Перейти на главную страницу
Жамбыл ауданы әкімдігінің
«30» қазан 2012 жылғы
№491 Қаулысымен
2011 жылы ауданда жалпы шығарылған өнімі (ЖШӨ) 43,9%-ға өсіп, 16 млрд. 228 теңгені құрады.
Ауданның жалпы шығарылған өнімі өсімінің жоғарғы қарқыны, экономиканың негізгі салалары: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы есебінен қамтамасыз етілген.
2011 жылдың ішінде өнеркәсіп саласын дамытудың оң динамикасы сақталып, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6 млрд. 592 млн. теңгені құрады және 2010 жылдың деңгейінен нақты көлем индексі 200,5%-ды құрады. Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 196,1%-ға, кен өндіру өнеркәсібінің нақты көлем индексі – 116,2%-ға жетті.
Өнеркәсіп саласында өндірістің едәуір өсімі Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік Бағдарламасы жобаларын енгізу, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру арқылы қамтамасыз етілген.
2010-2011 жылдары индустриаландыру картасы шеңберінде ауданда 3 жаңа өндірістер енгізілген («Амангельдинский ГПЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тараз филиалының мұнай өңдеу зауыты, «Супер-Фарм» ЖШС-нің фармацевтикалық бұйымдар шығаратын зауыты, «Бином Строй Деталь» құрылыс материалдары комбинаты» ЖШС-нің темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыты) оларға 3,6 млрд. теңге инвестиция салынып, 500-ден астам жұмыс орындары құрылды.
2011 жылы рентабельді ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабын кеңейтудің, олардың өнімділігін жоғарылатудың, сонымен бірге мал шаруашылығы өнімінің өндірісін арттырудың арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2011 жылы 9 млрд. 636 млн. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда нақты көлем индексінің 107,3%-ға артқанын көрсетеді.
2011 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен, 2 млрд. 158 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 165,2% жетті. Құрылыс жұмыстары көлемінің едәуір өсіміне әлеуметтік саладағы және инфрақұрылымдағы бюджеттік инвестициялық жобаларды, сонымен қатар Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік Бағдарламасы шеңберінде енгізілген инвестициялық жобаларды іске асырудың арқасында қол жеткізілген.
2011 жылы 22353 шаршы метр жеке тұрғын үйлер пайдалануға енгізіліп, 2010 жылға қарағанда 112,3%-ға артты.
2011 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4 млрд 775 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты индекс көлемі 84,5% немесе 909 млн теңгеге кеміген. Оның басты себебі, шаруашылық субъектілерінің негізгі қорларын жаңартуға өз қаражаты есебінен салған салымдары 61,6% қысқарған және Батыс Қытай магистральді газ құбыры құрылысында жұмсалынған шетел инвестицияларының мүлдем түспеуінен болған.
Нақты секторда белсенділік өсімі қызмет ету саласындағы жоғары өсім қарқындарына ұласты. 2011 жылы көліктің барлық түрімен жүк тасымалдаудың көлемі 47,4%-ға өскен.
Бөлшек саудадағы тауар айналымы 1 млрд. 026 млн теңгені құрап, 2010 жылғыдан 22,8 млн теңгеге артқанымен, нақты индекс көлемі 94,6% құрап отыр. Ал, көтерме сауда айналымының көлемі 1 млрд. 389 млн теңгені құрады, өткен жылдың салыстырмалы мерзімімен салыстырғанда сауда айналымы 1 млрд 367 млн теңгеге өскен.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 2 млрд 380 млн теңгені құрап, 2,0% артқан. Аудан бойынша тіркелген кәсіпкерлік нысаны салыстырмалы түрде 132 нысанға, нақты жұмыс істейтіндерінің саны 115 нысанға, ондағы жұмыспен қамтылғандар саны 132 адамға өсті.
Экономиканың өсіміне орай аудан азаматтарының әлеуметтік жағдайы жақсарып, табыстары мен еңбекақылары өсуде. 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанына бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысының нақты көлем индексі 136,5%-ды құрады (60391 теңге).
