Перейти на главную страницу
Жаңаарқа ауданының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік –экономикалық даму болжамы (бұдан әрі - Болжам) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IY Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу Ережесін бекіту туралы» № 1251 қаулысына сәйкес әзірленген.
Болжам үш жылға арналған бюджет параметрлерінің болжамын, бес жылдық кезеңге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері мен нысаналы индикаторлары, басымдықтары мен бағыттарынан тұрады.
Әлеуметтік -экономикалық даму мен бюджет параметрлерінің болжамы төмендегідей негізгі бөлімдерден тұрады:
Жаңаарқа ауданының өнеркәсіп саласына экономика секторының өңдейтін және өндіретін кәсіпорындары кіреді. Сондай-ақ негізгі үлесін таукен өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындары құрайды, оның ішінде «Сарыарқа Energy» ЖШС, «Казмарганец» АҚ филиалының «Шығыс Қамыс» кеніші және «Арман 100» ЖШС, олар тас көмір және темір-марганец рудасын өндіреді. Өңдейтін өнеркәсіпке «Атасу-сервис» ЖШС жатады, кәсіпорын темір жол жылжымалы құрамының жөндеу жұмыстарымен айналысады. «Жаңаарқа-жылу» КМК жылу беру бойынша қызметтерін, ал «Тазасу» КМК ауданды сумен жабдықтау және кәріз жүйелері бойынша қызметтер көрсетеді.
Жоғарыда айтылған кәсіпорындардың қызметін дамыту таукен өндіру саласының көлемін ұлғайтты, жалпы өнеркәсіптің дамуына оң динамикасына әсерін берді.
2011 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласының өндірілген өнім көлемі 5076,2 млн теңгені құрап, бұл 2010 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 121,3 пайызға орындалды.
Жалпы өнімнің ішінде тау кен өнеркәсібі бойынша өндірілетін өнімі 4921,8 млн. тенгеге жетіп, 123,6 пайызға орындалды (Шығыс Қамыс Руднигі -1319,9 млн тенге, ЖШС-Арман 100 – 564,3 млн тенге, ЖШС Сарыарқа Energy – 3037,6 млн тенге).
Қайта өңдеу өнеркәсібі «Зергер СБ» бойынша 54,1 млн. тенгеге орындалып, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 47,4 пайызға орындалды. Бұл өнеркәсіп маусым айынан, бастап кіші өнеркәсіп қатарына қосылды,есептесу мерзімі тоқсан сайын, сондықтан көрсеткіш пайызы төмендеп отыр. Келесі (2012 жылдан) бастап атауы «Атасу Сервис» болып, ірі кәсіпорын қатарында есеп береді.
Жылу, су өндіру және тарату кәсіпорындарымен көрсетілген қызметтер, атқарылған жұмыстар бойынша 100,3 млн тенге орындалып былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 115,0 пайызға орындалды
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім көлемі 8576,0 млн тенгеге жетті, бұл 2010 жылдың жылдық көрсеткішімен салыстырғанда 157,1 пайызға орындалды. Физикалық көлемінің өсу деңгейі 104,7 % болды. Өткен жылдың жылдық көрсеткішімен салыстырғанда өсімдік шаруашылығы бойынша -1644,0 млн тенге немесе 297,2 пайызға, мал шаруашылығы бойынша- 6919 млн тенгеге немесе 135,2 пайызға орындалды. Мал және құс басы: Ірі қара 48,8 мың басқа жетті немесе 109,4 пайызды құрады, жылқы 28,1 мың бас болып, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 101,5 % пайызға орындалды. Сиыр басы 21,5 мың болып, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 113,1 % пайыз болды. Шошқа жыл соңында 704 бас болды, (18) басқа артып, немесе 102,6 % орындалды. Түйе 101 бас немесе сәйкес мерзімге 104,1 %.
2010 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі салыстырмалы бағамен 5902,6 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 105,7.
