Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесiн бекiту туралы







Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 қарашадағы N 1032 Қаулысы

-->
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 486-құжат


      "Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңы 17-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2007 жылғы 2 қарашадағы
N 1032 қаулысымен
бекiтiлген   

Тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, есепке алу,


оларға мәртебе беру мен одан айыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңы 17-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзiрленген әрi тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:


      алдын ала есепке алу тiзiмi - тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiн беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң тiзiмi;
      есепке алу карточкасы - тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң алғашқы мәлiметтерiн, қысқаша сипаттамасы мен иллюстрациялық материалын қамтитын құжат;
      қорғау мiндеттемесi - тарих және мәдениет ескерткiшiнiң осы құжатты ресiмдеу кезiндегi жай-күйi және меншiк иесiнiң немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткiшiн күтiп ұстау шарттары тiркелетiн құжат;
      тарих және мәдениет ескерткiшiнiң паспорты (бұдан әрi - паспорт) - тарих және мәдениет ескерткiшi туралы ғылыми және нақты мәлiметтердi қамтитын, ескерткiштiң негiзгi құжаты болып табылатын құжат;
      меншiк иесi - оларды өз бетiмен құрту құқығын қоспағанда, тарих және мәдениет ескерткiшiне қатысты иелену, пайдалану және билiк ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      тарих және мәдениет ескерткiшiн пайдаланушы - Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiшiн оның меншiк иесiмен жасалған шарт негiзiнде пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
      тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi  уәкiлеттi орган (уәкiлеттi орган) - тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      тарихи-мәдени мұра объектiлерi - тарихи оқиғалар нәтижесiнде пайда болған тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым мен техника, эстетика, этнология немесе антропология, әлеуметтiк мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен байланысты бейнелеу, мүсiн, қолданбалы өнер, ғылым мен техника туындылары және материалдық мәдениеттiң өзге де заттары бар жылжымайтын мүлiк объектiлерi;
      тарихи-мәдени сараптама - тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң тарихи-мәдени маңызын және сақталу дәрежесiн белгiлеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық iс-шаралардың жиынтығын қамтитын қорытынды.

2. Тарихи-мәдени мұра объектiсiн анықтау және есепке алу тәртiбi

      3. Тарихи-мәдени мұра объектiсiн анықтауды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) қамтамасыз етедi.

      4. Анықтау мыналарды қамтиды:


      1) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау мақсатында тиiстi  аумақтарда зерттеу жұмыстарын жүргiзу;
      2) анықталған тарихи-мәдени мұра объектiлерiн алдын ала есепке алу тiзiмiне енгiзу.

      5. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн есепке алуды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.

      6. Есепке алу осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң есепке алу карточкасын жасау жолымен жүзеге асырылады.
      Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң кешенi ретiнде ансамбль үшiн есепке алу карточкасы әрбiр объект бойынша жеке жасалады.

      7. Тарихи-мәдени мұра объектiсiн есепке алу карточкасы жеке қосымша бетпен ресiмделетiн жаңа деректер алынған кезде толықтырылуы тиiс.

      8. Тарихи-мәдени мұраның анықталған объектiлерi алдын ала есепке алу тiзiмiне енгiзiледi және олар өздерiнiң мәртебесi туралы түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн тарих және мәдениет ескерткiштерiмен бiрдей қорғалуы тиiс.

3. Тарих және мәдениет ескерткiштерiне мәртебе беру


және одан айыру тәртiбi

      9. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану оларды мiндеттi түрде ресми жариялануға тиiстi халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiнде бекiту арқылы баянды етiледi. Археология ескерткiштерi олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiн алады.

      10. Тарихи-мәдени мұра объектiсi тарих және мәдениет ескерткiшi деп танылғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паспортты ресiмдейдi.

      11. Ескерткiштiң паспорты жекелеген қосымша бетпен ресiмделетiн жаңа дерек алынған кезде толықтырылуы тиiс.

      12. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енгiзу үшiн ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынады.

      13. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiнiң мәртебесiн беру тарихи-мәдени мұра объектiсiн республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiне енгiзу болып табылады.

      14. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi .
      Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына мынадай құжаттармен қоса енгiзiледi:
      1) есепке алу карточкасының көшiрмесi;
      2) тарихи-мәдени сараптаманың оң қорытындысы;
      3) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiнен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның арнайы комиссиясының (бұдан әрi - арнайы комиссия) шешiмi.

      15. Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшi мәртебесiн беру тарихи-мәдени мұра объектiсiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы бекiтетiн жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.


      Жергiлiктi атқарушы органдар уәкiлеттi органға мыналарды келiсу үшiн ұсынады:
      1) қолдаухат;
      2) жергiлiктi атқарушы органның шешiмi;
      3) есепке алу карточкасының көшiрмесi;
      4) тарихи-мәдени сараптаманың оң қорытындысы.