Жұмыссыздықты төмендету мақсатында әлеуметтік қамтамасыз етуден тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға ерекше көңіл аударылады. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының шеңберінде микро несиелеу инструменттері және бизнес дағдысын оқыту арқылы халық арасында кәсіпкерлік ынтаның өсіміне назар аударылды. 2011 жылы барлығы 4061 адам жұмыспен қамтамасыз етілді, оның ішінде ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 200 адам, бос жұмыс орындарына 342 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 61 адам, жаңадан ашылған жұмыс орындарына 343 адам, маусымдық жұмыстарға 3072 адам орналастырылды. «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде Республикалық бюджет есебінен Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға бөлінген 4 млн 680 мың теңгеге 36 азамат, ал жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млн 855 мың теңгеге «Жастар тәжірибесіне» 43 азамат жұмыспен қамтылды.
Нәтижесінде ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2012 жылдың 1 қаңтарына 2010 жыл деңгейінде сақталып 4,6% құрады.
2011 жылы бюджеттен бөлінген 1 млн 200 мың теңгеге 33 жұмыссыз кәсіби даярлаудан өтті (7 азамат ЭВМ қолданушы оператор, 4 азамат шаштараз, 11 азамат «В,С» котегориялы автокөлік жүргізуші, 2 адам маникюр жасаушы, 2 адам, массаж жасаушы). Осы курстан өткен 18 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 12444 адамға 138 млн 901 мың теңге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 14 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек, 8 млн 834 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы, 108 млн теңге 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, 8 млн 067 мың теңге үйде оқытылып жатқан мүгедек балалар мен өздігінен жүре алмайтын, құлағы естімейтін, сөйлей алмайтын мүгедектерге төленетін жәрдемақы. Сондай-ақ 179 мүмкіндігі шектеулі азаматтар 5 млн 620 мың теңгенің гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде кедейшілік деңгейі 1,4%-ды құрап, 2010 жылдың көрсеткішінен 6,6%-ға төмендеген. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2010 жылғыдан 17,2%-ға артқан.
Аудан тұрғындары, оның ішінде жас балалар, диспансерлік есепте тұратын науқастар мен жүкті әйелдер 34 млн 028 мың теңгенің тегін дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, орталық аурухана емделушілері 7 млн 500 мың теңгенің тегін тамағымен (1 науқас тәулігіне 225 теңгеге) қамтылды. Ауруханада жатып емделген науқастар 68 млн 880 мың теңгенің тегін дәрі-дәрмектерімен (1 науқас тәулігіне 1827 теңгеге) қамтамасыз етілді.
2011 жылы 8 млн 194 мың теңгеге Макаренко, Беспаев орта мектептерінің биология кабинеттері, 16 млн 623 мың теңгеге Шайқорық, Кейкеев, Ильич орта мектептеріне лингофондық және мультимедиялық кабинеттер жабдықталды, 3 млн 750 мың теңгеге 5 мектепке интерактивті тақта орнатылып, мектептерді материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында 8 млн 375 мың теңгеге 64 дана компьютер алынды.
Аудандағы барлық білім беру мекемелері толығымен интернет желісіне қосылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 19 оқушыдан келді.
Аудандағы 28 орта және 1 негізгі мектеп 10 биология, 10 физика, 17 лингофондық және мультимедиялық кабинеттермен және 40 интерактивті тақталармен жабдықталған.
Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 168 балаларды күтіп ұстауға, асыраушыларына ай сайын қаржылай көмек көрсету мақсатында 20 млн 367 мың теңге төленді және үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды оқу құрал жабдықтарымен, бағдарламалық кітаптармен қамтамасыз ету үшін бөлінген 18 млн 800 мың теңге толығымен игерілді.
Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша еңбекақы көлемін ұлғайтуға 34 млн 156 мың теңге бөлініп, толығымен төленді.
Аудандағы барлық мектепке дейінгі білім беретін 11 бала-бақша (1230 бала) мен 17 шағын орталықта (1025 бала) барлығы 2255 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Бұл барлық балаларды тәрбиелеуді қажет ететін сұраныстың 39,0 пайызын құрайды.
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ашылған шағын орталықтар мен балабақшалардың қызметін қамтамасыз етуге бөлінген 168 млн 523 мың теңге жоспар бойынша толығымен игерілді. Бұған қосымша аудан бюджетінен Жасөркен ауылынан сатып алынған балабақша ғимаратына 26 млн 536 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, желтоқсан айында жаңа 140 орындық «Ертөстік» балабақшасы ашылды.