Негізгі капиталға инвестиция 2011 жылдың жылдық көрсеткіші 9256,9 млн. тенгені құрап, былтырғы жылдың жылдық қортындысымен салыстырғанда 134,5 % орындалды.
Қарыз қаражаттан «Жалын» көмір разрезі құрлыс монтаждық жұмыстарға арнайы техникалар алуға – 1714,6 млн. тенге инвестиция салып отыр.
Шетел қаражаты есебінен көлік және қоймалауға 52,3 млн тенге салынды.
Кәсіпорындардың меншікті қаражатынан 6527,0 млн тенге, республикалық бюджеттен 436,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 527,0 млн тенге жұмсалып отыр.
Барлық тіркелген кіші бизнес шаруашылық субъектісінің саны 2011 жылдың жылдық көрсеткіші 1214 бірлікті құрады, оның ішінде 32- заңды тұлға, қолданыстағы 16 бірлік, 14-і уақытша тоқтап тұр, 2-нен ақпарат жоқ. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 4271 адамға жетті немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 115,6 %. Шағын кәсіпкерлермен өндірілген өнім, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет арқылы түсетін түсім 6565,7 млн тенгені құрады немесе 124,0 % болды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың басты бағыты «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.
Инфляциялық үдерістер
Негізгі тауарларға және қызметтерге бағаны ұстау мәселесі тұрақты бақылауда. Жүргізілген шаралар нәтижесінде инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде сақталды.
2011 жылы 897 жұмыссыз жұмысқа орналасуға өтініш білдірген. 646 адам жұмысқа орналасты, өтініш білдіргендердің санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 72% -ды құрады. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға 55 жұмыссыз жіберілді. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген жұмыссыздардың үлесі, өтініш білдіргендердің санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 6% -ды құрады. 55 жұмыссыз оқуын аяқтады.
Қоғамдық жұмыстарға 625 жұмыссыз қатыстырылды. Қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздар үлесі жұмысқа орналасуға өтініш білдіргендердің 70% -ын құрайды.
Жұмыссыздардың мақсатты топтары үшін ауданның жұмыс берушілері тарапынан құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына 10 адам жұмысқа орналасқан. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында білім беру мекемелерінің түлектерінен 30 адам жіберілді.
2011 жылы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының есебінде тұрған аз қамтылған отбасылар саны 331 (1205 адам), 2010 жылмен салыстырғанда 78,9% -ға кем.
2011 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген кедейшілік деңгейі 2010 жылға қарағанда 0,9% -ға төмендеді және аудан бойынша жалпы 3,8% құрады.
Жаңаарқа ауданында әлеуметтік көмек әлеуметтік қызметті кең көлемде қажет ететін халыққа көрсетіледі: бұл атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы, тұрмыстық көмек, бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен әлеуметтік көмек көрсету (тегін тамақтандыру және киім беру, қайырымдылық акцияларын өткізу), мүгедектерге көмек көрсету, қарттар мен мүгедектердің үйіне барып қызмет ету болып табылады.
Ауданда мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі және жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді.
Сондай-ақ, біздің мемлекетіміздің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің экономикасын форстық индустриалды-инновациялық дамуының ауқымды бағдарламасы әзірленіп және жүзеге асырылуда. Бағдарламаның құрамына еліміздің жүздеген инновациялық жобалары кіреді, ал оларды жүзеге асыру өнеркәсіптік өндірісті сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Аталған Бағдарлама аясында, ағымдағы жылы облысымызда іске асырылатын 10 инвестициялық жобалардың бірі – «Сарыарқа Energy» ЖШС-ға қарасты «Жалын» кен орнындағы көмірді қайта өндеу бойынша өндірісі.
Осы жаңа өндіріс тек Жаңаарқа ауданының емес, барлық Қарағанды облысының экономикасына елеулі үлесін қосады. Жобаның құрамына өмірмен қамтамасыз ету деңгейіндегі нысандар, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары кіреді, ең бастысы жаңа жұмыс орындары. «Жалын» кен орындағы бірегей көмірдің өнеркәсіптік қоры 50 млн.тоннаны құрайды.