      16. Жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен келiсу уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының не оның мiндетiн атқарушы тұлғаның бұрыштамасымен ресiмделедi және мөрмен куәландырылады.


      Бұрыштамада орган басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы адам лауазымының атауы, бұрыштама соғушының жеке қолы, қолдың толық жазылуы, күнi мен елтаңбалық мөр қамтылады.
      Келiсiм белгiсi шешiмнiң соңғы парағының сол жақ төменгi бұрышына орналастырылады және "КЕЛIСIЛДI" деген сөзден тұрады.

      17. Тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесiнен айыруға әрi Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiнен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнiн жоғалтқан жағдайда уәкiлеттi органның, жергiлiктi атқарушы органдардың уәкiлеттi органның арнайы комиссиясымен келiсiлген ұсынысы бойынша тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен ғана жол берiледi.

      18. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшi мәртебесiнен айыру және республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiнен шығарып тастау үшiн уәкiлеттi орган арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) паспорттың көшiрмесi;
      2) есепке алу карточкасының көшiрмесi;
      3) мөлшерi 15x20 сантиметр фотосуретi;
      4) қорғау мiндеттемесiнiң көшiрмесi;
      5) объектiнiң толық түгел жойылғаны және (немесе) тарихи-мәдени мәнiн жоғалтқандығы туралы тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы.

      19. Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшi мәртебесiнен айыру және жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмнен шығарып тастау үшiн жергiлiктi атқарушы орган арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) паспорттың көшiрмесi;
      2) есепке алу карточкасының көшiрмесi;
      3) мөлшерi 15x20 сантиметр фотосуретi;
      4) қорғау мiндеттемесiнiң көшiрмесi;
      5) объектiнiң толық түгел жойылғаны және (немесе) тарихи-мәдени мәнiн жоғалтқандығы туралы тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы.

      20. Арнайы комиссия республикалық және жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткiштерiн мемлекеттiк тiзiмнен шығарып тастау туралы шешiмдi хаттамамен ресiмделетiн тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негiзiнде қабылдайды.

      21. Республикалық және жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiнен айыру әрi республикалық және жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмнен шығарып тастау үшiн уәкiлеттi орган мен жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын мынадай құжаттармен қоса Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынады:
      1) паспорттың көшiрмесi;
      2) есепке алу карточкасының көшiрмесi;
      3) мөлшерi 15x20 сантиметр фотосуретi;
      4) қорғау мiндеттемесiнiң көшiрмесi;
      5) объектiнiң толық нақты жойылғаны және (немесе) тарихи-мәдени мәнiн жоғалтқандығы туралы тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы;
      6) уәкiлеттi органның арнайы комиссиясы отырысының Тарих және мәдениет ескерткiшiн мемлекеттiк тiзiмнен шығарып тастау туралы шешiмi бар хаттамасы.

      22. Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

                                                            Ережеге
                                                           1-қосымша

                 ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIСI


            ОБЪЕКТ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО НАСЛЕДИЯ

                    ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ


                       УЧЕТНАЯ КАРТОЧКА

Алғашқы деректер
Первичные сведение

1.

Объектiнiң атауы
Наименование
объекта




2.

Типологиялық
тиiстiлiгi
Типологическая
принадлежность

Археология
Археология

Қала
құрылысы
және сәу-
лет
Градостр-
оительст-
во и ар-
хитектура

Ансамбль
Ансамбль










3.

Объектiнiң
мерзiмделуi
Датировка
объекта




4.

Техникалық
жай-күйiне
сипаттама
Характеристика
технического
состояния

Жақсы
Хорошее

Қанағат-
танарлық
Удовле-
твори-
тельная

Қанағат-
танарлықсыз
Неудовлетво-
рительная










Объектiнiң қысқаша сипаттамасы
Краткое описание объекта




Объектiнiң иллюстрациялық материалы
Иллюстративный материал объекта

Қосымша
Приложение

Жалпы көрiнiсiнiң суретi -
Фото общего вида -
Фото фрагмент -
Фото фрагмент -

Карточканың жасалған
күнi
Дата составления
карточки




  Құрастырушы_________________________________________      МО
Составитель                                               МП

                                                           Ережеге


                                                          2-қосымша

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКIШI


         ПАМЯТНИК ИСТОРИИ И КУЛЬТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

                              ПАСПОРТ


                              ПАСПОРТ

1.

Ескерт-
кiштiң
атауы
Наиме-
нование
памятника




2.

Типоло-
гиялық
тиiстi-
лiгi
Типоло-
гическая
принад-
лежность

Археология
Археология

Қала құрылысы және
сәулет
Градостроительства и
архитектуры

Ансамбль
Ансамбль










3.

Ескерт-
кiштiң
мерзiм-
делуi
Датировка
памятника




4.