Аудандағы 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (Аса ауылындағы спорт мектебінде-656, Түріксіб ауылындағы спорт мектебінде-456) спорттың 14 түрімен 1112 бала айналысады.
Өңірдің макроэкономикалық жағдайының жақсаруы, алдыңғы жылға қарағанда 2011 жылы барлық деңгейдегі бюджеттердің кірістері мен шығыстарының өсімімен сипатталады.
2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік бюджетке 1 млрд. 772 млн 882 мың теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналып, болжам 104,4 пайызға орындалды, оның ішінде республикалық бюджет бойынша болжам 111,1 пайызға, жергілікті бюджет 103,0 пайызға орындалған, оның ішінде, облыстық бюджет 101,6 пайызға, аудандық бюджет 103,9 пайызға.
Сонымен қатар, 2011 жылдың 12 айында аудан көлеміндегі ірі салық төлеушілерден 1 млрд. 165 млн 351 мың теңге көлемінде салықтық төлемдер түсті («Кнауф Гипс Тараз» ЖШС – 187 203 мың теңге, «Шағал» ЖШС – 15 441 мың теңге, «Амангельдинский ГПЗ» ЖШС Тараз филиалы – 38 451 мың теңге, «Амангельдинский ГПЗ» ЖШС – 67 690 мың теңге, «Казфосфат» ЖШС – 261 229 мың теңге, «Азиатский газопровод» ЖШС – 308 460 мың теңге, УМГ Тараз – 89 641 мың теңге, «Компания инвест МК» ЖШС – 22 385 мың теңге және Жамбыл ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі – 174 848 мың теңге). Бұл түсімдер жалпы салықтық түсімдердің 65,7 пайызын құрайды.
2012 жылы аудан экономикасында дамудың оң динамикасы сақталуда.
2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 2,7 млрд. теңгені құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 128,5% құрап отыр.
Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 3,02 млрд. теңгені құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 есеге өсті.
Құрылыс жұмыстары көлемінің өсімі әлеуметтік сала нысандарының жаңа құрылысына және оларды күрделі жөндеуге бюджеттік шығындардың ұлғайуына байланысты болды.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 15167 шаршы метрді құрады.
2012 жылдың қаңтар - қыркүйегінде бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі 98,4%-ды, ал, көтерме сауда айналымының нақты көлем индексі 123,5% құрады. Орташа айлық жалақы көлемі 78 мың 699 теңгеге жетіп, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 147,3% құрады.
Сонымен бірге, экономиканың негізгі салалары өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемдерінің өсімі мен ауыл шаруашылығы саласының төмендеуі байқалуда.
Өнеркәсіп саласында 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 7 млрд. 328 млн 457 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 130,5% құрады немесе 201,5% артты.
Өнеркәсіп секторында өндіріс көлемдерінің және еңбек өнімділігінің айтарлықтай өсіміне қол жеткізуге Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2010-2011 жылдары ауданда жүзеге асырылған индустриялдық жобалар өндірілген өнімнің өсуіне айтарлықтай үлестерін қосуда. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің 73,6% осы жаңа жобалардың үлесіне тиесілі («Амангелдинский ГПЗ» ЖШС-нің Тараз филиалы – 60,0%, «Super Pharm» ЖШС – 9,4%, «БиномСтрой-Деталь» ЖШС – 4,2%).
Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің көлемі 2012 жылдың қаңтар - тамызында өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 6,8%-ға төмендеген. Жауын-шашынның аздығы мен жазғы ыстық кезеңнің ұзақтығымен сипатталған ауа райының қолайсыздығы, аграрлық салада өндіріс көлемінің өткен жылмен салыстырғанда төмендеуіне әсерін тигізуде.
2012 жылы алдын-ала бағалау бойынша жалпы шығарылған өнім 16,3 млрд. тенгені құрап, 2011 жылдың деңгейіне қарағанда 0,7%-ға өседі. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 112,8%, ауыл шаруашылығы – 92,4% құрайды.
1.2. Жамбыл ауданының 2013-2017 жылдардағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары
Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында «Экономиканы нығайтудың және халықтың жағдайын жақсартудың жаңа міндеттері кіретін әлеуметтік-экономикалық жетілдіру» - алдағы 10 жылда дамудың басты векторы болып анықталды.
