Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Жеке кәсiпкерлiк саласындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 29 наурыздағы N 52 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2011 жылғы 1 сәуiрдегi N 81 Бiрлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 26 сәуiрде N 6920 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 17 маусымдағы № 256-257 (26655)

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:


      1. Қоса берiлiп отырған жеке кәсiпкерлiк саласындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мәдениет комитетi:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрi А.И. Бөрiбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Мәдениет министрi
      _____________ М. Құл-Мұхаммед

      Қазақстан Республикасының


      Экономикалық даму және
      сауда министрi
      ____________ Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы   


Мәдениет министрiнiң    
2011 жылғы 29 наурыздағы  
№ 52 және         
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму сауда  
министрiнiң 2011 жылғы  
1 сәуiрдегi № 81 бiрлескен
бұйрығымен бекiтiлдi

Нысан


Жеке кәсiпкерлiк саласындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағы

Тексерудi тағайындаған мемлекеттiк орган_____________________________


_____________________________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт______________________________________
                                            (№, күнi)
Субъектiнiң атауы____________________________________________________
_____________________________________________________________________
СТН (ЖБН)____________________________________________________________
Мекен-жайы___________________________________________________________



Талаптар тiзбесi

сәйкес келедi/ сәйкес келмейдi

1

Тарих және мәдениет ескерткiштiң меншiк иесiнiң (пайдаланушының) мiндеттемелерi тiркелген тиiстi қорғау мiндеттемесiнiң болуы




2

Меншiк иесiнiң (пайдаланушының) тарих және мәдениет ескерткiшi туралы негiзгi деректер жазылған және ескерткiштiң мемлекет қорғауында екендiгiн көрсететiн қорғау тақтайшасының болуы




3

Ғылыми және нақты мәлiметтердi қамтитын әрбiр тарих және мәдениет ескерткiшiнiң паспорты болуы




4

Тарих және мәдениет ескерткiшiн пайдалануға беру туралы мемлекеттiк және жергiлiктi атқару органдарының шешiмiнiң болуы




5

Ескерткiштердi бұзылудан немесе жойылудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тарих және мәдениет объектiсiнде қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болуы




6

Тарих және мәдениет ескерткiшiнiң айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгiлерiмен немесе олардың шекара сызықтары бойынша жыртылған жермен немесе қоршаулармен, не бұталар отырғызу арқылы белгiлердiң болуы




7

Тарих және мәдениет ескерткiшiнiң тарихи, сәулеттiк-көркемдiк келбетiн жоюға болатын өзгеруден, бұрмалаудан, тағылық актiлерiнен, зақым келуден, өңiн айналдырудан, орынсыз өзгерiстер енгiзуден, тарихи түпмәтiннен үзiп тастаудан, зақымдаудан, жалған дәрiптеуден, бұрмалаудан, ескеркiштiң өзiн немесе оның бөлшектерiн Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуден қорғауды қамтамасыз ету




8

Қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекарасында (құрылыс салуды, жердi пайдалану, ауыл шаруашылық немесе өзге де қызмет түрлерiн реттеу) жұмыстарды жүргiзудiң ережесiн сақтау:




8.1

Тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң қорғау аймақтарында ескерткiштiң сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына терiс әсерiн тигiзетiн жұмыстар жүргiзiлмеуiне шаралар қабылдау




8.2

Тарих және мәдениет ескерткiшiнiң құрылыс салуды реттеу аумағындағы құрылыс сипатын реттеу шараларын қабылдау (құрылыс салудың ауқымдылығы, қабаты, тығыздығы және функционалдық қызметi)




9

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қауiп төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация, жол жөндеу, өндiрiстiк, сондай-ақ, басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзуге жол бермеу шараларын қабылдау




10

Тарих және мәдениет ескерткiштерде ғылыми–қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзудi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсуiнiң болуы




11

Жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiшiнде тиiстi лицензия негiзiнде ғылыми-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу




Тексерудiң аяқталу мерзiмi ____________________

Мемлекеттiк органның лауазымдық тұлғалары:
_______________ ________                ____________________________
   (лауазымы)    (қолы)                  (аты, әкесiнiң аты, тегi)
_______________ ________                ____________________________
   (лауазымы)    (қолы)                  (аты, әкесiнiң аты, тегi)

Жеке кәсiпкер, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысы:
___________________________________________    ______________
    (аты, әкесiнiң аты, тегi, лауазымы)            (қолы)

Жеке кәсiпкерлiк саласындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Азақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 29 наурыздағы n 52 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2011 жылғы 1 сәуiрдегi n 81 Бiрлескен

39.47kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің

Жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

33.54kb.

12 10 2014
1 стр.


Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және күтiп-ұстау ережесiн бекiту туралы

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 17-бабының 4 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкi

25.51kb.

12 10 2014
1 стр.


Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының

9.4kb.

05 09 2014
1 стр.


Тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесiн бекiту туралы

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңы 17-бабының 5 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiмет

116.64kb.

04 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №35 бұйрығы «Әділет органдары туралы»

Республикасы Әдiлет министрiнiң «Нотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесiнiң бағалау өлшемдерiн бекiту туралы» 2011 жылғы 29 маусымдағы №245 б

129.16kb.

15 10 2014
1 стр.


Өнеркәсiп саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы

Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң 2012 жылғы 28 қарашадағы №430 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2012 жылғы 05 желтоқса

360.74kb.

25 12 2014
3 стр.


Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама

Азақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қОРҒау қОҒамы және тарихи ескерткіштердің туризмдегі рөЛІ

596.53kb.

14 12 2014
1 стр.