Аталған өндірісті дамытудың келешегі бар. 2015 жылға дейін өндірістік қуаттылығы жылына 1 млн. тонна көмір шығаратын разрездің құрылысы жалғасуда. Келесі кезең - жылына өндірістік қуаттылығы 2 млн. теңге болатын пласстарды терең әзірлеу бойынша кешен енгізу. Осыған орай бұл кәсіпорынның қызметкерлері тұрақты жұмыспен және еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.
Жаңаарқа ауданының аумағында жер телімін алдын ала бөлу актісіне сәйкес «БИиК-Арна» ЖШС өтініші бойынша (директор Идрисов К.Б), «Жаңаарқа құс» фабрикасының құрылысы үшін жалпы көлемі 1168,5 га жер телімін бөлу қарастырылып отыр. Аталған жер телімінде құс фабрикасының құрылысы белгіленіп отыр, бұл кешенге құстарды ұстау үшін 11 нысан кіреді, өндірістік қуаттылығы – жылына 6,1 млн. бас құс (бройлер).
Көрсетілген жоба бойынша инвесторы - Германияның бизнес өкілдері болып табылады. Аталған жобаның таныстыру рәсімі өткізілді және 2011 жылы ауданның аумағында осы инвестжобаның құрылысы бастау туралы Жаңаарқа ауданының Әкімі және «БИиК-Арна» ЖШС директоры К.Б.Идрисов арасында екіжақты меморандум жасалды.
2010 жылғы 29 қантардағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына «Жаңа оңжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» сәйкес 2010 жылы негізгі бағыттардың бірі «Бизнестің Жол картасы - 2020» бюджеттік Бағдарлама бойынша кәсіпкерлікті қолдау және дамыту болып табылады.
2012 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 1062 бірлікті құрайды немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102 пайыз.
Үкімет тарапынан қолдау көрсету аясында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші «Жаңа бизнес әрекеттерге қолдау» бағыты бойынша «Жетіспеген өндірістік инфрақұрылымның құрылысы (су тарту, кәріз су, электржабдықтау және т.б.–инвестициялық жобаның құнынан 50 % дейін)» механизмі бойынша өтінім берген бірінші «Бірлестік» шаруа қожалығының басшысы Ахметов Қуат 19 шақырым жерге сыртқы электржелісін тартып беруге өтініш білдірді. Екінші Ералиев селолық округінің «Шеркеш» шаруа қожалығы 8 шақырым жерге электр жарығын тарту.
«Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау» механизмі бойынша шағын және орта бизнесті жаңадан бастайтын кәсіпкерлерді қолдау аясында «Бизнес-Кеңесші» Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиал «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мы бойынша «Кәсіпкерлік қолдау орталығы» 91 тұлғаға тренинг оқу оқытып, сертификат берді. Кеңес берілді.
Арнайы жабдықталған автобуспен келіп желтоқсанның 10-11-і күндері 11 жеке кәсіпкерге тегін заңды, бухгалтерлік салада кеңес берді.
Төртінші «Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту» бағытының «Іскерлік байланыс» жобасына «Жанғозин Т.М.» жеке кәсіпкерліктің басшысы Жанғозин Тогайбек ұсынылды.
«Назарбаев Университеті» АҚ-на шағын және орта бизнесті топ-менеджментін оқыту» механизмі бойынша сәуір айында «Ескене» шаруа қожалығының бастығы Төлеуов Абюрханды оқуға жіберуге ұсыныс берді.
Елбасының Жолдауында белгіленгендей ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- еңбек өнімділігін арттыру;
- ішкі нарықты отандық өндірушілердің азық-түліктермен қамту;
- экспорттық әлеуетті жүзеге асыру.
2012 жылы ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 7943,2 млн. теңгені құрайды деп жоспарлануда.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық үдерісі дамуының сапалы және сандық болжамдық бағалары ішкі және сыртқы факторларға байланысты.