Осыған байланысты, алдағы жылдары индустриаландыру және инфрақұрылымды, көліктік, коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, әлеуметтік саланы жетілдіру және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту арқылы экономиканың өсімін қамтамасыз ету арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыптастыру негізгі бағыттар болып табылады.
2013 – 2017 жылдары инфляция деңгейін жоспарланғандай 6-8% дәлізінде ұстап тұру экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі болады.
Ол үшін Майлы дақылдар мен көкөніс өнімдерінің егіс алаңдарын ұлғайту және пайдаланыстағы көкөніс сақтау қоймаларын, жылыжайларды жетілдіру мен жаңаларын салу жұмыстары одан әрі жалғастырылады. Сонымен қатар облыс орталығы Тараз қаласында азық - түлік жәрмеңкелеріне қатысу тәжірибесін жалғастыра отырып, ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен толтыру, азық - түлік көтерме (коммуналдық) және бөлшек базарларын, сауда инфрақұрылымдарын одан әрі жетілдіру бойынша іс – шараларын жүзеге асыру жұмыстары жалғастырылады.
Осы бағытта, «Амангельдинский ГПЗ» ЖШС-нің Аса ауылындағы мұнай өнімдерін өңдеу зауыты алдағы уақытта өндіріс орны маңынан ЕУРО-4 стандарттарына сай келетін бензин өндіру үшін циоформингті қондырғы орнатып кеңейтуді жоспарлауда.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде микробизнесті дамыту жүзеге асырылатын болады.
2017 жылға дейінгі кезеңде өңірдің маңызды салалары: тау кен, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру бұрынғыдай ауданның негізгі индустриялды мамандануы болып қалады.
Орта мерзімді кезең ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыты ретінде ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлік өндірісінің өсуін, саланы техникалық-технологиялық жаңартуды қарастыратын үдемелі аграрлық-индустриялық әртараптандыру болып табылады.
Егін шаруашылығында ылғалды үнемдейтін технологияларды және тамшылатып суғаруды белсенді қолдану жолымен егіс алқаптарын кеңейту, пайдаланылмайтын егіс жерлерін айналымға тарту және ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыру қамтамасыз етілетін болады.
Мал шаруашылығы өнімін өндіруді арттыру мақсатында асыл тұқымды мал базасын дамыту мен генетикалық әлеуетті арттыру және мал бордақылау алаңдарының құрылысын кеңейту негізінде қамтамасыз етілетін болады.
Мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін жоғарылату мақсатында «Оңтүстік Халал тағамдары» ЖШС-нің ет комбинатын салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда осы жобаға арналып Қаратөбе ауылдық округінен 20 га жер учаскесі бөлінді.
Көлік-коммуникациялық кешен инфрақұрылымын дамыту аудан орталығы мен елді мекендер арасында сапалы көлік байланысын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын және Жамбыл ауданын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында жұмыстар жалғасатын болады.
Жол саласында, 2012 жылы аудандық мәндегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Өрнек-Ерназар бағытындағы автомобиль жолы орта жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар «Супер-Фарм» ЖШС-не барар жолдың 1 км, Гипс кенішіне кіре беріс жолдың 8,1 км, Қоңыртөбе ауылына кіре беріс жолдың 0,7 км, Көлқайнар ауылына кіре беріс жолдың 3,0 км орта жөндеуден, Аса ауылының айналма жолы, Пионер-Сеңгірбай ауылдарының кіре беріс автомобиль жолдарының 15,5 км ағымды жөндеуден өткізілді. Бесағаш-Жасөркен ауылындағы көпір құрылысының жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары өз жалғасын табатын болады.
Ішкі сауданың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Қазақстан Республикасының сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде, бөлшек саудасының жалпы айналымындағы үлесін ұлғайтуды ынталандыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Әлеуметтік салада басымдықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 маусымдағы №961 Қаулысымен бекітілген Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» атты мақаласындағы берілген тапсырмаларды орындау бойынша іс - шаралар жоспарын жүзеге асыру мен білім беру және денсаулық сақтаудың жоғары деңгейіне, еңбек ресурстарының бейімделгіштігін жоғарылатуға, кәсіби саты бойынша жылжу үшін тең мүмкіндіктер құруға бағытталатын болады.
