Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы

Класы:4,5 кластар



Мақсаты: Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру,тиянақтау,ХХІ ғасыр көшбасшысын

анықтау.


Көрнекіліктері:Есімдер жазылған кеспе қағаздар,тапсырма орындау

парақшалары.тамаша бестік, турлар,пән аттары.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Уа,халайық,халайық!

Бәріне жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде,

Білімділер елінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп,аңдысып,

Шабыт тасып,шалқысып,

Көңілді кеш жасайық.

Жұмбақ шеру шашайық,

Мұнда қызық табылар,

Сұрақ,жұмбақ бәрі бар.

Ал,сайыскер балалар,

Білімдеріңді сынайық



ХХІ ғасырдың

Көшбасшысын табайық.

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар,сіздерді 3,4 сыныптар оқушыларының арасында өтетін «ХХІ ғасыр Көшбасшысы»атты сайыс сағатын көруге шақырамыз.
Әділ-қазылар алқасын сайлау.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,

Бәрінен де ең бастысы-барлығының

Қатты істейтін миы бар!-дей келе,енді осы сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.

Жеребе арқылы нөмірі белгіленген сайыскерлерді таныстыру.

Нариман,Айдос,Орынай,Динара,Шаттық,Райхан,

А.Таныстыру

Ә.Өмірлік ұстаным.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздей өренді

Әр пәннің сырына

Қадамдарың оң болсын,

Сәт-сапар енді тілейік!


Ойынымыз 5 кезеңнен тұрады. Әрбір тур бойынша ұпай саны айтылып отырылады.

1 кезең.Бәйге-ауызша сұрақтарға жауап беру.

2 кезең.Көкпар.Ауызша тапсырмалар орындалады.

3 кезең.Полиглот. Жұмбақтар шешу,мақалдарды толықтыру.шешуі қазақ.орыс тілінде де айтылады.

4 кезең.Тамаша бестік.-5 пәннен сұрақтар беріледі.

5 кезең.Мың бір мақал.

6 кезең.Жеңімпаз(оратор)-тірі сұрақтар
Негізгі бөлім.

І кезең.Бәйге.Сұрақ-жауап. Әр оқушыға 4 негізгі пәндерден 1 сұрақтан беріледі.Дұрыс жауап-5 ұпай.

1 метрде неше сантиметр?

Бастауыш дегеніміз не?

Әдебиеттік оқудың авторлары кім?

Ауаның температурасын өлшейтін аспап?

64 саны қай санның квадраты

Баяндауыш дегеніміз не?

«Өнер-білім бар жұрттар» авторы кім?

Жауын түрлері?
1 кг мақта ауыр ма,1 кг темір ауыр ма?

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері?

Өзі арық,сөзі әріп?

Ақтөбе Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?


1 ц-де неше кг бар?

Тұрлаусыз мүшелерді ата.

Күлпаш әңгімесінің авторы кім?

Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесін не дейді?


8/0 неге тең?

Сөз таптарын ата.

Көлге жапқан қақпақ,сіресіп тұр қатты-ақ. Бұл не?

Желдің күші мен бағытын анықтайтын құрал?


Әріпті өрнек дегеніміз не?

Зат есім дегеніміз не?

Әліппенің атасы кім?

Судың 3 күйі?


Ойланайық азырақ

Уақытты үнемдеп

Кім шығады, кәнекей

Жауабын мен «Білем» деп-дей отырып,оқушылардың алғырлығы мен тапқырлығын байқау мақсатында 2 кезең Көкпарды бастайық. Дұрыс жауап-10 ұпай.

Математика

1.Ұзындығы 9 см, ені 7 см тік төртбұрыштың ауданын тап.

2.8 саны қай санның кубы?
Қазақ тілі

1.Бақыт-бесасап шебер бала-зат есімді тап.

2.Мысықторғай өте пайдалы құс.-бастауышты тап
Әдебиеттік оқу

1.Қабат-қабат қаттама,ақылың болса аттама.

2. «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім,аударған кім?
Дүниетану

1.Адамды адам еткен не?

2.Ең қысқа айды ата.
Спорт

1.Сидней олипиадасында көк туды аспанға желбіреткен апамыз.