Ескерт-
кiштiң
тұрған
жерi
 
Местона-
хождение
памятника

___________________________________________
(облыс, қала, аудан, елдi-мекен, село, көше)
 
 
  _______________________________________________
(область, город, район, населенный пункт, улица)

5.

Қазiргi
кездегi
пайдалану
сипаты
 
 
 
   Характер
совре-
менного
исполь-
зования

Бас-
тапқы
бел-
гiлеу
бойын-
ша
 
По-
перво-
нача-
льному
на-
зна-
чению

Мәдени
ағар-
тушы-
лық
 
 
 
   Куль-
турно-
прос-
вети-
льское

Турис-
тiк-
экс-
кур-
сиялық
 
 
  Турис-
тско-
экс-
кур-
сионн-
ое

Емдеу-
сауық-
тыру
 
 
 
 
    Лечеб-
но-
оздо-
рови-
тель-
ное

Үй-
жайлар
 
 
 
 
 
     Жилые
поме-
щения

Шаруа-
шылық
 
 
 
 
 
     Хозяй-
ствен-
ное

Қол-
даныл-
майды
 
 
 
 
    Не
ис-
поль-
зуется






















6.

Қосымша
Приложе-
ние

Жалпы көрiнiсiнiң
суретi -
Фото общего вида -
 
Фото фрагмент -
Фото фрагмент -
 
Бас жоспар -
Генплан -
 
Өлшемдер -
Обмеры -
 
Қорғау аймағының схемалық жоспары
Схематический план охранной зоны -

7.

Тарихи мәлiметтер:
Исторические сведения:




а) ескерткiштiң бастапқы келбетiн өзгерткен қайта
құрулар мен жойылулар:
а) перестройки и утраты, изменившие первоначальный
облик памятника:

б) ғылыми-қалпына келтiру жұмыстары (жалпы сипаттамасы,
уақыты, авторы, құжаттаманы сақтау орны):
б) научно-реставрационные работы (общая характеристика,
время, автор, место хранения документации):

8.

Ескерткiштiң сипаттамасы:
Описание памятника:




9.

Негiзгi библиография, мұрағаттық түпнұсқалар,
иконографиялық материал:
Основная библиография, архивные источники,
иконографический материал:




10.

Техни-
калық
жай-күйi:
 
Техни-
ческое
состоя-
ние:

жақсы
хоро-
шее

қанағатта-
нарлық
удовлетвори-
тельная

қанағаттанар-
лықсыз
неудовлетвор-
ительная

авариялық
аварийное






















11.

Техникалық жай-күйiне сипаттама:
Характеристика технического состояния:




12.

а) ескерткiш
мәртебесi:
а) статус
памятника:




б) қорғау аймағы
мен құрылысты
реттеу аймағының
шекарасы:
б) границы
охранной зоны и
зоны регулирова-
ния застройки:




в) меншiк түрi:
в) вид
собственности:




г) қорғау
мiндеттемесiнiң
берiлген күнi
және нөмiрi
г) дата выдачи и
номер охранного
объязательство




13.

Паспорттың
толтырылған
күнi:
Дата составления
паспорта:

200__ж."___"________________________
"___"________________________ 200__г.

Құрастырушы:                                                 МО
Составитель:                                                 МП

Облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергiлiктi атқарушы органының өкiлi:


Представитель местного исполнительного органа области (города республиканского значения, столицы):
_______________________________________________________  (қолы)
                                                      (подпись)








-->

Тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесiн бекiту туралы

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңы 17-бабының 5 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiмет

116.64kb.

04 09 2014
1 стр.


Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және күтiп-ұстау ережесiн бекiту туралы

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 17-бабының 4 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкi

25.51kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 8 ақпандағы n 124 Қаулысы

Парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерiн мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы

193.5kb.

15 10 2014
1 стр.


Қызметтің атауы Өтініштер қабылдауды және ресімделген құжаттар беруді жүзеге асыратын ұйымдар

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу және оларға куәліктер беру

79.54kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жұмыссыз азаматарды тіркеу және есепке алу» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ереже Берілген стандарт мемлекеттік қызметін анықтау «Жұмыссыз азамат тарды тіркеу және есепке алу»

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңының 15 бабының 6 тармағы негізінде көрсетіледі

82.28kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 6 ақпандағы n 141 қаулысы

Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу әрi бекiту ережесiн бекiту туралы

37.42kb.

11 10 2014
1 стр.


«Жұмыссыз азаматтарды есепке алу және тіркеу»

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін өтініш білдірген тұлғаларды тіркеу және қажетті

89.96kb.

14 12 2014
1 стр.


Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу мен шарттарының ережесiн, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдiскерлерге, нұсқаушыларға бiлiктiлiк санаттарын беру ережесiн бекiту туралы

Азақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң м а. 2011 жылы 5 наурыздағы №02-02-18/29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 1 сәуiрде №6864 тiрк

358.84kb.

16 12 2014
3 стр.