Білім беру саласындағы негізгі бағыттар Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының, «Балапан» және ауданның даму бағдарламаларының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағытталады.
Мектепке дейінгі мекемелер жүйесін кеңейту және мектепке дейінгі тәрбие берудің сапасын жоғарылату, жаңа мектептердің құрылысы есебінен апаттық және үш ауысымдық мектептерді жою, мектептерді пәндік кабинетпен қамту жұмыстары жалғасын табады.
Денсаулық сақтау саласында алдын-алу медицинасын және оның әлеуметтік бағытын маңызды күшейту негізгі бағыттар болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» атты денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және ауданды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыстар жалғастырылады, онда негізгі күш - алдын-алу медицинасын күшейту, скринингтік зерттеулерді, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулар диагнозын қою, емдеу, сауықтыруды жетілдіру арқылы халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталатын болады.
Жоғарыда аталған шаралар ана мен бала өлімін және жалпы өлімді төмендетуге ықпал етеді.
Жұмыспен қамту саласында еңбек нарығының тиімділігін жоғарылатуға, тұрақты және тиімді жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету мен халық табысын арттыруға бағытталған негізгі шаралар «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының шеңберінде іске асырылады.
Әлеуметтік қамту саласындағы негізгі бағыттар мемлекеттік әлеуметтік саясаттың шеңберінде масылдықты болдырмайтын, атаулылық пен тиімділікке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту қамтамасыз етіліп, «Ақ-бұлақ» бағдарламасының шеңберінде ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су беру жүйесін салу және қайта жаңғырту жүргізілетін болады.
р/н |
Индикаторлар, көрсеткіштер |
2012 баға |
болжам | ||||
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2017 | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1. |
ЖШӨ, млн. теңге |
16342,5 |
16516,0 |
16751,6 |
16982,5 |
17229,2 |
17484,2 |
2. |
ЖШӨ-ң нақты өсімі, өткен жылға %-бен |
100,7 |
101,1 |
101,4 |
101,4 |
101,5 |
101,5 |
3. |
ЖШӨ, ресми курс бойынша млн. АҚШ долл. |
109,0 |
110,1 |
111,7 |
113,2 |
114,8 |
116,5 |
4. |
ЖШӨ жан басына шаққандағы, ресми курс бойынша АҚШ долл. |
1296 |
1287 |
1284 |
1280 |
1276 |
1273 |
|
Нақты сектордың көрсеткіштері | ||||||
5. |
Ауыл шаруашылығы-ның жалпы өнім көлемі, млн. теңге |
8906,8 |
8973,7 |
9063,5 |
9176,9 |
9301,0 |
9431,3 |
6. |
өткен жылға %-бен |
92,4 |
100,8 |
101,0 |
101,3 |
101,4 |
101,4 |
7. |
Өнеркәсіп өнімнің көлемі, млн. теңге, 2012 жылғы бағада |
7435,7 |
7542,3 |
7688,1 |
7805,6 |
7928,2 |
8052,9 |
8. |
өткен жылға %-бен |
112,8 |
101,4 |
101,9 |
101,5 |
101,6 |
101,6 |
9. |
Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеру, млн. теңге |
1067,4 |
1078,1 |
1088,9 |
1099,8 |
1110,8 |
1121,9 |
10. |
өткен жылға %-бен |
100,5 |
101,0 |
101,0 |
101,0 |
101,0 |
101,0 |
11. |
Өндеу өнеркәсібі, млн. теңге |
6346,0 |
6442,2 |
6576,6 |
6683,0 |
6794,4 |
6907,7 |
12. |
өткен жылға %-бен |
115,2 |
104,3 |
104,9 |
104,4 |
104,5 |
104,5 |
13. |
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдық-тардың жиналуын және таратылуын бақылау, млн. теңге |
22,3 |
22,5 |
22,6 |
22,9 |
23,1 |
23,3 |
14. |
өткен жылға %-бен |
100,9 |
100,7 |
100,8 |
101,0 |
101,0 |
101,0 |
15. |
Құрылыс, млн. теңге |
3237,6 |
3305,6 |
3414,7 |
3425,0 |
3424,3 |
3552,5 |
16. |
өткен жылға %-бен |
150 |
102,1 |
103,3 |
100,3 |
102,9 |
100,8 |
17. |
Жүк айналымы, мың. тонна км |
72294,0 |
75691,8 |
78416,7 |
81945,4 |
86042,6 |