Ауданның экономикасын дамыту мүмкіншіліктеріне әсер беретін ішкі факторларға дүниежүзілік экономиканы дамыту келешегі және тауарлардың негізгі түрлері бағаларының серпіні кіреді.
Экономиканың дамуын қамтамасыз ететін ішкі факторлардың тобына ауданның табиғи-ресурстық әлеуеті, экономика құрылымы, өнеркәсіптің құрылымдық қайта құрулары және экономиканы жетілдіру, ауданның бәсекегеқабілетті экономикасы, кәсіпорындардың инновациялық қызметі, олардың ғылыми және инженерлік-техникалық әлеуеті.
Экономиканы әртараптандыру және шикізат емес саланы дамыту форстық индустриалды – инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға көмегін береді. Бұл экономикада жаңа жұмыс орындарын құру және оны сапалы өсуіне мүмкіндік береді.
Экономиканың дамуын қамтамасыз ету үшін біршама маңызды ішкі факторға: аймақтың табиғи-ресурстық әлеуеті, өнеркәсіптегі құрылымдық қайта құрулар және экономиканы жаңғырту, кәсіпорындардың инновациялық қызметі, аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жатады.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі таукен өндіру және өңдеу секторындағы өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
2013 – 2017 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсуі жыл сайын 102 % құрайды.
2013 жылда шағын кәсіпкерлік субъектілері өндіретін өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) жоспарланған көлемі 2013жылға 1,2% -қа өседі, 7074,0 млн. теңгені құрауы тиіс, ол 2017 жылда - 7358,0 млн. теңгені құрайды, өсуі 2012 жылға 3,0% құрайды.
2013 – 2017 жылдары әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің 1 қосымшада берілген.
4. Жаңаарқа ауданының бюджеттік параметрлерінің болжамы
4.1 Бюджеттік және салықтық саясаттың негізгі басымдықтары
2008–2010 жылдары ауданның салықтық – бюджеттік саясаты басымды емес шығындарды қысқарту жолымен бюджеттінің шығыстық жүктемесін төмендетуге бағытталды. 2010 жылы аудан бюджеттің нақтылау кезінде көрсетілген шаралар қабылданған, яғни шығын бағыттарының бір қатары қысқартылды, оның ішінде жергілікті мемлекеттік органдардың әкімшілік шығындары, сондай-ақ оларды материалды-техникалық жарақтау, күрделі жөндеу, іссапар шығындары кіреді.
Аталған кезенде бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар басталды: мемлекеттік мақсаттар - мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – міндеттер – іс-шаралар- ресурстар – бюджет.
2011 жылғы жұмыссыздықдың өсуіне жол бермеу, аудан халқын өмір сүру деңгейін арттыруға арналған әлеуметтік мәселелерін шешу жалғасын табуда.
2012-2014 жылдары бюджеттік саясат аудан экономикасына оң әсерін беретін бюджеттік қаражаттар көлемін және оңтайландыру шараларын анықтау бойынша жоспарланған.
Орта мерзімдік кезеңге салықтық саясаттың негізгі бағыттары экономиканың дамуына бағытталған, салықтың әлеуметтік – маңызды функцияларын шешуге бағдарланған.
Әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде 13%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен салықтың регрессивті шкаласынан 11%-дық мөлшерлемемен жазық шкалаға көшу іске асырылды. Жеке табыс салығы бойынша бірлік мөлшерлеме 10% -дық деңгейде сақталған.
Сондай-ақ Салық кодексімен мүліктік салықтарды реформалау қарастырылған, мүлікке салық салатын салық салу нысандары мүліктен жылжымайтың мүлікке дейін қысқартылған, жеке тұлғалардың 0,5-тен 1%-ға дейінгі мөлшерлемемен 120 млн.теңгеден тұратын құнды мүліктеріне мөлшерлеме көбейген, көлік құралдарының салықтарын есептей отырып, автокөлік құралдарының түзету коэффициенттері алынып тасталынған.