2.Ұлттық ойындарды ата.
Музыка

1.Айтыс түрлерін ата.

2.Терме дегеніміз не?
Келесі 3 кезеңіміз Полиглот. Дұрыс жауап-10 ұпай.
1.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей. Еңбек-труд

2.Жолбарысқа ұқсайды.

Тышқанды ғана ұстайды. Мысық-кот

3.Отан-отбасынан басталады. Отан-Родина

4.Сақталады 6 ай жаз.

Сандығымда сары аяз. Тоңазытқыш-холодильник

5.Ақыл-азбайды,

Білім-тозбайды. Білім-знание

6.өзім сөзден тұрамын

Аяқталған ойды құрамын. Сөйлем-предложение
4 кезең.Тамаша бестік.Дұрыс жауап-таңдалған сандар ұпай болып есептеледі.
1.Қазақстан Республикасының президенті?

2.Қазақстан қай жылы өз тәуелсіздігін алды?

3.Ұлттық теңге қай жылы айналымға енді?

4.Қазақстан халқы қанша?

5.Қазақстанда қанша облыс бар?

6.Өнер
5 кезең. Мың бір мақал


Мақал білу-үлкен өнер.Ол арымай-талмай шешендіктің сырын зерттейді,жаттығуды,мол білімді,ой-өрісі мен қиял кеңістігін қажет етеді.Сонымен қатар әсем сөйлеуге,көп тыңдап,көп оқып,халықтың інжу-маржандары-мақал-мәтелдерді жетік біліп,сырына үңілу арқылы,кітапты көп оқу арқылы жаттығып төселеді.
Халықтағы «Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды.Бір айтпаса нақылды-ақылсыз айтпайды»-дегендей, балалардың ішінен ең ақылды нақылшы,мақал-мәтелшіні анықтап алайық.
6 кезең. Шешендік (оратор) Жеребе алу арқылы 2 оқушы дәрігер және мұғалім мамандықтарының пайдасы мен жақсы жақтарын қорғап шығу керек. Толық жауап-50 ұпай.

Қорытындылау.Жинаған ұпай санына қарай жеңімпазды анықтау.


Марапаттау.

Көңілді тапқыштар,білгіштер

Бар өнерін алдарыңа салады

Кім білімді көп оқыған болса егер



Бүгінгі күннің жеңімпазы болады.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Полиглот. Жұмбақтар шешу,мақалдарды толықтыру шешуі қазақ. орыс тілінде де айтылады

45.81kb.

25 12 2014
1 стр.


Күні: 02. 13 Пән: Дүниежүзі тарихы Сабақтың тақырыбы

Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту,сұрақ-жауап. Сабақ көрнекілігі: Көркем суреттер, тірек сызбалар Сабақтың барысы: І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі ІІ

27.04kb.

25 12 2014
1 стр.


Күні: 10. 12. 12. Пән: Қазақстан тарихы 8 -сынып Сабақтың тақырыбы:Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі Сабақтың мақсаты

Тәрбиелілік: ұлттық патриотизмге тәрбиелеу; Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: : Е. Пугачев көтерілісінің картасы, тірек сызбалар. Сабақ

25.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, проблемалық, көрнекілік, сұрақ-жауап. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсаты: Жүздіктерді, ондықтарды, бірліктерді санау реті, оқылуы, жазылуын үйрете отырып, шапшаң есептеуге үйрету. Жан-жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу

15.24kb.

12 10 2014
1 стр.


Пән: Дүниежүзі тарихы 8 -сынып Күні: 12. 12 Сабақтың тақырыбы

Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: : Дүние жүзі саяси картасы, тірек сызбалар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты тү

27.73kb.

25 12 2014
1 стр.


Семей ішкі округын құрудың себептері

Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі:қазақ хандығының картасы Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгелдеу, сабаққа наза

38.94kb.

25 12 2014
1 стр.


Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылдың i-тоқсанына арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы мәлімет
96.7kb.

11 10 2014
1 стр.


Қазақ хандығының құрылуы. Сабақтың мақсаты

Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру

43kb.

25 12 2014
1 стр.