Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (2-нұсқа), «Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (3-нұсқа) аясында жеңілдік кезеңін ұсыну

ережелері



Осы «Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (2-нұсқа), «Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (3-нұсқа) аясында жеңілдік кезеңін ұсыну ережесі «КАПИТАЛ» газетінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы №02 (287) санында жарияланған «Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелерінің (2-нұсқа), «Деловой Казахстан» газетінің 2011 жылғы 5 тамыздағы №29 (276) санында жарияланған «Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелерінің (3-нұсқа) (бұдан әрі – БЕ) аясында банктік қызмет ұсыну мақсатында әзірленді және сервис-пакет қызметін ұсыну шартының ажырамас бөлігі болып табылады.


  1. Ережелерде пайдаланылатын терминдер, анықтамалар мен қысқартулар БЕ-дегі мағынада түсіндіріледі, соның ішінде:

      1. Жеңілдік кезеңі – Банк анықтайтын Берешекті өтеудің жеңілдікті тәртібінің қолданылатын кезеңі;

      2. Байланыс арнасы – Банктің анықтайтын тәртібімен және талаптарында пайдаланылатын, Интернет киоскіні қосқанда, электрондық пошта (e-mail), пошталық байланыс, интернет-бөлімшелер, ұялы банкинг, SMS-хабарламалар, телефондар, факс, банкомат, төлем терминалдары, POS-терминалдары, электрондық терминалдар арқылы Клиент пен Банктің арасында ақпарат беру құралдары;

      3. Жеке талаптар жиынтығы – «Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (2-нұсқа), «Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (3-нұсқа) аясында банк қызметін ұсынудың типтік талаптары шегінде Клиентке белгіленген жеке талаптар.

  2. Сервис-пакет қызметін ұсыну шартына сәйкес Банк Клиентке БЕ және осы Ережелерде көзделген жеке қызметтерді, сондай-ақ Банк айқындайтын басқа да қызметтерді ұсынады, ал Клиент олардың ұсыну талаптарын бұзбауға міндеттенеді.

  3. Клиент Шот-көшірмеде көрсетілген Жеңілдік кезеңінің аяқталатын мерзімінен кешіктірмей, Шот-көшірмеде көрсетілген соманы толық көлемде төлеген жағдайда, Жеңілдік кезеңі ішінде Жеке талаптар жинағымен анықталған, Есептесу кезеңі ішінде банктік шотта көрсетілген Операциялар сомасына Несие бойынша сыйақы өндірілмейді.

  4. Жеңілдік кезеңі Жеке талаптар жинағында/Шартта көзделген және/немесе Клиенттің назарына жеткізілген жағдайларда белгіленуі мүмкін.

  5. Клиент Шот-көшірмеде көрсетілген Жеңілдік кезеңінің аяқталатын мерзімінен кешіктірмей, осындай Шот-көшірме бойынша Берешек сомасын толығымен өтеуге жеткілікті мөлшерде Карт-шотқа ақша салған жағдайда, Жеңілдік кезеңі Жеке талаптар жинағымен анықталған, Есептесу кезеңі ішінде банктік шотта көрсетілген Операцияларға қолданылады. Жеңілдік кезеңін ұсыну кезінде Банк Есептесу кезеңі аяқталысымен Берешекті есептен шығармауға құқылы. Жеңілдік кезеңінде Берешекті мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, Клиент Банкке қарызды мерзімінен бұрын қайтару туралы жазбаша өтініш береді.

  6. Клиент БЕ сай міндеттемелерді орындамаған және/немесе уақтылы орындамаған жағдайда, Жеңілдік кезеңі қолданылмайды және Өтініш пен Жеке талаптар жиынтығында көрсетілген, Есептесу кезеңінде Карт-шотта көрсетілген Жеңілдік кезеңі қолданылуы мүмкін операциялар сомасына есептелген Несие бойынша сыйақы Карт-шоттан есептен шығарылады. Бұл ретте Карт-шоттан Несие берілген күннен кейінгі күннен бастап, нәтижелері бойынша Шот-көшірме жасалған Есептесу кезеңінен кейінгі Есептесу кезеңі аяқталған күнді қоса алғанға дейін есептелген мұндай сыйақыны есептен шығару нәтижелері бойынша Шот-көшірме жасалған Есептесу кезеңінен кейінгі Есептесу кезеңі аяқталған күні жасалады.

  7. Кредит бойынша жеңілдік кезеңі және/немесе грэйс-кезең белгіленген жағдайда, Клиентке Соңғы Шот-көшірмені берген кезде жеңілдік кезеңі және/немесе грэйс-кезең алынып тасталады. Жеңілдік кезеңі Соңғы Шот-көшірме берілген Есептесу кезеңіне дейінгі Есептесу кезеңінде Шоттарда көрсетілген Операцияларға қолданылмайды.

  8. Банктік қызмет көрсетудің тоқтатылуы сервис-пакет қызметін көрсету шартының қолданысын тоқтатуға және Жеңілдік кезеңін алып тастауға әкеп соқтырады.

***

Жеңілдік кезеңі Банк анықтайтын Берешекті өтеудің жеңілдікті тәртібінің қолданылатын кезеңі

«Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (2-нұсқа), «Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (3-нұсқа) аясында жеңілді

27.07kb.

11 10 2014
1 стр.


Мен және менің отбасым төменгі сынып оқушыларына арналған әдеби-музыкалық кеш. Дайындық кезеңі

Дайындық кезеңі: Балаларға алдын-ала отбасы мүшелеріне арнап өлең шумақтарын, ән жаттап келуге тапсырма беріледі

347.33kb.

17 12 2014
1 стр.


Оқу кезеңі: дейін
28.53kb.

23 09 2014
1 стр.


Дайындық кезеңі

Обл. Н. Байғанин атындағы балалар кітапханасына бару, ұйымдастырылатын жұмыс уақытын анықтау

49.09kb.

12 10 2014
1 стр.


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Полиглот. Жұмбақтар шешу,мақалдарды толықтыру шешуі қазақ. орыс тілінде де айтылады

45.81kb.

25 12 2014
1 стр.


Дайындық кезеңі Жауаптылар

Компьютер кластары және кітапханада ұйымдастырылатын жұмыс уақытын анықтау. Уақытында оқушылардың баруын қадағалау

55.66kb.

25 12 2014
1 стр.


Туризм дамуының неше кезеңі бар?

Төмендегі жауаптардың ішінен әр мемлекетке байланысты халықаралық статистикада туризмнің типін анықтаңыз

287.6kb.

18 12 2014
1 стр.


2 нұсқа. Амалдарды орындаңдар

Республикасы Тұнғыш Президентік Интеллектуалды мектебіне оқушыларды байқау арқылы қабылдаудың бірінші кезеңі арналған тапсырмалар

32.03kb.

25 12 2014
1 стр.