Ауданның салық саясатының негізгі мақсаттарының бірі салық салу базасын ұлғайту, барлық жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен салық салу базасын кеңейту бойынша іс-шаралар Жоспарын орындау. Іс-шаралар жоспарыаудан әкімдігінің Қаулысымен бекітілген.
Бұл іс-шараларда қарастырылған: жеке кәсіпкер(ЖК) санын арттыру, жаңа шағын кәсіпкерлік субъектісі (ШКС) ашу, бір жолғы талондар бойынша түсімдерді арттыру, шаруа қожалықтарының санын арттыру, ш/қ егістік алқабын ұлғайту, жылжымайтын мүлікті жариялау, жабық түрдегі еңбекпен қамтушылықты жариялау, ШКС табыстарын жариялау, өндірістің көлемін ұлғайту мақсатында ШКС несиелеу, әкімшілік шаралар және басқа да шараларды қолданып, салық заңнамаларын сақтай отырып, бақылау іс-шарларын жүргізу.
4.2 Аудан бюджетінің болжамы
2012-2014 жылдардағы бюджеттің түсімдері Салық кодексінің Ережелерін және басқа да нормативті құқықтық актілерді есепке ала отырып, орта мерзімдік кезеңге макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдық параметрлер базасында анықталған.
Табыс есебі бойынша мемлекеттік басқармаларда және мемлекеттік мекемелерде қызметкерлердің жалақысын 2011 жылы 1 шілдеден 30%-ға көтеріліп, 2011 жылы 1 шілдеден 30%–ға көтеру есепке алынған және 2011 жылы жеке табыс салығы бойынша салық салу тәртібінің өзгеруі, бірыңғай мөлшерлемеден (10%) прогрессивті (еңбекақы мөлшерінен 15% және 20%).
2011-2013 жылдары ең аз жалақыны көтеру есебінен табысының аздығына байланысты жеке табыс салығы түсімдерін төмендету есепке алынған.
2011 жылы аудан бюджетіне түскен табыс 2602445 мың теңгені құрайды, оның ішінде меншік табыс бойынша 625858 мың теңге немесе жоспар бойынша 584914 мың теңге немесе 107%.
2011 жылғы жоғары бюджеттен түскен трансферттер 2017531,0 мың теңгені немесе үлес салмағы бойынша 69%-ды құрайды.
Көп жылдар бойы ауданның бюджеттік меншік табысының көп үлес салмағын 2011 жылғы түсімдердің жалпы көлемінің 99,6% –ды құрайтын салық түсімдері, салықтық емес түсімдер 0,2%-ды , негізгі капитал сатудан түскен түсімдер 0,2% –ды құрайды.
Жаңаарқа ауданының аумағында ірі салық төлеушілер: Локомотивті Депо, Білім беру бөлімі, жол Дистанциясы, КазТрансОйл.
2011 жылы меншік табыс бойынша күтілетін түсім 625858,0 мың теңгені құрады.
Үш жылдық кезеңге түсімдерді болжау негізінде салықтық, салықтық емес түсімдердің негізгі түрлері бойынша, сондай-ақ капитал сатудан түскен түсімдер бойынша 2011 жылғы орындау бағасына өсудің көтерме коэффициенттері қолданылған, яғни жыл сайынғы өлшемі: 1,08; 1,07 және 1,07.
Кірістің ең аз жалақы мөлшерін қоспағанда, 2012-2014 жылдары төлем көзіне салынатын крістердің жеке табыс салығы бойынша болжамын есептегенде салық мөлшері 10% көлемінде ауданның барлық жеке тұлғалары үшін қолданылмақ.
2008-2013 жылдары әлеуметтік салық бойынша болжауды есептегенде қолданылатын салық мөлшері орташа 30 %–ға төмендеген.
Төлем көзіне салынбайтын кірістердің табыс салығын есептегенде шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кеміген (бірыңғай) мөлшері қолданылады.
01.01.2011 жылғы ауданда жұмыс істейтіндердің саны 3947 адам, оның ішінде 3909 адам, яғни 99 %-ы салық төлейді.