90947,0 |
18. |
өткен жылға %-бен |
105,4 |
104,7 |
103,6 |
104,5 |
105,0 |
105,7 |
19. |
Жолаушылар айналы-мы мың.жол.км |
214975,5 |
227229,1 |
239045,0 |
250997,2 |
265053,0 |
281751,3 |
20. |
өткен жылға %-бен |
106,0 |
105,7 |
105,2 |
105,0 |
105,6 |
106,3 |
21. |
Бөлшек сауда тауар айналымы, млн. теңге |
1057,3 |
1094,3 |
1138,0 |
1183,5 |
1230,8 |
1280,0 |
22. |
өткен жылға %-бен |
103 |
103,5 |
104,0 |
104,0 |
104,0 |
104,0 |
23. |
Мерзім аяғындағы инфляция, % |
108 |
106-108 |
106-108 |
106-108 |
106-108 |
106-108 |
Әлеуметтік саланың көрсеткіштері | |||||||
24. |
Экономикалық белсенді халық саны, адам |
41823 |
42617 |
43427 |
44252 |
45093 |
45949 |
25. |
Жұмыспен қамтыл-ғандардың саны, адам |
40293 |
41422 |
42582 |
43774 |
44999 |
46259 |
26. |
одан жалдамалы жұмысшылар, адам |
15880 |
16420 |
16978 |
17556 |
18153 |
18770 |
27. |
Жұмыспен қамтылған-дар ішінде өз бетімен жұмыспен қамтылған-дардың үлесі |
59,3 |
57,9 |
56,5 |
55,1 |
53,8 |
52,5 |
28. |
Жұмыссыздар саны, адам |
1696 |
1557 |
1429 |
1312 |
1204 |
1105 |
29. |
Жұмыссыздық дең-гейі, экономикалық белсенді халыққа %-бен |
4,6 |
4,4 |
4,3 |
4,1 |
4,0 |
3,9 |
30. |
Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге |
17439 |
18660 |
19966 |
23307 |
24939 |
26684 |
31. |
Орташа айлық номиналдық жалақы, теңге |
64924 |
70118 |
79935 |
86250 |
92287 |
98747 |
32. |
Нақты еңбекақының индексi, алдыңғы жылға % |
108 |
108 |
114 |
107,9 |
107,0 |
107,0 |
33. |
Айлық есептiк көрсеткiш, теңге |
1618 |
1731 |
1852 |
1982 |
2121 |
2269 |
34. |
Зейнеткерлердiң саны, адам |
6200 |
6300 |
6400 |
6500 |
6600 |
6700 |
35. |
Базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері, теңге |
8720 |
9330 |
9983 |
13984 |
14823 |
15713 |
36. |
Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге |
17491 |
19065 |
20781 |
22651 |
24690 |
26458 |
37. |
Ең төменгі күнкөріс мөлшері, теңге |
15932 |
17525 |
19278 |
22362 |
24598 |
27057 |
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналастыру, бизнеске оқыту және микронесиелер беру арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту, сонымен бірге еңбек ресурстарының бейімделгіштігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қаржыландырылатын болады.
Білім саласында жаңа мектептерді салу арқылы апатты және үш аусымда оқитын мектептерді жою, «Балапан» бағдарламасы шеңберінде бала-бақшаларды салу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Осы бағыттың шеңберінде 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ Бұлақ» бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты жетілдіру бойынша жобалары бірінші кезекте іске асырылады.
Аудан экономикасында 2011 жылдың бірінші жартысында экономикалық жандану басталды
25 12 2014
1 стр.
Жаңаарқа ауданы экономикасының 2013-2017 жылдардағы даму факторлары және шарттары
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес Қызылорда облысының 2012-2016 жылдарға арналған
14 12 2014
4 стр.
Бұқар жырау ауданының 2012-2016 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы
25 12 2014
1 стр.
Экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының мақсатталы мен міндеттері, Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының нысаналы индикаторлары
12 10 2014
1 стр.
Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы міндеттерді, Үкіметтің
25 12 2014
1 стр.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары, мақсаты және міндеттері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мем
16 12 2014
1 стр.
Шымкент қаласының 2009-2012 жылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
09 10 2014
1 стр.