерін көрсетеді және «Тазасу» КМК кәріз жүйелері және сумен жабдықтау қызметтерін көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарының қызметін дамыту тау-кен саласында өндіріс көлемін арттыруға және жалпы өнеркәсіптің дамуына оң әсерін берді.
2005 және 2009 жылдар аралығында ауданның өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1175,4 млн.теңгеден 3529,1 млн. теңгеге дейін немесе 3 есе өсті.
Өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны 1457 адамға ұлғайды. Аталған кезеңде өнеркәсіп қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қоры 91119,2 мың теңгеден 185669,1 мың теңгеге өскені байқалады. 2005 жылғы еңбек өнімділігі 4353 мың теңгеден 5521 мың теңгеге немесе 1,3 есе артты.
2005-2009 жылдардағы жеке тұлғалық көлем индексінің және өнеркәсіптегі тауарлық өнім өндірісі көлемінің өзгеру динамикасы
Көрсеткіш |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млн. теңге |
1175,4 |
1527,3 |
1854,8 |
2508,5 |
3529,1 |
Еңбекақы төлеу қоры, мың теңге |
91119,2 |
78802,5 |
67214,9 |
126627,6 |
185669,1 |
Жылына орташа есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам |
270 |
190 |
228 |
319 |
450 |
Еңбек өнімділігі, мың теңге. |
4353 |
8038 |
8135 |
7864 |
5521 |
Бес жылдық кезеңде аймақтың экономикасына 21,3 млрд. теңге инвестиция салынды, оның ішінде өнеркәсіпке 17,0 млрд. теңге салынды. 2005 жылға қарағанда инвестиция көлемі 9.3 есе артты.
2009 жылы өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 3529,1 млн. теңгені құрады, 2008 жылға қарағанда жеке тұлғалық көлем индексі 8% артты.
2009 жылы 2 жаңа өндіріс іске енгізілді. СПК «Береке 2008» базасында кондитерлік өнімдер және нан өнімдерін шығару цехы пайдалануға берілді және «Зергер-Агро» СПК базасында сүт өнімдерін өндіру және сүт өңдеу бойынша цехтың бірінші кезеңі, аталған цехтың құрал-жабдықтарын орнату бойынша
Тау-кен өнеркәсібі. Бұл саланың негізгі кәсіпорындары: «Сарыарқа Energy» ЖШС, «Казмарганец» АҚ филиалының «Шығыс қамыс» кеніші, «Арман 100» ЖШС, онда тас көмір және темір-марганец рудасын өндіреді, марганец концентратын байыту жұмыстарын жүзеге асырады.
Тау-кен өнеркәсібінде жұмыспен қамтылғандар саны 398 адамға артты. Аталған кезеңде өнеркәсіпте қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорының 4156 мың теңгеден 442740 мың теңгеге артқаны байқалады. 2005 жылғы еңбек өнімділігі 1461 мың теңгеден 2428 мың теңгеге дейін немесе 66% артты.
Көрсеткіш |
2005ж. |
2006ж. |
2007ж. |
2008ж. |
2009ж. |
Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің көлемі, млн. теңге |
682,0 |
828,3 |
821,0 |
1396,0 |
1649,5 |
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы санынан тау-кен саласының салмақ үлесі, % |
58 |
54,2 |
44,3 |
51 |
66,4 |
Еңбекақы төлеу қоры, мың теңге |
116840,0 |
152413,8 |
168528,6 |
278042,1 |
428243,8 |
Жылына орташа есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам |
280 |
288 |
276 |
451 |
549 |
Еңбек өнімділігі, мың теңге. |
2435 |
2876 |
2975 |
3095 |
3005 |
БАҒдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтиже көрсеткіштері, бағдарламаның алғА ҚОЙҒан мақсатына қол жеткізу жолдары
14 12 2014
10 стр.
Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
16 12 2014
1 стр.
Жаңаарқа ауданы экономикасының 2013-2017 жылдардағы даму факторлары және шарттары
25 12 2014
1 стр.
Ақтөбе облысы Әйтекеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы
25 12 2014
16 стр.
Арал ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы
25 12 2014
9 стр.
Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы
17 12 2014
15 стр.
Республикасы дамыту болжамын және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес 2011-2015 жылдарға арналған макроэкономикалық
15 10 2014
1 стр.
Жыл сайын аудан бойынша орта есеппен 17,0 мың түп әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылад
25 12 2014
12 стр.