2011 жылғы орындалу барысы және төлем көзіне салынатын кірістердің жеке табыс салығы бойынша 2012 жылғы түсімдер болжамы ауданның салық төлеушілерінен сұратылған мәліметтер негізінде есептелінген. ( Еңбекақы төлеу қоры, жүмыс істейтіндердің саны, басқа да төленетін салықтар).
2009-2012 жылдары кезеңінде ЕТҚ айрықша өсуі, негізінен бюджеттік ұйымдар бойынша 2009-2010 жылдары 25 %, ал 2011 жылы 30% құрайды.
2011-2013 жылдарға кезең бойынша көтерме коэффициенттерді: 1,08; 1,07 және 1,07 есепке ала отырып 2010 жылғы күтілетін орындалу барысынан есептелінеді.
Заңды тұлғалар мүлігінің салығы бойынша орындалу барысы 306162,0 мың теңгені құрайды. 2011-2013 жылғы заңды тұлғалар мүлігінің салығы бойынша болжам көтерме коэффициенттерді қолданғандағы 2010 жылғы орындалу барысынан есептелінеді.
2010 жылға аудандағы жеке тұлғалардан алынатын мүліктік салықтың орындалуы бекітілген жоспар деңгейінде қалады. 2011 жылдан 2013 жылға дейін түсімдердің өсуі қарастырылған.
2011 жылға жер салығы 2617,0 мың теңге көлемінде жоспарланған (нақтыланған жоспар 2617,0 мың теңге). Болжам салық комитетіне тапсырылған салық төлеушілердің декларацияларының негізінде есептелінген. Келесі кезеңдерге (2012-2013 ж.ж.) болжам 2010 жылға орындалу деңгейінде есептелінеді.
2011-2013 жылдарға ауданның жеке және заңды тұлғаларынан алынатын автокөлік салығы бойынша түсімдер болжамы 1,08; 1,07 және 1,07 көлеміндегі көтерме коэффициенттердің қолданылуымен салық мөлшері және тіркелген автокөлік саны туралы Жол полициясының мәліметінің негізінде есептелінеді.
2011-2013 жылдары бірыңғай жер салығы бойынша түсімдер 1,08; 1,07 және 1,07 көлеміндегі көтерме коэффициенттерінің қолданылуымен 2010 жылға орындалу барысынан есептелінеді.
4.3 2013-2015 жылдарға бюджет шығындарының басымдықтары
Орта мерзімдік кезеңде шығындар саясатының әлеуметтік бағыты бар. Шығындар саясатың жоспарлау кезінде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында қарастырылған халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, мемлекеттік шығындарын нәтижелігін және тиімділігін арттыру тікелей нәтижеге қол жеткізуге бағытталады.
Бюджеттің шығындарын болжау кезінде Қазақстан халқына жыл сайынғы «Қазақстан азаматтарның әлауқатын- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», «Дағдарыстан жаңару мен дамуға», «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауларында айтылған Елбасының тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар есепке алынады.
Энергия үнемдейтін іс-шаралар жүргізу, тұрғын ұй- коммуналдық шаруашылықты және инженерлік-коммуникациялық қайта жаңарту жұмыстары, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру, Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша жұмыстар жоспарланған.
2013-2015 жылдарға бюджет шығындарының негізгі басымдықтары келесілер болып табылады:
Тұрақты және өнімді жұмысбастылыққа ықпал ету жолымен халық табыстарының өсуі үшін Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын толық көлемде іске асыру жалғастырылады.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа тұруда, базнес-дағдыларға үйрету және шағын несиелер беру арқылы ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету шаралары қаржыландырылады, сонымен қатар еңбек ресурстарының оңтайлылығын қамтамасыз етілетін болады.
2.Халықты қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету
Халықты, бірінші ретте жас отбасыларды қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысы жаңа даму бағытын алады.
«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасының шеңберінде ауылдарды абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту үшін жергілікті өзін-өзі басқару қаржыландырылатын болады.
Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамыту, ТКШ жаңғырту арқылы өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған жобаларды іске асыру жоспарланады.
4. Адами капиталдың сапалы өсімі
Әлеуметтік саланы одан әрі жаңғырту мақсатында бірінші ретті кезекте денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының, Қазақстан Республикасының білім беруін дамыту бағдарламаларының, «Балапан» бағдарламасының іс-шараларын қаржыландыру іске асырылатын болады.
Сонымен қатар дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады.
5. Халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту.
Бұл бағыттың шеңберінде тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, сумен қамту және су тарту жүйелерін дамытуға бағытталған 2011 – 2020 жылдарға Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 2010 – 2014 жылдарға «Жасыл даму», 2011 – 2020 жылдарға «Ақ Бұлақ» Бағдарламаларын іске асыру басымды болады.
Сонымен қатар, оларды көрсетуді электрондық форматқа кейін ауыстыру жолымен халыққа мемлекеттік қызметтердің қол жетімдігін және сапасын жоғарылату бойынша шаралар қаржыландырылатын болады.
6. Индустриалдық-инновациялық даму
2010-2014 жылдарға үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша Мемлекеттік Бағдарламаны іске асыру экономиканы одан әрі әртараптандырудың және жаңғыртудың негізгі құралы болып қала береді.
Сонымен қатар үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша Мемлекеттік Бағдарламаны іске асыруға қабылданған бағдарламалардың іс-шаралары басымды қаржыландырылатын болады, оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020», салалық бағдарламалар, ол өзіне экономиканы энергетикалық, көліктік және газдық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді, арнайы экономикалық аймақтарды құруды қосады.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау бойынша шараларды қаржыландыруға маңызды назар аударылуда.
Алдағы кезеңде бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезінде басты бағыттары болатындар:
Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шеңберінде қол жетімді жалдық тұрғын үйдің құрылысы жолымен тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарлануда.
Бұл бағыт бойынша Өңірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде ауданда бар мәселелерді шешуге бағытталған іс-шараларды қаржыландыру көзделген.
№ |
Көрсеткіштер |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
2016 жыл |
2017 жыл |
Нақты сектор көрсеткіштері | |||||||
1 |
Өнеркәсіптік өнімнің көлемі, алдыңғы жылға %-бен |
103,4 |
103,5 |
103,7 |
103,8 |
103,9 |
104 |
2 |
Таукен өндіру өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі, алдыңғы жылға %-бен |
100,2 |
100,3 |
100,5 |
100,6 |
100,7 |
100,8 |
3 |
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі, алдыңғы жылға %-бен |
102,0 |
102,2 |
102,3 |
102,5 |
102,5 |
102,5 |
|
Ауыл шаруашылығы |
|
|
|
|
|
|
4 |
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, алдыңғы жылға %-бен |
101,8 |
101,8 |
101,8 |
101,9 |
101,9 |
102 |
5 |
Өсімдік шаруашылығының өнімінің физикалық көлемінің индексі, өткен жылға % |
101 |
101 |
102 |
102 |
103 |
105 |
6 |
Бидай өндірісі, мың тонна |
3,7 |
3,7 |
3,7 |
3,7 |
3,7 |
3,7 |
7 |
Мал шаруашылығы өнімінің физ.көлемінің индексі, өткен жылға % |
102,0 |
102,4 |
102,7 |
103,0 |
103,5 |
104 |
8 |
Көлік қызметін көрсету көлемі, (жолаушылар тасымалдау-264,9 млн.пасс-км |
68,2 |
69 |
70 |
71 |
72 |
73 |
9 |
Сауда |
|
|
|
|
|
|
|
Көтерме сауда айналымы,физ.көлемінің индексі, өткен жылға % |
108,1 |
102,0 |
103,0 |
104,0 |
104,0 |
104,0 |
Әлеуметтік сала көрсеткіштері | |||||||
1 |
Тұрғындар саны, мың адам |
32,2 |
32,3 |
32,5 |
32,6 |
32,7 |
32,9 |
2 |
Экономикалық белсенді халық саны, мың адам |
17,1 |
17,2 |
17,3 |
17,4 |
17,5 |
17,6 |
3 |
Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам |
665 |
650 |
650 |
650 |
650 |
650 |
Оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер, мың адам |
|
|
|
|
|
| |
4 |
Жұмыссыздар саны, мың адам |
120 |
150 |
150 |
150 |
150 |
150 |
5 |
Жұмыссыздық деңгейі, эконом.белсенді халыққа %-бен |
5,8 |
5,5 |
4,9 |
4,3 |
4,2 |
4,1 |
6 |
Күнкөріс шегі, теңге |
14868 |
15247 |
15647 |
16047 |
16447 |
16847 |
№ р/с |
Атауы |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
бағалау |
болжам | ||||
1 |
2 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Түсімдер – барлығы, млн.тенге |
3618,2 |
3491,5 |
2834,3 |
2855,2 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
2 |
Салықтық түсімдер |
647,9 |
679,2 |
705,1 |
732,3 |
3 |
Салықтық емес түсімдер |
2,9 |
2,1 |
2,3 |
2,4 |
4 |
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер |
0,7 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
5 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
2,9 |
7,3 |
7,3 |
7,3 |
6 |
Шығындар – барлығы, млн.тенге |
3618,2 |
3491,5 |
2834,3 |
2855,2 |
8 |
Шығындар |
3505,3 |
3410,3 |
2827,0 |
2847,9 |
9 |
Қаржылық активтер сатып алу |
42,5 |
48,0 |
|
|
10 |
Бюджеттік кредиттер |
67,5 |
25,9 |
|
|
11 |
Қарыздарды өтеу |
2,9 |
7,3 |
7,3 |
7,3 |
Бағыт атауы |
Іске асыру кезеңі |
Қаржыландыру көзі |
Жалпы құны (мың.теңге) |
Жоспарланған жылға дейін барлығы (мың.теңге) |
Жоспар (мың.тенге) |
2015 жылдан кейін | ||||
2011 жылға дейін |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл | |||||
Қызылжар кентінің су жүйесін қайта жаңғырту |
2013 |
РБ |
285786 |
|
|
|
285786 |
|
|
|
ОБ |
71447 |
|
|
|
71447 |
|
|
| ||
Жарғылық капиталын ұлғайту |
2013 |
ОБ |
48000 |
|
|
|
48000 |
|
|
|
Атасу кентіндегі школьный орамындағы жылу жүйелері мен локальдық қазандықтың құрылысы |
2014 |
РБ |
67033 |
|
|
|
|
67003 |
|
|
Су жүйелерін қайта жңғырту с.Ескене |
2014 |
РБ |
126452 |
|
|
|
|
126452 |
|
|
Су жүйелерін қайта жңғырту с.Бидаик |
2014 |
РБ |
199054 |
|
|
|
|
199054 |
|
|
Су жүйелерін қайта жңғырту с.Актау |
2014 |
РБ |
138484 |
|
|
|
|
138484 |
|
|
Жаңаарқа ауданы экономикасының 2013-2017 жылдардағы даму факторлары және шарттары
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес Қызылорда облысының 2012-2016 жылдарға арналған
14 12 2014
4 стр.
Республикасы дамыту болжамын және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес 2011-2015 жылдарға арналған макроэкономикалық
15 10 2014
1 стр.
Аудан экономикасында 2011 жылдың бірінші жартысында экономикалық жандану басталды
25 12 2014
1 стр.
Бұқар жырау ауданының 2012-2016 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы
25 12 2014
1 стр.
Арал ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы
25 12 2014
9 стр.
БАҒдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтиже көрсеткіштері, бағдарламаның алғА ҚОЙҒан мақсатына қол жеткізу жолдары
14 12 2014
10 стр.
Бородулиха ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер
09 09 2014
1 стр.